-Балалар ойын ойнағыларың келеме? (балалар өз ықыластарын білдіреді)
- Ендеше "ия-жоқ" ойынын ойнаймыз
Д/О: "Ия-Жоқ"
1.Тәттіні жақсы көреміз бе?
2. Бөбекжай ұнай ма?
3.Апайды тыңдамай ренжітеміз бе?
4.Аналарымызды жақсы көреміз бе?
5. Ойыншықтарды сындырамыз ба?
6. Ойнағанды ұнатамыз ба?
-Жарайсыңдар, балалар!
-Балалар,қараңдаршы аяқтарына сиқырлы кебістер сөйлеп жатыр екен. Сиқырлы кебістердің көзі ауызы бар екен.
-Балалар, сендер жаңа ойнағанды ұнатамыз дегендеріңді естіп тұрған кебістер, енді сендерді "Сиқырлы елге саяхатқа"шақырады. Сендерге түрлі ойын-тапсырмаларды орындау арқылы сендерді сынақтан өткізеді, барамыз ба?
-Ендеше сендерді "Сиқырлы елге саяхатқа"осы сиқырлы кебістер апарады.
-Ал,енді сиқырлы кебістер әдемі жүре аласыңдар ма?
Саяхатымызды бастаймыз. (әуен қосылады). Балалар денемізді түзу ұстап, басымызды көтеріп әдемі жүреміз.
1. Міне ,"Ойлау алаңына "жеттік.
-Мынау тұрған не нәрсе?
Үш көзі бар қаз-қатар
Кезек-кезек ашады
Үшеуінен байқасам
Үш түрлі нұр шашады – демекші бағдаршам болмаса, көліктер бір-бірімен соқтығысып, жаяу жүргіншілер де өз жолдарымен жүре алмас еді. Бағдаршам жол ережесін реттеуші, жол қиылыстарынан өтуге көмектеседі. Көшеге шыққаннан кейін айналамызға қарап, абайлап жүруіміз керек.
-Балалар, бағдаршамның неше көзі бар?
-Көздерінің түсі мен пішіні қандай?
Саяхатымызды әрі қарай жалғастырамыз. Ал, алдымыздағы кедергіден қоянша секіріп өтуіміз қажет.
2. "Зейін алаңы" "Түрлі - түсті жолдан өтеміз"
Шарты: аяқтағы кебіс түстеріне қарай түрлі-түсті жолдан өту.
Жолдан өтіп, үстел – үсті тапсырмаларын орындау.
«Кім тез табады?» ойыны
Берілген дидактикалық материалдарды пайдаланып құрастырады.
Саяхатымызды әрі қарай жалғастырамыз
-"Сиқырлы кебістер"сендер мына кедергіден өте аласыңдар ма? (кедір-бұдыр жолдан өту)
3."Қабылдау алаңына"келдік.
«Ұқсас емес» ойынын ойнайық. Сурет бойынша.
Саяхатымызды әрі қарай жалғастырамыз
-"Сиқырлы кебістер"сендер адымдап солдатша жүре аласыңдар ма? (марш әуен қосу)
4. "Есте сақтау алаңына"келдік
а)"Не жоқ?" ойынынын ойнау (4-5 ойыншықты көрсете отырып,бір ойыншықты жасырып не жоқтығын сұрау)
б) АКТ "Артығын тап?" ойынын ойнату.
Саяхатымызды әрі қарай жалғастырамыз
-"Сиқырлы кебістер"сендер қос аяқ ұшымен жүре аласыңдар ма? (әуен қосу)
5. "Қиялдау алаңына"келдік
Ойын:"Өз орнын тап"
Түстеріне қарай пазлдарды орналастыру.
-Балалар, біз саяхаттап жүріп, түрлі тапсырмаларды орындап, өз бөбекжайымызға қайтіп келіп қалғанымызды тіпті байқамай қалыппыз.
|
Қызығушылықтарын арттыру.
Сұраққа жауап береді.
Аяқтарына қарайды.
Саяхатқа дайындалады.
Әдемі, түзу қатармен жүреді.
Назар аударады.
Тыңдайды.
Бағдаршам-светафор
Сұрақтарға жауап береді.
Кедергілерден өтеді.
Түрлі түсті жолдан өтіп, өз деңгейлеріне қарай бөлінген тапсырмаларды үстел үстінде орындайды.
Жолдардан өтеді.
Жол-дорога
Сурет бойынша жауап береді.
Маршпен жүреді.
Үстел үстіндегі ойыншықтармен ойнайды.
Слайд бойынша тапсырманы табады.
Аяқтың ұшымен жүреді.
Түстеріне қарай пазлдарды орналастырады. Түстерді қазақша және орысша атайды.
Бөбекжайға оралады.
|