Тїркі тілдерініѕ салыстырмалы грамматикасы


Білімді бағалауға арналған материалдар



бет57/58
Дата12.09.2020
өлшемі0,57 Mb.
#63853
түріСеминар
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58
Білімді бағалауға арналған материалдар

1.Көсемшенің жұрнақтарын көрсет.

А)-ды,-ді,-ты,-ті

В)-ып,-іп,-п

С)-ар,-ер,-р

Д)-атын,-етін,-йтін

2.Көсемше неше түрлі мәнде,қызметте жұмсалады.

А)2


В)3

С)4


Д)5

3.Көсемшені тауып көрсет.

А)алған

В)айтпас


С)ойлай

Д)бол


4.ІІІ жақта көсемшеге қандай жіктік жалғауы жалғанады.

А)-ма-ме-ба-бе

В)-ды-ді-ты-ті

С)-сыз-сіз-мыз-міз

Д)жалғанбайды

5.Көсемшенің қай жұрнағы жіктелмейді.

А)-р-ар-ер

В)-п-ып-іп

С)-а-е-й

Д)-ғалы-гелі

6.Жазамын,сөйлеймін,барыппын сөздері қай жақта жіктеліп тұр.

А)І жақ


В)ІІ жақ

С)ІІІ жақ

Д)І жақ көпше

7.Құрамында көсемшесі бар сөйлемді көрсет.

А)Шоқан Сырымбетте бір күн қонатын болды.

В)Сонымен екеуі жарысып біраз белден асып кетеді.

С)Баланың қытығына тиетіні-осы жері

Д)Құс тұзаққа жем үшін ілінер.

8.Көсемше жіктеліп келіп қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарады.

А)Бастауыш

В)Баяндауыш

С)Анықтауыш

Д)Толықтауыш

9.Көсемше қимылдың амалын,жай-күйін,мақсатын,мезгілін білдірсе қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарады.

А)Баяндауыш

В)Толықтауыш

С)Анықтауыш

Д)Пысықтауыш

10.Абай да,Жұмабайда қызығып тыңдасты.Көсемше қай сөйлем мүшесінде тұр.

А)Баяндауыш

В)Толықтауыш

С)Анықтауыш

Д)Пысықтауыш

11.Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап.Көсемше қай сөйлем мүшесінде тұр.

А)Баяндауыш

В)Толықтауыш

С)Анықтауыш

Д)Пысықтауыш

12.Көсемше тұлғалы етістік жіктелмей бағыныңқы сөйлемнің қандай қызметін атқарады.

А)Баяндауыш

В)Толықтауыш

С)Анықтауыш

Д)Пысықтауыш

13.Қазылар арызын алып сұрап еді,Меншиков жауап берді.Қандай қызмет атқарып тұр.

А)Баяндауыш

В)Толықтауыш

С)Анықтауыш

Д)Пысықтауыш

14.Осы жақта бір қарт атамыз бар дегенге жолығып,қолын алып,бір-екі ауыз ақыл сұрайын деп едім.Көсемшенің қызметін анықта.

А)Баяндауыш

В)Толықтауыш

С)Анықтауыш

Д)Пысықтауыш

15.Сибан көші Еманалының ауылына қарайламай,әрі асып кете берді.Көсемшенің қызметі қандай.

А)Бірыңғай бастауыш

В)Бірыңғай баяндауыш

С)Бірыңғай толықтауыш

Д)Бірыңғай анықтауыш

16.Дұшпан күлдіріп айтады,дос жылатып айтады.Көсемше қызметі қандай.

А)Баяндауыш

В)Толықтауыш

С)Анықтауыш

Д)Пысықтауыш

17.Жұмабайдың қалаға бұ жолы не жұмыспен барғанын, Абай дәл білмейді. Етістіктің қызметі.

А)Баяндауыш

В)Толықтауыш

С)Анықтауыш

Д)Пысықтауыш

18.Шақпен де,жақпен де байланысты болмай,қимылдың,іс-әрекеттің атын білдіретін етістіктің ерекше түрі.

А)Есімше


В)Көсемше

С)Тұйық етістік

Д)Етіс

19.Тұйық етістіктің жұрнағын көрсет.



А)-ып-іп-п

В)-у


С)-ар-ер-р

Д)-ма-ме


20.Тұйық етістік қай мағынада жұмсалады.

А)Заттық


В)Сапалық

С)Өлшем


Д)Сындық

21.Тұйық етістікті сөзді көрсет.

А)Бар

В)Сөйле


С)Жасау

Д)Көрген


22.Барудан,сөйлеуден,келуімнен деген сөздерде тұйық етістік қай септікте септеліп тұр.

А)Барыс


В)Табыс

С)Жатыс


Д)Шығыс

23.Тұйық етістік жұрнағы –у.Етістіктің қай категориясына жалғанады.

А)Есімше

В)Көсемше

С)Етіс

Д)Дара


24.Тұйық етістікке көптік жалғауы жалғанса,одан кейін қандай жалғау жалғанады.

А)Тәуелдік

В)Септік

С)Жіктік

Д)Көптік

25.Тұйық етістіктің зат есім болып түрленуі.

А)Көсеу ұзын болса,қол күймейді

В)Орынсыз ашу-от шашу.

С)Аяққа кісен салу болар,тілге кісен салынбас.

Д)Уәдені бұзу ұяны бұзумен тең.

26.Келуі,келулері тұйық етістік қай жақта жіктеліп тұр.

А)І


В)ІІ анайы

С)ІІ сыпайы

Д)ІІІ

27.Бару,сөйлеу,айтуы,көрулері.Тұйық етістік қай септікте тұр.



А)Атау

В)Ілік


С)Барыс

Д)Табыс


28.Дұрыс жазылған сөздерді көрсет.

А)ықу,кепу

В)тасыу,оқыу

С)еріу,кеміу

Д)сөйлеу,бармау

29.Көмектес септікте тұрған тұйық етістікті тап.

А)Сөздік асыл болуы-адамға ұнауымен

В)Әдебиетті білу-жалпыға ортақ шарт

С)Екі тілдің мәдениетін бойға сіңіру ол адамды кең тынысты етеді.

Д)Ана тілін құрметтемеу-анаңды сыйламау деген сөз

30.Тұйық етістікке қандай жалғау жалғанбайды?

А)Септік


В)Көптік

С)Жіктік


Д)Тәуелдік


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет