Тїркі тілдерініѕ салыстырмалы грамматикасы


Өзін-өзі тексеретін сұрақтар



бет34/58
Дата12.09.2020
өлшемі0,57 Mb.
#63853
түріСеминар
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   58
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

1. Түркі тілдегі дауыссыздар ерекшелігі

2. Қазақ, қырғыз, қарақалпақ тілдеріндегі дауыссыздар
8 дәріс тақырыбы: Сына дауыссыз дыбыстар

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Түркі тілдеріндегі сына дауыссыздар жүйесі

2.Сына дауыссыздар жүйесінің дауыссыз дыбыстар жүйесіне әсері

3.Сына терминінің мәні

Әрине, кез келген дауыссыз мұндай позицияда қолданыла алмайды. А.М.Шербак «сына» ретінде қолданылатын дауыссыздар деп мыналарды көрсетеді.р, ш, с, й не сына дыбыстардың қолданылуы көне түркі тілдерінде кездеседі.Осы тілде жіңішке дауыстыдан басталған сөздердің құрамында жіңішке дауыстыдан бұрын й сына дауыссызы айтылған. Қазіргі тілдердің ішінде бұл жүйені одан гөрі дамытқан тіл – қарашай тілі. Көне түркі сілінде й сынасының қолданылуын мына сөздерден көреміз: йумуртқа ( бірсыпыра алтай тілінде умутқа, умуқта), йыра (қашу, ыра қашу). Қарашай тілінде :йешік (елік), йер (әр). Қарашай тілінде й сынасының айтылатын орны тек сөздің абсолют басы ғана емес, сөздің орта шенінде ерін дауыстылардың алдыңда да айтылады: сйоз;гагауз тілінде : йем (ем, емшек ем),йең ( ең, ең алды), Қақақалпақ тілінде (қазақ тілінде де) сына й дыбысы е, о, ө дыбысының алдынан естіледі. Исына дыбысы басқа түркі тілдерде кездеседі. Бұл ыңғайда оғыз тіліндегі сөз ішінде й дыбысының қолданылуын айту керек.Мысалы: түркі тілінде йазмайыныз ( жазбаңыз) йаз – ма- й- ының, бабайы ( әкесі –баба-й-ы ) т.б. Бұған қоса, осы тілдерде осы шақ есімше тұлғасы – йор түрінде й – мен айтылатындығын қосу керек. Осындай із ескі түркі (орта ғасыр) тілінде болған сайрайур (саиранды) – сайра – й – ур, сөйлейур (сөйлейді) – сөйлей- үр т.б. р, ш, дыбыстарының сына ретінде қолданылуы. Көбіне топтау сан есімнің құрамында, түбір мен қосымша шегінде екі дауыстының арасында (дауыстыға аяқталған түбір мен дауыстыдан байланысатын қосымша арасында ) болады: орта түркі тілдерде іккірер ( екуден), алтырар ( алтаудан), татар тілінде – ікішер ( екуден) Ұйғыр тілінде –р дыбысы дауыстыға аяқталған сөзге тәуелдік жалғау жағынан айтылады: тихо –р – ум (тауығым), дүниуы ( дүниесі). С дыбысының сына ретінде қолданылуы түбір мен жалғаудың арасы. Бұл көбінесе, қазақ тіліндегі сияқты, тәуелдіктің III жағынан кездеседі. Мысалы: бала-с-ы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет