Тїркі тілдерініѕ салыстырмалы грамматикасы


Өзін-өзі тексеретін сұрақтар



бет38/58
Дата12.09.2020
өлшемі0,57 Mb.
#63853
түріСеминар
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   58
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

1. Түркі тілдеріндегі қосымшалардың түрлері

2. Зат есім категориясы

3. Сын есім, оның түрлері

12 дәріс тақырыбы: Түркі тілдерінің етістіктерінің ерекше тұлғалық түрлері

Қарастырылатын сұрақтар:

1.Есімше, тұлғалары. Оның есім мен етістікке қатыстылығы.

2.Көсемше, тұлғалары, түрлену жүйесі.

3.Тұйық етістік, ерекшелігі.

Күрделі морфемалық тұлғалар (единицалар) деп бойынша морфемадан құралып, тілдік материял мен тұлғаның мазмұндық бірлігін білдіретін сөз тұғасын айтады. Тілдік материлдар – дыбыс, тұлға – белгілі бір мәнді білдіруде дыбыстардың ерекше құрылымға бірігуі.Әр түрлі мәнді білдіруде дыбыстық құрылымның айрықша болып отыруы сөз тұлғаларын іштей ажыратуға, сол сияқты оларды (сөз тұлғаларын) әр түрлі граматикалық кластарға жіктеуге басты негіздің бірі болып саналады.

Сөз құрылымы түркі тілдерінде сөздің белгілі граматикалық мән білдіре алатын бөліктерінен тұрады. Сөз негізгі екі бөлікке ажырайды:түбір (негіз) және аффикс немесе аффикстер тобы. Кез келген түркі сөзі құрамындағы морфемалық орындалуы қалыптасқан жүйеге бағынады. Әуелі түбір (негіз) морфема, содан кейін аффикстік (не суффикстік) морфема келеді. Функциялық процестер түбір морфемамен аффикстік морфеманың түйіскен жерінде болады. Түбір морфема әр түрлі мән бере алады: бегілі бір граматикалық класқа тән мәндерді білдірумен қатар атау септік тұлғасымен (есім болса) немесе бұйрық райдың екінші жақ (етістік болса) тұлғасымен сәйкес келеді.

Аффикс көбіне бір ғана мәнді білдіре алады, сондықтан мұндай жағдайда граматикалық тәсілдердің санын білдіретін граматикалық мәндердің санымен сай келеді.Оқушыларымыздың – сөздің тұлға құрамында төрт түрлі қосымша бар: шы- кәсіп иесін білдіретін сөз жасаушы жұрнақ, лар- көптік жалғау (ы) мыз- тәуелдік жалғу, дың- ілік септік. Егер сөз жасаушы қосымшаны жеке алмасақ, мұнда үш түрлі граматикалық мән үш түрлі аффикс арқылы берілген. Бұл жерде граматикалық мән категориялық мағына ыңғайында берілген. Мысалы, бір ғана –ымыз деген тәуелдік жалғау тәуелдік мағынамен бірге жақтық (1-жақ), көпше (орталық) мағынаны білдіріп тұрады.Сондықтан граматикалық тәсілдердің формалдың саны граматикалық мәндердің саны сай келеді дегенді шартты түрде түсіну керек (редактордың ескертпесі). Ал негізгі түбірді іс істеуші субьектіге алынатын шы аффиксін қоса есептегенде, төрт түрлі қосымша арқылы берілген. Аффикстің марфемалар атқаратын қызметіне туғызатын мәнінің ретіне қарай қатаң жүйемен айтылады.Атамызға сөзінің құрамындағы тәуелдік жалғауы мен барыс жалғаудың орындарын ауыстыруға болмайды. Аффикстердің орын ауыстырып айтылуы бір ғана ыңғайда – көптік жалғау алдынан тәуелдік жалғауды айтуда кездеседі. Бұл барлық тілдерде емес, Қырым татарлары, қарағас, чуваш тілдерінде кейде ұшырасып қалады. Ахазылар (қарағас) – ахазы – лар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет