У ұйымдарында ОҚу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы



бет11/34
Дата31.12.2019
өлшемі3,55 Mb.
#53902
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34

7-9-сыныптарда «Физика» оқу пәнінің мазмұны 8 бөлімді қамтиды: Физикалық шамалар мен өлшеулер; Механика; Жылу физикасы; Электр және магнетизм; Геометриялық оптика; Кванттық физика элементтері; Астрономия негіздері; Әлемнің қазіргі физикалық бейнесі.


7-сыныпта «Физика» оқу пәнінде табиғат құбылыстарын қарастырады, физиканың негізгі заңдарымен танысады және осы заңдарды техникада, күнделікті өмірде қолдану деңгейінде оқытылады. Физика мен оның заңдары барлық жаратылыстану саласының өзегі екендігіне басты назар аударылады.

7-сыныптың кіріспе бөлімінде «атом», «материя» және «физикалық термин», «гипотеза» және «эксперимент», «өлшем» және «өлшеу қателігі» «Халықаралық бірліктер жүйесі(SI)», «скаляр және векторлық шамалар» физиканы зерттеу үшін негіз болып табылады.

«Физика» пәнін оқыту бойынша тақырыптың оқу күрделілігі және тереңдігі деңгейіне назар аудару қажет:

- «7.1.1.7- күштерді берілген масштабта графикалық түрде көрсету. Білім алушыларға күрделі емес есептер ұсыну және әртүрлі денелердің қозғалысының нақты мысалында меңгеру үшін «вектор» бастапқы ұғымын енгізу ұсынылады;



  • 7.2.2.8 күштерді берілген масштабта графикалық түрде көрсету;

  • 7.2.2.9денеге әсер ететін және бір түзудің бойымен бағытталған күштердің тең әрекетті күшінің модулі мен бағытын анықтау.

Осы оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін практикалық бөлігіне графикалық деректермен жұмыс істеудің әртүрлі нұсқалары берілген тапсырма карталарды енгізу ұсынылады.

7-сыныпта физиканы сапалы меңгеру 6-сыныпта математикадан, 7-сыныпта алгебра және геометриядан алған білімдеріне негізделетініне назар аудару қажет.

Физика және химия пәндерінде: атом, молекула, физикалық және химиялық құбылыстар, масса, дененің агрегаттық күйі тәрізді көптеген ортақ ұғымдар зерттеледі. Осы шамаларды және оларды қолдану мен түсіндіруде бірдей анықтаманы қолдану қажет.

Физика мен биологияның өзара байланысы ретінде жалпы және ішінара пайымдау, табиғаттың біртұтастығын түсіну қабілеті және физика заңдарының әсері туралы білім алушылардың биологиядан алған білімдерін кеңейтуіне көмектеседі. Ол биологияның әдістерін физикамен байланыстырып пайдаланануды қарастыруға ықпал етеді.

Физика пәні сабақтарының басты ерекшеліктерінің бірі – физикалық шамаларды тәжірибе жүзінде анықтау, қолдағы құралдармен тәжірибе өткізу, көрсеткіштерді оқи білу және нәтижені талдау.

Физика пәнінің негізі физикалық шамаларды тәжірибе жүзінде анықтау, қолдағы құралдармен тәжірибе өткізу, көрсеткіштерді оқи білу және нәтижені талдау. Сондықтан білім алушылар тәжірибелерді жасап қана қоймай, мәліметтерді жинақтау, талдау, градиентті тәуелділігі мен табуға қатысты кестені құрастыру, тәжірибені өткізуге әсер ететін факторларды анықтау және оның нәтижесін көре білуі керек. Сондағана білім алушы зерттеу жолын жеке меңгереді және қандай да болмасын физика заңдылығына қатысты қорытынды жасай алады. «Орындалуға міндетті практикалық және зертханалық жұмыстар тізімі» білім алушыларға пән бойынша жаңа білім алып, зерттеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретіндей етіп іріктелген.

7-сыныпқа «Сырғанау үйкеліс күшін зерттеу», «Жазық фигураның массалар орталығын анықтау» атты екі зертханалық жұмыс қосылды. Барлығы 10 зертханалық жұмыс және 22 практикалық жұмыс қамтылған.

8-сыныпта үш бөлім яғни «Жылу физикасы», «Электр және магнетизм», «Геометриялық оптика» оқытылады.

9-сыныпта «Кинематика негіздері», «Астрономия негіздері», «Динамика негіздері», «Сақталу заңдары», «Тербелістер және толқындар», «Атом құрылысы. Атомдық құбылыстар», «Атом ядросы. Ядролық өзара әрекеттесу», «Әлемнің қазіргі физикалық бейнесі» бөлімдері оқытылады.

9-сыныпта 4 10 зертханалық жұмыс және 6 практикалық жұмыс қамтылған.

Қолданбалы материалды теориялық зерделеу кезiнде оның мазмұны, негiзiнен, адамзат қоғамындағы жаратылыстану ғылымдарының рөлiн көрсетуге, білім алушылардың ғылым жетiстiктерiн әртүрлi көзқарас тұрғысынан бағалай алуға, ғылыми-техникалық прогреске байланысты туындайтын экологиялық проблемаларды түсiнуге бағытталатыны қарастырылады.

Физикалық заңдарды тұжырымдау мен оларды түсіндіруде математикалық аппаратты қолдануына назар аударылады. Математиканың физикамен байланысының айқын мысалының бірі – физикалық шамалар арасындағы функциялық тәуелділікті және функциялар графигін пайдалану. Физика мұғалімі білім алушылардың есептеу шеберліктері мен дағдыларын ойдағыдай қалыптастыру мақсатында алдынала математика мұғалімдерімен бірігіп, ортақ әдістерді қолдануға болады.

«Физика» мен «Химия» ғылым ретінде бір-бірін өзара толықтырып отырады. Өйткені, бұл екі ғылым табиғаттағы құбылыстар мен процестерді өз тұрғыларынан қарастырады. Физика мен химия үшін өте маңызды ортақ ұғымдардың қатарына зат, масса, салмақ, энергия ұғымдары, сондай-ақ энергияның, электр зарядының, электр өрісінің сақталу және айналу заңы, молекулалық-кинетикалық және электрондық теория жатады.

Физика мен химияның пәнаралық аса маңызды теориялық байланыстары екеуінде бірдей: атом құрылысы теориясын оқып үйренуде айқын көрініс алады.

Сабақта жергілікті сипаттағы материалдарды (нысандар, кәсіпорындар, ақпарат көздері) пайдалануға бағытталған оқу-жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы танымдық және әлеуметтік тұрғыдан білім алушының белсенділігін арттыру ұсынылады. Технология, медицина, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп пен энергетиканың әртүрлі саласындағы жетістіктер ғылыми идея мен ғылыми прогресс дамуының жарқын мысалдары болып табылады.

Мысалы оған төмендегідей мақсаттар берілген:



  • техникада және тұрмыста жылу беру түрлерінің қолданылуына мысалдар келтіру;

  • әртүрлі температураларда тірі ағзалардың бейімделуіне мысалдар келтіру;

  • жылу қозғалтқыштарындағы энергияның түрленуін сипаттау;

  • жылу машиналарының қоршаған ортаның экологиясына әсерін бағалау;

  • Қазақстанда және дүниежүзінде электр энергиясын өндірудің мысалдарын келтіру.

Білім алушылардың базалық білімдерін практикада бекіту зертханалық және практикалық жұмыстарды орындау кезінде жүзеге асырылады.

8-сыныптыңзертханалық жұмысында №3«Ауаның ылғалдылығын анықтау»зертханалық жұмысы алынып тасталып, оның орнына № 6 «Өткiзгiштердi тiзбектей және параллель қосуды зерделеу» зертханалық жұмысы екіге бөлініп, №5 «Өткiзгiштердi тiзбектей қосуды зерделеу» зертханалық жұмысы және №6 «Өткiзгiштердi параллель қосуды зерделеу»зертханалықжұмысы берілген. Барлығы 10 зертханалықжұмыс және 30 практикалық жұмыс қамтылған.

Физика пәнінің мұғалімдерінеғылыми тілді қалыптастыру мақсатында білім алушылардың сөздік қорын байыту, үш тілдегі физикалық терминдермен таныстыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізу;физикалық процестерге диаграммалар, сызбалар, жалпылама және талдау кестелерін жасай білу дағдыларын, баяндау, сипаттау, салыстыру, графикті талдау, қорытынды жасау және жалпылама қорыту (жазбаша және ауызша) дағдыларын қалыптастыру;есептердің шешімін сауатты ресімдеуге назар аудару;жүргізілген практикалық және зертханалық жұмыстар бойынша кеңейтілген жазбаша есептерді немесе ауызша баяндамаларды дайындай білуді дамыту; білім алушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін, олардың пікірлерінің қисындылығы және дәлелдермен түйінделу дәрежесін арттыру ұсынылады. Ол үшін сабақты жоспарлау кезінде белгілі бір біліктілік, дағдыларды қалыптастырытын қолайлы тақырыптарды таңдау қажет.

Зертханалық және практикалық жұмыстың қажетті көлемін орындау үшін ақпараттық және компьютерлік технологияларды (виртуалды жұмыс) пайдалану ұсынылады.

Зертханалық және практикалық жұмыстарды әзірлеу кезінде эксперименттік деректер мен қортындыны жасауға басты назар аудару қажет.

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мұғалімдерге көмек ретінде білім мазмұнын жаңарту аясында «Физика» (7-9-сыныптар)оқу пәнін оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдамалар әзірледі. Әдістемелік ұсынымдамаларды Академияның сайтынан (www.nao.kz) алуға болады.



«Физика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны

Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде 52-кестеде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.
52-кесте. «Физика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны


Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

7-сынып

3

2

2

3

8-сынып

2

2

2

1

9-сынып

2

1

2

3



«География» оқу пәні

«География» пәнінің мазмұны келесі жүйелі-әрекеттік нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз етуі тиіс:

- функционалдық білім мен білік, жоспарлау дағдылары, талдау мен өңдеу, түсіндіру, жүйелеу, алгоритм бойынша жұмыс істеудің қалыптасуы; зерттеушілік, тәжірибе-эксперименттік дағдыларды жетілдіру;

- бағалау мен қорытынды жасауды тиянақтау; әлемнің заманауи ғылыми-жаратылыстану бейнесінің негізін қалаушы түсініктерді, заңдылықтарды, теориялар мен принциптерді, табиғатты танудың ғылыми әдістері, табиғатты, экономиканы және қоғамды кешенді зерделеу негізінде адамзаттың жаһандық және жергілікті проблемаларын түсіну;

- экологиялық мәдениеттің, ғылыми, жобалық және кеңістіктік ойлаудың дамуы;

- патриоттық сезімді, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды тәрбиелеу;

- білім алушылардың ғылыми-жаратылыстану бағыттары бойынша кәсіптік бағдарын жүзеге асыру.

«География» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

7-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;

8-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды;

9-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.

Бағдарламаның шиыршықты құрылымына байланысты 8-сыныптағы пән мазмұны білім алушылардың өткен оқу жылында алған білімдері мен дағдыларын одан әрі тереңдетеді және дамытады.

«Географиялық зерттеу әдістері» бөлімінде географиялық ақпаратты визуалдау, өз зерттеулерінде далалық, картографиялық, теориялық әдістерді қолдану, сандық және сапалық деректерді өңдеу мен талдау, еліктемелік (иммитациялық), графиктік, мәтіндік, математикалық және басқа да модельдер құрастыру, жұмыс нәтижесін түрлі формада ұсыну дағдыларын одан әрі дамытуға көңіл аудару қажет.

«Картография және географиялық деректер базасы» бөлімінде білім алушыларды тақырыптық карталарды жіктеуді және оқуды, сонымен қатар оларды қосымша сипаттайтын профиль, диаграмма, график, кесте тәрізді элементтерін құрастыруды үйрету қажет. Географиялық номенклатура нысандарымен жұмыс істеу дағдалырын дамытуды жалғастыру ұсынылады. Білім алушылар тілдік дағдыларын дамытуларымен қатар, сәйкес түсініктемелер бере отырып географиялық нысандарды картадан батыл көрсетуді де үйренулері тиіс. Егер 7-сыныпта бұл бөлім бойынша географиялық деректердің кесте түріндегі қарапайым базасын жасау қарастырылған болса, 8-сыныпта тиісті оқыту мақсаттарына қолжеткізуде АКТ біртіндеп қолдану қарастырылған.

7-сыныпта «Литосфера» бөлімі бойынша жер қыртысының құрылысы, ірі геотектуралар оқытылады. 8-сыныпта тақырып жер бедері түрлерінің, тау жыныстары мен минералдардың, пайдалы қазбалардың таралу заңдылықтарын оқумен жалғастырылады. Бұл бөлімді жергілікті жер бедерінің тұрғындардың тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсеріне баға берумен қорытындылау ұсынылады. Білім алушылардың өз ойларын дәлелді жеткізулеріне көңіл аудару қажет.

7-сыныпта «Атмосфера» бөлімінде метеорологиялық құбылыстар, ауа райы мен оның элементтері зерделенеді. 8-сыныпта жер шарының түрлі бөліктеріндегі климаттың ерекшеліктерін қарастыру ұсынылады. Сонымен қатар, климатты, атмосфераның ғаламдық циркуляциясы оқытылады.

7-сыныпта «Гидросфера» бөлімндеі Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктерін оқудан басталады да, құрлық суларын оқумен жалғастырылады. Бұл тақырыпты оқу барысында қазақстандық және жергілікті компонентті қосымша қамтуға баса назар аударылуы тиіс.

«Биосфера» бөлімі бойынша 7-сыныпта биосфераның, топырақтың құрамы мен құрылымы, ал 8-сыныпта табиғат зоналары мен Жердің биіктік белдеулері оқытылады. Сонымен қатар балалар өсімдік әлемі мен жануарлар дүниесін қорғаудың қажеттілігін дәлелдейді, қорғау жолдарын ұсынады.

«Табиғи-аумақтық кешендер» бөлімі бойынша өткен оқу жылында «Табиғи-аумақтық кешендер» ұғымы, олардың пайда болу шарттары мен мысалдары, кеңістіктік рангтары анықталған болатын. Биылғы оқу жылында білім алушылар географиялық қабықты планетарлық масштабтағы табиғи-аумақтық кешен ретінде және оның даму заңдылықтарымен танысады.

7-сыныпта «Халық географиясы» бөлімі бойынша адамзаттың нәсілдік және діни құрамы оқытылады. 8-сыныпта халық санының және құрылымының негізгі көрсеткіштерін есептеу арқылы дүниежүзіндегі, Қазақстан Республикасындағы және өлкедегі демографиялық жағдайды анықтау бойынша жүйелі әрекет басталады.

«Табиғи ресурстар» бөлімі бойынша 7-сыныпта «табиғи ресурс» ұғымы, оларды жіктеудің негізгі тәсілдері мен шоғырлану орындарына көңіл аударылады. 8-сыныпта білім алушылар табиғат ресурстарын экономикалық және экологиялық тұрғыдан бағалайды, дүниежүзінің жекелеген аймақтарының табиғи-ресурстық әлеуетін анықтайды.

«Әлеуметтік-экономикалық ресурстар» бөлімінде көлік және әлеуметтік инфрақұрылым туралы білім беріледі. 8-сыныпта сауда және қаржы инфақұрылымы оқытылады.

«Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық және аумақтық құрылымы» бөлімінде білім алушылар дүниежүзі шаруашылығын өнеркәсіп және ауыл шаруашылығына жіктеудің қарапайым түрімен танысады. 8-сыныпта дүниежүзілік шаруашылықты өндіруші, өңдеуші және қызмет көрсету салаларына жіктеуді, сонымен қатар аталған салалардың қызметін ұйымдастыру түрлеріне сипаттама беруді, түрлі салалардың өнеркәсіпті орналастыру факторларына талдау жасауды, дүниежүзі шаруашылығы салаларын жоспар бойынша сипаттауды үйренеді.

«Елтану және саяси география негіздері» бөлімінде 7-сынып білім алушылары дүниежүзі елдерінің географиялық және экономикалық-географиялық жағдайына баға беру ерекшеліктерін зерделейді. 8-сыныпта дүниежүзінің саяси картасын, оның негізгі нысандары мен олардың ерекшеліктерін, картадағы сандық және сапалық өзгерістерді, дүниежүзі елдерінің саяси ынтымақтастығының қажеттілігі мен ерекшеліктерін оқиды.

Пәннің үлгілік оқу бағдарламасында шиыршықты оқу мақсаттары қарастырылған. Бағдарламаның бірінші және екінші бөлімдеріндегі мақсаттар әр бөлімде қайталанып отырады. Оларды оқу және дамыту екі рет, яғни: бірінші рет – бірінші тоқсанда дербес тақырыптар мен сабақтар ретінде, екінші рет – келесі бөлімдердің барлық тақырыптарын оқу барысында шиыршықты мақсаттар ретінде жүзеге асырылуы арқылыжүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Тапсырмалардың белгілі бір бөлігі оқу бағдарламасындағы «Географиялық зерттеу әдістері» мен «Картография және географиялық деректер базасы» бөлімдерінің шиыршықты мақсаттарын жүзеге асыруды қарастырады, сонымен қатар барлық бөлімдердің оқылатын тақырыбының мақсаттарын толықтырады. Бұл мақсаттар бойынша әр сабақтың тәжірибеге бағытталуын қамтамасыз ететін зерттеушілік және картографиялық дағдыларды қалыптастыруға арналған тапсырмаларды әзірлеуді қарастыру қажет.

8-сыныпта материктердің ерекшеліктері зерделенеді. Оқытудың стандарттық, ақпараттық тәсіліне қарағанда, жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы оқытудың белсенді мақсаттары арқылы планетаның материктерін әрекетті зерделеуді талап етеді. Бұл білім алушылардың әр түрлі ақпарат көздерін және салыстыру, талдау, бағалау және жинақтау тәрізді ойлау операцияларын қолдана отырып, әрбір материктің ерекшелігін анықтайды.

«Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында үлгілік оқу жоспарында қазақстандық және өлкетанулық материалдарды қамту қарастырылған.

9-сыныпта Қазақстан географиясы оқытылады, бағдарламада Географиялық зерттеу әдістері. Зерттеу және зерттеушілер. Қазақстандық географтардың зерттеулері, Картография және географиялық деректер базасы, Физикалық география. Литосфера. Қазақстан аумағының геологиялық тарихы және тектоникалық құрылымы. Қазақстанның басты орографиялық нысандары. Қазақ оронимдері, Әлеуметтік география. Халық географиясы. Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамы, Экономикалық география. Табиғи ресурстар. Қазақстанның табиғи-ресурстық әлеуеті, Елтану және саяси география негіздері. Дүниежүзі елдері. Елдердің экономикалық даму деңгейі бойынша топтастырылуы. Халықаралық ұйымдардың деңгейлері мен мақсаттары. Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық, саяси-географиялық жағдайы. Қазақстандағы саяси-әкімшілік хоронимдер оқытылады.

Мұғалімнің білім алушылардың танымдық қызығушылық ерекшеліктеріне сәйкес келетін неғұрлым қызықты және шығармашылық тапсырмаларды таңдау мүмкіндігі бар.

Білім алушыларды әртүрлі географиялық ақпарат көздерімен, олардың ішінен қажетті ақпаратты табу, оны талдау және түсіндіру, бағалау және қойылған мақсатқа жету үшін қолдану тәрізді жұмыс түрлерін істеуге үйрету маңызды болып табылады.

Негізгі оқу материалы сабақта меңгерілуі тиіс екеніне көңіл аударамыз. Оқылмаған материалды, сонымен қатар географиялық номенклатура нысандарын үйде оқуға тапсыру мүмкін емес. Үй тапсырмасының басты қызметі – сабақта меңгерілген білім мен біліктерді бекіту болып табылады.



Назар аударыңыздар!

7-сыныпқа арналған «География» оқу пәнінің «Физикалық география» бөліміне өлкетану бойынша екі тақырып енгізілді: «Туған өлкенің флорасы мен фаунасы» және «Менің өлкемнің визит карточкасы:өлкетанулық деректер қорын дайындау». Аталған тақырыптарды оқыту кезінде өзінің туған өлкесіне тән өсімдіктер мен жануарларды зерттеу бойынша ұжымдық жұмыстарды, оларды қорғау жөнінде іс-шараларды ұйымдастыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен өлкенің деректер қорын жасау ұсынылады.



«География» пәні бойынша жиынтық бағалау саны

Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде 53-кестеде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.
53-кесте. «География» пәні бойынша жиынтық бағалау саны


Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

7-сынып

3

2

3

3

8-сынып

3

3

3

2

9-сынып

3

2

3

3


«Биология» оқу пәні

Биологиялық ғылымдар тірі организмдердің құрылымы мен функцияларын, олардың дамуы мен тіршілік ортасымен өзара қарым-қатынасын зерттейді. Қазіргі заманғы көзқарастар бойынша өмір – бұл ірі органикалық молекулалардан тұратын және энергия мен қоршаған ортамен заттармен алмасу нәтижесінде өз өмірін сақтап қалуға және өзін-өзі қалпына келтіруге қабілетті күрделі биологиялық жүйелердің өмір сүру процесі.

«Биология» пәнінің мақсаты – білім алушылардың бойында органикалық дүниенің көптүрлілігітуралы, ондағы болып жатқан процестер мен заңдылықтар туралы білім жүйелерін қалыптастыру, сонымен қатар адам оның ажырамас бөлігі туралы саналы түсінікқалыптастыру.

Оқу пәнінің міндеттері:

1) жер бетіндегі барлық тірі ағзалардың құндылығын түсіну үшін өмірдің құрылымды-функционалды және генетикалық негіздері туралы, тірі табиғаттың негізгі патшылықтары ағзаларының көбеюі мен дамуы, экожүйе, биоалуантүрлілік, эволюция туралы білім жүйесін қалыптастыру;

2) экологиялық этика нормалары мен ережелерін, табиғатқа жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру;

3) генетикалық сауаттылықты қалыптастыру – салауатты өмір салты негіздері, психикалық, тән және моральдық денсаулық сақтау;

4) оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамыту, биологиялық білімдерін практикада қолдануға ұмтылу, медицина, ауыл шаруашылығы, биотехнология, экологиялық менеджмент және қоршаған ортаны қорғау саласындағы практикалық іс-шараларға қатысу.

«Биология» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

1) 7-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;

2) 8-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;

3) 9-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.

Оқу пәнінің мазмұны 4 бөлімді қамтиды:

1) тірі ағзалардың көптүрлілігі, құрылымы мен қызметтері;

2) көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік. Эволюциялық даму;

3) ағза мен қоршаған орта;

4) қолданбалы кіріктірілген ғылымдар

Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасына жаңадан қосылған тақырыптар:



  • Дихотомиялық әдіс. Дихотомиялық кілттерді қолдану;

  • Аэробты және анаэробты тыныс алу

  • Дүниежүзілік Тұқым қоры;

  • Жасушалардың сызықтық ұлғаюын есептеу;

  • Биотехнологиялық үдерістің жалпы сызбасы және биотехнологияда алынатын өнімдері;

Сонымен қатар жаңа бағдарламада терең меңгеруге арналған бірқатар тақырыптар берілген:

  • Өкпедегі газ алмасу және ұлпалық тыныс алу механизмдері;

  • Контрацепцияның маңызы;

  • Ағзалардың тірі қалу стратегиялары;

  • Түрлі жағдайлардың ферменттер белсенділігіне әсері.

Сабақтарды жоспарлау кезінде практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған белсенді оқыту әдістерін қолданған дұрыс.


Мұғалімдер назарына!!!

Оқу бағдарламасы бойынша 7-9-сыныптарда қарастырылатын зертханалық жұмыстар мен модельдеу жұмыстары міндетті түрде жүргізілуі тиіс.Себебі қарастырылатын зертханалық жұмыстар мен модельдеу жұмыстары білім алушының ізденіс қабілеттерін арттыруға мүмкіндік жасайды. Модельдеу жұмыстары білім алушының өзіндік ғылыми ізденіс жұмысына бағытталған болғандықтан тоқсанның басында беріледі, оны орындау үшін нақты уақыты айқындалады. Сонымен қатар берілген жұмыстар бағаланады. Оқу бағдарламасы бойынша қарастырылған демонстрациялық жұмыстар бағаланбайды. Демонстрациялық жұмысты орындау үшін мұғалім кез-келген ақпарат көзін пайдалана алады.

7-сыныпта 14 зертханалық жұмыс, 4 модельдеу қарастырылған.. (54-кесте)
54-кесте. 7-сыныпта зертханалық жұмыстар саны.





Зертханалық жұмыстар

Модельдеу

Демонстрация

1-тоқсан

3

1

-

2-тоқсан

4

1

-

3-тоқсан

2

-

-

4-тоқсан

5

2

-

Барлығы

14

4

-

8- сыныпта 14 зертханалық жұмыс, 2 модельдеу, 2 демонстративтік жұмыс қарастырылған, оның ішінде қолданыстағы бағдарламада 8-сыныптан – 3 жұмыс алынған. 11 зертханалық жұмыс жаңадан қосылған. 8-сыныпта өткізілген зертханалық жұмыстар саны төменде 55-кестеде көрсетілген.

55-кесте. 8-сыныпта өткізілген зертханалық жұмыстар саны.




Зертханалық жұмыстар

Модельдеу

Демонстрация

1-тоқсан

5

1

1

2-тоқсан

3

-

-

3-тоқсан

6




1

4-тоқсан

-

1




Барлығы

14

2

2

9- сыныпта 8 зертханалық жұмыс, 1 модельдеу, 7 демонстративтік жұмыс қарастырылған.


56-кесте. 9-сыныпта өткізілген зертханалық жұмыстар саны.




Зертханалық жұмыстар

Модельдеу

Демонстрация

1-тоқсан

5

1




2-тоқсан

1

2




3-тоқсан

2

3

1

4-тоқсан

-

1




Барлығы

8

7




Білім саласы бойынша қолданбалы курстарға немесе таңдау курстарына ұсынылатын тақырыптар: «Биологиялық модельдер және қолданбалы есептер», «Әлемнің ғылыми-жаратылыстану эволюциялық бейнесі», «Биологиядағы математикалық модельдер және әдістер», «Тамақтану және денсаулық», «Экологиялық этика»,«Биология және денсаулық», «Әлемнің заманауи ғылыми-жаратылыстану бейнесі», «Биологиялық белсенді қоспалар», «Бәрі біздің түп-тұқиямызда (генетика негіздері бойынша)», «Әлемнің інжу маржаны (7–9-сынып қыздарына арналған курс)», «Менің денсаулығым – менің қолымда», «Тірі жасуша жұмбақтары», (Тұқым қуалаушылықтың заңдылықтары», «Биологияның проблемалары», «Жасушалар және тері», «Үй іргесіндегі телім», «Биогеография проблемалары», «Тері – денсаулық айнасы», «Заманауи микробиология», «Нанотехнологияға кіріспе».

Мұғалімдердің өздігінен білімін жетілдіруіне және әдістемелік бірлестіктерге ұсынылатын тақырыптар: «Биология сабағында білім алушылардың танымдық белсенділігін арттыру», «Биология және химия сабақтарында кіріктіріп оқытуды қолдану», «Биологияны оқытуда пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру», «Оқу еңбегінің дағдыларын қалыптастыру және ұйымдастырудағы рефлексияның рөлі», «Биология сабақтарында білім алушы тәрбиесіндегі экологиялық бағыт», «Сабақта білім алушылардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту», «Ойлау әрекетін белсендендіру кұралы ретінде жаңа материалды зерделеудегі проблемалық тәсіл», «Білім алушының белсенді өздік жұмысы арқылы проблемалық жағдайларды жасау», «Білім алушылардың сабақта және сабақтан тыс уақыттағы ғылыми және жобалық жұмыстары», «Білім алушыларды олимпиадаға дайындау әдіс-тәсілдері», «Оқу процесін жаңғырту жағдайында сабақтарға ақпараттық технологияларды қолдану».

Тақырыптар мұғалімдердің мүмкіндіктері және жағдайларына байланысты өзгертілуі мүмкін.



«Биология» пәні бойынша жиынтық бағалау саны

Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде 57-кестеде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.
57-кесте. «Биология» пәні бойынша жиынтық бағалау саны.


Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

7-сынып

3

3

3

3

8-сынып

3

2

3

3

9-класс

3

3

3

3

«Химия» пәні оқу

Химия – заттар, олардың қасиеттері, құрылымы және олардың бір-біріне айналуы туралы ғылым.

Химия органикалық және бейорганикалық заттардың құрамын, заттардың құрылымын,заттардың өзара әрекеттесу қабілетін зерттейді және химиялық энергияның жылу, электр, жарық тағы басқа энергияларға өту құбылыстарын зерттейді.

«Химия»оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

1) 7 сыныпта – аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағатты;

2) 8 сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында 68 сағатты құрайды;

3) 9 сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында 68 сағатты құрайды.

Оқу пәнінің мазмұны бес бөлімді қамтиды:

1) заттардың бөлшектері;

2) химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары;

3) химиядағы энергетика;

4) химия және қоршаған орта;

5) химия және өмір.

7-сыныпта жаңартылған мазмұндағы бағдарламаға «Заттардың агрегаттық күйінің өзгеруі» тақырыбындазаттардың агрегаттық күйлерінің өзгеруін бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан оқыту тұңғыш рет енгізілді, бұл білім алушыларға заттардың құрылысы мен қасиеті арасында себеп-салдар байланыстарды жүргізуге мүмкіндік береді. Мұғалімдерге ескеретін жайт кесте, диаграмма, суреттер, графиктер түрінде берілген ақпаратты құруға көбірек көңіл бөлу керек, білім алушыларға физика мен математика сабақтарында қалыптасқан дағдыларды қолдана отырып, тәжірибе барысында температураны өлшеп және өздерінің бақылауларын жинақтап, тиісті қызу және салқындау үрдістерінің графиктерін салуды ұсынуға болады.

«Адам ағзасындағы химиялық элементтер» бөлімі химия пәні бағдарламасына жаңадан қосылып отыр, бөлімде қоректік заттар, адам ағзасындағы химиялық элементтер (О, С, Н, N, Ca, P, K), химиялық элементтердің тірі және өлі табиғаттағы таралуы, адам ағзасындағы микро- макроэлементтердің биологиялық рөлі, тыныс алу үдерісі, тамақтану теңгерімі ұғымдары берілген.

Сондай-ақ білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған зертханалық және практикалық жұмыстарды орындау қарастырылған:

- «Тағам құрамындағы қоректік заттарды анықтау» № 4 практикалық жұмысы;

- «Тыныс алу процесін зерттеу» № 11 зертханалық тәжірибе.

Бұл жаңа бөлімнің негізгі танымдық міндеттері – білім алушыларды шынайыөмірдегі кейбір маңызды биологиялық процестердің химиялық тараптарымен таныстыру. Биология курсынан алған білімді пайдаланып, білім алушылар адам ағзасының химиялық құрамын оқыпбіледі. Мұнда сондай-ақ адам ағзасына кері әсер ететін зиянды заттар туралы мәліметтер беріп, салауатты өмір салтын ұстануға бағыттауға көңіл бөлу қажет.

Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасына «Тағам құрамынан қоректік заттарды анықтау»деп аталатын жаңа практикалық жұмыс енгізілген.

«Геологиялық химиялық қосылыстар» бөлімі де жаңадан енгізіліп отыр. Бұл жаңа бөлімде пайдалы геологиялық химиялық қосылыстар, табиғи ресурстар, кен орны, кен, кеннің құрамы, минералдар, табиғи ресурстарды өндіру, металдарды алу, Қазақстанның пайдалы қазбалары, минералдарды өндірудің экологиялық аспектілері ұғымдары оқытылады.

Қазақстанның байлығы болып табылатын жанар май қоры мен минералдық ресурстар туралы білім алушыларға «Жаратылыстану» және «География» пәндерікурсынан өз білімдерін жинақтап қорытуға мүмкіндіктері бар.Жер қыртысының химиялық құрамы, кендерден металл өндіру негіздері мәселелері қарастырылады.Бұл тақырыпты зерделеу жансыз табиғатта өтіп жатқан процестер туралы білімддерін тереңдетуге, сондай-ақпатриоттық сезімдерін оятуға мүмкіндік береді.

8-сыныптың оқу бағдарламасында жаңадан қосылған «Химиялық реакциялардағы энергиямен танысу» бөліміндетиісінше экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар, термохимиялық реакциялар,отындардың жануы мен энергиясын бөлуі, кинетикалық бөлшектер теориясы тұрғысынан энергия өзгерту жаңа ұғымдар зерделенеді.

Жану – ол, жылу мен жарықты қоса бөле отырып оттегімен жоғары жылдамдықта өтетін реакция.

Жанатын бөліктің басты өнімі көміртек, ол көп мөлшерде жылу бөліп шығарады. Кейде көміртек қосылыстары шала жанған кезде өмірге қауіпті улы газ-иіс газы СО және күйе С түзіледі.

Термохимиялық теңдеулерді дұрыс жазуға көңіл бөлу маңызды. Термохимиялық теңдеулерді жазғанда заттардың агрегаттық күйлерін әріппен белгілеуге назар аудару қажет, мысалы:

Н2(г) + Cl2 (г) =2HCl (г) +184 кДж

N2(г) + О2(г) = 2NO(г) -180 кДж

Жаңартылған мазмұндағы бағдарламада практикалықіс-әрекеттердағдыларын қалыптастыру әлдеқайда көп дәрежеде қарастырылған. Бұл арада практикалық және зертханалық жұмыстар ерекше рөл атқарады.

8-сыныпта жаңартылған бағдарлама бойынша 10 зертханалық тәжірибе берілген,оның ішінде 3-уі жаңа:

- «Әрекеттесуші заттар массасының арақатынасы» № 2 зертханалық тәжірибе;

- «Энергияның өзгеруімен жүретін химиялық реакциялар» № 4 зертханалық тәжірибе;

- «Судың кермектігін анықтау» № 10 зертханалық тәжірибе.

«Әрекеттесуші заттар массасының арақатынасы» зертханалық тәжірибесінде білім алушылар әрекеттесетін заттар қатынасын эксперименттік жолмен анықтайды.

«Энергияның өзгеруімен жүретін химиялық реакциялар» зертханалық тәжірибе 2-ші тоқсанда өткізіледі. Бұл зертханалық тәжірибеде білім алушылар экзотермиялықреакциялар жылуды бөле отырып, ал эндотермиялық реакцияларжылуды өзіне сіңіре отырып өтетінін танып біледі.Тәжірибені оындаған кезде білім алушылардың қорғаныш көзілдірік кигендігін қадағалау керек.

№ 10 «Судың кермектігін анықтау» зертханалық тәжірибесі«Су» бөлімін өткенде өткізіледі. Білім алушылар судың «кермектігін» анықтайды және оны жою тәсілдерін түсіндіреді.

Жаңартылған мазмұндағы типтік оқу бағдарламасы бойынша қолданыстағы бағдарламамен салыстырғанда 7-8-сыныптар үшін зертханалық жұмыстар саны көбейді.
58-кесте. «Химия» оқу пәні бойынша зертханалық жұмыстар


Жұмыс түрлері

7-сынып

8-сынып

9-сынып

Демонстрациялар

-

4

16

Зертханалық тәжірибе

11

10

16

Практикалық жұмыстар

4

7

6

Оқу жылы ішінде химия пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктеріне төмендегідей тақырыптар ұсыныс ретінде беріледі:



Химияны оқыту практикасында заманауи дидактикалық тәсілдерді жүзеге асыру. Оқытудағы жүйелік әрекет және тұлғаға бағытталған тәсілдер. Білім алушылардың оқу-танымдық және ғылыми-зерттеу құзыреттерін дамыту. Пәнішілік және пәнаралық байланысты жүзеге асыру. Белсенді және интербелсенді оқыту әдістерімен химия сабақтарында білім беру саласындағы ынтымақтастықты ұйымдастыру тәсілдері.

Білім мен дағдыларды түзету бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, өзін-өзі бағалаудағдыларын дамыту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру. Химия пәні бойынша оқу сабақтарында бақылау-бағалау процесінде білім алушылардың ұйымдастырушылық және білімділік қабілеттерін қалыптастыру. Білім алушылардың бірін-бірі бақылау,бірін-бірі бағалау, өзін-өзі бағалау,кері байланыс тәсілдерін тиімді пайдалану, пәнді оқытуда анықталған кемшіліктерді жою бойынша жүйелі жұмыстарды ұйымдастыру.

Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы химия пәнін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.

Білім алушылардың ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігін дамыту және білім сапасын арттыру мақсатында химия сабақтарында және сабақтан тыс қызметте заманауи технологияларымен электронды білім беру оқыту құралдарын пайдалану. Медиа білім беру құзыреттілігін қалыптастыру: талдау, бағалау, ақпаратты пайдалану, оны түсіндіру және жаңа мәселелерді шешу үшін қолдану

дағдыларын. Компьютерлік технологияларды пайдалана отырып химиялық эксперименттерді модельдеу әдістері (виртуалды зертхана).

Академия мұғалімдерге білім берудің жаңартылған мазмұнына көшу жағдайына әдістемелік ұсынымдамалар дайындады. Ұсынымдамалар Академияның сайтына орналастырылған.

«Химия» пәні бойынша жиынтық бағалау саны

Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде 59-кестеде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.

59-кесте. «Химия» пәні бойынша жиынтық бағалау саны





Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

7-сынып

2

2

2

2

8-сынып

3

3

3

3

9-сынып

3

3

2

3



«АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ САЛАСЫ
«Адам және қоғам» білім беру саласының оқу пәндерінің мазмұны «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Құқық негіздері» және «Өзін-өзі тану» оқу пәндерінде іске асырылады.
«Адам және қоғам» білім беру саласының мазмұны білім алушыларда «Адам – Қоғам» жүйесі шеңберінде қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар бойынша білім негіздерін қалыптастыруға бағытталады.
«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері

Негізгі орта білім беру деңгейінде тарихты оқыту:



  • білім алушыларда тарихи сананы, толеранттылық, өз елі және басқа елдердің тарихы мен мәдениетіне құрмет көрсетуді, ғасырлар бойы қалыптасқан жалпы адамзаттық, ұлттық және жалпыадами құндылықтарды қалыптастыруға, ойлау, коммуникативтік және зерттеу дағдыларын дамытуға;

  • білім алушыларды ұлттық және әлемдік мәдениет жетістіктеріне тарту, қазақ халқының мәдени және тарихи мұрасының құндылығы мен ерекшелігін түсіну, мәдени әртүрлілікті бағалау қабілеттілігін қалыптастыруға бағытталған.

2019/2020 оқу жылында «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері бойынша оқу процесін ұйымдастыруда келесі оқу бағдарламалары қолданылады:

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы «26» шілдедегі № 334 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.

  2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы «26» шілдедегі № 334 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Дүниежүзі тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.

Жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламалары Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайтында орналастырылған (https://www.nao.kz /Білім беруді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету/ Оқу бағдарламалары./ Негізгі орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары Қазақстан тарихы. Дүниежүзі тарихы)


2019-2020 оқу жылында тарих пәндері бойынша негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарында жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары енгізіледі.

«Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша оқу бағдарламасының білім мазмұны хронологиялық реттілікпен берілген (көне дәуірден бүгінгі күнге дейін) және әлеуметтік қатынастардың дамуы, мәдениеттің дамуы, мемлекеттің дамуы, экономикалық даму бөлімдерін қамтиды.



Білім мазмұнын ұйымдастырудағы ерекшеліктер:

  • тарихи пәндер мазмұнының қөлемі тақырыптық бөлімдерді біріктіру арқылы ықшамдалған;

  • тарихи пәндер арасындағы пәнаралық байланыс іске асырылған. Бұл оқу материалдарын қайталамауға және Қазақстан тарихын әлемдік тарихи процестер контекстінде қарастыруға мүмкіндік береді;

  • тарихи ойлау дағдыларын (тарихи процестер мен құбылыстарды зерттеу, талдау, түсіну және түсіндіру) дамытуға бағытталған;

  • білім алушыларда тарихи сана, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытуға септігін тигізетін материалдарды зерделеуге ерекше көңіл бөлінген.

«Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша оқу бағдарламасының басты мақсаттарының бірі – оқушылардың бойында тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыру мен дамыту болып табылады. Сондықтан сабақта оқушылардың «тарихи ойлау» дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік беретін түрлі әдіс- тәсілдерді (белсенді және проблемалық оқыту әдістері, зерттеу, жоба әдістері т.б.) қолдану ұсынылады. «Тарихи ойлау» өткен заманның кез-келген құбылысын сол заманның контекстінде, бұрын болған және кейінгі тарихи оқиғалармен өзара байланысында көру, анықтау, бағалау, талдау қабілетін білдіреді. Осы қабілетке ие болу арқылы оқушы өткен тарихқа қатысты білім мен түсінікке негізделген өзіндік дәлелді ұстанымды қалыптастыра алады. Тарихи ойлау дағдылары әрбір сабақта олардың біртіндеп кеңеюі мен прогрессиясы негізінде дамытылуы тиіс.

Сондықтан, жаңартылған білім мазмұны бойынша «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» пәндерін тарихи түсініктер негізінде оқыту ұсынылады:

Оқыту келесі түсініктердің негізінде құрылуы тиіс:



  1. өзгеріс және сабақтастық (мысалы, белгілі тарихи кезеңде қоғам қаншалықты өзгеріске ұшырады)

  2. себеп-салдар (мысалы, белгілі тарихи кезеңде қандай маңызды факторлар саяси үдерістерге әсер етті);

  3. дәйек (белгілі тарихи кезеңнің өнері бізге құндылықтар, наным-сенімдер мен технологиялар туралы қандай мәлімет бере алады);

  4. ұқсастық пен айырмашылық (мысалы, XIII-XV ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттердің саяси құрылысындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар);

  5. маңыздылық (мысалы, Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы неде);

  6. интерпретация (мысалы, белгілі бір тарихи оқиғаны түрлі зерттеушілер қалай сипаттайды).

Тарихи түсініктер негізінде оқыту тарихи оқиғалардың мағыналары мен маңыздылығын, үдерістер мен оқиғаларды «тез түсінуге» бағытталған, бұл пәннің мағынасын терең түсінуге көмектеседі.

Тарихи түсініктерге сүйене отырып, тарихи материалдарды талдауды жүзеге асыру ұсынылады. Нәтижесінде, білімалушылар тек қана пәндік материалды ғана емес, зерттеу процестері, дағдылар және біліктермен байланысты әдістерді игереді (материалдарды жинау мен реттеу әдістері, сұрақтарды құрастыру және дереккөздермен жұмыс жасау процесінде мәселені қоя білу білігі, сәйкестендіру әдістері мен дереккөздерді сыни бағалауы, зерттеу жоспарларын әзірлеу, материалдарды жинақтау және нәтижелерді тексеру).

Белгілі бір тарихи концептілерге негізделген оқыту нақты оқу материалының негізінде оқушылардың бойында тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға мүмкіндік береді. Мұндай әдіс, зерттеуге негізделген оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.

Сондықтан «Қазақстан тарихы» пәні бойынша әр тақырыптан кейін зерттеу сұрақтары қамтылған. «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша ұзақ мерзімді жоспардағы тақырыптар проблемалық сұрақтар түрінде құрастырылған. Оның басты себебі – кез-келген тақырып оқушыларды бірден ойландырады және оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, проблемалық сұрақ қоюға, өздігінен талдау жасау дағдыларын дамытуға жәрдемдеседі.



Білім алушылардың дайындығына қойылатын талаптар:

Күтілетін пәндік нәтижелер әр бөлімдер мен тақырыптар бойынша анықталған оқу мақсаттары түрінде берілген. Күтілетін нәтижелердің (оқу мақсаттарының) тақырыптық мазмұнға сәйкес нақыталануы білім алушыларда пәндік білім мен дағдыларды нақты оқу материалы негізінде қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.



Негізгі орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері мазмұнының жаңа құрылымы (сыныптар бойынша тарихи кезеңдерді бөлу) ұсынылады:

  1. - сынып – ежелгі заман (шамамен 2 млн жыл бұрын – V ғасыр)

  2. - сынып – ортағасырлар кезеңі (V - XVII ғасырлар);

  3. - сынып – жаңа заман кезеңі (XVIII -XIX ғасырлар);

  4. - сынып – қазіргі заман (XX ғасырдың бірінші жартысы);

9 - сынып – қазіргі заман (XX ғасырдың екінші жартысы – бүгінгі күнге дейін).

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша жаңа оқу бағдарламасына сәйкес 2017-2018 оқу жылынан бастап 5- сыныпта «Қазақстан тарихынан әңгімелер» оқытылмайды. Бұл бастауыш мектептегі «Дүниетану» пәнінің жаңартылған оқу бағдарламасындағы білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстан тарихының ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі маңызды тарихи оқиғаларын зерделеуге ерекше назар аударылғанымен байланысты. Сондықтан да 5-сыныптың жаңа оқу бағдарламасында отандық тарихтың барлық курсы емес, тек қана Қазақстанның ежелгі заман тарихы (дүниежүзі тарихымен қатар) оқытылады. Сонымен, Қазақстан тарихы және Дүниежүзі тарихы пәндерін жүйелі түрде оқу 5- сыныптан басталады.
Назар аударыңыздар!

2019-2020 оқу жылында тарих пәндері бойынша 5-9 – сыныптарда жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламаларын енгізу барысында қолданыстағы және жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары мазмұнында хронологиялық кезеңдердің сәйкессіздігі орын алады (60-кесте).


60-кесте – Оқу бағдарламаларын салыстыру


Қолданыстағы бағдарламалар

Білім мазмұны жаңартылған бағдарламалар

5-сынып – Қазақстан тарихынан әңгімелер

5-сынып – Ежелгі заман тарихы

6-сынып – Ежелгі заман тарихы

6-сынып – Орта ғасырлар тарихы

7-сынып – Орта ғасырлар тарихы

7-сынып – Жаңа заман тарихы

8-сынып – Жаңа заман тарихы

8-сынып – Қазіргі заман тарихы

(ХХ ғасырдың бірінші жартысы)



9-сынып – Қазіргі заман тарихы

9-сынып – Қазіргі заман тарихы

(ХХ ғасырдың екінші жартысы – бүгінгі күнге дейін )




«Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндернің хронологиялық кезеңдерінің сәйкестігі мен мазмұнның сабақтастығын сақтау мақсатында 5-9-сыныптарда:

1) 8-сыныпта 2018 жылғы 1 қыркүйектен бастап 7-сыныптың (жаңа кезең) жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы енгізіледі;



2) 9-сыныпта 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2021 жылғы
1 қыркүйекке дейін 8-9-сыныптардың (қазіргі заман тарихы) мазмұнын қамтитын
жаңартылған мазмұндағы өтпелі кезең оқу бағдарламасы енгізіледі.

Назар аударыңыздар!

2019-2020 оқу жылында «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері бойынша келесі оқулықтар қолданылады:

1. 5-сынып – 5-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары;

2. 6-сынып – 7(6)-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары немесе 6-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары;

3. 7-сынып – 8(7)-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары;

4. 8-сынып – 8(7)-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары;

5. 9-сынып – 8-9-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары (1-бөлім) және 8-9-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары (2-бөлім).
2019-2020 оқу жылынан жаңартылған білім беру мазмұны аясында 9-сыныпта «Құқық негіздері» оқу пәні енгізіледі.

«Қазақстан тарихы» пәнін оқытудың ерекшеліктері

Қазақстан тарихы бойынша жаңартылған оқу бағдарламасы білім алушылардың бойында тарихи сана, қазақстандық патриотизм, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру, зерттеушілік, ойлау, коммуникативті дағдыларды дамытуға бағытталған.



«Қазақстан тарихы»оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

  1. 5- сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;

  2. 6-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;

  3. 7-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;

  4. 8-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты;

  5. 9-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты қамтиды.

Білім мазмұнын ұйымдастырудағы ерекшеліктер:

5-9-сыныптарда «Қазақстан тарихы» пәні бойынша Қазақстан қоғамының ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі кезеңдегі әлеуметтік, мәдени, саяси, экономикалық салалардың негізгі даму кезеңдері оқытылады.

Білім мазмұнын жаңарту жағдайында тарихты оқыту – оқу мақсаттарын анықтау, оқыту мазмұнына сәйкес материалдарды саралау, оқытудың тиімді әдістерін анықтауды қажет етеді.

Негізгі орта білім беру деңгейінің 5,6,7-сыныптарында «Қазақстан тарихы» пәні мазмұнына «Өлкетану» материалдары кіріктіріліп оқытылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы негізінде әзірленген «Өлкетану» материалдарын оқыту:

- білім алушыларда ежелгі дәуірден бастап қазіргі уақытқа дейінгі туған жер аумағында болып жатқан тарихи процестердің негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы білім қалыптастыруға;

- туған өлкенің табиғи байлықтары, тарихи ескерткіштері және мәдени нысандары туралы білімдерін кеңейту;

- туған өлкенің дәстүрлі қолөнері, мәдени және әдеби мұралары мен өңір мақтанышына айналған адамдар туралы білімдерін кеңейту;

- туған өлкенің бірегей табиғаты, тарихы мен мәдениетіне деген құрмет сезімдеріне тәрбиелеу; оларды қорғауға жауапкершіліктерін арттыруға бағытталған.

Өлкетану материалдары 5, 6, 7-сыныптарда, яғни әр сыныпта 4 сағаттан 12 сағат көлемінде оқытылады. Өлкетану материалдары оқу бағдарламасының базалық білім мазмұны мен ұзақ мерзімді жоспарына енгізілді. Оқу бағдарламасы бойынша тоқсандағы бөлімдер мен бөлім ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркінде болғандықтан «Өлкетану» материалдарын әр сынып бойынша кіріктіріп оқыту ұсынылады.

Өлкетану материалдарын оқытудың ерекшеліктері:

Өлкетану мәдени және ұлттық сәйкестікті дамыту мен сақтаудың маңызды міндетін орындайды. Өлкетанулық білім жаңа буынды аймақтың мәдени құндылықтарымен қамтамасыз етіп отыратын әлеуметтік-мәдени ақпарат көзінің бірі. Бұл жеке тұлғаның мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді

5-сыныпта: «Өлкенің тарихи ескерткіштері», «Өңірдің тарихи тұлғалары: билер, батырлар, ақындар», «Туған өлкенің аңыз-ертегілері» тақырыптарын оқытуда білім алушыларды ата-бабалардың дәстүрін құрметтеуге, келешек ұрпақтардың тәжірибесін жалғастыруға, өнегелі жерлестерінің өмірін замандастарына үлгі етуге бағыттау ұсынылады.

5-сыныпта «Өлкетану мұражайы және тарихи жәдігерлер» тақырыбы бойынша тарихи мұраны жеткізудегі жәдігерлердің рөлін сипаттау үшін мүмкіндігінше мұражай сабақтарын өткізу ұсынылады. Мұражайда өтетін сабақта білім алушылардың оқу материалдарын мұражайдағы бай қорды пайдалана отырып терең меңгертуге бағыттау ұсынылады.

Мұражай базасында өткізілген сабақтар білімалушылардың азаматтық және патриоттық қасиеттерін қалыптастыруға, олардың танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін, ой-өрісін кеңейтуге, тарихи және мәдени ескерткіштерге ұқыпты қарауға ықпал етеді.

6-сыныпта: «Топонимдер – өткен заманның куәгерлері», Мәдени-тарихи дәстүрді сақтаушылар: өлкенің ұлттық қолөнері», Туған өлке тарихының қазіргі кездегі куәгерлері» тақырыптары берілген. Өлкедегі жер-су атауларының тарихын, ұлттық қолданбалы өнері мен қолөнерді, қазіргі кездегі өлкедегі атақты тұлғалардың ерлік істері мен еңбегі туралы білім беруде білім алушылардың өлкенің негізгі ерекшеліктерін анықтауға және терең түсінуіне ықпал ету ұсынылады.

Осы сыныпта білім алушылар «Бір ел-бір тағдыр» тақырыбы арқылы аймақтағы әр түрлі ұлттардың тарихы, салт-дәстүрімен танысады. Бұл білімалушыларды бірыңғай әлеуметтік ортаға біріктіруге ықпал етеді.

7-сыныпта: «Өлкенің туристік маршруттары», «Туған жердің Атымтай жомарттары», «Туған өлкенің шежіресі», «Мектебімнің тарихы» тақырыптарын оқытуда білім алушыларға оқу мазмұнына сәйкес материалдарды анықтау, талдау, бағалау дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар беру ұсынылады.



«Қазақстан тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны

Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде 61-кестеде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.
61-кесте. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны


Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

5-сынып

1

2

2

3

6-сынып

1

1

3

2

7-сынып

1

1

3

2

8-сынып

2

2

3

1

9-сынып

2

3

3

3


«Дүниежүзі тарихы» пәнін оқытудың ерекшеліктері

«Дүниежүзі тарихы» пәні білім алушылардың бойында тарихи сана, толеранттылық, өз елі және басқа елдердің тарихы мен мәдениетіне құрметті қалыптастыру, ғасырлар бойы қалыптасқан жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгерту және зерттеушілік, ойлау, коммуникативті дағдыларды дамытуға бағытталған.

«Дүниежүзі тарихы» пәнінің білім мазмұны: әлеуметтік қатынастардың дамуы, мәдениеттің дамуы мен өзара әрекеттестігі, саяси жүйелердің дамуы мен өзара әрекеттестігі, экономикалық қатынастардың дамуы бөлімдерін қамтиды. Сондықтан 5-9-сыныптарда «Дүниежүзі тарихы» бойынша ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі әлеуметтік, мәдени, саяси, экономикалық салалардың негізгі даму кезеңдері оқытылады.

«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша оқу жүктемесі:


  1. 5-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

  2. 6-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

  3. 7-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

  4. 8-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

  5. 9-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.


«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны

Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде 62-кестеде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.

62-кесте. «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны




Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

5-сынып

2

2

2

2

6-сынып

2

2

2

2

7-сынып

2

2

2

2

8-сынып

2

2

2

2

9-сынып

2

2

2

2



«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері бойынша оқу процесін ұйымдастырудағы әдістемелік ерекшеліктер

  • Тарихты оқытуда келесілерге ерекше көңіл бөлу ұсынылады:

  • тарихты оқыту процесі білім алушының ақпараттың белгілі бір көлемін (тарихи даталар, ұғымдар, тұлғалар, оқиғалар) механикалық есте сақтауға емес, алған білімі мен білігін оқу мен тәжірибелік міндеттерді өздігінен шешумен сипатталатын тұлғалық құзыреттілігін дамытуға;

  • тарихи оқиғаларды, құбылыстар мен процестерді және тарихи тұлғалардың қызметін әлемдік және Отандық тарих контекстінде талдау және баға беру дағдыларын қалыптастыруға;

  • тарихи деректердің негізінде тарихи зерттеу жүргізу дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға (гипотезаларды ұсыну, зерттеу сұрақтарын құрастыру, деректерді талдау, әртүрлі көзқарастарды салыстыру, нәтижелер мен қорытындыларды шығару, өзінің ұстанымын анықтау);

  • қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерде бағдарлану үшін тарихи білімдерін қолдана білу дағдыларын қалыптастыруға бағытталуы тиіс.

  • Мұғалімнің сабаққа әзірлейтін тапсырмалары келесі критерийлерге сәйкес болуы қажет:

  • тапсырманың, оның мақсаты мен орындалуының қолжетімділігі;

  • дифференциацияны көздеу;

  • сын тұрғысынан ойлауды дамытуға мүмкіндік беру;

  • проблемалық оқытуға негізделуі;

  • бағалау мүмкіндіктерінің бар болуы.

Баяндама, эссе жазу, презентация жасау және т.б.бойынша тапсырма беру барысында мұғалімге оқушыларды тапсырманың критерийлерімен таныстыру ұсынылады.

  • Тарихты оқытуда білім алушының оқыған тарихи фактілер мен оқиғаларды кеңістікте бағдарлау дағдысын қалыптастыру мен тарихи картаны «оқып», оны білім көзі ретінде пайдалануына көңіл бөлу ұсынылады.

Білім алушыларда тарихи картамен жұмыстың негізі 5-сыныптан қаланады, ол картаның шартты белгілерін қолдана білуі, тарихи және географиялық нысандарда дұрыс бағдарлана білуді қажет етеді.

Мысалы 6-сыныпта «VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау» атты оқу мақсаты бойынша мұғалім білім алушыларға тарихи картаны пайдаланып түсіндіруге тапсырма бере алады, бұл білім алушылардың бойында уақыт пен кеңістікте бағдарлану дағдыларының дамуына септігін тигізеді. Сондықтан білім алушының алған тарихи білімін кеңістікте бағдарлауға мүмкіндік беретін картографиялық дағдысын дамыту ұсынылады. Бұл тарихи оқиғаларды, олардың өзгерісі мен даму жағдайын картада белгілеуге берілетін тапсырмалардан көрінеді. Білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, презентация, интеллект карталар, диаграммалар жасауға тапсырмалар беру ұсынылады.

7-9-сыныптарда тарихи картаның мазмұнын талдауды қажет ететін тапсырмалар жасай отырып, картамен жұмысты күшейту ұсынылады.

9-сыныпта тарихты оқыту білім алушылардың қазіргі заман тарихының маңызды процестеріне, құбылыстарға, оқиғаларға және ұғымдарға баса назар аударуға, тарихи оқиғаларды, талдау, салыстыру, көрнекті тарихи тұлғалар қызметін бағалау, алған білімі негізінде өз ойын дәлелдеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Білім алушыларды оқытылатын кезеңдегі ғылым мен мәдениеттің көрнекті өкілдері мен саяси жетекшілердің қызметіне, тарихи оқиғаларға салыстырмалы талдау жасау, баға беруге дағдыландыру ұсынылады.

Мысалы, «Қ.Сатбаев – жан-жақты ғалым» тақырыбы бойынша оқытуда білім алушыларды Қаныш Сәтбаевтың Қазақстан өнеркәсібін дамытудағы қызметіне талдау жасауға және ғылымды дамытудағы рөліне баға беруге бағыттау ұсынылады.

«Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы шайқастарына қатысуы» тақырыбы бойынша білім беруде қазақстандықтардың Екінші дүниежүзілік соғысының жеңісіне қосқан үлесіне баға беруде 2019 жылы мерейтойлық күндері атап өтілетін Н.Әбдіров, С.Баймағамбетов, Т.Тоқтаров, Леонид Беданың ерлігіне қосымша материалдар негізінде талдау жасауға бағыттау ұсынылады. Сонымен қатар, Бауыржан Момышұлының батырлық, тұлғалық қасиетін айқындау бойынша тапсырма беру ұсынылады.


  • Тарихты оқытуда тарихи концепт бойынша берілетін тапсырмаларды оқушылардың тарапынан тек қана себеп пен салдарларды анықтаумен қатар, бұл себептерді берілген белгілері бойынша жіктеу (мазмұны, уақыты және рөлі бойынша), түрлі себептер арасында өзара байланысты анықтау және оларды маңыздылық деңгейі бойынша орналастыруға бағыттау ұсынылады.

  • Тарихи деректердің интерпетациясы бойынша тапсырмалар әзірлеуде оқушылардың тарихи дерекпен жұмыс істеуі олардың жас ерекшеліктері мен танымдық мүмкіндіктерін, дайындық деңгейін ескере отырып біртіндеп күрделендіру ұсынылады. Тарихты оқытуда түрлі тарихи деректерді, аудио және бейне материалдарды, иллюстрацияларды қолдану ұсынылады.

Оқу процесінде білім алушыны ынталы, қызығушылығы жоғары, дербес, сенімді, жауапты, талдау жасай алуға бағыттайтын оқытудың түрлі формалары ұсынылады:

  • мұқият іріктелген тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы білім алушыларды ынталандыра және дамыта оқыту;

  • білім алушыларды зерттеу және зерттеушілік жұмыстарын жүргізуге негізделген белсенді оқытуды ұйымдастыру;

  • білім алушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту;

  • білім алушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар құрастыру;

  • білім алушылардың жеке, жұптық, топтық және тұтас сыныптық жұмыс түрлерін ұйымдастыруды қолдану;

  • оқу процесінде тарихи құжаттардың фрагменттерін талдау, ақпарат жинақтау және қорытынды жасау, себеп-салдарлық байланыстарды орнатуды және т.б. талап ететін тапсырмаларды кеңінен қолдану;

  • сабақта білім алушының біліміндегі кемшіліктерді уақытында анықтауға мүмкіндік беретін кері байланысты ұйымдастырудың әр түрлі әдістерін қолдану.

  • Тарихи тұлғаға сипаттама бергенде мынадай арнайы жадынаманы қолдану ұсынылады:

- тарихи қайраткердің сыртқы бейнесін суреттеу;

- тұлғалық белгілерін сипаттау;

- өмірінің ең жарқын мыңызды фактілерін атау;

- тұлғаның тарихқа қосқан үлесіне баға беру.

Бұл тарихи тұлғалардың іске асырған ерекше әрекеттерінің білім алушының есінде ұзақ сақталуына мүмкіндік береді.

Тарих пәні ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды, адамдардың құқығы мен бостандығын құрметтейтін және қабылдайтын, Отанының дамуына өз үлесін қосуға ниетті тұлғаны тәрбиелеуден көрінетін «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бағыттарын іске асыруда маңызды рөл атқарады.

Білім алушылардың тарихи білімін тәжірибеде нақтылау мақсатында мүмкіндігінше мұражайларға, тарихи ескерткіш орнатылған немесе тарихи-археологиялық орындарға экскурсиялар ұйымдастыру ұсынылады.

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша ұсынылатын сайттар: http://www.tarih-begalinka.kz; http://www.e-history.kz; http://bilimsite.kz/tarih/; http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.

«Дүниежүзі тарихы» пәнінен ұсынылатын сайттар:

http://www.world-history.ru; http://historic.ru; http://historyatlas.narod.ru; http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.



Тәрбиелік компонент

Пән мазмұны біздің ата-бабаларымыздың бірегей мәдениетін, Қазақстанның әлемдік тарихтағы орны мен рөлін, оның әлемдік өркениетке қосқан үлесін түсінуге, мүмкіндік береді.

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2019-2020 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:

1. Ұшқыш-шабуылдаушы, Кеңес Одағының Батыры Нүркен Әбдірұлы Әбдіровтің туғанына 100 жыл. (1919 жыл.9 тамыз);

2. Мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың туғанына 125 жыл. (1894 жыл.26 желтоқсан);


  1. ҚҒА Тұңғыш президенті, мемлекет және қоғам қайраткері Қаныш Сәтбаевтың туғанына 120 жыл;

  2. Республикалық «Казахстанская правда» газетінің шыққанына 100 жыл. (1920 жыл.1 қаңтар);

  3. Кеңес Одағының Батыры, «Ленин» ордені мен бірқатар медальдардың иегері Сұлтан Біржанұлы Баймағамбетовтың туғанына 100 жыл. (1920 жыл.1 сәуір);

  4. Қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, ойшыл, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер Абай Құнанбайұлының туғанына 175жыл. (1845 жыл.10 тамыз);

  5. Ұлы Отан соғысының жеңісіне 75 жыл.

  6. Ұшқыш-шабуылдаушы, КСРО еңбек сіңірген әскери ұшқыш, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, «Ленин», төрт мәрте «Қызыл Ту», «Александр Невский», I дәрежелі «Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз» ордендері мен бірқатар медальдардың иегері Леонид Игнатьевич Беданың туғанына 100 жыл. (1920 жыл.16 тамыз);

  7. Кеңес Одағының Батыры, «Ленин» ордені мен бірқатар медальдардың иегері Төлеген Тоқтаровтың туғанына 100 жыл. (1920 жыл.19 желтоқсан);

Мектепте сыныптан тыс жұмыстар төмендегі шаралар арқылы жүзеге асады:

- базалық кәсіпорындарда, табиғат аясында, мәдени мекемелерде, мұражайларда;

- таңдауы бойынша еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша сайыстар мен олимпиадалар жүргізу;

- оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар өткізу;

- кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу және т.б.

Сыныптан тыс жұмыстар білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, алған білімдерін тереңдетіп, өздігінен іздене білуге үйретеді. Сонымен қатар теориялық білімін кеңейтіп толықтырады және білім алушылардың жеке қабілетін дамыта түседі.


«Құқық негіздері» оқу пәні

Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуының басты  алғышарттарының бірі – азаматтардың құқықтық білімін жетілдіріп, құқықтық сауаттылық пен мәдениениетін қалыптастыру. Сондықтан жалпы білім беретін мектептерде «Құқық негіздері» пәнін оқыту оқушылардың қоғамда әлеуметтік бейімделуі үшін қажетті негізгі құқықтық білімдері мен дағдыларын меңгеруді қамтамасыз етуге бағытталған.



«Құқық негіздері» оқу пәнінің мақсаты - құқық жөнінде негізгі білімдерді игеру арқылы құқықтық тұрғыдан сауатты азаматты тәрбиелеу және олардың бойында заңды құрметтеу дәстүрі мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру, өз азаматтық құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға қажетті білім мен дағдыларды қалыптастырып дамыту болып табылады.

Пәнді оқыту оқушыларда азаматтық құқықтарын жүзеге асыруға, мiндеттемелерiн орындауға қажетті білім мен дағдыларды, саяси-құқықтық сананы қалыптастырады.

«Құқық негіздері» оқу пәнінің базалық білім мазмұны: Құқық және мемлекет, Конституциялық құқық, Азаматтық құқық, Еңбек құқығы, Отбасы құқығы, Әкімшілік құқық, Қылмыстық құқық бөлімдерін қамтиды.

«Құқық негіздері» оқу пәні бойынша оқу жүктемесі: 9-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

Ұзақ мерзімді жоспардағы тақырыптар проблемалық сұрақтар түрінде құрастырылған. Оның басты себебі – кез-келген тақырып оқушыларды бірден ойландырады және оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, проблемалық сұрақ қоюға, өздігінен талдау жасау дағдыларын дамытуға жәрдемдеседі.

«Құқық негіздері» пәнін оқытуда келесі педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолдану ұсынылады:


  • «Кейс стади», оқушылардың проблемаларды анықтауда өз ойларын, пікірлерін айту, дәлелдеу, гипотеза ұсыну, зерттеуді одан әрі жоспарлау қабілеттерін дамытатын ынталандырушы–проблемалық, ситуациялық жағдай туғызу;

  • белгілі бір тақырып бойынша «миға шабуыл», «фишбоун», «автор орындығы», т.б. әдістерін ұйымдастыру (проблемаларды табу, әр оқушының идеясын ұсыну, бүкіл сыныппен талқылау, оны талдау және шешімнің дұрыс нұсқасын қабылдау);

  • сабақта оқушылардың белсенділігін қажет ететін құқықтық проблемаларды талқылау;

  • оқушылардың пікір-талас өткізу және құқықтық мәселелерді талқылауына игі ықпал ету үшін компьютерлік қарым-қатынас құралдарын (мысалы, онлайн-форумдар, конференциялар) пайдалану.

Оқушылардың құқықтық мәселелер мен жағдайаттарға талдау жүргізу үшін сабақта құқықтық-нормативтік актілермен, заң түсіндірмелерімен және т.б. құқықтық деректермен жұмысты көптеп ұйымдастыру ұсынылады.
«Құқық негіздері» оқу пәні бойынша жиынтық бағалау саны

Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде 63-кестеде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.

63-кесте. «Құқық негіздері» оқу пәні бойынша жиынтық бағалау саны




Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

9-сынып

1

1

1

1


«Зайырлылық және дінтану негіздері» факультатив курсы

2019-2020 оқу жылында жалпы білім беретін мектептердің 9-сыныбында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы


15 шілдедегі №281 бұйрығына сәйкес «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсы оқытылады.

«Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсын міндетті түрде оқыту үшін 9-сыныпта үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат бөлінеді. Курсты «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы бойынша біліктілікті жетілдіру курсынан өткен, сертификаты бар «тарих» пәнінің мұғалімдері жүргізеді.



Осы факультативтік курс сыныптың оқу журналына жазылады.

«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсының мәні және маңызы оның қазіргі қоғам қажеттілігі мен тұрақтылығының ғылыми тұғырнамасы ретіндегі өзектілігінен, қоғам тарихы, мәдениеті мен рухани құндылығын анықтайтын бастаулардан тұрады. «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы жалпы орта білім жүйесіндегі әлеуметтік-гуманитарлық және қоғамтанулық білімнің құрамдас бөлігі болып табылады.

2019-2020 оқу жылында «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы бойынша оқу процесін ұйымдастыруда келесі оқу бағдарламасы қолданылады:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі №281 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 9-сыныбына арналған «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсының оқу бағдарламасы.

Бұл курсты ҚР Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі № 281 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсынан өткен тарих пәнінің мұғалімдері жүргізеді.

Білім беру ұйымдарының жетекшілеріне осы курсты жүргізетін тарих пәні мұғалімдерінің мамандандырылуын тереңдетіп, басқа мұғалімдердің ауыстырылуына жол бермеу ұсынылады.



«Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсын оқытудың мақсаты:

- білім алушыларды «зайырлылық» принципін құндылық, яғни мемлекет баяндылығының басты тұғыры ретінде қабылдауға, дінді зайырлы таным аясында тануға үйрету;

- діни сенім бостандығы, әлемдік және дәстүрлі діндердің, жаңа діни қозғалыстардың тарихы мен қазіргі жай-күйі, теріс пиғылды діни ағымдар мен тыйым салынған діни ұйымдар туралы білім беру;

- білім алушыларды экстремизм, терроризм және діни радикализм идеологияларын қабылдамауға үйрету, рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде толеранттылық қасиетке тәрбиелеу және олардың гуманистік дүниетанымын қалыптастыру.

«Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсын оқытудың міндеттері:

1) білім алушыларға діннің мәні, тарихы және оның қазіргі қоғамдағы рөлі жөнінде жүйелі білім беру;

2) зайырлылықты мемлекеттілік пен тәуелсіздіктің негізі ретінде таныта отырып, осы бағытта білім беру;

3) зайырлылық тұрғысынан діни сана, діни сенім, діни таным және діни тәжірибе негіздерін салыстыра білу дағдысын қалыптастыру;

4) діннің дүниетанымдық, мәдениеттану және адамгершілік мәнін түсіндіру;

5) білім алушыларды діни сенім бостандығын құрметтеуге, толеранттылыққа баулу арқылы қазіргі қоғамдағы діни ағымдарға зайырлылық принципі негізінде баға беру дағдысын қалыптастыру;

6) Қазақстандағы этносаралық, конфессияаралық келісімді зайырлылық нәтижесі ретінде таныта отырып, білім алушылардың бойында азаматтық мінез бен жауапкершілік қасиетті тәрбиелеу;

7) экстремизм, терроризм, діни радикализм секілді жаһандық жағымсыз құбылыстардың теріс идеологияларының ұлттық қауіпсіздікке, зайырлылық принципіне, қоғам тұрақтылығына төндіретін қауіп-қатерін түсіндіре отырып, зайырлы мемлекет принципіне құрмет сезімін тәрбиелеу;

8) құқықтық сауаттылықтың қоғам өміріндегі маңызын түсіндіру, осы тұрғыдағы білімін арттыру.

Бағдарламада берілген оқу материалын меңгеру аясында «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Адам. Қоғам. Құқық», «Қазақ әдебиеті» пәндерімен және «Абайтану» курстарымен пәнаралық байланыс пен сабақтастық принципін орнату қарастырылған.



«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсының мазмұндық желісі

Бағдарламада дін тарихын, оның жекелеген бағыттары мен ағымдарын егжей-тегжейлі сипаттау міндеті қойылмайды, тек жалпы мәліметтер беріледі.

Бағдарламада діни нанымдар мен діндердің пайда болуы, нығаюы және дамуы бойынша тарихи шолумен қатар: Зайырлы мемлекет және дін, зайырлық этикасы негіздері, адамның рухани өмірі мен қоғамдағы діннің рөлі, діни бірлестіктер мен ағымдар, жаңа діни ағымдар мен дәстүрлі діни жүйелердің танымдық, психологиялық, тұрмыстық деңгейдегі қарама-қайшылықтар диллемасы тақырыптары қамтылған.

Білім алушылардың жоғары рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда Әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи, Абай, Ыбырай, Шәкәрім сияқты көрнекті ағартушылар мен ойшылдардың мәдени және рухани мұраларын оқыту айрықша маңызға ие.

Деструктивті ағымдардың, тыйым салынған діни ұйымдардың, бірлестіктердің белгілері мен салдарларын танып білуіне, діни экстремизм мен терроризмнің ұлттың қауіпсіздігі үшін қатерлілігін білім алушылардың ұғынуына айрықша назар аударылған.

«Қазақстан – дінаралық бейбітшілік пен келісім елі. Қазақстан Республикасының дін туралы заңнамалары. Зайырлылық – ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттік жүйенің іргетасы» мазмұндық желілері курстың басты жолы болуы тиіс.

Курстың мазмұнында білім алушылардың өзіндік зерттеу әрекеттерін ұйымдастыратын шығармашылық жобалар қарастырылған. Шығармашылық жобаларда, түрлі нысандағы ұйымдастырылған өздігінен жасалынған зерттеу жұмыстары барысында діндер мазмұнындағы рухани құндылықтар мен Қазақстанның дінге қатысты саясатының мәні мен мақсатын, діни бірлестіктер мен ағымдардың қызметі, мүддесі мен мақсатын ашып көрсетеді.

Курстың мазмұнын жүйелі және толық игерген жағдайда білім алушылар өмірге қажетті Қазақстан аумағындағы діндер мен діни бірлестіктердің мақсаты мен ерекшеліктері, Қазақстан Республикасының дінге қатысты саясатының мақсаты мен мәнін түсінетін мағлұматтар мен білімді меңгереді. Сонымен, жүйелі түрде игерілген білім кез келген білім алушыға Қазақстан Республикасының толыққанды азаматы ретінде рухани толысуға, өз халқының рухани мәдениетін деструктивтік, радикалды діни бірлестіктердің зиянды әрекетінен сақтану және қорғау мүмкіндіктерін қалыптастыруға мүмкіндік алады, екінші жағынан, адамның қандай дінге жататынын анықтау, діни сана-сезім, басқа діндерге көзқарас және ізгілікті қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырады.

Бұл қурс білім алушылардың гуманистік дүниетанымға, жалпыадамзаттық құндылықтарға және толеранттыққа қайшы келетін ұстанымдар туралы ұғымдарын қалыптастырады.

Оқу процесін ұйымдастыруға әдістемелік нұсқаулық.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу процесін келесі дидактикалық принциптерге сәйкес ұйымдастыру ұсынылады: ғылыми негізділік және қолжетімділік; жүйелілік пен сабақтастық; көрнекілік және абстрактылық; зерделілік және танымдық белсенділік; білімді меңгерудің орнықтылығы; пәнаралық және пәнішілік байланыс; табиғи сәйкестілік принципі; проблемалық принципі; саралау және даралау; оқу тапсырмалары деңгейінің әртүрлілігін қамтамасыз ету.

«Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсының оқу процесін ұйымдастыру барысында пікірталас, дөңгелек үстел, топпен талқылау, шағын жобаларды қорғау, рөлдік ойын және т.б. оқыту формаларын қолдану тиімді.

«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы аясында алған білімдерін бекіту мақсатында білім алушыларға қызықтыратын тақырыптары бойынша шығармашылық-жобалық жұмыстарын жасауға болады.

Жобаларды жеке және ұжыммен орындай алады. Олардың саны алған білімдерін бекіту үшін жеткілікті болуы керек.

Жобалар:

- дін мәселелері бойынша ғылыми-көпшілік басылымдар, журналдар, газет мақалаларына талдау жасау, таңдап алынған тақырыптары бойынша ауызша және жазбаша хабарлама дайындау, жағдаяттармен жұмыс жасау;

- дәстүрлі діндердің біртұтас платформалары мен жалпы тұжырымдамаларын анықтау, оларды дәлелдей білулерін қалыптастыру;

- еліміздегі және өңірлердегі діни жағдайларды сараптау;

- Қазақстандағы қасиетті жерлер туралы ақпараттық шолу дайындау;

- толеранттылық және дінаралық келісім орнаған еліміздегі зайырлылықты дәлелдейтін мысалдар дайындауды қамтуы керек.

Оқу барысында:

- мәдени-тарихи, өркениеттілік мәніндегі, дін саласындағы Қазақстанның қазіргі саясаты мен қағидаларын басшылыққа алу;

- пәнді оқыту барысында қандай да бір діни бағыттарға артықшылықтар бермеу;

- жобаларды орындау үшін қажетті жағдайлар жасау;

- ақпарат, дін, рухани құндылықтар, мәдениет саласына қатысты заңнамалар талаптарын сақтауға ерекше көңіл бөлу қажет.

«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсын оқытуда білім алушының құбылыстарды бүтіндей тұтас қабылдауын қалыптастыру үшін білім алушының келесі пәндерді зерделеудегі пәнаралық білімін кіріктіріп қолдану ұсынылады:

«Қазақ тілі», «Орыс тілі»:


  • білім алушылардың сөздік қорын зайырлылық және дін саласына қатысты терминдермен толықтыру;

  • ұлттық мәдениетке және басқа халықтардың рухани - мәдени қайнар көздеріне құрмет пен ашықтыққа тәрбиелеу.

«Әдебиет»:

  • дін қайраткерлерінің шығармаларын - қосымша көркем әдебиеттерді зерделеу, олардың жұмыстарын қазіргі рухани құндылықтар мен зайырлылық тұрғысынан бағалауды іске асыру;

«Тарих»:

  • зайырлылық пен діндердің пайда болуы, таралуы және даму процестерін тарихи негіздеу;

  • қоғамдық қатынастарға тарихи талдау жасау арқылы адам мен қоғам өмінідегі зайырлылық пен діндер рөлінің мәнін түсіну;

«География»:

- діндердің таралуының тарихи-географиялық кеңістігін дұрыс анықтау.



Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:

«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсын оқу нәтижесінде білім алушылар:



  • ғылыми тұрғыдан алғанда негізгі діни терминдер мен құбылыстарды;

  • зайырлылық және дін ұғымдары ара-қатынасын;

  • мемлекет, дін бірлестіктері және мәдениет арасындағы қарым-қатынасының мәнін;

  • діндер тарихы мен діни сенім ерекшеліктерін;

  • қазақ мұсылмандығының танымдық ойларын;

  • «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын;

  • Әл-Фарабидің, Қожа Ахмет Ясауидің, Абайдың, Шәкәрімнің, Ыбырай Алтынсариннің мәдени-ағартушылық рухани мұраларын;

  • республикадағы мемлекет, мәдениет және діни бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастың жайын;

  • Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың конфессияаралық келісімін, елдегі және халықаралық деңгейдегі тұрақтылықты сақтау, елдегі және халықаралық қауымдастықтағы адамдардың шынайы діни сенімдеріне деген сыйластықты көрсету саясатын;

  • экстремистік, террористік, теріс сипаттағы ұйымдардың ерекшеліктерін, қауіптілігін біледі.

Сонымен бірге білім алушылар :

  • зайырлық, діни сана-сезім, діни сенім, діни тәжірибе, діни ой-сана ұғымдарының ара жігін ажырату,

  • экстремистік, террористік сипаттағы діни топтар мен ағымдар идеологиясы мен практикасына қарсы тұра білу иммунитетін қалыптастыру;

  • діни, рухани маңызды мәселелер бойынша әртүрлі ой-талқы жасау, пікір-таластыра білу, осы саладағы маңызды оқиғалар мен құбылыстар, тұлғалар туралы мәліметтерді сауатты жеткізе білу;

  • өз бетімен зайырлық және діни шығармалар туралы қажетті ақпараттық деректер нұсқасында тауып және оларды сараптай отырып қолдана біледі.

Оқыту барысында мұғалім білім алушының бойында экстремистік, террористік діни топтар және ағымдар идеологиясы мен тәжірибелеріне қарсы имунитет қалыптастыруға қол жеткізуі тиіс.
« Өзін-өзі тану» оқу пәні

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу үдерісінің басты міндеті: тұлғаның құндылықтар жүйесін, қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шығармашылықпен шешудің іс жүзіндегі дағдыларын анықтау; оқушылардың әлеуметтік мәнді бағдарларын, яғни адамның өзіне, қоршаған әлемге, жалпы адамзатқа қатысына себепші болатын адамгершілік тәртіп негіздерін қалыптастыру; жас ерекшеліктеріне қарай, жеке тұлға ретінде, іс-әрекет субъектісі ретінде дамыта отырып, әрбір адамның табиғатына салынған жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару.

5-9-сыныптардағы «Өзін-өзі тану» базалық мазмұны төрт тарауды қамтиды: «Таным қуанышы»; «Адам болам десеңіз ...»; «Адам және әлем»; «Адамзаттың рухани тәжірибесі».

Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: аптасына 1 сағат, 5-9 сыныптарда – 34 сағат.

Оқушылардың білімін бағалау. Рухани-адамгершілік білім берудің ерекшеліктеріне сәйкес сандық емес, сапалық баға маңызды, сондықтан әрбір жартыжылдықтың қорытындысы бойынша «Сынақ» бағасы қойылады. Егер оқушы Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған "Өзін-өзі тану" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасында көрсетілген дайындық деңгейіне қойылатын барлық талаптарды орындап, жоба күнделігін әзірлесе, оқушыға «Сынақ» қойылады.

«ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӨНЕР» БІЛІМ САЛАСЫ
«Технология және өнер» білім саласы бойынша келесі пәндер оқытылады: «Музыка» 5-6-сыныптар, «Көркем еңбек» – 5-9-сыныптар.
«Музыка» оқу пәні

5-6-сыныптарға арналған «Музыка» пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы оқу мақсаттарының жүйесі арқылы ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

Пәнді оқытудың мақсаты – қазақтың дәстүрлі музыкасы, әлем халықтары шығармашылығы, әлемдік классика және заманауи музыканың үздік үлгілері негізінде білім алушылардың музыкалық мәдениеттілігін қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту

Пәнді оқытудың міндеттері:өзге өнер түрлері мен оқу пәніне музыка өнерін кіріктіре отырып әлем тұтастығының бейнесі жөнінде түсінігін қалыптастыру; музыка өнерінің жалпы адамзаттық қажеттілікті құбылыс ретінде, оның адам өміріндегі рөлі мен маңыздылығы туралы түсінігін қалыптастыру; сын тұрғысынан ойлауы мен музыкаға жағымды қарым-қатынасын, музыкалық іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру; музыкалық шығармалар мен тапсырмаларды талдау, зерттеу және орындаушылық пен импровизациялау, презентациялау оқу пәндік-тақырыптық білім, білік, дағды аясында дамыту; музыкалық қабілеттілігін, белсенді шығармашылығын, орындаушылығы мен зерттеушілік дағдысын дамыту; музыка өнері негізінде коммуникация формалары жөнінде білімін қалыптастыру; музыкалық-шығармашылық жұмыстарға идеялар қосу негізінде өзін-өзі бағалау, өзін-өзі тану және өзін-өзі дамытуын қалыптастыру (шығармалар жазу, импровизация және өңдеу); ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын қолдану барысында музыкалық-орындаушылық және техникалық білімі мен біліктілігін қалыптастыру, дамыту.

«Музыка» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

1) 5-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты;

2) 6-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

«Музыка» пәнінің оқу бағдарламасының мазмұны бөлімдер бойынша ұйымдастырылған. Бөлімдер пән бойынша оқыту мақсаттары және оған қол жеткізу реттілігін сыныптар бойынша мазмұндайтын бөлімшелерге бөлінген.

Оқу пәнінің мазмұны 3 бөлімнен тұрады:

1. «Музыка тыңдау, орындау және талдау» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды: «Музыка тыңдау және талдау»; «Музыкалық сауаттылық»; «Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет».

2. «Музыкалық-шығармашылық жұмыстар жасау» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды: «Идеялар және материалдарды жинақтау»; «Музыка шығару және импровизация».

3. «Музыкалық-шығармашылық жұмысты таныстыру және бағалау» бөлімі келесі бөлімшені қамтиды: «Музыкалық-шығармашылық жұмысты таныстыру және бағалау».

«Музыка» пәнінің 5-сыныпқа арналған базалық мазмұны: «Қазақ халқының музыкалық мұрасы»; «Қазақтың дәстүрлі тұрмыс-салт әндері және заманауи музыка»; «Әлем халықтарының музыкалық дәстүрі»; «Музыка тілі – достық тілі»; «Өлкетану: Туған өлке симфониясы» бөлімдерін қамтиды.

«Музыка» пәнінің 6-сыныпқа арналған базалық мазмұны:«Классикалық музыканың үздік туындылары»; «Заманауи музыка мәдениеті»; «Музыка және өнер түрлері»; «Музыка – өмір тынысы»; «Өлкетану: Туған жердің таланттары» бөлімдерін қамтиды.

Әрбір бөлімшелерде көрсетілген оқу мақсаттары, мұғалімге үш түрлі
іс-әрекет арқылы (білім алушылардың музыкалық сауаттылықты зерделеу, музыкалық-орындаушылық және музыкалық-шығармашылық іс-әрекеті) жұмысты жүйелі жоспарлауға, олардың жетістіктерін бағалауға және оқытудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.

Оқу бағдарламасында оқу пәнінің мазмұнын анықтаудың негізі болып табылатын оқыту мақсаттарының жүйесі түрінде ұсынылған күтілетін нәтижелері қалыптастырылған. Мазмұны тұрғысынан оқу бағдарламалары білім алушыны өзін-өзі оқыту субьектісі және тұлғааралық қарым-қатынас субьектісі ретінде тәрбиелеуде нақты оқу пәнінің қосатын үлесін айқындайды.



«Музыка» пәні бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді.  «Музыка» пәні бойынша   жарты жыл және оқу жылының соңында «есептелінді» («есептелінген жоқ») деген белгі жазылады.

«Туған өлке симфониясы» және «Туған жердің таланттары» тақырыптары 2018-2019 оқу жылынан бастап «Өлкетану» кіріктірілген курсына енгізілген, ол 5-6-сыныптардың «Музыка» оқу пәнінің шеңберінде оқытылады. «Музыка» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2019-2020 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады.


«Көркем еңбек» оқу пәні

«Көркем еңбек» оқу пәнінің 5-9-сыныптарға арналған оқу бағдарламасының мазмұны оқыту мақсаттары жүйесінің шығармашылық әрекет үдерісі барысында тәжірибелік және негізгі білім қалыптастыруға бағытталған үш бөлім бойынша ұйымдастырылған:



  1. «Шығармашылық идеяларды дамыту және зерттеу» бөлімі;

  2. «Шығармашылық жұмыстарды жасау және дайындау» бөлімі;

  3. «Таныстырылым, талдау және шығармашылық жұмыстарды бағалау» бөлімі.

Оқу бағдарламасының мақсаты – өнер және еңбек технологиясы саласында функционалды сауаттылықты қалыптастыру, шындыққа шығармашылықпен қарайтын тұлға дамыту.

5, 6, 7, 8, 9 -сыныптарға арналған «Көркем еңбек» пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы оқу мақсаттары жүйесі арқылы ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

«Көркем еңбек» оқу пәнінің бағдарламасы: қоршаған ортада өнер, дизайн мен технология туралы түсінік пен білімді дамытуға; Қазақстан және әлем халықтарының көркем-мәдениет мұрасын оқып үйренуге; өнер мен дизайнның көркем тәсілдері арқылы шығармашылық идеяларды, технологиялық дағдыларды дамытуға; зерттеу, жасау, талдау, нысандарды көркем түрлендіру үдерісінде білім алушылардың шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға; оқу қызметінің барлық түрлерінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы тәжірибе алуға (зерттеу, идеялардың шығармашылықпен іске асыру, жұмыстардың таныстырылымы); жұмыс нәтижесі үшін түрлі ақпарат көздері мен ресурстарының маңыздылығын түсіне отырып, зерттеу мен пайдалануға; эстетикалық, еңбекке баулу, экономикалық, экологиялық, патриоттық тәрбиелеу мен рухани-өнегелік құндылықтарын қалыптастыруға; уақыт, материалдың қасиеті мен басқа да факторлардың әсерін анықтап және оны ескере отырып қызметін өз бетінше жоспарлай алуға; оқу мақсаттарына жетуде бірігіп жұмыс істеуді ұйымдастыру (жеке, жұптық және топтық жұмыс) бойынша тәжірибе жинауға бағытталған.

Жалпы негізгі білім беру жүйесіндегі «Көркем еңбек» пәнінің ерекшелігі әртүрлі өнер түрлерін зерделеу, идеяларын өнер тәсілдері арқылы көрсету, әмбебап (тұрмыстық) және арнайы (пәндік) білімдер мен икемділікті, материалдар мен нысандарды түрлендіру және көркем өңдеу дағдыларын, үй шаруашылығын жүргізу, технологиялар мен техниканы қолдану машықтарын иелену болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет