Турлыбекова а. Б., Алимбетов м. О., Абдикаликова н. Б., Балабеков о. К


Тізіп орау процесінде ақаулары және қалдықтары



бет10/56
Дата19.09.2023
өлшемі5,69 Mb.
#181553
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   56
Байланысты:
токыма жабдыктары

Тізіп орау процесінде ақаулары және қалдықтары


Тізіп орау ақаулықтары негіз және маталардың сапасын төмендетіп, қалдықтар көлемін көбейтіп, шлихталау машиналарының және тоқыма станоктарының өнімділігін төмендетеді. Тізіп орау барысында келесідей ақаулықтар орын алады.


Үзілген жіп ұшы тізіп орау білікшесіндегі жіп ұшымен байланыспайды, керісінше онымен шатасып кетеді.
Жіптердің тізіп орау білікшесінің жиегіне соғылуы фланецтерге қатысты бағыттаушы қатаршаларды дұрыс орнатпау барысында, болмаса фланцаларды немесе оның қиғаштығын дұрыс орнатпау барысында қалыптасады.
Әлсіз және жіптердің түрлі керілісі керуші құрылғыларды дұрыс реттемеу барысында қалыптасатын ақаулар.
Білікшеде жіп санының сәйкес келмеуі - есептік көрсеткішінен сәйкессіздігі тізіп орауды есептеу қателігі немесе бобинаны иіршік орнатпасына орнату барысында жұмыссыздың мұқиятсыздығы нәтихесінде алынады.
Шеттерінің әлсіздігі ақаулары тізіп орау барабанының бетіне тізіп орау білікшесін біртекті қыспау барысында немесе қатаршаларды дұрыс орнатпау барысында қалыптасатын ақау түрі.
Тізіп орау ұзындығының тұрыс еместігі есептегіштің дұрыс істемеуі немесе бастапқ тізіп орау барысында оны дұрыс орнатпау нәтижесінде қалыптасады.
Конусты бобинадан сызықтық тығыздығы орташа мақталы иірім жіпті тізіп орау барысындағы үзілгіштік 1 млн.м дара жіптер бойынша 4 тен 6 дейінгі үзілгіштікке тең болса, ал таралған жүнді иірім жіп үшін 8 – 10, ал аппаратты иірім жіп үшін 10 – 14 үзілгіштіктен аспауы тиіс. Дегенмен иірілген иірім жіптің үзілгіштігі екі есеге дейін төмен болады. Үзілгіштіктің жартысынан көбісі иірім жіпті қайта орау барысында алынатын ақаулықтар нәтижесінде пайда болады.
Тізіп орау барысында қалдықтар үзінділерді алдын алу барысында, жаңа иіршікті сабақтау немесе қайта сабақтау барысында қалыптастатын иірім жіп үзінділері түрінде алынады. Қалдық көлемі тізіп орау әдісіне, иірім жіп сапасына, оның сызықтық тығыздығына байланысты және әдетте тізіп орауға келетін иірім жіп салмағының 0,02 ден 0,15 % құрады.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет