9 - тақырып. Тәрбиенің процесінің әлеуметтік негіздері . Тәрбие және және жеке тұлғаның әлеуметтенуі
Жоспар
Педагогикадағы тәрбие мақсаты мәселесінің тарихы.
Тәрбие және әлеуметтік келісім.
Қоғамдық мәдениеттің тәрбие кеңістігі ретінде қалыптасуы.
Негізгі ұғымдар: тәрбие мақсаты, қоғамдық мәдениет, жеке тұлғаны әлеуметтендіру және дербестендіру, жан-жақты үйлесімді дамыған жеке тұлға, жеке тұлғаны” шығармашылық мүмкіншілігі.
Қоғамның даму барысында тәрбие және мақсаты төңірегіндегі пікір-талас ежелгі дәуірдің өзінде-ақ басталған. Ертедегі ойшылдар тәрбиенің мақсаты ізгі, рақымшыл азаматтарды тәрбиелеу деп түсінді. “Рақым” туралы пікірде олардың ойлары бір жерден шықпады. Мысалы, Сократтың түсінігінше, тәрбиенің мақсаты- заттардың табиғатын зерттеу емес, өз-өзіңді тану, аса құлықтылықты жетілдіру, ал Платон ақыл-ой, ерік және сезімді тәрбиелеуге көп ықылас білдірді. Ол тәрбиені өкіметті” өзі ұйымдастыру керек, үстемдік етуші топтар – философтар мен жауынгерлерді” талап-тілегіне сай жұмыс істеу деп түсінді. Аристотель, тәрбиенің мақсаты жан рақымы – ақыл-ес пен ерік-жігерді дамыту деп білді.Ұлы педагог Я.А. Коменский тәрбиенің күшіне сенді, оның ойынша тәрбие үш мақсатқа жетуге бағытталуы қажет: өзіңді және қоршаған ортаны тану (ақыл-ой тәрбиесі) және құдайға сиыну (діни тәрбие). Дж. Локтың ойынша, тәрбиенің негізгі мақсаты азаматты қалыптастыру, өз істерін ақылмен және байыппен жүргізу, ал Ж.Ж. Руссо қоғамдық құндылықтарды қалыптастыруға тәрбие мақсаттарының алатын орнын айтты.
И.Гербарттың ойынша, тәрбие мақсаты, рақымды адамды қалыптастыруға, қалыптасқан қарым-қатынастарға бейімделе алатын, қоғамдағы белгіленген тәртіпті сыйлайтын, оған бой ұсынатын адамдар десе, А.Дистерверг тәрбиенің мақсаты “ақиқат, сұлулық және мейірімділікке өз ынтасымен қызмет” ету деп анықтаған.
Ұлы орыс педагогы К.Д. Ушинский: “Егер сізге айтса, тәрбие мақсатымен адамды бақытты етуге болады деп, онда сізді” дауласуға әбден қақыңыз бар, ал тәрбиеші “бақыт” дегенде нені түсінеді; өйткені, бәрімізге белгілі, әлемде бақытқа ұмтылмайтын пенде жоқ: біреуге бақыт болып көрінетін жағдай, ал ол басқа адамға жай бір оқиға сияқты көрінеді, кейбіреуі тіпті бақытсыздық” - деп тұжырымдайды. .
Тәрбие мақсаты көп уақытқа дейін идеалды адам мұратына, жан-жақты үйлесімді дамыған, рухани байлығы мол, моральдық қылықтары таза және дене күші дамыған тұлға ретінде түсінді. Әрине, бұл позиция – тәрбиені” негізгі мақсаты. Бірақ, тәрбиені” мақсаты біржақты қарастырылып, күнделікті тәжірибеде тәрбие жұмыстарыны” нәтижелері алға қойған мақсаттан біршама ерекшеленуіне әкеп соғады.
Тәрбие мақсаты – педагогиканың ең маңызды мәселесі. Мақсат-тәрбиенің жалпы мақсаттылығынан, тәрбие жүйесінің сипатын айқындаушы ретінде көрінеді. Мақсат пен міндет бүтін және бөлшек ретінде ара қатынаста болады, жүйесі мен оны” компоненттеріне тәуелді. Қорыта айтқанда, тәрбиені” мақсаты нақты тәрбие міндеттеріні” жүйесі.
Тәрбие мақсаты жалпы және жеке болып келеді. Тәрбиенің мақсаты жалпы болып келгенде, яғни барлық азаматтарда сапалы құндылықтарды”, ал жекеленіп келуі, яғни жеке тұлғаны” қалыптасуын көздейді. Қазіргі заманда тәрбие жүйесіне қарай тәрбие мақсаты әр алуан болып келеді. Тәрбие мақсатының әр алуандығы тәрбиенің өте күрделілігін көрсетеді. Мақсаттылыққа объективтік себептер әсер етеді. Олар, дененің физиологиялық жетілу заңдылығы, адамның психикалық дамуы, философия мен педагогикалық ойды” жетістігі, ортаны” үнемі қоғамның мүддесіне орай өзгеріп отыруы.
Мақсатқа ұмтылу, ұстазға айқын мақсаттар белгілеп, кәсіптік іс-әрекеттерінің нәтижелерін оқушылардың тәрбиеге бой ұсынуынан, құлшынысынан байқауға болады. Нақты мақсаттар туралы сөз қозғағанда, олардың анықтамасының негізгілерін бөліп алу қажет. Ең алғашқы әлеуметтік негізі әрбір индивидтің дамуы табиғаттың адамға генетикалық тұрғыдан берген әлеует мүмкіншілігін дамытумен қатар, оның даралығын қалыптастырумен байланысты. Баланың дараланып дамуында белсенділік, күш-қуат артуымен қатар, еркі мен ақыл-сезімінің қалыптасуы, оның болашақ кәсібінің бейімін, қабілетін интегралдап, іс-әрекетке қолданудың амалы күні-бұрын қарастырылады. Жеке бастың дамуы белгілі бір әлеуметтік жағдайға байланысты.
Мақсат- іс-әрекет нәтижесін күні бұрын идеалды ой-тұжырым арқылы болжау.
Тәрбие-әлеуметтік институт ретінде қалыптасуын әлеуметтендіру, мәдениет және әлеуметтік ереже, әлеуметтік тәрбие мақсатында жүргізу, сол арқылы қоғам мүшелеріні” әлеуметтік қажеттілігін өтеуге жағдай жасау.
Әлеуметтендіру – мәдени элементтерді түсіндіру, әлеуметтік мұраттар мен құндылықты игеру негізінде жеке тұлға қасиеттерін қалыптастыру әлеуметтендіру жүйесінің мазмұны қоғам талабымен айқындалады, яғни оның мүшелері қоғамның маңызды салаларын білу, өндірістік қызметке қатысу, берік үйелмен, заңды басшылыққа алатын азамат болуы қажет. Адамдардың мінез-құлқы әлеуметтендірудің объектісі ретінде қалады. Бірақ, адам бұл процестің объектісі ғана емес, субъектісі болған жағдайда ғана әлеуметтенеді.
Әлеуметтендірудің алдына қойған міндеттерінің екі тобы болады:
а. тұлғаның әлеуметтік бейімделуі,
б. әлеуметтік кемелденуі.
Бұл міндеттердің шешімі ішкі және сыртқы факторларға байланысты. Соның ішінде, сыртқы ортаның қайшылықтары баланың бойында дамып келе жатқан ішкі қарсыластық күшіне сай келуге тиіс. Адамның орталыққа ұмтылыс күші, сыртқы мәдениеттің жерінен әлдеқайда басым болуы қажет, сонымен қатар, оның жаңа ағымын үздіксіз сезінуі керек.
Адамды әлеуметтендіру нәтижелері әлеуметтік белсенділік, адамның әлеуметтік қарым-қатынасы байланысында көрініс беретін әрекетшілдігі. Әлеуметтендірудің көрсеткіштері: әлеуметтік ортаға бейімделу, әлеуметтік дербестік және әлеуметтік белсенділік.
Өзіне-өзі бақылауға арналған сұрақтар
1. Тәрбие, “тәрбие мақсаты”, “әлеуметтендірудің” түсініктерді айқындау.
2. Тәрбие мақсатының мәнін ашыңыз.
3. Тәрбие мақсатының әдіснамалық қалыптасу негізіне сипаттама беріңіз.
4. Материалдық және адамдық мәдениет арасын ашыңыз.
5.Сынып ұжымының сипаттамасы бойынша тәрбие мақсатына ықпал ететін негізгі факторларды атаңыз.
6.Жалпы және жеке тәрбие мақсатының өзара байланыс схемасын құрастыру.
7.Тұлғаны әлеуметтендіруде әр түрлі екі позициядағы тәрбие мақсатына мысал келтіріңіз.
8.Материалдық мәдениетке мысалдар келтіріз және талдаңыз.
Әдебиеттер.
Муканова Б.И. Педагогическое руководство формированием социальной активности подростков. Алма-Ата, 1990.
Мудрик А.В. Социальная педагогика. М., 2002.
Василькова Ю.В., Василькова Т.А. Социальная педагогика: Курс лекций. М., 2003.
Ушинский К.Д. Человек как предмет воспитания опыт педагогической антропологии. Пед. соч. В.2 т.т. Т.1. М., 1974.
Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя. Алматы, 2004.
Достарыңызбен бөлісу: |