Турлыбекова а. Б., Алимбетов м. О., Абдикаликова н. Б., Балабеков о. К


ІІ БӨЛІМ. Негіз иірімжіптерді тізіп орау қондырғысы және технологиясы



бет8/56
Дата19.09.2023
өлшемі5,69 Mb.
#181553
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   56
Байланысты:
токыма жабдыктары

ІІ БӨЛІМ. Негіз иірімжіптерді тізіп орау қондырғысы және технологиясы

    1. Тізіп орау машинасы және технологиясы


Тізіп орау мақсаты ұзындығы бірдей белгілі сандағы негіз жіптерді бір иіршікке орау болып табылады.
Тізіп орау маңыздылығы өз кезегінде қажетті ұзындықтағы міндетті негіз жіптердің белгілі көлемін бір-біріне параллельді күйде орай отырып цилиндрлі иіршікті алумен түсіндіріледі.
Тізіп орау процессіне келесідей талаптар қойылады:

  • Жіптердің керілісі өз кезегінде мүмкіндігінше біртекті және иіршікке оралу барысында тұрақты болуы;

  • Тізіп орау жылдамдығы сонымен қатар процесстің жоғары өнімділігін қамтамасыз ету үшін тұрақты және жеткілікті түрде жоғары болуы керек;

  • Тізіп орау иіршігі одан жіптің жоғары дәрежеде төгілуін қамтамасыз ету үшін шартты түрде цилиндрлі нысанда болуы қажет;

  • Артық қалдықтардың алдын алу үшін иіршіктегі негіз ұзындығы немесе тізіп орау ұзындығы берілгендермен толық сәйкес келуі керек;

  • Тізіп орау процессінде иірім жіптің физико-механикалық қасиеттері өзгермеуі керек.



    1. Тізіп орау әдістері мен түрлері


Иірім жіпті тізіп ораудың үш әдісі болады: партионды, таспалы және секционды.


Партионды тізіп орау барысында тізіп орау білікшесі деп аталатын фланцалы иіршікке тоқыма тізбе орауышында ғана болатын негіз жіптердің бір бөлігін ғана орайды. Тізіп орау білікшелерінің партияларын алғаннан кейін оларды бір уақытта тоқыма тізбе орауышында қайта орайды, осының нәтижесінде талап етілген жіп санының негізі қалыптасады. Мұндай қайта орау процессі шлихталау немесе қалыпқа келтіру машиналарында іске асады. Тізіп орау білікшесінде жіптер саны шамамен 400 ден 600 дейін болады, ал партиядағы тізіп орау білікшелерінің саны 2-16 құрады.
Тізіп орау білікшесінің өлшемі, сонымен қатар оның ендігі ережеге сәйкес тоқыма тізбе орауышының өлшеміне сәйкес келеді. Тізіп орау білікшесіндегі жіп саны тізбе орауышға қарағанда бір партияда қанша тізіп орау білікшесі болса, соншалықты аз болады.
Тізіп ораудың партионды әдісі басқа әдістерден өзінің өнімділігімен көзге көрінеді. Аталған әдіс негізінде мақталы, зығыр және жүнді маталарды өңдеуге арналған, негізді дайындау барысында кең түрде қолданылады. Соңғы уақыттарда жоғарыда
қарастырылған партионды әдіс шұғалық тоқымада қолданыла бастады, сонымен қатар химиялық жіптерден негізді дайындау барысында да кең қолданысқа ие болып келеді.
Таспалы тізіп орау барысында негізгі жіптер таспа түрінде машинаның тізіп орау барабанына жүйелі жеке негіз бөлшектері ретінде оралады. Олар тізіп орау барабанында бірінің жанына бірі ретінде орналасады. Сонымен қатар тізіп орау барабанында жіп тығыздығы олардың тоқыма тізбе орауышындағы тығыздығына тең. Орауышқа тең ұзындықтағы (тізбе орауышдағы негіз жіп ұзындығына тең болатын) таспаның қажетті санын орағаннан кейін, оларды тізіп орау барабаншасынан тоқыма тізбе орауышына қайта орайды.
Таспалы тізіп орау өнімділігі партионды тізіп орау өнімділігіне қарағанда төмен болады, өйткені ол төмен жылдамдықпен жүріп және таспаны тізіп орау барабанынан тоқыма тізбе орауышына қайта орау барысында машинаның қосымша түрде тоқталылуымен өткізіледі. Ал таспалы тізіп орауда қалдықтар партионды тізіп орауға қарағанда төмен шығарылады. Таспалы тізіп орау әдетте көп түсті негіздерді дайындау барысында көп қолданылады.
Секциялы тізіп орау барысынданегіздің тығыздығына тең тығыз тізіп оралған негіздің бір бөлігі жіңішке тізіп орау білікшесіне оралады. Негіз бөлігімен оралған жіңішке тізіп орау білікшесі секциялы деп аталады. Содан барлық секциядағы негізгі жіптер тоқыма тізбе орауышына біруақытта қайта оралады.
Тоқымада таралмаған секциялы тізіп орау трикотаж өндірісінің негізтоқу кәсіпорнында негіздерді дайындау барысында қолданылады, аталған өндірісте негіздер бір жалпы білікке бірнеше тізіп орау білікшесін орнату нәтижесінде қалыптасады.
Тізіп орау әдістеріне байланысты тізіп орау машиналары партионды, таспалы және секциялы болып үшке бөлінеді. Әрбір тізіп орау машинасы келесідей жұмысшы құралдар мен механизмдерден тұрады: орауыш және катушкаларды орналастыруға арналған тізіп орау жақтаушасы; ораушы механизм; тізіп орау ендігі бойынша жіптерді біртекті реттеуші қатарша; тізіп орау ұзындығын белгілеуші есептегіш механизм; жіптің үзілуі немесе тізіп ораудың белгілі ұзындығына жеткенде машинаны автоматты тоқтату механизмі; машинаны іске қосу және тоқтату механизмінің жетегі.
Партионды тізіп орау машиналары ең өнімділігі жоғары машиналар болып табылады. олар тізіп орау біліктерінің партияларын шлихталау машиналарына дайындайды. Тізіп орау процесінің жүргізілуінің сапасына шлихталу машиналарының және тоқу станоктарының өнімділігі тікелей тәуелді болып келеді.
СП маркалы тізіп орау машиналарында тізіп ораудың жылдамдығын баспалдақсыз реттейтін, тұрақты токты, басқарылатын электрожетектер бар. Зығыр жіптерді тізіп орауға арналған тізіп орау машиналарында қосымша тақталар бар.

Сурет 2. СП-180-3Л партионды тізіп орау машинасы


Партионды тізіп орау машиналарының техникалық сипаттамасы төмендегі кестеде келтірілген.


Кесте 2. Паритонды тізіп орау машиналарының техникалық сипаттамасы



Машина маркасы және типтері

СП- 140-3Л

СП- 140-4

СП- 140-У

ZM-SP- DNC



ZC-R


NHZ


Ел, шығарушы фирма

Россия

Россия

Россия

Карл Майер,
Германия

Беннин-гер, Швей-
цария

Хакоба, Германия

Жұмысшы ендерінің диапазоны, см

140,
180,
230

140,
180,
230

140

-


150, 180,
200, 220,
240

120, 140,
160, 180,
200, 220

100ден 280 (
әр сайын 20)

Тізіп орау
жылдамдығы, м/мин

1000
дейін

1000
дейін

1000
дейін

1200 дейін

1200 дейін

1000 дейін

Өңделетін иірімжіптің түрі

Зығыр, мақта, жүн, қоспал ы аралас

Зығыр, мақта, жүн, қоспал ы аралас

Зығыр, мақта, жүн, қоспал ы аралас

Зығыр, мақта, жүн, қоспалы аралас, синтетикал ық

Зығыр, мақта, жүн, қоспалы аралас, синтетикал ық

Синтетикал ық, зығыр, мақта, жүн, қоспалы аралас

Иірімжіптің сызықтық тығыздығы, текс

17÷400

7,5÷20
0


7,5÷20
0

19÷100

17÷400


7,5÷200

19÷100

17÷400


7,5÷200

7,5÷200

7,5÷200

Жіптердің оралу
тығыздығы, г/см3

0,4÷0,6
5

0,4÷0,6
5

0,35÷0,
55

0,4÷0,55

0,4÷0,65

0,4÷0,65

Гидрожүйедегі қысым ,
МПа

6,3


6,3


6,3


-


-


-


Тізіп ораушы білік өлшемі , мм:

  • баған диаметрі




  • флан-цев

диаметрі

  • флан-цев рассадка

240

660,
800
1400

(1800,

2300)


240

660,
800
1400

(1800,

2300)


240

660, 800
1400


300

1000
1500


(1800,

2000,
2200, 2400)


300

1000
1200,


1400,

1600,

1800, 2000,


2200


300

1000
от 1000

до 2800


Электроқозғалтқыштар дың қосынды қуаты,
кВт

12,5


12,5


12,5


18,5


18,5


18,5


Машинаның габарит өлшемдері, мм:


-тереңдігі





  • биіктігі




  • ені

1900

1300

2840

(3240,

3740)


1900

1300

2840

(3240,
3740)



1900

1200

2520


2180

2610

3245

(3445,

3645,

3845,

4045)


1775

2325

2910

(3110,

3310,

3510,

3710,

3910)


2225

1260
от 2750


до 4550


Машины салмағы, кг



3000

(3200,
3500)


3000

(3200,
3500)


2400


-


-


-


СП-180-3Л тізіп орау машинасы отандық өндірісте кең таралған машиналардың бірі болып табылады. Ол өз кезегінде жұмысшы ені 140 см тізіп орау білікшесіне иірім жіпті
тізіп орау үшін арналған және 200 кг иірім жіпті білікшенің фланецті диаметрі 660 мм, ал тірек диаметрі 200 мм барысында сыйымды етеді.
СП-180-3Л партионды тізіп орау машинасының тізбегі (3 суретте) көрсетілген. Иіршік орнатпасында орнатылған конусты орауышпен 1 тізіп оралатын жіптер шайбалы керу құрылғыларынан 2 өтіп, тізіп орау машинасына жылжиды. Иіршік орнатпасының алдыңғы бөлігінде әрбір жіп жіптің үзілуі барысында машинаны автоматты түрде тоқтату үшін қызмет атқаратын электротоқтатушы ілмегі 3 арқылы өтеді. Тізіп орау машинасына кіре отырып жіптер бағыттаушы шынылы шыбықтар 4 және 5 аралығынан және қатарша 6 арқылы өтіп, мерильді білікшені 7 иілдіре отырып тізіп орау жылдамдығын тұрақтандыруды қамтамасыз ететін, тұрақты бұрыштық жылдамдықпен айналатын тізіп орау барабаны 9 есебінен айналатын тізіп орау білікшесіне 8 оралады. Машинаның баяу түрде іске қосылуы пластиналы үйкеліс муфта көмегімен іске асады.


Сурет 3. Партионды тізіп орау машинасын сабақтау сұлбасы

Тізіп орау білікшесі тұрақтандырушы тұтқыштарда 10 орын алады. Ол тізіп орау барабанына өзінің ауырлық салмағымен және блокта 12 бекітілген шынжырға машинаның екі жағынан ілінген жүктермен 11 қысылады. Олар блок сияқты 13 білікке 14 қатаң түрде орнықтырылған. Блокта 13 сонымен қатар бағыттаушы блоктарды 15 иілдіретін шынжырлар да бекітілген.




Сурет 4. Тізіп орау білікшесінің ендігі бойынша жіптердің тығыздығын орнатуға
арналған қатаршалар

Осы шынжырдың екінші ұшы қосымша тұтқыштардың ілмектеріне тікелей байланысқан. Қысушы құрылғы барабанда тізіп орау білікшелерінің салыстырмалы түрде сырғуын төмендетіп, ораманың тығыздығын қамтамасыз етеді.



Темір тарақты құратын қатарша 6 тізіп орау білікшесінің ендігі бойынша жіптердің біртекті реттелуі үшін қызмет атқарады. Орнатылған бұранданың 1 (4 сурет) айналуы есебінен тізіп орау білікшесінің еніне қаншалықты тістер 2 саны қажет екенін білуге болады, демек оған оралатын жіп тығыздықтарын өзгертуге болады деген сөз.
Мерильді білікше 7 (сурет 3) тізіп орау ұзындығы есептегішіне қозғалысты береді. Тізіп орау процессінің алдында есептегішке белгілі ұзындықты орнатады. Тізіп орау білікшесін орау өлшемі бойынша берілген ұзындыққа жету үшін білікшеге оралатын негіз жіптің ұзындығын қай мезет болмасын көрсете отырып, есептегіш берілгеннен оралған иірім жіптің ұзындығын есептеп береді. Берліген ұзындықтағы иірім жіпті орау барысында есептегіштің сандық дискісінің барлығында нөл көрсеткіші көрсетілгенде электромагнитті тоқтау шынжыры тұйықталып, машина өшіріледі.
Иіршік орнатпасынан әрбір жіптер шығуы барысында электротоқтатқыш механизмінің сымды ілмегі арқылы өтеді. Жіпті керуде ілмек тігінен тұрады. жіптің үзілуі барысында аталған ілмек өз салмағының ауырлығымен ауытқиды, осының нәтижесінде тоқтату
электромагнитінің шынжыры тұйықталып, машина өшеді. Бір уақытта иіршік орнатпасының алдыңғы бөлігінде жіптердің қай тобында (қай қабатта және иіршік орнатпасының қай қанатында) үзілу болғанын көрсетуші дабылды шам жанады.
Жетек өшірілгеннен кейін тізіп орау процессі лезде тоқтатылғанын жіті бақылау қажет, өйткені басқа жағдайда үзілген жіп орама қабаттарында шатасып, оны іздеп табу және орауыш жібімен байланыстыру аса күрделі болып табылады. Тізіп орау машинасында тізіп орау барабаны және мерильді білікшені жылдам түрде тоқтату үшін арнайы тежегіштері бар.
СП-180-3Л тізіп орау машинасында иірім жіпті 200, 300 немесе 400 м/мин жылдамдықпен тізіп орауға болады. Машинада тізіп орау білікшесінің инерциялық қашуына кедергі келтіретін тежегіш бар. Тізіп орау білікшесін алып және орнатуды жеңілдету үшін машинада алып салмалы құрылғынан қозғалысқа келтіретін қосымша электроқозғалтқыш бар. Сонымен қатар аталған СП-180-3Л тізіп орау машинасы үздікті тізіп орауға арналған иіршік орнатпасына ие болып табылады.
Тізіп орау жылдамдығы орама диаметрінің жоғарылауымен тұрақты түрде реттеліп, бақылауда болады. Орама тығыздығын реттеу үшін машинада тізіп орау білікшесіне қысылып отыратын домалатушы білікше болады. Машинаның жылдам тоқтатылуы тізіп орау, мерильді және домалатушы білікшелерге әсер етуші қуатты қалыпты тежегішпен қамтамасыз етіледі. Тізіп орауды 800 м/мин жылдамдықпен де жүргізуге болады. Тізіп орау жылдамдығын бақылау машинада арнайы орнатылған тахометрдің көмегімен іске асырылады. Тізіп орау білікшелері жеке дара электроқозғалтқышта жұмыс істейтін алмалы-салмалы құрылғымен алынып, орнатылады. Машина сонымен қатар үздікті тізіп орауға арналған иіршік орнатпасына ие болып табылады.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет