Тєрбие теориясы


- тақырып. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері



бет9/24
Дата28.02.2022
өлшемі0,5 Mb.
#133666
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24
Байланысты:
Лекция

6 - тақырып. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері
Жоспар
1. Ғылыми - зерттеу жұмысының жалпы әдіснамалық негіздері
2. Жүйелі тәсілдердің негіздері - философиялық категориялар.
3. Эксперименталды-эмпирикалық деңгей әдістері.
4. Теориялық деңгей әдістері.
Негізгі ұғымдар: ғылыми зерттеу әдістері, ғылыми дәлел, заңдылық, ғылыми ақпараттың анықтығы, жүйе, модель.
Методология ”грек тілінен аударғанда “әдіс туралы ғылым” деген мағынаны береді. Сондықтан методология – зерттеу процесі туралы ілім ретінде де түсіндіріледі.
Эксперименталды-эмпирикалық деңгей әдістері. Педагогикада зерттеудің үш деңгейі бар: эмпирикалық, теориялық, әдіснамалық. Эксперименталды-эмпирикалық деңгей әдістерінің тұтас бір тобы бар (гр. Empeіrіa – тәжірибе).
Бақылап-зерттеу әдісі – заттар мен құбылыстарды мақсатты зерттеу, мағлұматтарды іріктеп жинау, көзбен көргенді сезім мүшелерімен қабылдау және санада бұл ақпаратқа талдау жасау; зерттеу объектісінің сыртқы жақтары, қасиеттері мен белгілері туралы мәлімет алу.
Зерттеу барысында бақылап-зерттеу түрлерініңәр алуан жіктемесі ажыратуға болады:
- тікелей бақылап-зерттеу, мұғалім-зерттеуші оқу-тәрбие жұмысының тікелей басшысы; сонымен қатар ол тікелей зерттеуші бола тұра бейтараптық сақтауы тиіс; мұғалімнің зерттеу жұмысына твғвз араласуы. Мұғалімнің зерттеуге қатысуына байланысты эмпирикалық фактілерді жинақтаудың техникасы мен әдісі таңдалып алынады;
- жанама бақылап-зерттеу, ол тікелей бақылап-зерттеуді толықтырады және ол зерттеушімен бірге және оның бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін өкілдер арқылы жүзеге асады. Зерттеуші біреу туралы немесе бір нәрсе туралы жанама деректер алады;
- жасырын немесе елеусіз бақылап-зерттеу тұйық теледидар желісі және сынып бөлмелерінде телекамералары бар мектептерде жүргізіледі. Сабақты жасырын бақылап-зерттеу оқушылардың танымдық іс-әрекетінің және мұғаліммен ара қатынасы туралы шанайы мәлімет алуға мүмкіндік береді. Жасырын бақылап-зерттеу зерттеушіге құнды мәліметтер береді, егер оқушылар өздерін бақылап отырғанын көрсе өздерін басқаша ұстайды. Оқушылар мен мұғалімдердің бір-бірімен оңаша кезіндегі мінез-құлқы оларды бөтен біреулер бақылап отырған кездегі мінез-құлқынан әлдеқайда өзгеше болады:
- үздіксіз бақылап-зерттеу оқыту процесін, екі-үш оқушының сабақтағы, ойындағы, сыныптан тыс, мектептен тыс – оқу-тәрбие процесі физикалық қолайлы уақыттағы мінез-құлқын зерттеуге үшін қолданылады;
- дискретті (үзік-үзік) бақылап-зерттеу объектіні ұзақ уақыт бақылайтын кезде қолданылады. Бақылап-зерттеу ұзақ уақытқа созылуы мүмкін – жарты жыл немесе бір жыл. Бақылап-зерттеу белгілі бір уақытта үзіліп, кейін қайтадан жалғастырылады;
- монографиялық бақылап-зерттеу бір адамды немесе бір затты бақылау кезінде қолданылады;
- бір бағытты бақылап-зерттеу жалпы тұтастықтан бақылап-зерттеу мақсатына сай бір құбылысты немесе деректі бақылау кезінде қолданылады;
- бақылап-зерттеу және іздеу көп деректер арасынан зерттеуші өзіне керек деректер мен құбылыстарды іздеген кезде қолданылады. Мұндай бақылап-зерттеу үшін біршама уақыт пен зерттеушінің аналитикалық жұмыс жасауы қажет.
Эксперимент жаңа зерттеу материалына қол жеткізуге бағытталған. Ол тәжірибе арқылы теориялық болжамдарды тексеріп, ол болжамдарды дәлелдеуі немесе жоққа шығаруы мүмкін.
Педагогикалық эксперименттің ерекшелігі – зерттеуші оқушылармен жұмыс істейді және оның, әсіресе оқытуда, теріс нәтиже алуына болмайды, өйткені зерттеушінің құрастырған сәтсіз бағдарламасынан оқушылар зиян шегеді Бұл қоғамның құқықтық және адамгершілік қалыптарының бұзылуыны әкеліп соғады.
Сұрақ-жауап әдістері. Олардың ерекшелігі педагогикалық жағдайлардың элементтерінің объективті қасиеттерімен қоса өзара байланысты «субъект – субъект” жүйесінің қасиеттері танылып, есепке алынады.
Философияның энциклопедиялық сөздігінде методология бұл – «система принципов и способов организации и построения теоретической и практической деятельности» (М.,1983.-365 бет) деп көрсетілген. Демек, әдіснама дегеніміз – іс-әрекетті құрудың теориялық және практикалық жолын ұйымдастыру тәсілдері мен принциптерінің жүйесі болып шығады.
Теориялық әдіс – талдау, жинақтау, тұжырымдау, салыстыру, классификациялау, моделдеуге құрылады.
Эмпирикалық әдіс – деректер жинау, сұрыпталған фактілерді ғылыми жүйеге келтіру. Бұл әдіске бақылау, қажетті құдаттарды зерттеу, әңгімелесу, анкета, сұхбаттасу, т.б. кіреді. Жобалық болжамды тиянақты айқындай түсу үшін эксперименттер қолданылады.
Математикалық әдіс – құбылыстар мен қолданыстағы жүйенің ара қатынасындығы межелік айырымды сандық сапа арқылы белгілейді. Бұл әдіске регистрациялық тіркеу, шкалалық көрсеткіш, көлемі мен деңгейіне қарай сапқа түзу т.б. кіреді.

Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар


1. Ғылыми зерттеу әдісі дегеніміз не?
2. Зерттеудің эксперименталды-эмпирикалық әдістер тобының мазмұнын ашыңыз.
3.Зерттеудің теориялық әдістер тобының мазмұнын баяндаңыз.
4.Зерттеудің эксперименталды-эмпирикалық және теориялық деңгей әдістері тобының өзара байланысын көрсетіңіз.
5.Педагогика саласындағы “ғылым әдістемесі” түсінікті айқында.
6.Педагогикалық зерттеулерді түрлі әдістерінің сипаттамасын, ерекшеліктерін атаңыз.
7.Әдістемелік білімдер деңгейін айқындауға және талдау жасаңыз.
8.Қолданбалы және теориялық педагогикалық зерттеудің объектісін, пәнін , мақсаты мен міндеттерін айқындаңыз.

Әдебиеттер


1. Журавлев Я.И. Педагогика в системе наук о человеке. М., 2000.
2. Педагогика. Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университет. Дәрістер курсы. - Алматы “Нұрлы әлем” 2003.
3. Пидкасистый П.И. Педагогика. Учебное пособие. – М.:2010.
4. Проблемы методологии педагогики и методики исследований. Под ред. М.Н.Данилова, Н.И.Болдырева. М.:Педагогика 2000.
5. Сластенин В.А., Исаев И.Ф., Шиянов Е.Н. Педагогика. М.: Асадема 2003.
6. Таубаева Ш.Т. Исследовательская культура учителя: от теории к практике. – Алматы “Ғылым” 20001.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет