Тїркі тілдерініѕ салыстырмалы грамматикасы


Фразеологизм - семантикалық тұрақты байланыста болатын сөйлемдер мен сөздердің тіркесуі. Ф. синтаксистік құрылыстан ерекше болады



бет55/58
Дата12.09.2020
өлшемі0,57 Mb.
#63853
түріСеминар
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58

Фразеологизм - семантикалық тұрақты байланыста болатын сөйлемдер мен сөздердің тіркесуі. Ф. синтаксистік құрылыстан ерекше болады.


Сөзжасам – 1) Бір түбірлі сөздердің негізінде тілде қалыптасқан үлгі бойынша аффикстерді және сөздерді біріктіру не қосарлау арқылы, не конверсия жолымен сөздерді жасау; 2) Күрделі және туынды сөздердің пайда болуын, олардың қызметін, құрылысын және оларды топтастыруды зерттейтін тіл білімінің саласы.

Агглютинация - түбірге немесе негізге стандартты аффикс жалғау арқылы сөз бен сөзтұлға тудыратын әдіс.

Аффикс - морфологиялық деривация процесінде сөз түбіріне жалғанатын тілдің құрылыс элементі.

Жалғау - Қазақ тілінде жалғаудың 4 түрі бар: көптік, септік, тәуелдік, жіктік. Көптік, септік, тәуелдік ж. зат есімге, заттталған басқа да сөздерге жалғанады. Жіктік ж. жеке сөздерді түрлендіру арқылы оларға белгілі грамматикалық мағына үстейтін морфологиялық тұлға. Жалғауда мағыналық дербестік жоқ. Жеке-дара қолданылмайды. Тек лексикалық мағыналы сөздерге жалғанып, әр алуан грамматикалық мағына береді.

Жұрнақ - сөзге, түбірге жалғанып, оған жаңа лексикалық мағына береді, сөйтіп жаңа лексикалық тұлға жасайды. Әрбір жұрнақтың өзіне тән грамматикалық мағынасы, тұлғасы, қызметі болады. Жұрнақ мағынасы мен қызметіне байланысты сөз тудыратын және тұлға тудыратын болып екіге бөлінеді. Тұлға тудыратын жұрнақ өзі жалғанған сөзге аз болса да мағына үстейді, бірақ сөздің негізгі лексика-семантикалық қазығынан алшақ кетпейді. Сөз тудыратын жұрнақ жалғанған сөздің мағынасын өзгертіп, жаңа номинативті атау жасайды. Құрамына қарай жұрнақ екіге бөлінеді: жалаң, құранды.

Жіктік жалғау - негізінен синтаксистік қызмет атқарады. Сөйлемде әрдайым баяндауыш болады. Жіктеу категориясы - қазіргі қазақ тілінде етістікке және баяндауыш қызметінде жұмсала алатын басқа да сөз таптарына, соның ішінде есімдерге тән.

Морфема – тілдің негізгі бірлігі. М.ең кіші таңба, яғни бұл бірліктің белгілі фонетикалық тұлғасы ретінді белгілі бір мағына береді.

Қосымша морфема - морфеманың бір түрі, қ.м. түбір морфемаға жалғанып оған қосымша мағына үстейді. Қ.М. іштей жалғау және жұрнақ болып екіге бөлінеді. Қ.м-ның түбір морфемадан басты ерекшелігі – лексикалық мағынасы болмайды, тек грамматикалық мағынасы болады; өзі жалғанған сөзге жаңа мағына береді немесе сөзтұлға жасайды; сөзді түрлендіреді; байланыстырушылық қызмет атқарады.

Негіз – сөздің өзекті бөлігі.Негізде зат немесе құбылыстың лексикалық мағынасы көрініс табады. Н.түбірден айырмасы бар. Н.түбір арқылы ғана жасалатын, белгілі бір сөз табына жатып, оның барлық категориялық тұлғасын қабылдайтын, сөзжасам нәтижесінде туындап, екіншілік мағына беретін тұлға.

Септік - сөздердің синтаксистік қатысын көрсететін есімнің грамматикалық категориясы. Зат есімнің с. оның бағынышты мүше екенін көрсетеді. Субъективті септіктің негізгі қызметі – заттың басқа заттарға деген мағыналық қатысын айқындау. Басқарушы сөзге синтаксистік тәуелділікте болу, зат есімнің актант рөлін көрсетеді. Субстантивті септіктің негізгі семантикалық қызметі: белгілі бір заттың басқа заттарға немесе құбылыстарға қатынасын білдіреді.

Табыс септік – етістікпен байланысып, сөйлемде үнемі тура толықтауыш болатын грамматикалық септік. Тұлғалары: -ды, -ді, -ты, -ті, -ны, -ні, -н. Сұрауы - кімді? нені? Т.С. жалғауы бірде ашық, бірде жасырын түрде қолданылады. Сөйлемде тек тура толықтауыш болады да, сабақты етістіктермен ғана байланысады.

Тәуелдік жалғау - түркі тілдеріндегі зат есімнің ең басты лексика-грамматикалық категориялардың бірі. Кейде түркологияда «изафет» терминімен де анықталады. Т.ж. жалғанғанда зат иесі де, иеленші зат та айқын білініп тұрады. Т.ж. басты көрсеткіші – жалғауы, т.ж. жекеше, көпше түрге, үш жаққа байланысты болады. Т.ж-дан бұрын түбірге тек көптік жалғауы ғана жалғанан алады. Қазақ тілінде тәуелденудің екі түрі бар: ортақ және оңаша тәуелдену. Затты иеленуші біреу болса - оңаша т., меншік иесі көп болса – ортақ т. болады.

Туынды сөз - сөзжасам саласындағы негізгі тұлғаның бірі. Т.с. сөз тудырушы жұрнақ жалғану арқылы жасалған туынды түбірлер, аналитикалық сөздер, конверсия, біріккен сөз, қос сөз жатады. Т.с. өмірдегі қолданыста пайда болған жаңа ұғымдарды атау қажетін өтеу үшін, тіліміздің сөзжасам заңдылықтары арқылы жасалған сөздер.

Тұлғалану - сөздің грамматикалық тұлғаларының пайда болуы. Сөзжасамға қарама-қарсы қойылады.

Түбір – сөздің лексикалық мағынасын сақтаушы негізгі бөлік. Т. морфологиялық деривация кезінде өзгермейді. Әр түрлі тілдерде түбірдің фонологиялық ерекшеліктері болады.

Форма (тұлға) - тілдің сыртқы жағы. Ф. тілдік белгінің сыртқы көрінісі. Ф. мағынаға, түсінікке, қызметке қарама-қарсы қойылады. Ф. тілдік белгінің материалды, физикалық болмысын білдіреді. Осы мағынада «ф» термині дәстүрлі грамматикада – дауыс, дыбыс терминінің баламасы ретінде қабылданған.

Шығыс септік - іс-амал, қимыл-әрекеттердің шыққан орнын, себебін, мезгілін, мөлшерін т.б. мағыналарды білдіретін кеңістіктік септік. Тұлғалары: -тан, -тен, -дан, -ден, -нан, -нен. Сұрауы: кімнен? Неден? Қайдан? Сөйлемдегі мағынасына сәйкес толықтауыш, пысықтауыш, кейде баяндауыш қызметін атқарады.

Ілік септік - әрқашан тәуелдеулі есім сөзбен немесе субстантивтенген тұлғалармен байланысатын грамматикалық септік. І.с. тұлғалары: -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің. Сұрауы: кімнің? Ненің? І.с. меншіктілік, иелік мағына береді. Сөзде ашық та, жасырын да тұра береді. І.с. сөйлемде тек анықтауыш болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет