Турлыбекова а. Б., Алимбетов м. О., Абдикаликова н. Б., Балабеков о. К



бет13/56
Дата19.09.2023
өлшемі5,69 Mb.
#181553
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   56
Байланысты:
токыма жабдыктары

Шлихта және оның қасиеттері


Негіз жіптерді желімдеуші құрам шлихта деп аталады. Шлихта өз кезегінде иірім жіпті серпінді ете отырып, оның бетін біркелкі салынуы қажет және талшықтың беріктілігін төмендетпей, шлихсыздандыру барысында жеңіл кетуі керек. Иірім жіпте қалыптасатын пленка сынықшыл болмау және тоқыма процессі барысында сыпырылып қалмауы қажет.


Шлихта белгілі тұрақтылыққа ие болып, мүмкіндігінше сұйық күйінде де, оны негізге салғаннан кейінде ұзақ уақытқа шыдауы қажет. Шлихта құрамына арзан дефицит емес заттар кіруі қажет.
Желімдеуші заттар шлихтаның негізгі бөлігі болып табылады. Соңғы уақытқа дейін желімдеуші материал ретінде крахмал (май өсімдігінен алынады), кей кезде ұнды (бидай және қара бидай), ал кейбір иірім жіп түрлері үшін-жануарлы желім қолданылды. Қазіргі уақытта крахмал орнына поливинильді спирт, карбоксиметил целлюлоза, полиакриламид және басқада химиялық материалдар қолданылады.
    1. Желімдегіштер


Шлихталау процессінен кейін негіз жіптер салмағы біршама есеге ауырланады. Негіз жіптер салмағының осы ауырлауы жұмсақ иірім жіп салмағының пайыздық көрсеткішімен мәнерленіп, өз кезегінде желімдегіштер деп аталады. Желімдегіш бойынша әдетте негізді шлихталау дәрежесін сынауға алады. Желімдегіштерді көрінетін және ақиқатты деп ажыратады.


    1. Шлихталау кезінде негіз жіптердің созылуы


Шлихталау машинасында негіз жіптердің созылуын реттеу аса маңызға ие болып табылады, өйткені жоғары созылмалылықта олар өз беріктілік қасиетін жоғалта отырып созылады. Созудың мөлшерден тыс шамасы шлихталанған негіздің сапасын төмендетеді, ал бұл өз кезегінде оның тоқыма станогында мейлінше үзілгіштігіне алып келеді.


Мақта және жүн негіздерін созу 1,5% аспауы тиіс, ал табиғи жібек иірім жібі және штапельді талшықтардан алынатын негіз жіптер 2%, зығыр талшығынан алынатын иірім жіп негізі 0,8% және вискоза жіптері негізі 5% аспауын қадағалау керек.
Негіздердің минималды созбалы күйін алу үшін шлихталау машинасының жұмысшы органдарының жылдамдығы келіскен күйде болуы керек. Шлихталау машиналарында тепе-теңдік механизмдері қолданылады. ШБ-140 машинасында мұндай механизмдер екеу болады: біріншісі сығушы білікшелер мен кептіру барабандары аймағында созбалауды реттесе, ал екіншісі кептіру барабанынан шығарушы білігінде реттейді.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет