Уақыты: 23. 11. 17 ж Тобы: І кіші «Еркем-ай» Тәрбиеші: А. М. Кушаева Білім беру саласы: «Таным» Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі



Дата17.06.2018
өлшемі48,5 Kb.
#42309
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары

Уақыты: 23.11.17 ж

Тобы: І кіші «Еркем-ай»

Тәрбиеші: А.М. Кушаева

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Сенсорика

Тақырыбы: Түсі бойынша заттарды топтастыру. «Ұқсас емес», «Артық зат» ойындары.

Мақсаты: Түсі бойынша заттарды топтастыру және «артық» затты анықтауға үйрету. Логикалық ойлауын, зейінін дамытуға ықпал жасау. Ұсақ қол моторикасын жетілдіру. Тапсырмаларды өзіндік орындауға тәрбиелеу. 

Кіріктірілген білім беру салалары:

«Таным»- түстерін, пішіндерін атап, топтастыруды, артық, ұқсас ұғымдарын ажыратуды.

«Денсаулық»-қимылдау арқылы денелерін шынықтыру, жүру түрлерін қолдану.

«Шығармашылық»-әуенге қарай ырғақтық қимылдар жасау, әуен тыңдау.



Өткізілу түрі: саяхат

Әдістемелік тәсілдер: сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру, әңгімелесу, дидактикалық ойындар, логикалық ойындар, слайд.

Билингвальды компонент: Бағдаршам-светафор, жол-дорога, ақ-белый, көк-синий, қызыл-красный, сары-желтый, жасыл-зеленый.


Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің оқу қызметі

Балалардың оқу қызметі

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері. 
Ұл-қыз сәлем береміз

Өнегелі өренбіз

Біздер қазақ баласы

Сәлем сөздің анасы.

-Сәлеметсіздер ме, қонақтар! 



Шаттық шеңберін құрып, қимылдарын келтіреді.


Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Балалар ойын ойнағыларың келеме? (балалар өз ықыластарын білдіреді)

- Ендеше "ия-жоқ" ойынын ойнаймыз



Д/О: "Ия-Жоқ"

1.Тәттіні жақсы көреміз бе?

2. Бөбекжай ұнай ма?

3.Апайды тыңдамай ренжітеміз бе?

4.Аналарымызды жақсы көреміз бе?

5. Ойыншықтарды сындырамыз ба?

6. Ойнағанды ұнатамыз ба?

-Жарайсыңдар, балалар!

-Балалар,қараңдаршы аяқтарына сиқырлы кебістер сөйлеп жатыр екен. Сиқырлы кебістердің көзі ауызы бар екен.

-Балалар, сендер жаңа ойнағанды ұнатамыз дегендеріңді естіп тұрған кебістер, енді сендерді "Сиқырлы елге саяхатқа"шақырады. Сендерге түрлі ойын-тапсырмаларды орындау арқылы сендерді сынақтан өткізеді, барамыз ба?

-Ендеше сендерді "Сиқырлы елге саяхатқа"осы сиқырлы кебістер апарады.

-Ал,енді сиқырлы кебістер әдемі жүре аласыңдар ма?

Саяхатымызды бастаймыз. (әуен қосылады). Балалар денемізді түзу ұстап, басымызды көтеріп әдемі жүреміз.

1. Міне ,"Ойлау алаңына "жеттік.

-Мынау тұрған не нәрсе?

Үш көзі бар қаз-қатар

Кезек-кезек ашады

Үшеуінен байқасам

Үш түрлі нұр шашады – демекші бағдаршам болмаса, көліктер бір-бірімен соқтығысып, жаяу жүргіншілер де өз жолдарымен жүре алмас еді. Бағдаршам жол ережесін реттеуші, жол қиылыстарынан өтуге көмектеседі. Көшеге шыққаннан кейін айналамызға қарап, абайлап жүруіміз керек.

-Балалар, бағдаршамның неше көзі бар?

-Көздерінің түсі мен пішіні қандай?

Саяхатымызды әрі қарай жалғастырамыз. Ал, алдымыздағы кедергіден қоянша секіріп өтуіміз қажет.

2. "Зейін алаңы" "Түрлі - түсті жолдан өтеміз"

Шарты: аяқтағы кебіс түстеріне қарай түрлі-түсті жолдан өту.

Жолдан өтіп, үстел – үсті тапсырмаларын орындау.



«Кім тез табады?» ойыны

Берілген дидактикалық материалдарды пайдаланып құрастырады.

Саяхатымызды әрі қарай жалғастырамыз

-"Сиқырлы кебістер"сендер мына кедергіден өте аласыңдар ма? (кедір-бұдыр жолдан өту)


3."Қабылдау алаңына"келдік.

«Ұқсас емес» ойынын ойнайық. Сурет бойынша.

Саяхатымызды әрі қарай жалғастырамыз

-"Сиқырлы кебістер"сендер адымдап солдатша жүре аласыңдар ма? (марш әуен қосу)



4. "Есте сақтау алаңына"келдік

а)"Не жоқ?" ойынынын ойнау (4-5 ойыншықты көрсете отырып,бір ойыншықты жасырып не жоқтығын сұрау)

б) АКТ "Артығын тап?" ойынын ойнату.

Саяхатымызды әрі қарай жалғастырамыз

-"Сиқырлы кебістер"сендер қос аяқ ұшымен жүре аласыңдар ма? (әуен қосу)

5. "Қиялдау алаңына"келдік

Ойын:"Өз орнын тап"

Түстеріне қарай пазлдарды орналастыру.

-Балалар, біз саяхаттап жүріп, түрлі тапсырмаларды орындап, өз бөбекжайымызға қайтіп келіп қалғанымызды тіпті байқамай қалыппыз.


Қызығушылықтарын арттыру.

Сұраққа жауап береді.

Аяқтарына қарайды.

Саяхатқа дайындалады.

Әдемі, түзу қатармен жүреді.

Назар аударады.

Тыңдайды.

Бағдаршам-светафор

Сұрақтарға жауап береді.

Кедергілерден өтеді.

Түрлі түсті жолдан өтіп, өз деңгейлеріне қарай бөлінген тапсырмаларды үстел үстінде орындайды.

Жолдардан өтеді.

Жол-дорога

Сурет бойынша жауап береді.

Маршпен жүреді.

Үстел үстіндегі ойыншықтармен ойнайды.

Слайд бойынша тапсырманы табады.

Аяқтың ұшымен жүреді.

Түстеріне қарай пазлдарды орналастырады. Түстерді қазақша және орысша атайды.

Бөбекжайға оралады.



Рефлексивті-түзетушілік

-Сиқырлы кебіспен саяхаттаған ұнады ма сіздерге?

-Тапсырмалар қиын болған жоқ па?

-Қызықты болды ма?

-Шаршаған жоқсыздар ма?

-Ендеше, келіңіздер ортаға шеңбер болып, отырғыштарыңызға отырып, көздеріңізді жұмып дем алыңыздар! (жәй әуен тыңдату)

Мадақтау


-Балалар,барлығың тапсырманы жақсы орындап, белсенді қатысқандарың үшін осы сиқырлы кебістерді сендерге сыйлаймын. Сиқырлы кебістің көмегімен талай қызықты саяхатты жалғастыра берулеріңізге тілектеспін!

Өз пікірлерін береді. Сұрақтарға жауап қайтарады.

Шеңбер болып отырады.

Көздерін жұмып дем алады.

Күтілетін нәтиже:

Жаңғырта алады: түстерін, пішіндерін ажыратып, топтастыруды.

Түсінеді: Сипаттау арқылы мазмұнын, тапсырманың барысын.



Қолданады: Тіл мәдениетін, сурет бойынша жұмыстануды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет