«Үздік жас маман- 2016» мектепішілік байқауының сценарииі.
Тақырыбы: « Үздік жас маман »
Мақсаты: Жас ұстаздардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу.
Уақыты: мамыр, 2016 ж
Орны : Жаңақала мектеп- гимназиясы, Акт залы
І Жүргізуші:- Қайырлы күн, ұстаздар және жас мамандар!
ІІ Жүргізуші:- «Үздік жас маман-2016 » жас мамандар сайысына қош келдіңіздер!
І Жүргізуші:
«Мұғалім - тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені, ел болашағының кілті - бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші - ұстаздардың қолында.
ІІ жүргізуші:
Ұстаз кім? Ұстаздық не? Ұғамын ба,
Әлде ол қарапайым мұғалім ба?
Беттерін ұстаз дастан парақтасаң,
Жанымды толтырады бұла мұңға.
І жүргізуші:
Ұстаз! Ол - ақыл ойдың кені емес пе?
Көш бастар замананың ері емес пе?
Жатталып кейінгіге хаты қалған,
Ұстаз ол - күллі әлемнің нұры емес пе?
ІІ жүргізуші:
Осы орайда ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап, жоғары оқу орындарын ойдағыдай аяқтап, ортамызға келіп еңбек жолын жаңа ғана бастап жатқан жас мамандарға қадамдарың құтты, еңбек жолдарың сәтті болсын деген тілек білдіреміз.
І жүргізуші:
«Жас маман деген кім?
Ж - жігерлі
А - алғыр
С - сұлу да сымбатты
М - мақсаткер
А - айтқанды екі етпейтін
М - мінезі жайсаң
А - арманшыл
Н - насихатты тез қабылдайтын жас мамандарды ортаға шақырамыз.
ІІ жүргізуші:
Уан, ту, сри деп үйреткен
Ағылшын тілінде сөйлеткен
Торғын Әділбекқызы ортамызда
Бақытын тауып жүр еңбектен.
І жүргізуші: Қабиева Торғын Әділбекқызы ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Ұстанымы: «Шыдаудың өзі ащы болса да, жемісі тәтті.»
Тәлімгері: Ибрашева Айнаш Жасқаламқызы
ІІ жүргізуші:
Тарихтан сабақ бересің.
Құтты болсын қадамың
Жазира саған сәт – сапар
Зерттей бер жағдайын баланың.
І жүргізуші:
Кушкинбаева Жазира Асқарқызы - тарих пәні мұғалімі
Ұстанымы: «Еңбек етсең ерінбей , тояды қарның тіленбей .»
Тәлімгері: Қожахметова Лариса Тұрарқызы
ІІ жүргізуші:
Елін, жерін сүю үшін шәкірттер
Болу керек патриот, намысты ер.
Мұғалімдік мамандыққа керек екен
Мерхаттай жаны ізгі жігіттер
І жүргізуші:
Молдагалиев Мерхат Ерболатұлы
Ұстанымы: «Дүниедегі ең оңай нәрсе - біреуге ақыл айту, ең қиын нәрсе - өзіңді - өзің түсіну»
Тәлімгері: Диярова Лариса Ауелбекқызы
ІІ жүргізуші:
Ойында мейірім, ақ тілек.
Жүреді әр кез, бақ тілеп.
Айгерім біздің қашанда
Сыпайы, әрі ақ жүрек.
І жүргізуші:
Қайырова Айгерім Мейрамқызы- Өзін – өзі тану пәні мұғалімі
Ұстанымы «Білсе білім - күнде бақыт кісіге,
Үлкен атақ содан келер кішіге»
Тәлімгері: Жардемова Асылзада Ғұбайдоллақызы
ІІ жүргізуші:
Шешендікке баулытып
Ана тілді сүйгізген
Таңшолпандай қызыңыз
Танысыңыз, біліңіз.
І жүргізуші:
Қаршығақызы Таңшолпан- қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Ұстанымы: Еңбек- бәрін де жеңбек
Тәлімгері: Ергалиева Жанна Амангалиқызы
ІІ жүргізуші:
Әсем бидің шебері.
Әрбір сөзі мәнерлі.
Баулыған әрбір өренді,
Назерке біздің өнерлі
І жүргізуші:
Салимова Назерке Нұрланқызы - география пәнінің мұғалімі
Ұстанымы: « Біреуге ор қазба, өзің түсерсің »
Тәлімгері: Бүркутова Мереке Мұратқызы
ІІ жүргізуші:
Сабырлы, әрі салмақты,
Таңшолпан біздің жан - жақты.
Өзі сондай байсалды
Жан танудың ұстазы.
І жүргізуші:
Оразова Таңшолпан Қайырбекқызы - педагог- психолог .
Ұстанымы: «Мүмкін емес нәрсе жоқ»
Тәлімгері: Сүндеткалиева Ұлпан Серікқызы
ІІ жүргізуші:
Қазақ тілі сабағын
Қызықтырып өткізген
Данагүлдей маманның
Бар бойынан табасың.
І жүргізуші:
Ергалиева Данагүл Талапқызы - қазақ тілі, әдебиеті пәні мұғалімі
Ұстанымы: «Сабақ беру - үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»
Тәлімгері: Ергалиева Жанна Амангалиқызы
Өнеге мол сөзінде,
Өнері көп өзінде.
Ақ ниетті кең пейіл,
Айбектің көр өнерін
Ихсанов Айбек Сергазыұлы - қазақ тілі, әдебиеті пәні мұғалімі
Ұстанымы: «»
Тәлімгері: Ергалиева Жанна Амангалиқызы
ІІ жүргізуші:
Спортты серік еткен өн бойларына,
Жеті өнерді жинаған өз қолдарына
Сабырлы да, салмақты біздің Ерген, Мержан, Дулат
Шығады әлі талай биік шыңдарға.
І жүргізуші:
Жақсыбаева Ерген Жасқайратұлы- дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Ұстанымы: «Болашақ бүгіннен басталады.»
Тәлімгері: Есенов Маралбек Айболатұлы
ІІ жүргізуші:
Бақытов Мержан Қуанышқалиұлы - дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Ұстанымы: Өткен іске өкінбе.
Тәлімгері: Есенов Маралбек Айболатұлы
І жүргізуші:
Абжалелов Дулат Нұроллаұлы- дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Ұстанымы: «Үш - ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек»
Тәлімгері: Кенжегалиева Болганай Жұматаевна
«Көкіректе сәулесі жоқтың, көңілінде сенімі жоқ.»
Ерген - Ұстаз – сыйлы ұстаз ел таныған,
Спортшы ғып үйретуден жалықпаған.
Кішкентайды қолынан жетектеп ап,
Сырлы әлем спорт залға алып барған.
Спортшы ұстаз, бейімді, өнерлі де
Еңбегімен ортасына үлгі – өнеге.
Жұмысының жемісін көрсетеді,
Мержан спортзалға кіргенінде
«Баталы жан арымас...» дегендей жас мамандардың кәсіптік жолына, бүгінгі басталған сайыстың сәтті өтуіне ақжолтай тілек, ақ батасымен ортаға мектеп директоры Кожахметова Лариса Тұрарқызын шақырамыз.
І жүргізуші:
Жас мамандар толқып тұрған болар, олай болса, күпті көңілді сейілтіп, көтеріңкі көңіл – күйге бастаушы жақсы әнмен ортаға шақырамыз.
Ән: « » Демеуов Мерхан
ІІ жүргізуші:
Шын жүйріктер сыналады жарыста,
Жарыстың ба, орта жолда қалыспа!
Әділқазы бағалайды сіздерді,
Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па?
Ендеше сіздердің өнерлеріңізді бағалап отыратын әділқазы мүшелерімен таныс болыңыздар.
І жүргізуші:
Мектеп директоры : Кожахметова Лариса Тұрарқызы
Математика пәнінің мұғалімі Апахаева Рая Қайратқызы
Тәжірибелі педагог Жардемова Асылзада Ғұбайдоллақызы
Орыс тілі пәнінің мұғалімі Салимова Гүлмира Сабыргалиқызы
Бастауыш сынып мұғалімі Сарсенгалиева Айжан Талапқызы
Кәсіподақ ұйымының төрағасы Беккалиев Нұржан Есентайұлы
Тәрбие жұмысының жетекшісі Негаев Айбар Хайдарұлы
2.Жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын байқаудың кезеңдерімен таныстырып кетейік.
Бірінші - Таныстыру сайысы
Бұл сайыста байқауға қатысушы өзі туралы және өзінің қызмет атқаратын ұжымын қызықты етіп таныстырады. Бұл сайыс қатысушының қалаған түрінде жүргізіледі(қатысушы ән айту, өлең оқу, т.б өзінің ізденісіне байланысты таныстыруына болады) және ұзақтығы 5 минуттан аспауы тиіс.
1.Жүргізуші:
Екінші «Өнерлінің өрісі кең»
Бұл сайыстың мақсаты қатысушының шығармашылық қабілетін, өнерге бейімділігін ашу. Сайыскер өз қалауына қарай ән айтуы, би билеуі, көркем сөз оқуы, юмор немесе ерекше жанрлар арқылы өз өнері мен шығармашылық қабілетін көрсетеді (ұзақтығы 3-5 минут).
2.Жүргізуші:
Үшінші «Білікті маман – Ел тірегі»
Бұл сайыс жекелеген мамандықтар негізінде сұрақ-жауап арқылы қатысушының білім деңгейін, кәсіптік біліктілігін, ой-өрісін тексеру мақсатында өтеді.
А. Белгілі бір тақырыпқа сабақ жоспарын құру
Б. Жедел сұрақтарға жауап беру
1.Жүргізуші:
Төртінші «Мамандығым – мақтанышым» кәсіби сайысы
1. Бұл кәсіптің қасиетін, мағынасын ашатын болғандықтан негізгі сайыс. Қатысушы өз мамандығы туралы, оның өмірдегі мәні мен қажеттілігін дәйекті негіздермен дәлелдейді:
А. Панорамалық сабақ (ұзақтығы – 20 минут) презентация «Менің педагогикалық қызметім»
Б. Ситуациялық тапсырма.
2.Жүргізуші:
Бесінші Қорытындылау.
1.Жүргізуші: Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін – деп , жетпеген жеңісіне, орындай алмаған арманына, артында қалған жастардың жететініне нық сенім білдіріп Мағжан Жұмабаев айтып кеткен. Сол сенімді сөзбен емес, іспен көрсететін жастарымыз енді.
2.Жүргізуші: «Сәлем – сөздің басы» дегендей сайыскерлеріміз өздерін-өзі таныстыруға кезек берейік.
Ескеріледі:- Мазмұны
- Көрерменге әсер етуі
- Орындау шеберлігі
- эмоционалдығы
Таныстыру кезеңі
1.Жүргізуші: Жас мұраты білім, тәлім талабы.
Өнер, оқу – жастық қару жарағы – демекші бүгінгі сайысқа
қойылатын екінші шарт өз өнерін көрсету. Жас мамандардың өнерін тамашалайық.
1 Жүргізуші: Өнер көкке жеткізер
Өнер болса қолыңда
Өнершінің ырысы
Жарқырап жатар жолында.
2 Жүргізуші:
Келесі кезекте өнер сайысы:
Ескеріледі: - Орындау шеберлігі
- Образдылығы
- Шынайылығы
- Көрерменді баурап алуы
«Өнерлінің өрісі кең»
(өнер көосетіп болғасын)
Өнер менен білімде,
Әркімнің өз жолы бар.
Сайысарлық бүгінде,
Өзіндік дара үні бар,- дегендей әділқазы төрелерге кімнің өнерлері ұнады екен, қане көрейік.(өнер сайысының бағаларын айту)
2.Жүргізуші: Осындай тапқыр достар кез-келген де,
Жетсін-ау, жарыстарда жеңгенге не?
Қарсылас болғанменен, құрбысыңдар.
Тілейміз ізгі тілек сендерге де!- деп құрметті қауым! Сынға түскелі отырған жас ұстаздарға тағы да қошемет көрсетіп қоялық.
1.Жүргізуші:
«Білікті маман – Ел тірегі» демекші, Бұл сайыс жекелеген мамандықтар негізінде сұрақ-жауап арқылы қатысушының білім деңгейін, кәсіптік біліктілігін, ой-өрісін тексеру мақсатында өтеді.
Алдымен Берілген бір тақырыпқа сабақ жоспарын құру
Белгілі бір тақырыпқа сабақ жоспар құру.
2.Жүргізуші:
Ол үшін тақырыптар суырасыздар. Сол тақырыпқа сабақ жоспар құрасыздар.
1.Жүргізуші:
«Талпынған бала, талпынған құстай,
Құмары қанбас, аспанға ұшпай», - деп бабаларымыз дәл тауып айтқан.
Қазір ХХІ ғасырда ең бірінші орынға білім қойылды. Ұрпақ тәрбиесі мен оларға сапалы білім беру ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей өнегелі ұстаздан білімді шәкірт шығатыны сөзсіз. Біз тек біліммен ғана алға жылжимыз. Ал сол білім нәрін беруші – ҰСТАЗ. Ендеше келесі бөлімде қатысушы жас ұстаздар
Жедел сұрақтарға жауап беру
1. Орман емшісі (тоқылдақ)
2. Аюдың баласы (қонжық)
3. Сандарды немен белгілейміз (цифрмен)
4. Математикада неше амал бар (4)
5. Анамыздың туыстары бізге (нағашы)
6. Қатып қалған су (мұз)
7. Аптаның соңғы күні (жексенбі)
8. Суда өседі тамыры жоқ (балдыр)
9. Сөйлем неден құралады (сөзден)
10. Дүние жүзіндегі халық саны ең көп мемлекет (Қытай)
1. Жылқының сүті (қымыз)
2. Қасқырдың баласы (бөлтірік )
3. «26» неше таңбалы сан (екі)
4. Ауданның өлшем бірліктерін ата (см. кв)
5. Әкемнің әкесі маған (ата)
6. Жыл мезгілдері нешеу (4)
7. Абылай ханның шын аты (Әбілмансур)
8. Жолаушылар таситын ең үлкен самолет (Боинг 747)
9. Қалталы жануар (кенгуру)
10. Уақытты жылдамдыққа көбейткенде нені табуға болады
(қашықтықты)
1. Қабырғалары бірдей фигура (шаршы)
2. Мойны ұзын жануар (жираф - керік)
3. Астана қай өзеннің бойында (Есіл)
4. Ең биік ағаш (секвойя Калифорниядағы)
5. Қасқыр қоянды қуып жете алмай жүрген жер (мультфильм «Ну, погоди!»)
6. Жартысы ащы, жарты бөлігі тұщы көл (Балқаш)
7. Заң шығаратын орын (Парламент)
8. Европа мен Азияны бөліп тұрған тау ( Орал)
9. 14 облыстан құралып тұрған ел (Қазақстан)
10. Түйеқұс қандай жылдамдықпен жүгіре алады? (70км/сағ)
1. Ауаның үштен екі бөлігін құрайтын газ (азот)
2. Майлы, қоймалжың сұйық зат. Жанғанда күлі де қалмайды (Мұнай)
30 -«Менің атым Қожа» повесінің авторы кім? /Б. Соқпақбаев/
40 -«Кәрі қыран» өлеңінің авторы. /Қ. Мырзалиев/
50 -«Мұхтар Әуезовке мемлекеттік сыйлық не үшін берілді?/Абай жолы эпопеясын жазғаны үшін./
Физика.
30 - Күштен екі есе ұтыс береді./Жылжымалы блок./
40 - Қазақ ең алғашқы ғарышкері./Т. Әубәкіров./
50 - Ауасыз кеңістік./вакуум./
Географиясы.
30 - Оңтүстік Америка материгін ашқан ғалым кім?/А. Веспучи/
40 - Температуралары бірдей жерлерді қосатын қисық сызық./изотерма/.
50 - Дүние жүзіндегі ең кең бұғаз./Дрейк/.
1. А. Байтұрсыновтың жазған оқу құралы
(Әліппе)
2. Жеті қазынаны атаңыз (ер жігіт, сұлу әйел, ілім – білім, жүйрік ат, құмай тазы, берік мылтық. Қыран бүркіт.)
3. Сабақты ұйымдастыруға кірмейтін форма
(Үй тапсырмасы)
1. ҚР еңбегі сіңген еңбегі үшін, оның тәуелсіздігі жолында берілетін орден
(Халық қаһарманы)
2. Жеті атаны атаңыз.
(бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, төрежат.)
3. Мемлекеттік рәміздер бекітілген күн
(1992 жыл, 4 маусым)
1. Қазақтың соңғы ханы
(Кенесары)
2. Білім беру мекемесінің басты құжаты
(Мектеп жарғысы)
3. Жеті жоқты атаңыз.
(Аллада бауыр жоқ, Аққуда сүт жоқ, Жылқыда өт жоқ, аспанда тіреуіш жоқ, таста тамыр жоқ, Таспақада талақ жоқ, жерде өлшеуіш жоқ ).
1. Я. А. Коменскийдің еңбегі
(Ұлы дидактика)
2. Бес арысты атаңыз
(М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов,
Ш. Құдайбердіұлы, М. Дулатұлы.)
3. Қазақтан шыққан суретші қыз
(Г. Исмайлова)
1. Білім беру жүйесі немен анықталады?
(сапа, дағды, нәтиже)
2. Жеті ғаламды атаңыз.
(шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік, аспан жоғарғы ғалам, жер – ортаңғы ғаламы, жер - асты төменгі ғалам.)
3. Тарихтың атасы
(Геродот)
1. Жеті ғашықты атаңыз.( Ләйлі – Мәжнүн, Фархад – Шырын, Тахир - Зухра, Арсу – Қамбар, Уәки – Күлшән, Жүсіп – Залиха, Қанат – Майра.)
2. Қамшы сабын қандай ағаштан жасайды
(тобылғы)
3. Жыл мезгілдерін қазақтар қай жұлдызға байланысты білген?
(Үркер)
Жеті жетімді атаңыз. (тыңдалмаған сөз жетім, киюсіз тозған боз жетім, иесіз қалған жер жетім, басшысы жоқ ел жетім, жерінен айырылған ел жетім, аққу, қазсыз көл жетім, замандасы қалмаса, бәрінен де сол жетім.)
2. Үш бәйтеректі атаңыз
(Сакен, Ілияс, Бейімбет)
3. 350 жылдығын тойлағалы тұрған биді атаңыз
(Төле би)
1 Педагогиканың негізі ( философия)
2 Отызыншы ақпанда не болады? ( ештеңе)
3 Оқушының сабақтағы белсенділігін қалай арттыруға болады? (оқытудың дәстүрлі формаларын қолдана отырып
1. Қазақстанның жеті кереметін ата. (Қожа Ахмет Иассауи кесенесі, Тайқазан, Айша бибі мазары, Тамғалы кешенді жартас суреттері, Алтын адам, Домбыра, Күлтегін ескерткіші.)
2. Ұйқы безінен бөлінетін гормон
инсулин
3. Елбасымыздың мамандығы
инженер - металлург
Секіру жеңіл атлетиканың түріне жата ма? ( иә)
Жылдық жұмыс жоспарын бекітетін орган: ( педагогикалық кеңес)
Құлагер кімнің аты ( Ақан сері)
Толып келіп бос кетеді. (қасық)
Бес қаруды ата ( садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта)
Бір – біріне қарама - қарсы сөздер. ( антоним)
2.Жүргізуші:
«Мамандығым – мақтанышым» кәсіби сайысы
Бұл кәсіптің қасиетін, мағынасын ашатын болғандықтан негізгі сайыс. Қатысушы өз мамандығы туралы, оның өмірдегі мәні мен қажеттілігін ашу. Пікірлесіп көрейікші біз ашық,
Даурықпайық, берекесіз шуласып.
Жүгінейік ақиқатқа әрқашан,
Дос көңілмен ақтарыла сырласып.
Бәрімізді бей - жай қылған тақырып,
Сырласайық ой - теңізін сапырып.
Батыл болсын, анық болсын пікірлер.
Сөз маржаны жатсын тыңнан атылып - деп сайысымыздың келесі кезеңі «Панорамалық сабақ» және «Менің педагогикалық қызметім» деп аталады. Бұл кезеңде сайыскерлер өзінің жұмыс қызметіндегі бір сабақтан үзінді көрсетеді және өзінің педагогикалық қызметін қорғайды.
дәйекті негіздермен дәлелдейді:
Панорамалық сабақ (ұзақтығы – 7минут)
презентация «Менің педагогикалық қызметім»
1.Жүргізуші: Сынып ұжымымен, жалпы баламен жұмыс жасау барысында кездескен психологиялық жағдаяттардан шығу тапқырлығы мен ақылдылығын сынайтын сәт те келіп жетті.
Ескеріледі: - Жағдайды шешу шеберлігі
- Педагогикалық - психологиялық сауаттылығы
- Түсінікті баяндауы
- Жедел әрі нақты жауап беруі
- Өзіне, жауабына сенімділігі
Қане достар пікірлесіп қарайық,
Қилы - қилы ойды ортаға салайық.
Сан - салалы асыл ойлар тоғысып,
Толғандырған жайды шешіп алайық.
Талас тусын жарқын ойлар жарқылдап,
Шағылыссын найзағайдай шартылдап.
Бойда қайрат, алда арман шақырған,
Қолдан әсем жалын атқан жастық шақ – дегендей сайысымыздың келесі кезеңін бастайық. Ойлануға 2 минут.)
Педагогикалық жағдаят
Ситуациялық сұрақтар:
1. Сіз сабақты слайд түрінде дайындап келдіңіз. Оны бір оқушы интерактивті тақтаны қосамын деп жүргенде бәрін өшіріп алады, не істер едіңіз?
2. Үй жұмысын тексеру үшін дәптер жинап алдыңыз. Бір оқушы дәптеріне сіздің суретіңізді салып мазақ етіп жазып қойған. Не істер едіңіз?
3. Бір оқушыға мықтап ұрысып алдыңыз. Ал ол үйіне барып апай басымнан ұрды деп арыз айтып, ата – анасын ертіп әкелді. Сіздің әрекетіңіз қандай?
4. Сіз сыртқа шығып кеткен кезде бір бұзық оқушы сөмкеңе бақа салып қояды. Сіз білмей сумкаңызды ашып қалған кездегі жағдай. Не істер едіңіз?
5. Сізді бір жоғарғы кластың оқушысы ұнатып қалғанын айтып, дос болуға шақырады, не істер едіңіз?
6. Мұғалім сабаққа кірген кезде, тақтадан өзінің карикатурасын көреді. Балалардың ойынша мұғалім кінәлі оқушыны іздеп, сабақ өткізбейді. Не істеу керек?
7. Сіз жаңа сабақ түсіндіріп жатырсыз, бір оқушы сізге сабақ түсіндіруге мұрша бермейді. Сіз оқушыға тыныш отыр дедіңіз , оқушы тыңдамады. Не істеу керек?
8 «Аманжол үнемі сабаққа ұқыпсыз келеді, шашы өскен, киімі үтектелмеген, бірақ осы түріне қарамастан үнемі сабаққа дайындалып келуге тырысады. Оқушылар арасында ешқандай доспары да жоқ,ешқіммен араласпай өз бетімен жүреді.» Сіздің іс-әрекетіңіз, қандай жұмыс түрлерін жүргізер едіңіз?
9«Сіздің сыныбыңыздағы оқушының отбасылық жағдайына байланысты ата-аналарымен қарам-қатынасы өте төмен. Бәлкім сол себептен сіздің оқушыңыз үнемі үйіне бармай мактепте жүреді немесе көшеде қаңғыбастыққа салынады. Араласып жүретін ортасындағы оқушыларда лайықты емес. Ата-анасының тарапынан қажет етпейтіндей қатынас байқалады.» Сіздің іс-әрекетіңіз?
10 «Сіздің сыныбыңыздағы Айнұр белгісіз жағдайда өзіне-өзі кол көтеріп, «суицидке» бейімділік көрсетті» Сіз осы оқушымен қалай жұмыс жұргізесі, және сіздің осдан кейінгі атқаратын жұмыстарыңыз қандай болмақ.
11. Бір оқушы журналды бүлдіріп тастайды. Сіз әрине мықтап сөгіп алдыңыз. Сізді сол күні кешке қонаққа шақырады, жаңағы оқушы да сол үйге атасымен еріп келген. «Ата, мынау менің апайым, бүгін маған ұрысты» деп есіктен кірер кірместен айқайлап жібереді? Сіз өзіңізді қалай ұстар едіңіз?
12. Алдыңғы қатарда отыратын оқушының басында бит өріп жүргенін көріп қалсаңыз не істер едіңіз?
13. Ата-аналар кеңесуге мұғалімге келді. Олардың 13 жасар қызы өте көп оқиды, үлгерімі жақсы, соңғы кезде қыз бен ата-ана арасында кейбір мәселелер туындап жүр. Ескертулерге қыз: - сендер мені жақсы көрмейсіңдер, үйден кетемін, - дейді. Ата-ана бұдан қорқып, қыздың барлық жағдайын жасайды. Ол жиі қайталанып жүр. Ата - анаға кеңес.
14. Мұғалім оқушыларға математика оқулығын таратуда. Самат үндемей кітапты апайға қайтарып берді. Мұғалім: Самат не болды? Неге қайтардың?
- Ол жыртық.
- Ол таза, әдемі болу үшін не істеу керек?
- Оны түптеп, желімдеп күтіп ұстау керек.
- Мұны кім істеу керек?
1.Жүргізуші:
Тәуелсіздік таңы сендер, білемін,
Болашаққа бар білімін берерін
Барыс текті жастар ғана келешек,
Жалындатып биік шыңда жүретін
деп сайысты аяқтамас бұрын әділ қазылар алқасын ортаға шақырып, жеңімпазды анықтайық.
2.Жүргізуші:
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Сөз кезегін әділ қазыларға берейік.
Арамызда білімді достар көп екен,
Солардың біз нәтижесін көрейік. – деп бүгінгі сайысымыздың да өз шешімдерін шығарғанша «ән - шашуға» кезек берейік.
1.Жүргізуші: Ән “Ұстазым” орындайтын музыка пәнінің мұғалімі Негаев Айбар Хайдарұлы
Арманға алда күткен асығамыз.
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Ұстаздар сайысының соңғы сөзін,
Естігенше біз енді асығамыз.
Сайысты қорытындылап оза шауып алға суырылып шыққан ұстаздың есімін бірге білейік. Сол үшін әділ қазы алқаларына сөз кезегін береміз.
Жүргізуші: ХХІ ғасыр – Білім ғасыры. Ендеше ғасырдың сайысынан қалмайық. Еңсесі биік егеменді еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы, адал азамат ұл - қыздарына саналы тәрбие, сапалы білім беруде шаршамай, талмай еңбек етіп, еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер. Біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескенше күн нұрлы болсын! – дейміз.
.
1. Кір шалмайтын ешқашанда қабағын,
Насихаттың қадамына қарағын.
Пән ішінде пәндердің бір төресі,
Алып жүрген қазақ тілі сабағын – Ахмет Нұрхат ағай.
2. Жанып түсер шәкірт десе жанары,
Дүйсен апай бастауышта сабағы,
Алып жүрген қоғамдық сан жұмысты,
Қамтиды ол қосымша көп сабақты – деп Сүлей Дүйсен апай.
3. Математик нағыз маман өзіңсің
Өзгелерге ісің үлгі, сөзің шын.
Аудан, аймақ көлемінде шектелмей,
Обылыстан бас жүлдемен көрінсін – дей келе Қабылбек Гауһар апай.
4. Басқарып бірлестікпен бірге келер,
Ал тарихи түсінік және берер.
Жаңа әдіске үйретіп шәкірттерін,
Шәкіртіне қосымша білім берер – Сеңгірбекова Нағима апай.
5. Ақырын жүріп келесің аяңменен,
Жұмысыңыз үнемі баламенен.
Компьютермен жұмысы әрқашанда.
Информатика ұстазы бола білген – Кенжебек Ләззат апай.
6. Білімді ұстаз, бейімді шетел тіліне.
Еңбегімен ортасына үлгі – өнеге.
Жұмысының жемісін көрсетеді,
Әрдайым мектебіне келгенінде. – Жүсіпбек Ғалия апай.
7. Елгезек, тіл алғыш қып тәрбиелеп,
Шәкірттерді шығарды бірнеше рет.
Ине, жіп, биссерменен гүл тоқытып,
Еңбегіне қыздарын икемдеген – Өрікбай Айткүл апай.
8. Бала – шаға отбасымен бақытты,
Күнделікті шәкірттерге асықты.
Бастауыштың мұғалімі Жанна апай,
Іскерлікпен ісін алға тасытты – Ысқақ Жанна апай.
Мектеп-гимназияның «Үздік жас маман- 2016» байқауының ережесі
Байқаудың мақсаты:
Жас ұстаздардың біліктілігін, өз кәсібінің жан-жақты шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш- жігерін жұмсауға баулу.
Міндеттері:
1. Мектептің жас мұғалімдерінің шығармашылықтарын, жұмыс істеу қабілеттерін анықтау;
2. Жас мамандардың кәсіби мәртебесін көтеру және қолдау;
3. Оқушылардың жоғары сапалы білім алуын қамтамасыз ету мақсатында оқыту мен тәрбиелеу әдістері мен нәтиже беретін педагогикалық технололгияларды көрсету;
4. Жаңа педагогикалық тәжірибені тарату және насихаттау.
2. Байқауға қатысушылар:
2.1. Байқауға педагогикалық еңбек өтілі 1 жылды құрайтын мектептің жас мамандары қатысады.
3. Байқаудың өткізілуі мен тәртібі:
3.1 ұйымдастыру комитеті және әділқазылар алқасы құрылады.
3.2. Ұйымдастырушы комитет және әділқазы алқасы қатарында жоғары дәрежелі мамандар мен кәсіподақ ұйымының өкілдері болады.
4. Байқаудың мазмұны:
Байқау барысында білім беру мекемесінде шығармашылықпен айналысатын жас мамандар анықталады. Байқаудың барлық кезеңі бойынша әділқазылар алқасы қатысушының іс-әрекетін келесі белгілер бойынша бағалайды:
-кәсіби шеберлік және жеке басының сапасы (шығармашылық, суырып салмалық қасиеті, өз бетімен ізденушілік, талапкерлік және т.б.);
- мұғалімдер жұмысының жүйелілігі, оқыту технологиялары, тәрбиелеу және дамыту.
Педагогикалық іс-әрекеттің әсерлігі келесі көрсеткіштермен бағаланады:
- педагогикалық біліктілігі;
- теориялық білімі және тәрбие жұмысының әдістемесі;
- педагогикалық техникасы және сабақты ұйымдастыруы;
- адамгершілік-этикалық қасиеті, педагогикалық мәдениеті және ой-өрісі мен эрудициясы;
- қарым-қатынас өнері, суырып салмалылығы.
4.1. Байқаудың кезеңдері:
1. Өзін-өзі таныстыру (3 мин)
2. Пән бойынша ашық сабақтан үзінді (15 мин)
3. Белгілі бір тақырыпқа сабақ жоспарын құру (3-5 мин)
4. Өз өнерін көрсету (4 мин)
5. Ситуациялық тапсырмаларды орындау (1 мин)
5. Байқауға қатысушыларды бағалау:
5.1. Байқаудың әділқазы алқалары жас мамандардың шығармашылығын, ашық сабақтар сапасын, қатысушылардың жаңашыл идеяларын бағалайды.
5.2. Әділқазы алқасының құрамы мектеп директорының бұйрығымен бекітіледі.
7. Байқау жеңімпаздарын марапаттау.
7.1. Байқау нәтижесінде әділқазы алқалары бірінші, екінші, үшінші орын алған жеңімпаздарды анықтап, марапаттайды.
Достарыңызбен бөлісу: |