Тїркі тілдерініѕ салыстырмалы грамматикасы


Өзін-өзі тексеретін сұрақтар



бет39/58
Дата12.09.2020
өлшемі0,57 Mb.
#63853
түріСеминар
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   58
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

1. Өздік, ырықсыз, өзгелік, ортақ етістер

2.Есімше, көсемше тұлғалары, қызметі
13 дәріс тақырыбы: Түркі тілдерінің салт-сабақты, болымды-болымсыз категориялары

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Түркі тілдерінің салт-сабақты категориялары

2.Түркі тілдерінің болымды-болымсыз категориялары

Түркі тілдеріндегі есім сөз тұлғаның барлығына бірдей болып келетін үлгісі мына тәрізді: т-а-с-тж-сж-т-түбір, а-түбірдің сапалық не басқа бір айрықша ерекшелігін білдіретін аффикс, с- санды білдіретін қосымша, тж – тәуелдік жалғау, сж – септік жалғауы. Кейде есім түбір орнына заттанған етістік туынды түбір айтылуы мүмкін. Ондай жағдайда айрықша сапалық ерекшелікті білдіретін қосымшадан басқасы (а) сол сөзге жалғана алады. Әрине, мұндай сөз тұлғасы, таза есім тұлғаға қарағанда, әлдеқайда күрделі болып келеді.Өйткені, етістік түбірге әр түрлі тұлға жасайтын аффикстер жалғана алады, соладың үстіне бүкіл құрамның есімге айналуына мүмкіндік жасайтын аффикстер жалғана алады.Әрине, мұндай сөз тұлғасы таза есім тұлғаға қарағанда, әлдеқайда күрделі болып келеді.Өйткені, етістік түбірге әртүрлі тұлға жасайтын аффикстер жалғана алады, олардың үстіне бүкіл құрамның есімге айналуына мүмкіншілік жасайтын қосымша қосылады. Мұндай туынды есім сөз тұлғаның жалпы моделі мына тәрізді:т(е-ес-м-б-ж)-а-с-тж-сж. Есім түбір ретінде қолданылатын негіздің өзі күрделі: е- етістік түбір,ес – етістік,м- модалдық мән беретін қосымша, б – болымсыздық, ж- етістік түбірді есім ретінде қолдануға мүмкіншілік жасайтын қимыл есім қосымшасы.Әрине, есім орнына қолданылатын кез келген етістік негізден осы қосымшалардың бәрін іздеуге бола бермейді.Бұл жалпы сипаты ғана көптік, тәуелдік, септік жалғаулар түбірге жалғана алады. Ал, түбірдің ерекше сапасын аңғаратын аффикстер (жұрнақтар) жалғана бермейді. Олардың әрқайсысына тән қолдану сферасы бар.Айталық, -ма жұрнағы сөз тұлғаларының белгілі біртобына ғана жалғанса, -нақ жұрнағы синоним сөздерге, олардың барлығына емес белгілі бір мағыналық тобына ғана жалғана алады.

Етістік сөз тұлғаларының барлық тілдеріне ортақ жүйесі мына тәрізді: т-ес-м-б-р-ж-т- түбір, ес- етіс қосымшасы, м- модалдық қосымшасы, б – болымсыздық қосымшасы, р – рай қосымшасы, ж-жақ, сан қосымшалары. Сонымен қатар етістік түбір орнына есім түбірден жасалған сөз тұлға қолданылады.

Етістік сөз тұлғаларының бұл жүйесі – оның толық түрі. Түркі тілдерінде етістік сөз тұлғаның осы аталған компаненттері түгел айтылмайтын, қысқарған түрі бар. Ол – көсемше тұлғалары.Көсемше тұлғаларының рай, жақ, сан қосымшаларының қолданылмайтыны мәлім (қабылдаған жағдайда көсемшелік дәрежеден шығып қалады). Олардың орнына п- ғали, т.б. қосымшалар айтылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет