Тїсіндірме жазба



бет43/98
Дата16.12.2021
өлшемі107,74 Kb.
#101944
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   98
Байланысты:
Реферат

Battement frappe – соққылайтын қозғалыс, аяқтың күшін, жеңілдігін, жылдамдығын дамытады және тізе буынының ширақтылығын дамытады. Қозғалысты жаттығып үйрену аяқты екінші позицияға шығарып (аяқтың ұшымен еденге), станокқа қарап тұрып жаттығудан басталады, содан кейін алға және артқа істейді.

Жаттығу. Музыкалық өлшем – 2/4. Бастапқы қалып – аяқтардың V позициясы, станоққа қарап тұрады.

Бірінші тактіге жұмыс аяғы айналымдылықты күшейте отырып, иіледі және жеңіл соққымен толарсақты алдыңғы жағынан қапсыра қамтиды. Екінші такт – осы жағдай бекітіледі. Үшінші такт – санның айналымдылығын сақтай отырып, аяқ сырғымалы қозғалыспен бір шетке қарай қатты созылады, төртінші такт – жағдай бекітіледі, бесінші такт – жұмыс аяғы иіледі және жеңіл соққымен тірек аяғының тобығына қойылады, алтыншы такт – жағдай бекітіледі. Жетінші такт – табан V позицияға түсіріледі, сегізінші такт – жағдай бекітіледі. Содан кейін battement frappe бір бағытта төрт реттен орындалады.

Жыл соңында battement frappe алға және артқа қарай орындалады, қозғалыс жағдайларды бекітумен баяу орындалады.

Temps releve par terre (rond de jambe par terre preparation) (дайындалу) – аяқтар мен қолдардың және бастың жұмысын үйлестіруді дамытады.

Releve lent 450 қа бір шетке қарай, станокққа бүйірімен тұрып үйретіледі.

Жаттығу. Музыкалық өлшем – 4/4. Жылдамдық – adagio (жайбарақат, баяу). Бір қозғалысқа 2 такт кетеді. Бастапқы қалып аяқтардың I (V) позициясы.

Бірінші тактінің екі ширегі – battement tendu. Екі ширек - аяқты 45-900 қа жайлап көтеру. Екінші тактінің бірінші (алғашқы) екі ширегіне аяқты ұшымен төмен түсіріп, соңғы екі ширекте I және V позицияларда жабылады.

Бұл қимылды (қозғалысты) үйрену барысының бірінші сатысындағы ең көп таралған қате – жұмыс аяғын тізесімен алға қарай еріксізден бұрып және тірек аяғын ию. Тірек аяғы қозғалмай тұруы тиіс, иықтар мен сан бірдей деңгейде болуы қажет. Сонымен бірге, созылған екі аяқты да айналмалы жағдайда ұстау міндеті бар. Алғашқы сатыда тірек және жұмыс аяғының жағдайын өзгертпеу үшін аяқты аз ғана биіктікке көтеруге болады. Бұдан кейін негізгі дағдыларды меңгеріп болған соң ақты 900 -қа көтеру жеңілге түседі.

Станокқа қарап тұрып, I -позицияда денені артқа ию (майысу)

Жаттығу. Музыкалық өлшем -3/4, музыка сипаты – баяу, жай ғана. Әрбір қимылға (қозғалысқа) екі тактіден.

Артқа қарай майысуды жай, иықтардың бірдей қалпын сақтай отырып орындаған жөн. Қимылды (қозғалысты) иықпен бастайды, оңға бұрылған бас дене тұрқының артқа қарай иілуін ұстап тұрады, тізелер созылған жағдайда, сандар қозғалмайды. Балалардың қолдарының «тартылмауларын», бастарын артқа шайқалтпауларын, екі аяқты дәл бұруларын қадағалап тұру қажет. Бастапқыда дене тұрқын артқа иіп майыстыруда амплитуданы, яғни теңселу шегінің үлкендігін талап етпеу керек.

Денені бір шетке қарай ию (майыстыру).

Бастың оңға және солға бұрылған сәтіндегі қырынан қарағандағы жағдайын бақылаған жөн. Иілу белден емес, кеуденің жоғарғы жағдайында болады.

Allegro (секірулер)

Станокқа қарап тұрып, I-II-III позициялар бойынша Temps leve saute. Әзірлік тобы. Қосымша үйретіледі:

Pas echappe II позицияға – «саңылау» жасап секіру. Бастапқыда станокқа қарап тұрып үйренеді. Музыкалық өлшем -2/4. Бастапқы қалып – аяқтардың V позициясы, бас оңға бұрылған.

«Бір» дегенде – demi-plie, бас алдыңғы жаққа бұрылады, «және» дегенде екі аяқ та еденнен қатты серпіліп, аяқтың алқымы мен башпайлары созылып, ауада V позицияда биік секіру бекітіледі. «Екі» дегенде төмен түсу екпінін тежей отырып, аяқтар барынша созылады және айналымдылықты күшейте отырып ашылып, II позицияда demi-plieдеге түседі. «Және» дегенде аяқтар бұлшық еттерді босаңсытпай еденнен қатты серпіліп, секіру үстінде ауада II позицияда бекітіледі. «Үш және» дегенде барынша созылған аяқтар төмен түсу екпінін тежей отырып, айналымдылықты күшейтіп, секіруді demi-plieнің V позициясында аяқтады – сол аяқ алдында, басты оң жаққа бұрады; «төрт және» дегенде – тізелер созылады.

Pas echappe секіруі неғұрлым күрделі дағдыларды, мысалы, айналымдылықты, секіру биіктігін талап етеді, ол орындаушыға екі қимылды (қозғалысты) істеуге көмектеседі – ауада V позицияны сақтауға, содан кейін II позицияда жерге түсуге және оны керісінше істеуге. Бұл ретте өкшелер мен тізелердің жағдайларын қадағалау қажет, дене тұрқының алға, сол сияқты артқа қисаюының алдын алған абзал.

Pas couru – жартылай башпайларда бүлкілдеп жүгіру. Оны қыздар орындайды. Қозғалыс басында бір орында, содан кейін алға жүріп орындалады. Бұл реттегі басты міндет – аяқтардың үзіліссіз қозғалысы кезінде дене тұрқының қозғалмауын сақтау. Бас жоғары қарай көтерілмеуі төмен түспеуі де тиіс.

Pas couru VI позиция бойынша үйретіледі және осынысымен қалған классикалық қозғалыстардан ерекшеленіп тұрады. Жарты башпайларда алға және артқа орындалады. Оны станокқа қарап тұрып та және сол сияқты ортада тұрып та үйренеді.

Жаттығу. Музыкалық өлшем – 2/4. Бастапқы қалып – аяқтардың VI позициясы. Екі қолдың саусақтарының ұштарымен етекті ұстайды немесе төмендетілген II позицияда болады, алақандар еденге қаратылады.

Plie және жарты башпайларға тұру. «Және» затактісі – оң аяқ жұмсақ қимылмен еденнен сәл ғана ажыратылады. «Бір» дегенде бірден тізесінде соғылып, қайтадан орнына әкелінеді. «Және» дегенде осы қимылды сол аяқ істейді. Жаттығу бастапқыда баяу істеледі, содан кейін аяқтар қимылдарының үзіліссіз жұмыс істеуіне қол жеткізіп, тез жылдамдықпен істеледі.

Халықтық-сахналық би

Халықтық-сахналық би сабағы екі бөлімнен тұрады: станок жанында және ортада жаттығу.

Халықтық-сахналық бидің жаттығулары, классикалық бидегі сияқты буын-бұлшық ет байланысын аппаратын дамытатын күрделілене түсетін қозғалыстар ұстанымы бойынша құрылған. Олар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай құрылады. Аяқтардың, қолдардың классикалық позициялары, дене тұрқының жағдайы меңгерілгеннен кейін, оқушыларды орыс, белорус билерінің элементтерімен таныстырғаннан соң оқу жылының екінші жартысынан бастап станок жанында жаттығуға көшуді ұсынуға болады.

Станок алдында қозғалыстар жасауды үйрене жүріп, оларды қайталап, қателіктерді жоя жүріп, оқушы бұдан әрі оның творчестволық жұмысына негіз болып табылатын қажетті дағдылар мен білімді біртіндеп меңгере бастайды, өйткені қозғалыстың бұл негізгі элементтері одан әрі үйлесін тауып, түрленеді, сөйтіп, би суреттері мен ырғақтарының әртүрлілігін жасайды.

Станок алдындағы жаттығу

Қолдың әзірлік қимылы; қол өзінің әзірлік қалпынан I позиция арқылы II позицияға және IV позицияға жабылады (беліне).

Жартылай тізе бүгу (ию) және терең тізе ию – I,II және III позициялар бойынша.

Гран плие (классикалық бидің)

Төмен қарай қимыл жасаған кезде өкшелердің еденнен ұзақ ажырамауын және жоғарыға қайта оралған кезде жылдамырақ төмен түсуінің маңызы зор. Гран плиенің негізгі қағидалары түсінікті болғаннан соң бұл жаттығуға халық биінің сипатында көшкен жөн.

Халықтық-сахналық биді үйретудің бірінші жылында жартылай тізе ию бір терең жартылай тізе бүгумен (бір реттен немесе I,II,III позициялардың әрқайсысында екі реттен).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет