Тїркі тілдерініѕ салыстырмалы грамматикасы



бет54/58
Дата12.09.2020
өлшемі0,57 Mb.
#63853
түріСеминар
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58

Лингвистика – тіл білімі

Фонетика - тілдің дыбыстық қырын зерттейтін тіл білімінің бір саласы


Фонема – тілдегі дыбыстық қатарды құрайтын бірлік

Фонология – тілдің дыбыстық қатарының құрылысы мен қызметінде болатын заңдылықтарды зерттейтін тіл білімінің бір саласы

Алфавит - әріптердің рет-ретімен жиынтығы

Әріп – дыбысқа берілген шартты таңба.

Дыбыс – тілдік бірлік, тілдің мағыналы бөлшек-бірліктері: сөз бен морфемаларды құрайтын материалдар қызметін атқарады. Дыбыс сөзді тануға қызмет етеді.

Орфография – жазудың бірыңғайлығы үшін ережелер жүйесін жасайтын тіл білімінің бір саласы.

Орфоэпия - дұрыс сөйлеуді зерттейтін лингвистиканың саласы.

Дауысты дыбыстар (вокализм)– артикуляциялық, акустикалық және функционалдық қасиеттеріне байланысты ерекшеленетін дыбыстардың тобы

Еріндік дауыстылар – ерін қатысына қарай дыбыстардың айтылуы. Е.д. айтқан кезде ерін дөңгеленіп, сүйірленеді.

Езулік дауыстылар – ерін мен езудің қатысына қарай дыбыстардың бөлінуі. Е.д. айтқанда ерін екі жаққа қарай тартылады, езу жиырылады.

Ашық дауыстылар – жақ қатысына қарай дыбыстың айтылуы, яғни екі жақ бір-бірінен барынша қашықтап, ауа еш кедергісіз шығады.

Қысаң дауыстылар – жақ қатысына қарай жасалады, яғни екі жақ қысаңдарды айтқанда бір-бірінен сәл жуықтайды, бірақ ауаның еркін шығуына кедергі жасалмайды.

Дауыссыз дыбыстар (консонантизм) – қасиеттері жағынан дауысты дыбыстарға қарама-қарсы болатын дыбыстар тобы

Қатаң дауыссыздар - акустика-артикуляциялық ерекшеліктеріне байланысты, дауыс қатысына қарай жіктелуі.

Ұяң дауыссыздар - акустика-артикуляциялық ерекшеліктеріне байланысты, дауыс қатысына қарай жіктелуі.

Үнді дауыссыздар - - акустика-артикуляциялық ерекшеліктеріне байланысты, дауыстың қатысына қарай жасалады.

Діріл дауыссыз - дауыссыздардың айтылу жолына байланысты бөлінуі, тіл ұшының дірілдеуінен пайда болады.

Аффрикат дауыссыздар - актив және пассив дыбыстау мүшелерінің толық ашылмауына байланысты пайда болатын саңылаулық дауыссыз дыбыстар.

Акустика – жалпы акустиканың бөлімі, ол лебіздік сигналдың құрылымын, сөйлеу процестерін зерттейді.

Артикуляция - дыбыстау мүшелерінің дыбыс жасау барысындағы қызметі.

Буын - фонациялық ауаның кілт үзілуінің не кедергіге ұшырауының нәтижесінде пайда болатын жеке дауысты дыбыс не дыбыстар тобы.

Ашық буын - буынның бір түрі. Жеке дауыстылардан тұратын немесе дауыссыздан басталып дауыстыға бітетін буын.

Тұйық буын – буынның бір түрі. Соңы дауыссызға аяқталады.

Буын үндестігі – сингармонизм.

Ерін үндестігі – дауыстылардың бір сөз көлемінде еріннің қызметі жағынан ыңғайласып, үйлесіп келуі.

Ассимиляция - дыбыстардың комбинаторлық өзгеруінің кең тараған түрі. А. сөздегі немесе сөйлемдегі тетелес келген дыбыстардың артикуляциялық үндесуі.

Кейінді ықпал – ықпалдың бір түрі. Кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысты тәуелді етуі, игеруі.

Тоғыспалы ықпал – ықпалдың бір түрі, көрші дыбыстардың ілгерінді-кейінді қарсы әсері.

Диссимиляция - дыбыстардың комбинаторлық өзгеруінің бір түрі: сөз шеңберіндегі екі немесе одан да көп ұқсас дыбыстың артикуляциясы.

Интонация - мелодия, интенсивтілік, ұзақтық, сөз темпі, айту тембрі сияқты бір-бірімен байланысты сыңарлардың бірлігі.

Екпін - сөз ішінде бір буынның күшті айтылуы. Түркі тілдерінде екпіннің қызметін сингармонизм атқарады. Қазақ тілінде бунақ екпіні немесе фразалық екпін, тіркес екпіні ғана бар.


Лексика - тілдегі сөздер жиынтығы; тілдің сөздік қоры.

Лексикология – тілдің сөздік қоры мен тіл лексикасын зерттейтін тіл білімінің саласы.

Омоним - тіл білімінде мағыналары бөлек тіл бірліктерінің дыбыстық сәйкестілігі. Лексикалық омонимдер айтылуы бірдей, бірақ мағыналары бөлек сөздер.

Синонимдер - мағыналары толық не жартылай сәйкес келетін, бір сөз табына жататын сөздер.

Антонимдер - қарама-қарсы мағынадағы бір сөз табының сөздері.

Мақал – ауызекі тілдегі қысқа және тұрақты ритмикалық құрылысы бар халықтың ғасырлық тәжірибесі сақталған нақылды сөйлем.

Метафора – троп немесе сөйлеу механизмі. М. сөздің басқа мағынада қолданылуы.

Метонимия – троптың бір түрі, бір объектінің не объектілер тобының атауын басқа объектіге қолдану.

Синекдоха – жалпының орнына жалқы, бүтіннің орнына бөлшек немесе керісінше қолданылатын стилистикалық тәсілмен жаңа мағына жасау жолы.

Полисемия - тіл бірлігінде бірнеше мағынаның болуы.

Фраза – толық ойды білдіретін сөйлеудің негізгі бөлігі. Ф-ның белгілі синтаксистік құрылысы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет