У ұйымдарында ОҚу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы


АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



бет28/34
Дата31.12.2019
өлшемі3,55 Mb.
#53902
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   34

13. АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ





Арнайы мектептерде, арнайы сыныптарда оқу-тәрбие процесі келесі нормативтік-құқықтық құжаттармен реттеледі:

- «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы;

- «Арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2017 жылғы 14 ақпандағы № 66 бұйрығы;

- «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығы;

- Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларға арналған типтік оқу бағдарламалары (ҚР БҒМ бұйрықтары № 352, 27.07.2017 ж., №469, 20.09.2018 ж.).

Жалпы білім беретін мектептерде құрылатын арнайы сыныптар оқушылардың даму бұзушылықтарының түрлері бойынша сараланады:

- есту қабілетінің бұзылыстары бар балалар үшін;

- көру қабілетінің бұзылыстары бар балалар үшін;

- сөйлеу қабілетінің ауыр бұзылыстары бар балалар үшін;

- тірек-қозғалыс аппаратында бұзылыстары бар балалар үшін;

- психикалық дамуы тежелген балалар үшін (бұдан әрі – ПДТ);



- ақыл-ой кемістігі бар балалар үшін (жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі).

Аталған сыныптар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 66 бұйрығына сәйкес жинақталады.

Бастауыш білім алу ұзақтығы 0 сынып есебінен 1 жылға, білім алушылардың танымдық іс-әрекеттердің ерекшеліктері, оқу қарқынының баяулауы, жалпы білім беретін пәндерге оқу бағдарламаларының мазмұнын толыққанды меңгеруге мүмкіндік беретін пропедевтикалық және компенсаторлық-дамыту бөлімдерін қосу қажеттілігі салдарынан 10 сынып есебінен 1 жылға ұлғайтылды.

0 сыныптарда оқу жылының ұзақтығы 32 оқу аптасын, 1 сыныптарда – 33 оқу аптасын, 2-12 сыныптарда – 34 оқу аптасын құрайды.

Есту, көру қабілеті бұзылған, тірек-қимыл аппараты бұзылған, сөйлеу қабілеті ауыр бұзылған, психикалық дамуы тежелген білім алушыларға арналған үлгілік оқу жоспарларының инвариантты бөлігінің жалпы білім беретін пәндерінің тізбесі және олардың негізгі мазмұны мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (бұдан әрі – МЖМБС) талаптарына сәйкес келеді (ҚР БҒМ 31.10.2018 ж. № 604 бұйрығы).

Оқыту арнайы оқу бағдарламалары ретінде (бағдарламалар Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы сайтында орналастырылған - www.nao.kz) білім алушылардың психофизиологиялық ерекшеліктері мен танымдық мүмкіндіктерін ескере отырып, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің оқу бағдарламалары негізінде, сондай-ақ жалпы білім берудің оқу бағдарламалары да әзірленген.

Оқу үдерісінде арнайы ОӘК, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептерге арналған ОӘК қолданылады.

Интеллектісі бұзылған білім алушыларға арналған үлгілік оқу жоспарының бөлімдері мен оқу пәндерінің тізбесі, сондай-ақ оқу бағдарламалары мен оқулықтардың мазмұны МЖМБС талаптарына бағдарланбаған оқу процесі жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған үлгілік оқу жоспарларына сәйкес, арнайы оқу бағдарламалары бойынша, мектепте барлық жыл бойы арнайы ОӘК-мен жүзеге асырылады.

Арнайы мектептердің (сыныптардың) педагогтары сынып құрамын және білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып дидактикалық, дамытушы материалдармен толықтырып таңдауға құқығы бар.

Дамуында кемістігі бар білім алушыларды оқытатын білім беру ұйымдары білім беру мазмұнының ерекшеліктерін және білім алушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып, білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау мен аралық аттестаттауды өткізудің түрлерін, тәртібі мен кезеңділігін дербес айқындайды.

Үлгілік оқу жоспары негізінде білім беру ұйымы әрбір сынып үшін жұмыс оқу жоспарын білім алушылар құрамының ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып жасайды. Педагогикалық кеңестің шешімі бойынша білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктеріне сәйкес (үлгілік оқу жоспары сағаттарының жалпы санының шеңберінен шықпастан) үлгілік оқу жоспарының пәндері арасында сағаттарды қайта бөлуге жол беріледі.

Білім беру ұйымы үйде оқитын білім алушылардың ата-аналарымен (немесе оларды алмастыратын тұлғалармен) бірлесіп, оқытылатын пәндердің тізбесін айқындайды, жеке мүмкіндіктеріне сәйкес сыныптар бойынша үйде жеке оқытудың үлгілік оқу жоспарының бөлінген сағаты шегінде пәндер бойынша сағаттарды бөледі.

Арнайы мектеп пен арнайы сыныптардағы оқу-тәрбие үдерісі мектеп штатында бар психологиялық-педагогикалық қолдау мамандары (психолог, логопед), арнайы педагогтар (тифлопедагог, сурдопедагог, олигофренопедагог, ЕДШ нұсқаушысы) жүргізетін білім алушының қажеттіліктерін психологиялық-педагогикалық бағалаудың деректеріне негізделген сараланған және жеке тәсілдемелерін пайдалана отырып жүзеге асырылады.

Педагогтар мен психологиялық-педагогикалық қолдау мамандарының жұмысы командалық тәсілдемелерді қолдану арқылы жүзеге асырылады, мектеп директоры бекіткен жергілікті нормативтік актілермен реттеледі.

Арнайы мектеп пен арнайы сынып білім алушылары үлгілік оқу жоспарының (түзету компоненті) тиісті бөлімінде бөлінген сағат шеңберінде психологиялық-педагогикалық қолдау мамандары өткізетін фронтальды, кіші топ және жеке сабақтарда арнайы психологиялық-педагогикалық көмек алады. Түзету сабақтары арнайы мектептер мен арнайы сыныптардың барлық түрлерінде міндетті болып табылады. Түзету компоненті пәндерін оқу жоспарының инвариантты компоненті пәндерімен ауыстыруға, сондай-ақ осы сағаттардың санын қысқартуға жол берілмейді.

Арнайы мектептер мен арнайы сыныптардың жұмысы ұзартылған күн тәртібінде 0-4 сыныптарда, ал 5-9,10 сыныптарда – мектеп басшылығының қалауы бойынша ұйымдастырылады, бұл бұзылған қызметтерді еңсеру және өтеу, қажетті денсаулық сақтау педагогикалық режимді қамтамасыз ету, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар жасайды.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды еңбекке оқыту жұмыс кадрларына қажеттілікке бағдарланған өңірлік, жергілікті жағдайларға сүйене отырып және психофизикалық дамудың жеке ерекшеліктерін, денсаулығын, мүмкіндіктерін, сондай-ақ еңбек бейінін таңдау негізінде тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің мүдделерін ескере отырып ұйымдастырылады. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін еңбекке оқыту бейіндері бойынша үлгілік оқу бағдарламалары не оқушылардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескере отырып мұғалімдер жасаған және мектептің педагогикалық кеңесі бекіткен бағдарламалар пайдаланылады.

Кәсіптік-еңбекке оқыту бойынша сабақтар үшін сыныптар 5-ден бастап, ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған сыныптар 4-ден бастап екі топқа бөлінеді. Еңбек түрлері бойынша топтарды топтастыру дәрігердің ұсынымдары негізінде оқушылардың психофизикалық жағдайы мен мүмкіндіктерін ескере отырып жүзеге асырылады. Білім алушылардың параллельді және аралас сыныптардан кіші топтарға бірігуі мүмкін. Әлеуметтік - тұрмыстық бағдарлау сабақтарын өткізу кезінде сынып да екі топқа бөлінеді.

Есту, көру, сөйлеу қабілеті бұзылған, тірек-қимыл аппараты бұзылған, психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнайы мектеп түлектері алған білім деңгейін растайтын мемлекеттік үлгідегі аттестат алады. Жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар түлектер арнайы білім беру ұйымының осы түрі үшін белгіленген үлгідегі аттестат алады («Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы ҚР БҒМ 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығы»).

1. Есту қабілеті бұзылған (естімейтін) білім алушыларға арналған арнайы мектепте (сыныпта) оқыту ерекшеліктері.

Білім беру процесі келесідей деңгейлерге бөлінеді:

– бастауыш білім беру – 0, 1-4 сыныптар;



– негізгі орта білім – 5-10 сыныптар.

Мектепке дейінгі алдын ала дайындықтан толық көлемде өтпеген балалар дайындық (0) сыныбына түседі. Оқыту арнайы әдістемелік және дидактикалық материалдарды қолдана отырып, арнайы оқу бағдарламалары бойынша жүргізіледі. Оқу үрдісінде жалпы білім беретін мектептердің оқулықтары қолданылады.

Типтік оқу жоспарында міндетті түзету пәндері ұсынылған:

- жоғары психикалық қызметтерді қалыптастыру, жалпы білім беретін пәндер бойынша білімді меңгеруге арналған база ретінде тұрмыстық ұғымдарды меңгеру үшін тілді меңгеру;

- электракустикалық аппаратураны қолдану арқылы есту қабылдауының қарқынды дамуы жағдайында қозғалыстар мен сөйлеуді дамыту;

- білім алушының коммуникативтік іс-әрекетін қамтамасыз ету, ауызекі сөйлеу сөздігін дамыту. Республика мектептерінде естімейтіндерді оқыту процесі есту-көру негізінде жүзеге асырылады, оқыту процесінде ымдау тілі бағдарламалық материалды тереңірек түсіну үшін көмекші құрал ретінде пайдаланылады;

- ауызекі сөйлеуді қалыптастыру және қалған сөйлеуде есту қабілетін дамыту.

Түзету циклінің сабақтары топпен, кіші топтармен және жеке, күннің бірінші және екінші жартысында өткізіледі.

Негізгі мектеп курсы үшін жалпы білім беру бағдарламаларын табысты меңгерген білім алушылар үшін жалпы орта білім мен мамандық алу мақсатында кәсіптік колледждерде, кешкі мектепте одан әрі білім алуы мүмкін.

2. Есту қабілеті бұзылған (нашар еститін, кеш еститін) білім алушыларға арналған арнайы мектепте (сыныпта) оқыту ерекшеліктері.

Білім беру процесі келесідей деңгейлерге бөлінеді:

– бастауыш білім беру – 0, 1-4 сыныптар;

– негізгі орта білім – 5-10 сыныптар.

Мектепке дейінгі алдын ала дайындықтан толық көлемде өтпеген балалар дайындық (0) сыныбына түседі. Оқыту арнайы әдістемелік және дидактикалық материалдарды пайдалана отырып, арнайы оқу бағдарламалары бойынша жүргізіледі. Оқу үдерісінде жалпы білім беретін мектептердің оқулықтары қолданылады.

Есту қабылдауын дамытуға, айтылу жұмыстарына, еріннен оқуға арнайы көңіл бөлінеді, бұл оқушылардың ауызша сөйлеуін қалыптастыру мен жетілдірудің есту-көру негізін құруға ықпал етеді.

Негізгі мектеп курсы үшін жалпы білім беру бағдарламаларын табысты меңгерген білім алушылар үшін жалпы орта білім мен мамандық алу мақсатында кәсіптік колледждерде, кешкі мектепте одан әрі білім алуы мүмкін.

3. Көру қабілеті бұзылған (көзі көрмейтін, нашар көретін, кеш көретіндер) білім алушыларға арналған арнайы мектепте (сыныпта) оқыту ерекшеліктері.

Білім беру процесі келесідей деңгейлерге бөлінеді:

– бастауыш білім беру – 0, 1-4 сыныптар;

– негізгі орта білім – 5-10 сыныптар;

– жалпы орта білім – 11-12 сыныптар.

Орта білім алу ұзақтығы көзі көрмейтін және нашар көретін білім алушылардың танымдық іс-әрекетінің ерекшеліктері салдарынан ұлғайтылды; оқыту қарқынының баяулауы және жалпы білім беретін пәндерге пропедевтикалық бөлімдерді қосу қажеттілігі, білім алушылардың қоршаған орта туралы түсініктері мен білімдеріндегі олқылықтарды толтыруға мүмкіндік беретін; көзі көрмейтіндерге ақпарат алудың сукцессивті тәсілін қолдану (түйсікті пайдалану); Брайль жүйесі бойынша жазу мен оқуға, бедерлі суреттер мен сызбаларды оқуға оқыту ерекшеліктері; бақылау, практикалық және зертханалық жұмыстарды жүргізу кезінде кеңістікте бағдарлануға арналған тифлоприборлар мен ыңғайлы бұйымдарды пайдалану қажеттілігі.

Мектепке дейінгі дайындықтан өтпеген 6-7 жастағы балалар үшін дайындық (0) сыныбы ұйымдастырылады. 1-4 сыныптарда білім алушылардың функционалдық сауаттылығының негізі қаланады, қарым-қатынас пен оқу еңбегінің негізгі біліктері мен дағдылары қалыптасады, кейіннен негізгі жалпы білім беру бағдарламасын меңгеру үшін база құрылады.

11-12 сыныптарда бейіндік оқыту екі бағыт бойынша жүзеге асырылады: қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық.

Бір немесе екі бағытты таңдауды мектеп білім алушыларының қажеттіліктерін және ата-аналардың сұраныстарын ескере отырып жүзеге асыралады.

Нашар көретіндерде қалдықты көру және көру қабылдауын дамыту; әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау (ӘТБ), кеңістіктік бағдарлау; мимика мен пантомимиканы дамыту; сөйлеу және қозғалыс дамуының кемшіліктерін түзету бойынша жұмыстар жүргізілетін білім беру процесінің түзету бағыты жалпы білім беретін пәндер бойынша сабақтарда, арнайы түзету сабақтарында қамтамасыз етіледі.

Факультативтік сабақтар мен элективті курстар сағаттары жалпы білім беру циклінің пәндерін оқу, жаңа пәндерді жүргізу, қосымша білім беру модульдерін, арнайы курстар мен практикумдар, жеке және топтық сабақтарды өткізу үшін, жеке білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруда қолданылуы мүмкін. Көзі көрмейтін балаларды оқыту жалпы білім беретін мектептерге арналған Брайль шрифтімен басып шығарылған оқулықтар бойынша, ал нашар көретіндер үшін– ірі баспалы шрифтпен жүзеге асырылады.

4. Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған арнайы мектепте (сыныпта) оқыту ерекшеліктері.

Білім беру процесі келесідей деңгейлерге бөлінеді:

– бастауыш білім беру – 0, 1-4 сыныптар;

– негізгі орта білім – 5-10 сыныптар;

– жалпы орта білім – 11-12 сыныптар.

Мектепке дейінгі дайындықтан өтпеген 6-7 жастағы балалар үшін дайындық (0) сыныбы ұйымдастырылады.

1-4 сыныптарда жалпы тапсырмалар мен арнайы дамыту тапсырмалары (білім алушылардың қозғалыс аймағын, олардың танымдық іс-әрекетін, сөйлеуін қалыптастыру) шешіледі. Бірінші сыныпта жазу дағдыларын қалыптастыруға арнайы уақыт бөлінеді.

Ана тілін меңгеруде оқытудың бастапқы кезеңдерінің практикалық бағытталуымен қамтамасыз етіледі.Математиканы оқу кезінде ойлау дамуының ерекшеліктері, кеңістіктік көріністердің жеткіліксіз қалыптасуы ескеріледі.

Бейімделген дене шынықтыру сабақтарында бағалау нормативтері өңделмейді.

5-10 сыныптарда балалардың әлеуметтік еңбекке бейімделуін қамтамасыз ететін қозғалыс, ойлау, сөйлеу дағдылары мен іскерліктерін дамыту бойынша қалпына келтіру жұмыстары жалғасасды.

11-12 сыныптарда екі бағыт жүзеге асырылады: қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық.

Мектеп бір немесе екі бағытты таңдауда білім алушылардың қажеттіліктерін және ата-аналардың сұраныстарын ескере отырып жүзеге асырады.

Тірек-қимыл аппараты бұзылған білім алушылар кіші және жеке сабақтарда арнайы педагогикалық қолдау алады:

1) емдік дене шынықтыру (ЕДШ); сабақтар 2-4 адам тобымен немесе жеке өткізіледі. Сабақтың ұзақтығы – 40 минут. Сабақтар күннің бірінші және екінші жартысында өткізілуі мүмкін;

2) сөйлеуді дамытудағы кемшіліктерді түзету бойынша тіл мүкістігі бар білім алушылар логопедпен жеке немесе топпен аптасына 2-3 рет жүргізіледі. Сабақтар күннің бірінші немесе екінші жартысында өткізілуі мүмкін;

Факультативтік сабақтар мен элективті курстар мазмұнын анықтау кезінде білім алушылардың әлеуметтенуіне, даму кемшіліктерін жеңуге, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге ықпал ететін сабақтарға артықшылық беру керек.

5. Сөйлеу қабілеті бұзылған білім алушылар арнайы мектепте (сыныпта) оқу ерекшеліктері.

Білім беру процесі келесідей деңгейлерге бөлінеді:

– бастауыш білім беру – 0, 1-4 сыныптар;

– негізгі орта білім – 5-10 сыныптар.

Алдын ала арнайы мектепке дейінгі дайындықтан өтпеген балалар дайындық (0) сыныбына түседі.

Мектепте оқушыларға арналған бөлімшелер құрылуы мүмкін:

- сөйлеу тілінің ауыр дәрежедегі жалпы дамымауы (алалия, дизартрия, ринолалия, афазия), сондай-ақ сөйлеудің жалпы дамымауы бар, кекештенумен қатар жүретін балалар;

- сөйлеу тілінің қалыпты дамуында қиын түрі бар.

Кохлеарлы имплантацияға дейін кемінде 6 ай есту аппараттарын үнемі киюмен 1 жастан 4 жасқа дейін белгіленген кохлеарлы импланты бар балалар қабылданады. Негізгі орта мектепте қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқытуға, әсіресе сөйлеу дамуының күрделі бұзылыстары бар сыныптар үшін сағаттарды бөлуде вариативтілікке жол беріледі.

Логопедиялық және арнайы педагогикалық қолдау барлық сабақтарда және сабақтан тыс уақытта сөйлеу режимін сақтай отырып көрсетіледі. Түзету сабақтары сөйлеу қабілетінің ауыр бұзылыстары бар білім алушылардың моторлы және сөйлеу моторлы, сөйлеу қызметінің дамуында ауытқуларды жеңуге бағытталған.

Логопедиялық сабақтар сыныптағы жұмыстың мазмұны мен түрлерін қайталамауы тиіс; олар күннің екінші жартысында өткізіледі. Білім алушылар жеке, кіші және фронтальды сабақтарда логопедтік көмек алады.

Жеке сабақтар сөйлеу тілінің жүйелі бұзылуы және артикуляциялық аппараттың (ринолалия, дизартрия) құрылысы мен қозғалысы бұзылған оқушылармен жүргізіледі. Жеке сабақтар аптасына 2 реттен кем емес өткізіледі. Ұзақтығы 20-25 минутты құрайды. Кіші топтарға сөйлеу бұзылуының біртекті құрылымы бар балалар біріктіріледі. 5-10 сынып білім алушыларымен логопедиялық сабақтарды ұйымдастырудың кіші тобы жетекші болады. Сабақтың ұзақтығы 40 минутты құрайды.

Алдыңғы сабақтың ұзақтығы (0, 1-4 сынып) дайындық сыныбында және бірінші сыныптың бірінші жарты жылдығында 35 минутты, келесі сыныптарда 40 минутты құрайды. Негізгі мектеп оқушылары үшін қазақ және орыс тілдерін қосымша оқыту үшін факультативтер мен элективті курстар ұйымдастыруға рұқсат етіледі.

6. Психикалық дамуы тежелген (ПДТ) білім алушыларға арналған арнайы мектепте (сыныпта) оқыту ерекшеліктері.

Білім беру процесі білім беру деңгейіне сәйкес қамтамасыз етіледі:

– бастауыш білім беру – 0, 1-4 сыныптар,

– негізгі орта білім – 5-10 сыныптар.

Арнайы мектептерге (сыныптарға) көбінесе церебральды-органикалық шығу тегі психикалық дамуы тежелген балалар қабылданады. Дамуында айқын ауытқулары бар (ақыл-ой кемістігі, сөйлеу, көру, есту қабілетінің өрескел бұзылуы) балалар арнайы сыныптарға қабылдауға жатпайды.

Жалпы білім беретін мектепте арнайы сыныптарды жинақтап оқытудың бастапқы сатысында – 0, 1-сыныптар және 2-сынып ерекшелік ретінде жүзеге асырылады. Оқытудың кез келген кезеңінде жалпы білім беретін мектептің қарапайым сыныптарына оқушыларды біріктіру, сондай-ақ психикалық дамудың айқын түрде кідіруі кезінде екінші сатыда арнайы сынып жағдайында білім беруді жалғастыру мүмкіндігі көзделеді.

Оқу күнінің тәртібі білім алушылардың шаршағандығын ескере отырып белгіленеді: ұзартылған күн тәртібінде бірінші ауысымда оқыту.

Екінші (қазақ немесе орыс) және үшінші (ағылшын) тілдерді оқыту білім алушылардың тілдік даму деңгейін ескере отырып жүзеге асырылады, оқыту әдістерін бейімдеу көзделеді.

Арнайы оқу бағдарламалары мен арнайы әдістемелік және дидактикалық материалдарды пайдалану көзделеді. Оқытудың компенсаторлық-дамытушылық бағыты жалпы білім беру циклы пәндері, түзету пәндері, сондай-ақ, қосымша білім беру жүйесінде іске асырылады.

Түзету сабақтарындағы жұмыс мазмұны білім алушылардың қоршаған болмысы туралы білімі мен түсініктерін байытуды, жалпы моториканың дамуындағы ауытқуларды жеңуді және қимылдарды үйлестіруді қамтамасыз етуге бағытталған.

Сабақта оқу бағдарламасын меңгеруде қиындықтарға тап болған білім алушылар үшін білімдегі кемшіліктерді толықтыру бойынша жеке және топтық түзету сабақтары ұйымдастырылады. Сабақтар жеке немесе кіші топтарда (2-4 оқушы) жүргізіледі. Бастауыш сынып білім алушылармен жеке-топтық түзету сабақтарын негізгі сынып мұғалімі жүргізеді. Сабақтың ұзақтығы – 20-25 минут. Түзету сыныптық-пәндік түрлерін, сабақтардың мазмұнын қайталамауы тиіс. Олар пәндік-практикалық және ойын іс-әрекетін қоса алғанда білім алушылардың түрлі іс-әрекет түрлері мен формаларын пайдалана отырып өткізіледі.

6-10 сыныптарда білімдегі олқылықтардың орнын толтыру бойынша жеке-топтық сабақтарға бөлінген сағаттар пән мұғалімдері арасында бөлінеді. Білім алушының белгілі бір топта болу ұзақтығы ерекше қиындықтарды жеңу дәрежесімен және сыныппен бірге тапсырмаларды орындауға дайындығымен анықталады. Топтардың құрамы қозғалмалы болуы тиіс: бір балаларды сыныппен жұмыс істеу үшін шығару керек, ал басқаларын қарқынды жеке көмек көрсету топтарының құрамына қосу керек. Бір оқушы бір жыл ішінде әр түрлі топтардың құрамына кіре алады.

Сөйлеу қабілеті бұзылған білім алушылармен логопедпен жеке-топтық сабақтар жүргізіледі.

Факультативтер мен элективті курстар сағаттарын балалардың әлеуметтенуіне ықпал ететін (Сөйлеу және қарым-қатынас мәдениеті. Өмір тіршілігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Экономикаға кіріспе) немесе даму кемшіліктерін жеңуге бағытталған (бейнелеу қызметі. Қолданбалы өнер. (Жүзу, ЕДШ) немесе еңбек дайындығы бойынша қосымша сабақтарға жіберу.

Есту, көру, сөйлеу, тірек-қимыл аппараты бұзылған, психикалық дамуы тежелген білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау.

Оқушыларды оқыту нәтижелерін бағалауда оқу жетістіктерін бағалаудың критериалды жүйесі қолданылады. Ерекше қажеттіліктері бар білім алушылардың нәтижелерін бағалау кезінде арнайы оқу бағдарламаларында немесе оқушының жеке оқу бағдарламаларында немесе оқушының жеке оқу бағдарламаларында ұсынылған оқу мақсаттарына бағдарлану қажет, мұғалім сараланған және/немесе жеке тапсырмаларды пайдаланады, сондай-ақ, білім алушының ерекшеліктерін ескере отырып бағалау критерийлеріне өзгерістер енгізеді.



Формативті бағалау барысында мұғалім білім алушылардың оқу материалын меңгерудегі қиындықтарын анықтайды және оларды жеңу жолдарын белгілейді.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды және жеке оқу бағдарламалары бойынша білім алушыларды қорытынды аттестаттауды өткізу қажеттілігі туралы мәселені білім алушылардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық кеңес шешеді.

Арнайы білім беру ұйымдарында және жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптарда білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларды қорытынды аттестаттаудың емтихан материалдарын аудандық, қалалық білім бөлімдері немесе білім басқармасы әзірлейді.

Түзету компоненті пәндері бойынша балдық бағалар қойылмайды.



7. Арнайы мектепте (сыныпта) интеллектісі (жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі) бұзылған білім алушылар үшін оқыту ерекшеліктері.

Оқушылардың ақыл-ойының бұзылуымен оқыту мақсаты - танымдық және эмоциялық-тұлғалық сфераның дамуындағы ауытқуларды өтеу, білім беру және еңбек дайындығы құралдарымен дамыту, бітірушілерді қоғамға біріктіру үшін әлеуметтік-психологиялық оңалту.

Дайындық сыныбына оқуға дайындығының деңгейі жеткіліксіз балалар, сондай-ақ білім беру және тәрбие жұмысы процесінде баланың диагнозын анықтау, оны оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыру түрлерінің барабарлығын анықтау мақсатында қабылданады.

Оқыту екі сатыда ұйымдастырылады:

– бірінші саты – дайындық (0),1-4 сыныптар;

– екінші саты – 5-9 сыныптар.

Тиісті материалдық-техникалық, бағдарламалық-әдістемелік және кадрлық жағдайлар болған жағдайда білім беру ұйымдарында тереңдетілген кәсіптік-еңбек даярлығы бар 10-шы өндірістік сынып ұйымдастырылады.

Бірінші сатыда ақыл-ой кемістігі бар оқушының тұлғасын жан-жақты психологиялық-педагогикалық зерттеу, білім беру үдерісін ұйымдастырудың формалары мен әдістерін әзірлеу мақсатында оның мүмкіндіктері мен жеке ерекшеліктерін анықтау жүзеге асырылады.

Екінші сатыда білім алушылар жалпы білім беретін пәндер бойынша практикалық бағыты бар білім алады. Әлеуметтік бейімделуге және кәсіби-еңбек дайындығына көңіл бөлінеді.

5-9 сыныптарда 1 сағат математика сабақтарынан геометрия элементтерін зерттеуге бөлінеді.

Түзету компонентінің сабақтары күннің бірінші және екінші жартысында өткізілуі мүмкін. Жеке және шағын топтық түзету сабақтарының ұзақтығы – 20-25 минут. Кіші топтар сөйлеу және психофизикалық бұзылыстардың біртектілігін ескере отырып жинақталады. Емдік дене шынықтырумен айналысуға арналған топтар дәрігердің ұсынымдарын ескере отырып жинақталады. Түзету ырғағы бойынша сабақтар топтарға бөлінбестен, фронтальды түрде жүргізіледі.

4-6 сыныптар аралығында «Жалпы еңбек дайындығы»пәні оқытылады.

7-9 (10) сыныптар кәсіптік бағытта еңбекке баулу жүзеге асырылады. Еңбекке оқыту бейіндерін мектеп әкімшілігі аймақтың ерекшеліктерін және түлектерді жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін ескере отырып анықтайды. Оқыту үлгілік оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады (ҚР БҒМ 20.09.2018 ж. № 469 Бұйрығы, 90-қосымша). Мектепте оқу еңбекке баулу бойынша емтиханмен аяқталады. Білім алушылар белгіленген тәртіппен бітіру емтихандарынан босатылуы мүмкін. Факультативтік сабақтарға және элективті курстарға бөлінген сағаттар еңбекке оқыту бейіні, түзету бағыты және т.б. бойынша сабақтарға пайдаланылуы мүмкін.

Ақыл-ой кемістігі орташа білім алушылар саны жеткілікті болған жағдайда мектепте осы оқушылар үшін арнайы сыныптары бар екінші бөлім ашылады.

Ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды оқыту осы санаттағы оқушылар үшін Үлгілік оқу жоспары мен оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады. Оқыту жеке оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады. Олар оқушыны кешенді психологиялық-педагогикалық зерттеу негізінде сынып педагогы және психологиялық-педагогикалық қолдау мамандары жарты жылдан аспайтын мерзімге құрылады. Оқытудың жеке бағдарламасын жүзеге асыру уақыты аяқталғаннан кейін әрбір оқушының жетістіктерін талдау жүргізіледі және келесі жартыжылдыққа арналған жеке оқу бағдарламасы жасалады.

Педагог әрбір оқушының жеке мүмкіндіктерін және білім беру мен жеке жетістіктерінің мониторингі нәтижелерін ескере отырып, оқытудың мазмұнын, әдістерін, формаларын, дидактикалық құралдарын дербес таңдайды.

Екінші бөлім сыныптарындағы оқыту мазмұны: өзі туралы түсініктерді; өзіне-өзі қызмет көрсету және өмір тіршілігін қамтамасыз ету дағдыларын; қоршаған орта туралы түсінікті және ортадағы бағдарлауды; коммуникативтік шеберлікті қалыптастыруға бағытталған; жалпы білім беретін пәндер бойынша практикалық бағыты бар және тәрбиеленушілердің психофизикалық мүмкіндіктеріне сәйкес келетін қолжетімді білім.

Бірінші сатыда ақыл-ой кемістігі орташа білім алушыларға арналған сыныптардағы оқу үдерісі бақылаусыз оқыту негізінде ұйымдастырылады: барлық сабақтар біріктірілген сипатқа ие және білім алушылардың жалпы дамуына (коммуникативтік, қимыл-қозғалыс, сөйлеу, сенсорлық) бағытталған. Оқушылардың жеке дамуына қарай пәндік оқуға көшу жүзеге асырылады. Білім алушылардың психофизикалық дамуының ерекшеліктерін және мектеп ресурстарын ескере отырып, қарапайым еңбек (қолөнерге) түрлеріне оқыту ұйымдастырылады. Еңбекке баулу бейіні оқушының психофизикалық ерекшеліктерін, дәрігердің ұсынымдарын және мектеп мүмкіндіктерін ескере отырып жеке анықталады. Қажет болған жағдайда еңбекке оқыту бейіні өзгеруі мүмкін. Ақыл-ой кемістігі бар оқушылардың еңбек даярлығы пәндері бойынша бітіру емтиханын тапсырмайды.

Жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау.

Оқу үдерісі білім алушыларға сараланған және жеке тәсілдемені қолдана отырып жүзеге асырылады. Сараланған тәсілдеме негізінде ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың педагогикалық жіктелуі жатыр (В. В. Воронкова бойынша). Жетістіктерді бағалау кезінде түрлі типологиялық топтарда білім алушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып, деңгейлік мақсат қою негізінде критериалды бағалау жүйесі қолданылады. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жетістіктері бес балдық шкала бойынша бағаланады. Дайындық және 1-сыныптарда баллдық бағалар қойылмайды. Оқытудағы алға жылжу нәтижесі білім алушылардың нәтижелі іс-әрекетін талдау, сөйлеу, жазба жұмыстары, суреттер, қолөнер және сабақтардағы іс-әрекетті бақылау деңгейін талдау негізінде анықталады және түсіндірмелік сипаттамасы бар.

Ақыл-ой кемістігі орташа білім алушылардың жетістіктерін бағалау кезінде жеке оқу бағдарламасының мазмұны негізінде сипаттамалық критериалды бағалау қолданылады. (Ақыл-ой кемістігі бар оқушыларды критериалды бағалау бойынша әдістемелік ұсынымдарды Ы. Алтынсарин ат. ҰБА сайтынан қараңыз www.nao.kz).

Түзету циклінің пәндері бойынша жетістіктерді бағалау баллмен қойылмайды, сипаттау сипатында болады.

Пән бойынша бағалау: дене мәдениетіне бейімделу, музыка және ән айту, бейнелеу іс-әрекеті, мінез-құлық мәдениеті баллмен қойылмайды (есептелінген/есептелмеген).

Ақыл-ойы бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп (сынып) білім алушылары екінші жылға қалдырылмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет