Учебная программа курса по развитию функциональной грамотности 15-летних школьников, потенциальных участников pisa-2015



бет3/4
Дата16.02.2020
өлшемі448,35 Kb.
#58159
түріУчебная программа курса
1   2   3   4

3-қосымша
15 жастағы білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін сабақ кезеңдерін ұйымдастырудың әдістемелік нұсқаулары (А.Қ. Қисымова мен Е.Б. Нұрланованың сабақтың технологиялық картасын қолдану мысалында)
Педагогика теориясы бойынша кез келген педагогикалық технология оқу мақсаттарын егжей-тегжей қоюымен, яғни тарау, бөлім және жеке тақырыптар бойынша саралауымен ерекшеленеді. Б. Блумның психологиялық зерттеулері таным үдерісінің 5 сатыдан (білім, түсінік, қолданыс, анализ, синтез және бағадан) тұратынын көрсетсе, педагогикалық технологияны қолданудың отандық тәжірибесі дәстүрлі педагогикалық практикада білім алушылар таным үдерісінің алғашқы екі, әрі кеткенде, үш сатысына сәйкес келетін мақсаттарға ғана жететінін көрсетеді.

Осылайша дәстүрлі оқыту білім алушыларда аналитикалық, синтездік және бағалау дағдыларын қалыптастыруға бағытталмаған десе болады. Бұл дерек қазақстандық 15 жасар білім алушылардың PISA-2009 және PISA-2012 зерттеулеріндегі нәтижелері растайды.



Өткен ғасырдың орта шенінде Б. Блум таксономиясы түсініктілігімен әрі заманауи білім беру парадигмасы жағдайында да кеңінен қолдануға жарамдылығымен көзге түседі. Ондағы білім алу қызметінің үш саласы (танымдық, эмоциялық және психомоторлы сала) білім (knowledge), бағдар (attitude) және дағдыларға (skills) сәйкес келеді. Олай болса, бұл таксономия оқытудың арнайы бір түрінен гөрі біртұтас оқыту процесінің мақсаттары болып табылады. Оқытушылар БДБ, яғни «білім, дағды және бағдар» (KSA – Knowledge, Skills, and Attitude) деп атап кеткен бұл жүйе дәстіүрлі «білім-білік, дағды» (ББД) үштағанының аналогы болып көрінетін секілді.

Алайда Блум таксономиясы орыс тілді көздерде нашар зерттелген. Зерттеушілер таксономияны мән-мағынасын жоғалтатындай қарапайым күйде береді, әдебиетте таксономияға мардымсыз түсініктеме берілген. Ал ұдайы түпнұсқа ағылшын дереккөзіне сілтеме жасалуы, бұл еңбектің қазақ я орыс тіліне тұтас аударылмағанын көрсетеді. 1-қосыммаша берілген Б. Блумның танымдық сала таксономиясы бойынша оқу мақсаттарын тұжырымдау мен оқу тапсырмаларын құрастыру картасы ағылшын дереккөзінен алынып аударылған [10].

Блумның танымдық немесе когнитивтік сала таксономиясы А.Қ. Қисымова мен Е.Б. Нұрлановтың технологиялық сабақ картасында мақсатты ұстаным ретінде қолданылған. Картаның жалпы көрінісін 4-қосымшадан көрсе болады.

Білімділік, дамытушылық және тәрбиелік мақсаттары болып бөлінетін оқыту мақсаттарына орала отырып, Блум таксономиясында сабақ мақсаттарын дәстүрлі сабақпен салыстыруға болады (7-кесте).


7-кесте – Таксономия туралы. Блумның сабағының дәстүрлі, сабақпен салыстырмалы мақсаты



Сабақтың технологиялық картасындағы мақсаттар

Дәстүрлі сабақ мақсаттарының реті

Аты

Шығару әдістемесі

Аты

Талдау әдісі

1. Білім

2. Түсінік

3. Қолда-ныс

4. Анализ

5. Синтез

6. Баға


Категориялардың мәніне сай етістіктер жиынтығын – түйінді іс-әрекеттерді іріктеу

1. Білімділік

2. Дамытушы

3. Тәрбиелеуші


Категориялар мәніне сай іс-әрекеттерді қисынды түрде іріктеу

Мысалға, 2-қосымшада берілген 9-сынып Қазақ әдебиеті пәнінің «Біржан мен Сара» айтысы жайында» тақырыбының дәстүрлі сабақ жағдайындағы мақсаты былайша тұжырымдалуы мүмкін:

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: «Біржан мен Сара» айтысы туралы мәліметерді қамту, шығарма желісін, ондағы кейіпкерлерді пысықтау;

2. Жаңа тақырып негізінде қажетті түсінік қалыптастыру негізінде, логикалық операцияларды жасау дағдыларын дамыту;

3. Білім алушылардың халық ауыз әдебиетіне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.

Дәстүрлі сабақ мақсатында жетістікке жетудегі нақты алгоритм жоқ, демек, оқу тапсырмаларын, сабақ кезеңдерді белгілеуде анық бағдар айшықталмай деген сөз.

Ал Блум таксономиясын технологиялық қисындағы сабақ кезеңдерімен байланыстыруға тырысқан зерттеуші педагогтер А.Қ. Қисымова мен Е.Б. Нұрланов нақты оқу мақсаттарын тапсырма-жаттығулармен және сабақ кезеңдерімен байланыстыру алгоритмін ұсынды (3-суретке қараңыз). Зерттеушілер ұсынған сабақ кезеңдері мен дәстүрлі сабақ кезеңдері салыстырмалы түрде 8-кестеде көрсетілген.


8-кесте – Сабақтың технология карта сатыларын дәстүрлі сабақпен салыстыру


Дәстүрлі сабақ

Технологиялық сабақ

1

2

1. Ұйымдастыру кезеңі (3 мин.)

1. Ақпарат блогы (12 мин.)

2. Үй жұмысын тексеру (10 мин.)

3. Жаңа материалды түсіндіру (15 мин.)

4. Бекіту (15 мин.)

2. Логикалық тапсырмалар блогы (5 мин.)

3. Жаттықтыру және білімді есепке



8-кестенің жалғасы

1

2




алу блогы (18 мин.)

4. Интеллектуалдық тренинг блогы (6 мин.)



5. Үй тапсырмасы, сабақ қорытындысы (2 мин.)

5. Күтілетін нәтиже блогы, үй тапсырмасы (4 мин.)


3-сурет – Технологиялық сабақ жағдайында оқу мақсаттарын тапсырма-жаттығуларды құрастыру әдістемесімен және сабақ кезеңдерінің ерекшеліктерімен байланыстыру үлгісі

(А.Қ. Қисымова және Е.Б. Нұрланов бойынша)
А.Қ. Қисымова бойынша СТК-ның «Мұғалімге ақпарат» бөліміндегі «Күтілетін нәтиже» мен «Сабақ құрылымы» тармақтарының өзара байланысы
Төмендегі кестеде 8-кестеде салыстырылған әртүрлі типтегі сабақ кезеңдерінің айырмашылықтары жеке-жеке көрсетілген (9-кесте).
9-кесте – Сабақта технологиялық карта қолдану (А.Қ. Қисымова және Е.Б. Нұрланов) және дәстүрлі педагогикалық іс-тәжірибені ұйымдастыру ерекшеліктері



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет