15-тақырып. Отбасы тәрбиесінің негіздері. Қазіргі қоғамдық даму кезеңіндегі отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері.
Жоспар:
Отбасы – тәрбиесіне әсер ететін факторлар.
Отбасы тәрбиесінің негізгі құқықтары.
Отбасының тәрбие жұмысын ұйымдастырудың теориялық-педагогикалық негіздері.
Отбасы тәрбиесіне сипаттама, бағыттары, мектеппен бірлігі.
Негізгі ұғымдар: қоғамдық және отбасы тәрбиесі, ата-ананың педагогикалық белсенділігі, диагностика әдістері, әрекеттестік формалары, мектеп пен отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерінің интеграциясы.
Ата-аналармен тәрбие жұмысын жүргізудегі мектептің міндеті: балалармен жүргізілетін түрлі педагогикалық жұмыстарды ұйымдастыруда ата-аналарды тартып қатыстыра білу, бала тәрбиесі жөнінде ата-аналар арасында ағарту жұмыстарын жүргізу болып табылады. Ал бұл міндетті шешудің құралы мен формасы - ата-аналарды түрлі үйірме жұмыстарын өткізуге жетекшілікке тарту, ата-аналар комитеті мен мектептік кеңестің құрамына кіргізу, түрлі мекемелермен байланыс жасайтын және мектепке материалдық көмек көрсететін топтарға қосу, ата-аналарға арналған лекциялар оқуға және тәрбие жөнінде консультация өткізіп, түрлі тақырыптарда пікір алысып балалардың үлгерімі жөнінде нақты кеңесу үшін сабақтарға қатынасып, педагогикалық советтің мүшелігіне кіргізу болуға тиіс. Кейбір Еуропа елдері мен АҚШ-та арнайы маман, психологтар тәрбие жұмысын атқарса, біздің елде ол міндетті мұғалімдер мен сынып жетекшілері орындайды. Бүкіл әлем тәжірибесінде бала тәрбиесіне алдымен жауап беретін ата-ана.
Қоғамда отбасы – болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адым, ол балаға моралдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың іс-әрекеті мен мінез-құлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси құндылықтар беріледі.
Отбасы тәрбиесінің проблемасы – ананың отбасы тұрмысынан қолы босамауы. Ананың уақыты жетпеуі көбінесе насихат, жазғыру, ұрсу сияқты тәрбиелік ықпалдың нәтижесіз әдістерін пайдалануға мәжбүр болады.
Ата-ана құқығынан айрылғалы тұрған ата-аналар әлеуметтік және педагогикалық проблемалар тудырады. Мемлекет олардың ата-аналық құқықтарынан айырғанда балалардың мақсат-мүддесін басшылыққа алады. Алайда бұл ретте олардың өмірі өз мәнін барынша жоғалтады, өйткені өмір сүру мен дамудың маңыздылығы кемиді.
Отбасының жоғары материалдық ауқаттылығы (материалдық жағдайының төмен болуы да) отбасы жұмысын ұйымдастыруда қолаңсыз жағдайлар туғызады. Мектеп отбасы әдістемелерін нақтылап, оның кемшіліктерін түзете отырып, бұл проблемаларды жеңуге тырысу.
Отбасы тәрбиесінің, ата-ананың әлеуметтік-жауапкершілік қызмет-әрекеті ретінде басты құқықтық негізі бар. 1989 жылдың 20 қарашасында БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған “Бала құқығы туралы конвенция” маңызды негізгі құжат. “Балаға, дене жағынан және ақыл-ойының жетілмегендігінен, арнайы қорғау мен қамқорлық, соның ішінде, туылғанға дейінгі және туылғаннан кейінгі тиісті құқықтық қорғау керек”, - деп жазылған Конвенцияда.
Конвенцияға қол қойған мемлекеттер мына міндеттерді орындауы тиіс: ақысыз және бәріне міндетті бастауыш білім енгізу, орта және кәсіби білім алуға жағдай жасау, жоғары білім алуға жол ашу. Конвенцияның 28 тарауында “мектептегі тәртіп баланың адами қадір-қасиетіне құрмет көрсететін әдістер арқылы жүргізілуі тиіс” деп, ерекше аталып кеткен.
Қазақстан Республикасы Консититуциясында бекітілген отбасы тәрбиесінің құқықтық принциптері “Неке және отбасы туралы” заңда (17. 12. 2004 ж.) нақтыланған. Онда қазіргі заманғы отбасы құқығының бір некелік, некеге тұрудың бостандығы мен еркіндігі, ажырасу еркіндігі, ерлі-зайыптылардың отбасы қатынасындағы тең құқығы сияқты негізгі принциптері жазылған. Бұл құқықтар отбасы өміріндегі, отбасы ұжымындағы өзара байланыстың терең демократияға жол ашады. 52 тарауда баланың отбасылық тәрбиесі, оның құқығын және мақсат-мүдделерін қорғаудың баптары келтірілген: “Баланың өз ата-анасы тарапынан тәрбиеленуіне, оның тілек-қалауларының орындалуына, жан-жақты дамуына, оның адами қадір-қасиетінің сыйлануына құқығы бар”. Бала ата-ана билігіне тәуелді объект ретінде емес, өзіндік құқық субъектісі ретінде қарастырылады.
Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар
Отбасының педагогикалық процесі дамуының қозғаушы күші неде?
Отбасының педагогикалық процесінің дұрыс ұйымдасқаны туралы қандай көрсеткіштер арқылы білуге болады?
Педагогикалық процестің заңдылықтары мен принциптерінің отбасындағы бала тәрбиесінің нәтижелілігіне ықпал-әсерін көрсетіңіз.
4.Отбасының педагогикалық процесінің негізгі сипаттарын (өзгермелі) зерттеу үшін диагностикалық әдістер жиынтығы керек екенін дәлелдеңіз.
5.Әңгіме әдісін қолданғанда қандай талаптарды орындау керек?
6.Сынып жетекшісіне тәрбиелік жұмыс жоспарын құруда отбасының педагогикалық процесінің қандай көрсеткіштерін ескеру керек?
7.Ұжымдық тәрбиеге сипаттама бер.
8.Мектеп пен отбасылық тәрбиенің байланысын сипатта.
9.Тұлға тәрбиесіне әлеуметтік ортаның әсері.
Әдебиеттер
Макаренко А.С. Ата-аналар кітабы. Алматы, 1985
Кайралова Р. Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізетін жұмысы. Алматы, 2000.
Жұмаханов Ә. Семьяда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері. Алматы, 1999.
Педагогика. Дәріс курсы, Алматы, 2003.
Айғабылова Н. Бала мінезінің қалыптасуы және тәрбиелеу жолдары. Алматы, 2000.
Аймағамбетова Б., Бозжанова Қ. Балаларды семьяда адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері. Алматы, 2001.
Достарыңызбен бөлісу: |