Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:
1. Батыс ғұн тілі: бұлғар тобы, оғыз тобы, қыпшақ тобы, қарлық тобы.
2. Шығыс ғұн тілі: ұйғыр-оғыз тобы, қырғыз-қыпшақ тобы
№3 дәріс тақырыбы: Түркі тілдерінің негізгі жүйелік ерекшеліктері
Қарастырылатын сұрақтар:
1) фонетикалық жүйе;
2) морфологиялық құрылыс;
3) лексикалық қор
Түркі тілдері, олардың жалпы сипаты немесе түркі тілінің ортақ заңдылықтар,өз алдына дербес семья ретінде ерекшеленетін белгілер:
1.Фонетикалық жүйе бойынша
а) сөздің бірінші буынында кездесетін дауыстылар мен сөздің келесі буындарында ұшырайтын дауыстылар екі түрлі жүйе құрайды.Бірінші буынды ашық-қысаң, жуан-жіңішке, еріндік- езулік болып жұптасатың 8 дауысты дыбыс жұмсалады. Кейбір тілдерде бұл 8 дауысты дыбыс 16-ға дейін көбейеді. Өйткені оларда дауысты дыбыстар әдеттегідей әрі созылыңқы дыбысталады. Түркі тілінің дауыссыздары басқа жүйелі тілдермен салыстырғанда, сапа, түр жағынан өзгеше фонетикалық жүйенің тағы бір ерешеліктері сөз екпіннің сөздің соңғы буынына түсетіндігі.
2. Морфологиялық. құрысыстың негізі – аффиксация. Себебі типолоргиялық жағынан жалғамалы (агглютинациялы) топқа жатады. Мәні мен қызметі әр түрлі аффикстер бір-біріне қабастасып, қосарланып жалғана береді. Сөздің морфологиялық құрылысы 3 элементтен: түбір мен аффикстен және жалғаудан құралады. Осы бөліктерден құралған сөздер негізінен 3 типке бөлінеді:
1. Тек қана түбірден құралған сөз.
2. Түбір мен бір не бірнеше жұрнақтан құралған сөз.
3. Түбір мен бір не бірнеше жұрнақтан немесе бірнеше жалғаудан құралған сөз. Сонымен қатар 4 типі кейбірінің орын ауыстыруынан және қосымшалардың аралас түрінің қатысуымен жасалады. Мысалы: дау- лас-қан-дар-дікі-нен.
Шылаулар грамматикалық қызметі мен мәні жағынан индоевропа тілдеріндегі предлогтарға ұқсас болғанмен, қолданылу ыңғайлы жағынан олардан мүлде өзгеше. Жалғамалы тілдерде сөздердің орналасу тәртібіне сәйкес шылаулар өздеріне қатысты сөздерден кейін келеді. Ал басқа тілдегі предлогтар болса, өздері қатысты сөздердің алдынан айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: |