Турлыбекова а. Б., Алимбетов м. О., Абдикаликова н. Б., Балабеков о. К


I БӨЛІМ. Тоқымаға иірім жіпті дайындау технологиясы



бет5/56
Дата19.09.2023
өлшемі5,69 Mb.
#181553
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Байланысты:
токыма жабдыктары

I БӨЛІМ. Тоқымаға иірім жіпті дайындау технологиясы

    1. Қайта орау машинасында жүргізілетін процесстер


Мата деп өзара перпендикулярлы жүйемен екі жіптердің (мата бойымен жүретін негіз жіптер және матада кесе көлденең жүретін арқау жіптері) айқасуы барысында қалыптасатын бұйымды атайды. Мата шеті жиек деп аталады. Оларды аса берік етіп жасайды, өйткені матаны өңдеу барысында аталған жиектер мейлінше жүктемелерді қабылдайды.


Негіз және арқау жіптері белгілі бір тәртіппен айқасады. Негіз жіп арқаудың үстімен айқаса өтсе, онда ол жерді негізгі тұйықталу, ал егер арқау жібі негіз жіп үстімен айқаса өткен жер арқаулы тұйықталу деп аталады. Тұйықталулар сәйкесінше суретті айқаспаларды құра отырып түрлі күйде кезектесе орналасады.
Мата тоқудың алдында арқау мен негіз жіпті алдын ала өңдеуден өткізеді. Ол үшін ең алдымен негіз жіптерге тоқталайық. Жалпы тоқыма өндірісінде қолданылатын иірімжіптердің барлығы мақта, жүн, жібек, зығыр және түрлі химиялық жіптер мата тоқуға дайындау кезеңінен өтеді. Осы кезеңдердің ең алғашқысы қайта орау.
Негіз жіпті қайта орау процессінің мақсаты-формасы мен құрылымын тізіп орау үшін жіп аса ұзын және аса қолайлы болу қабілетіне ие бола отырып иірім жіп иіршігінің тізбеораушысын алу болып табылады. Сонымен қатар қайта орау процессі барысында иірім жіпті шаңнан және қоқыстардан тазартып, мүкістерді (қалыңдықтар, түйіндер және т.б.) жойып, иірім жіпті қалыңдығы бойынша бақылап отырады.
Негізгі иірім жіпті қайта орау процессінің маңызы бірнеше иіру тікиіршігінен белгілі керілісте иірім жіптің жаңа тікиіршігіне жүйелі түрде орау және сонымен қатар бақылап- тазалау құрылғысынан өте отырып иірілумен түсіндіріледі. Тоқыма өндірісінде көптеген қайта орау машиналары мен қайта орау автоматтары қолданылады. Солардың ішінде кең тараған бірнешеуінің жұмыс істеу тәртібіне сиптатама беріп өтейік. Шет елдік 20-дан астам фирмалар қайта орау автоматтарының түрліше серияларын шығарады, олар бір- бірінен өздерінің конструкциялық ерекшеліктерімен, түрліше механикалық операцияларды орындаушы механизмдерінің сандарымен ерекшеленеді.
«Мурата» фирмасының (Жапония) қайта орау автоматтары
Қайта орау автоматтарында негізгі қолмен орындайтын операцияларды автоматтандыру кезінде жұмысшылардың еңбек өнімділігі 2 есеге дейін өседі және еңбек жағдайы жақсарады.
Заманауи орау автоматтарында негізінен келесідей операциялар автоматтандырылған: жіптердің ұштарын байланыстыру, толған собықтарды ауыстыру, конусты бобиналарды алып, оларды сақтау орнына тасымалдау.
Оралушы жіптердің өзара түйіндеп байланыстырудың автоматты жүйесін және келетін собықты қайта сабақтауды, барлық процестің автоматтану деңгейін және автоматты жүйедегі ораушылара қызмет көрсету циклін орау автоматының түрі анықтайды.
Орау автоматтарының ерекшеліктері сапасы жақсы, бір типті иіру собықтарын қолдануды талап етуі және қайта орауға келген иірімжіп тегіс болуы қажет. Орау автоматтарының техникалық сипаттамасы төмендегі кестеде келтірілген.
Қандай да конструкциялы орау машинасының құрамына мыналар кіреді:

  1. Ораушы механизм. Аталған механизм көмегімен иіру иіршігінен араластыра отырып жіпті орап өз өсі бойымен катушка және орауыш айналады.

  2. Оралушы жіпке орауыш және катушка өсі бойымен салыстырмалы қозғалысын хабарлайтын салушы механизм немесе жіпжүргізгіш.

  3. Жіпке белгілі кернеулікті құратын, жіпті тазартып, оның қалыңдығын бақылаушы керуші және бақылап тазалаушы құрылғы.


Сурет 1. «Мурата» фирмасының қайта орау автоматы (Жапония) Кесте 1. Қайта орау автоматтарының техникалық сипттамасы

Қайта орау автоматының
түрі

Росконер

Техконер 2010

Автоконер 5

Процесс конер 21С

Полар М/L

Автоконе р 138

Ел, шығарушы фирма

Россия

Чехия, Элита

Германия, Шлафгорст

Япония, Мурата

Италия, Савио

Германия
,
Шлафгор ст

Автомат орындалуы

Бір жақты

Бір жақты

Бір жақты RМ, D, V
типті

собықтарғ а арналған ағынды бір жақты

Бір жақты М/L типті

Бір жақты RМ типті

Оралатын иірімжіп түрі

Мақта, жүн, синтетика лық

Мақта, жүн, синтетика лық, вискоза

Мақта, жүн, синтетикал ық

Мақта, жүн, синтетика лық , аралас

Мақта, жүн, синтетикал ық , аралас

Құрғақ және ылғал әдіспен иірілген
зығыр

Иірімжіптің сызықтық
тығыздығы

5,9÷200

5,9÷200

5,9÷333

7÷333

4÷286

11÷166

42÷333


Орама бастарының
саны, дана

32, 40, 48

32, 40, 48

10÷60

10÷60

6÷72

10÷60

Оралуға келген собық сандары

Иірілген собық d=38÷72, l=180÷360

Иірілген собық d=38÷65, l=200÷320

Иірілген собық d=72, l=180÷360

Иірілген собық d=50÷75, l=280÷360

Иірілген собық d=32÷72, l=180÷350

Иірілген собық d=72, l=180÷36
0

Оралып шыққан собықтар

Конусты бобина

Конусты, цилиндрлі бобина

Конусты, цилиндрлі бобина

Конусты бобина

Конусты бобина

Конусты бобина

Орау тығыздығы,
г/см3

0,3÷0,5

0,3÷0,45

0,3÷0,5

0,3÷0,5

0,3÷0,5

0,3÷0,5

Бобина өлшемі Сыртқы диаметрі,
мм

бобина биіктігі



300
150

300
150

320
150

320
152

320
152

320
150

Қайта ораудың ең жоғары жылдамдығы,
м/мин

1200 дейін

1200
дейін

2000 дейін

2000 дейін

2000 дейін

1000
дейін

Жабдықтың номинальды
кернеуі, В

380, 440,
500

380, 440,
500

380, 440,
500

380, 440,
500

380, 440,
500

380, 440,
500

Электроқозғалтқ ыштың жалпы орнатылған
қуаты, кВт

22,3


22,3


-


30


-


-


Машинадағы
түйіндердің орындалуы

Орама
бастарынд а

Орама
бастарынд а

Орама бастарында

Орама
бастарынд а

Орама бастарында

Орама
бастарын да

Түйіндеушінің жұмыс принципі

Механикал ық, пневматик алық

Механикал ық, пневматик алық

Пневматик алық, термиялық, инжекторл ық

Механикал ық, пневматик алық

Пневматик алық, сулы, термиялық, механикал ық

Инжекто рлы, механика лық

Ең төменгі орама бастарының санымен габарит өлшемдері , мм:

  • ұзындығы




  • ені




  • биіктігі




  • салмағы, кг

14620

1390

2550

5000


14620

1390

2550

5000


6677

1112

2766

-


10475

1340

3100

-


5180

1230

2860

-


6677

1112

2766

-


Ең жоғары орама бастарының санымен габарит өлшемдері , мм:

  • ұзындығы




  • ені




  • биіктігі




  • салмағы, кг

20540

1390

2550

6800


20540

1390

2550

6800


23227

1112

2766

-


26975

1340

3100

-


27100

1230

2860

-


23227

1112

2766

-



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет