Тєрбие теориясы


-22-тақырып. Білімді бақылап тексерудің түрлері мен әдістері



бет22/24
Дата28.02.2022
өлшемі0,5 Mb.
#133666
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Лекция

21-22-тақырып. Білімді бақылап тексерудің түрлері мен әдістері
Оқушылардың тұтас педагогикалық үдерістегі танымдық іс-әркетін белсендендіру
Жоспар:
1.Оқушылардың білім деңгейін бағалау жолдары
2.Ағымдық, аралық іс-әрекетті бақылау
Негізгі ұғымдар: білім деңгейі, ағымдық, аралық, бақылау.
Оқушылардың білімін тексеріп бағалау - педагогикалық үрдіске қатысты мәселені жинақтап қорыту болып табылады. Өйткені оқыту нәтижесінде оқушының меңгерген білім, білік дағдысы қандайлық дәрежеде екендігін айқындап, олардың алған білімін тәжірибеде қолдана білу міндеттерін шешуге бағыттай алу үрдісін бақылап бағдарлаудағы негізгі сала екені белгілі.
Бағалау - оқушының меңгерген білім сапасы мен даму деңгейінің көрсеткіші.
Дидактикадағы ежелден бері белгілі дәстүрлі бақылап, бағалаудың бірнеше түрі бар. Орта оқу орындарында ағымдағы бақылау, кезендік және қорытынды бақылау деп жіктеледі. Ағымдағы бақылау нақты сабақ барысында өткен тақырып бойынша меңгерген нәтиже тексеріліп бағаланады. Кезеңдік бақылауда оқылатын пәннің арнаулы тараулары бойынша, немесе тоқсандық, жарты жылдық көлемдегі білім, білік дағдыларын меңгеруі бағаланады. Қорытынды бақылау оқушыны сыныптан сыныпқа көшіру қарсанында өткізіледі және мұндағы басты мақсат - оқушының алған білімін жинақтап, меңгергенін, алған білімін келешекте ілгері жалғастыру бағдары өзектілігі көзделеді.
Білімді бағалау әдісі - бақылау арқылы және ауызша, жазбаша тексеріледі, сондай-ақ сауалдамалық тест, тәжірибе жолымен жүргізіледі. Бақылау әдісінің міндеті оқушының күнделікті жұмыс үрдісінің нәтижесін байқап, даму жүйесін кадағалап, білім деңгейінің дәрежесін айқындау болып саналады. Бақылаудың көрсеткіші ресми құжаттарға түсіріліп, мұғалім жинақтап жалпы баға қоюда есепке алынады.
Жазба түрде бақылау бүгінде сипатын кеңейтіп, оқушының білімін байқаудан мәнін зорайтып және онын тиімділігін арттыра түсуде. Қазіргі дидактикада техникалық құралдардын мүмкіндігі артқан сайын оның қолданыс аясы да өрістей түсті де, автоматтық бақылау, перфокарта, баспа материалдарын пайдалану, басқа да сұрақтарға жауап беру, сұрақты өзінше талдап жазу т.б. жолдары өрістеуде.
Бағалау оқушының білім деңгейін айқындаумен қатар тәрбиелік мәні зор болғандықтан қай кезде де оған жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Дәстүрлік бағалаудағы бес баллдық жүйемен қатар пәннің белгілі тараулары мен тақырыптары немесе тұтас курс бойынша сынақ (зачет) тапсыру, яғни шәкірттің тиісті мәселені меңгеруі тұрғысындағы еңбегіне бақылау тұжырымдама жасалатын. Ал оның қорытынды көрсеткіші емтихан арқылы - бес баллдық мәндегі өте жақсы, жақсы, орташа, нашар, өте нашар деген атаулармен жинақталатын.
Соңғы он жылдықтар кезінде әсіресе, жоғары дәрежелі мектептер мен арнаулы орта оқу орындарында рейтинг жүйесі өрістеді. Рейтинг - ағылшын тіліндегі — «жетістік өлшемі» «баға» деген мәнде болса, оқу үрдісінде шәкірттің таным сапасын, нәтижесін бақылап, тексеріп қол жеткен табысын ілгері жетілдірудің жол-жосығын нұсқап, олардың жауапкершілікпен белсенді түрде еңбектенуіне бағдар берілетін әдіске айналды.
Рейтинг жүйесіндегі модульдік құрылым оқу материалын логикалық тұрғыдан бөлшектерге топтастырып немесе пәндік тараулар негізінде блоктарға біріктіреді. Модульдің саны оқу пәнінің мазмұнына қарай және оның көлемдік мөлшеріне лайық белгіленеді. Сондай-ақ модульдік құрылым оқу материалының белгіді бір кесегі, бөлшегі порциясы болса, оқушы мұнда көрсетілген тапсырысты міндетті түрде орындап, жүзеге асыруға тиіс. Ал оны бақылау, тексеріп бағалау:
а) күнделікті немесе ағымдық іс-әрекетті бақылау тұрғысында;
ә) аралық (рубеждік) бақылау түрінде;
б) қорытынды мәнде аттестациядан өтеді.
Бұл жүйені тарамдай айтсақ мәні мынау:
Күнделікті немесе ағымдағы іс-әрекетті бағалау белгіленген модуль бойынша атқарылған жұмыстын барысы мен бағдары қарастырылып, тиісті тапсырыстың нақты орындалуы жөнінде ұйымдастырылған жоба, жоспардың жүзеге асуына мән беріледі.
Аралық бақылау әрбір модуль аяқталған кездегі коллоквиум, реферат қорғау, өзіндік жұмыстардың нәтижесін байқау тұрғысында жүргізіледі немесе тестілік сауалдама өткізіледі.
Қорытындылық бақылауда - ағымдағы, аралық бақылаудың жесін жинақтай отырып сынақ, емтихан өткізіледі немесе тестілік сауалдама арқылы шәкірттің білім, білік, дағдысы жинақталып бағаланады.
Тестілік сауалдамаға Қазақстан Республикасында ерекше беріліп, мемлекеттік тұрғыдағы бақылау бағалау денгейіне дейін көтеріліп, 2004 жылы орта оқуын бітірушілерге ұлттық біріңғай тестілеу (ҰБТ) өткізілді.
Өзін-өзі бақылауға арналған сурақтар
1.Сыныптық сабаққа сипаттама бер.
2.Аралас сабақтың ерекшеліктерін сабақтың басқа түрлерімен салыстыр.
3.Оқушының білімін тексеру жолдарын сипатта.
4.Бағалауға – оқушының меңгерген білім сапасы мен даму деңгейінің көрсеткіші.
5.Білімді бағалау әдісіне сипаттама.
6.Рейтинг жүйесі туралы түсінік.

Әдебиеттер


1.Махмутов М.И. Современий урок. Вопросы теории. М., 1999
2.Дидактика средней школы (под.ред. М.Н. Скаткина), 2010
3.Педагогика (под.ред. Пидкасистого П.И.) М., 2010
4.Педагогика (дәріс курсы) А.2003.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет