Учебная программа курса по развитию функциональной грамотности 15-летних школьников, потенциальных участников pisa-2015



бет2/4
Дата27.12.2016
өлшемі1,31 Mb.
#6033
түріУчебная программа курса
1   2   3   4

Математикалық сауаттылық жетістіктерінің деңгейі, сондай-ақ ең төменгі 1-деңгейден ең жоғарғы 6-деңгей диапазонында түрленеді. Осы деңгейлердің әрқайсысы сипаттау қажетті құзыреттіліктердің негізінде қалыптасады (4-кесте).


4-кесте – Математикалық сауаттылық жетістіктерінің деңгейі


Деңгей

Білім алушылар нені танытуы тиіс

1

2

6

– математикалық тұрғыда ойлай және жедел түрде санай алады;

– тапсырмалар шешімдерінің жаңа әдістерін ойлап таба алады;

– бұрындары кездеспеген жаңа жағдайларға стратегиялар әзірлеу;

– ақпараттардың әртүрлі дереккөздерін байланыстыра алады



4-кестенің жалғасы




1

2

5

– күрделі тапсырмалар үлгілерімен жұмыс істей алады;

– осы үлгіге қатысты мәселелерді шешу үшін нақты стратегияны анықтап, салыстырып бағалай алады;






– осы немесе басқа да тапсырмаларды орындау үшін кең, жақсы дамыған ойлары мен логикалық дағдыларын көрсетеді

4

– нақты жағдайларға арналған нақты үлгілермен тиімді жұмыс істей алады;

– символикалық белгілерді қосқанда түрлі тапсырмаларды дамытып ықпалдайды және оларды шынайы әлемдік жағдайлардағы аспектілерге бағыттайды;

– жақсы қалыптасқан дағдыларын көрсете алады және тапсырмаларды оңай орындай алады


3

– ретімен орындалуды талап ететін тапсырмаларды қосқанда, тапсырмаларды толықтай орындай алады;

– мәселелердің жеңіл стратегиялық шешімдерін таңдап қолдана алады және әртүрлі ақпараттық деректерге негізделген деректерді пайдаланып түсіндіре алады;

– бірнеше процестер, нәтижелер, талқылауларды түсіндіре алады


2

– логикалық пікірден басқа ештеңе талап етілмейтін тапсырмаларда кездесетін жағдайларды айқындап тану және түсіндіру;

– бір дереккөзден маңызды ақпарат таба алады және бір репрезентациялық әдісті қолдана алады;

– ойларын бағыттауға және мәліметтердің нақты түсініктерін құрастыруға қабілеттілік танытады;

– тапсырмаларды бүтіндей сандармен шешу үшін негізгі алгоритмдерді, формулаларды, процедураларды қолдана алады



1

– барлық жағынан сәйкес және сұрақтары анық құрылған ақпараттар ұсынылған қарапайым тапсырмалардан тұратын сауалдарға жауап бере алады;

– нақты жағдайларға сәйкес, ақпараттарды теңдестіре және көпшілік қабылдаған әдістерді пайдалана біледі


Оқу сауаттылығы жөнінде білім алушылардың жетістік деңгейінің саны жетіге сәйкес келеді. Олар оқырманға ең күрделі талаптар қоятын тапсырмалардың ең төменгі – 1 Б-дан ең жоғарғы 6-деңгейге дейін бөлінген.

Оқырман сауаттылығының әр деңгейіне сәйкес оқырман білігінің нақты сипаттамасы төменде көрсетілген (5-кесте).

5-кесте – Деңгейлер / оқу сауаттылығы




Деңгей

Білім алушылар нені танытуы тиіс

1

2

6

– қарама-қарсы күрделі ақпараттарды ұсынатын мәтіннің мазмұнын түсіну; бірнеше мәтіндердің түсініктерін және олардың арасындағы байланыстарды жан-жақты, толық көрсету;

– мәтінді бүтіндей толық және дәл түсіндіру;

– таныс емес тақырыпқа жазылған күрделі мәтінді сын тұрғысынан бағалау.


5

– анықтап және қалыптастыру арқылы ақпаратты жинақтау;

– академиялық білімге сүйене отырып, мәтінді ұғыну;

– бейтаныс мәтінді түсіну және түсіндіру;

– түсініктерді оқу және түсінуді болжамдау.



4

– бүтіндей түрде берілмеген ақпарат бірліктерін тауып, байланыстыру; мәтіннің бүтіндей мазмұнына сәйкес, тілдік реңктерді түсіну;

– бейтаныс мазмұн мен форматтағы ұзын әрі күрделі мәтіндерді түсіну;

– ғылыми болжам ұсыну немесе мәтінді бағалауға үшін мәтінде жазылған арнайы білімді пайдалану.


3

– ақпараттардың бірнеше бөлімдерінің арасындағы байланысты анықтап талдау; мәтіннің бірнеше бөлімдерін біріктіру арқылы басты ойды анықтау;

– оқырман күтетін нәтижемен сәйкеспейтін және қарама-қарсы ақпараттардан тұратын мәтінді түсіну;

– жалпыға белгілі, күнделікті білім негізінде мәтін түсінігін көрсету.


2

– мәтіндегі басты идеяны анықтап тану, мәтін құрылымының өзара байланысын немесе құрылымын түсіну;

– мәтіннің бір ғана ерекшелігіне негізделген кереғарлықты айқындап салыстыру;

– берілген шынайы жағдаяттың жеке тәжірибесі мен жеке қатынасына сүйене отырып, мәтіндер және мәтіннен тыс білімдер арасындағы байланыстар туғызу немесе оларды салыстыру.




– мәтін мазмұны және жалпы жұртқа белгілі күнделікті білім арасында байланыс орнату; таныс тақырыпқа мәтін құраған автордың басты мақсатын/мәтіннің басты тақырыбын анықтау;

– оқырман үшін көмек болып табылатын анық айтылған ақпаратпен жұмыс істеу.





– қарапайым қысқа мәтіндегі оқырманға таныс ақпаратты табу;

– көмек көрсетілетін қарапайым мәтіндермен жұмыс істеу (ақпараттардың, суреттер немесе таныс символдардың қайталануы);

– қарама-қарсы немесе артық ақпараттары жоқ мәтіндерді түсіндіру.


Қорытынды
PISA-2015 зерттеуінің әлеуетті қатысушылары – 15 жастағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту курсы орта білім беру ұйымдарында оқу жоспарының вариативті бөліміндегі сағат есебінен өткізілетін элективтік курс болып табылады.

Оқушыларды әлеуметтенуге және дербестіндіруге бағыттау, болашақ кәсіби қызметі саласын жауапты таңдау мен саналы дайындау осы элективтік курстың мақсаты болып табылады.



PISA-2015-тің әлеуетті қатысушылары 9-сынып оқушылары немесе колледждердің бірінші курс студенттері болғандықтан, элективтік курс орта білім беру ұйымдарының тиісті оқу пәндерінің 8–9-сынып мұғалімдері мен оқушыларына ұсынылған.

Курс математика, биология, химия, физика, география, сонымен қатар қазақ немесе орыс тілі және әдебиеті секілді базалық пәндерді толықтыратын «қондырма» рөлін атқаратындықтан, курс ұзақтығы мен кезеңдерін мұғалімдердің өздері белгілейді. Бағдарлама материалды құрылымдау мен іріктеудің негізгі принциптері, сондай-ақ «қондырмалық» элективтік курсты жүргізу есепке ала отырып, базалық оқу пәндерін оқытудың күтілетін нәтижелері бойынша қажетті бағдарды ұсынады. Сонымен қатар, бағдарлама PISA-2015 зерттеуіне енген қосымша өлшемдер бойынша кейбір ұсынымдарды қамтиды.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 « Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012– 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 қаулысы

2 Основные результаты международного исследования образовательных достижений 15-летних обучающихся PISA-2012. Култуманова А., Бердибаева Г., др. – Астана: НЦОСО, 2013. – 283 с.

3 Опубликованы сводные результаты Программы международных сопоставлений 2011 года о реальном размере мировой экономики. Кіру режімі: http://www.worldbank.org/ru/news/press-release/2014/04/29/2011-international-comparison-program-results-compare-real-size-world-economies, тегін.

4 Сыздыкова Г.С. Обновление содержания среднего образования в контексте международных сравнительных исследований. Режим доступа: http://old.group-global.org/ru/storage_manage/download_file/32228, свободный.

5 Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы // Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 07 желтоқсандағы № 1118 Жарлығы.

6 PISA, TIMSS зерттеулерінің тапсырмалары негізінде оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту. Әдістемелік құрал. Развитие математической грамотности учащихся на основе заданий исследования PISA, TIMSS. Методическое пособие. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2014. – 97 б.

7 PISA, PIRLS халықаралық зерттеулер контекстінде оқу сауаттылығын дамыту. Әдістемелік нұсқау. Развитие грамотности чтения в контексте международных исследований PISA, PIRLS. Методические рекомендации. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2014. – 80 б.

8 Қисымова А.Қ., Нұрланов Е.Б. Біртұтас педагогикалық процесте сабақтың технологиялық картасын құрудың соны үлгісі (Қисымова А.Қ. және Нұрланов Е.Б. бойынша). «Әлеуметтік жаңғырту жағдайында білім беру жүйесін жетілдіру»: халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары (Астана, 6-7 желтоқсан, 2013 ж.). Астана: «Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА» РМҚК, 2013. – Б.339–346.

9 Нурланов Е. Обновление учебных программ среднего образования как технологическая основа развития функциональной грамотности школьников Республики Казахстан. Онлайн платформа «G-global». Режим доступа: http://old.group-global.org/ru/storage_manage/download_file/34858, свободный.

10 Big Dog & Little Dog's Performance Juxtaposition [Электронды ресурс] / Bloom's Taxonomy of Learning Domains. The Three Types of Learning – 2014. Кіру режімі: http://www.nwlink.com/~donclark/hrd/bloom.html, тегін.


1-қосымша
Б. Блумның танымдық сала таксономиясы бойынша оқу мақсаттарын тұжырымдау мен оқу тапсырмаларын құрастыру картасы

Б. Блумның танымдық сала таксономиясы қазіргі заманғы білім парадигмасына барынша толық сәйкес келетін, кеңінен тараған мақсат болжау тетігі ретінде танымал. Б. Блум ажыратып сипаттаған танымдық іс-әрекет сатылары TIMSS және PISA зерттеулерінің критерийлер жүйесімен үйлеседі.



Аталған екі халықаралық зерттеудің танымдық немесе құзыреттілік критерийлерін үш топқа біріктіруге болады: 1) білім, 2) қолданыс және 3) ой толғау. Көпшілік педагогтерге белгілі, алайда локальды қолданылатын Блум сатылары мән-мағынасымен халықаралық зерттеулерге келесідей сәйкес келеді (2-сурет) [4]:


2-сурет – Б. Блум таксономиясының оқыту мақсаттары және халықаралық салыстырмалы зерттеулердің критериалды жүйесі арасындағы сәйкестік
Б. Блум бойынша танымдық салаға білім әрі ақыл-ой дағдыларын дамыту процесі жатады. Бұл саланың құрамына ерекше фактілерді, рәсімдер үлгілері мен ұғымдарды еске түсіру немесе оларды тану секілді қызметтер кіреді, бұлар ақыл-ой қабілеттері мен дағдыларын дамытады.

Төмендегі кестеде әр алуан мінез-құлықтар алты ірі категорияға біріктіріліп, ең қарапайымынан барынша күрделісіне дейін тізілген тәртіпте беріліп отыр. Берілген категорияларды қиындық деңгейлері деп түсінсе болады, өйткені әрбір келесі деңгейге өту үшін оның алдыңғысын меңгеріп алу қажет (6-кесте).

6-кесте – Б. Блумның когнитивтік салалары таксономиясы бойынша оқу мақсаттарын тұжырымдау және олардың сипаттамасы [8]1

Танымдық сала

Мысалы мен түйінді ұғымдары

1

2

Білім: Деректерді не ақпаратты еске түсіру.

Мысалдары: Стратегияны баяндау. Сатып алушыға тауарлардың бағасын жатқа айту. Қауіпсіздік техникасын білу.

Түйінді ұғымдары: анықтайды, сипаттайды, ұқсатады, біледі, қайсыбір категорияға жатқызады, атап шығады, сәйкестігін табады, атын атайды, бейнелеп айтады, есіне түсіреді, таниды, жаңғыртады, іріктейді, тұжырымдайды.

Түсінік: Мағынаны, мәліметті бір өлшем бірлігінен екіншісіне аударуды, интерполяцияны2 түсіну, нұсқаулар мен проблемалар түсіндірмесін ұғу. Проблеманы өз сөзімен сипаттау.

Мысалдары: Жазбаша бақылау жұмысының ережелерін қайта қарау. Күрделі тапсырманы орындаудың қадамдарын өз сөзімен жеткізу. Теңдеуді компьютердің электронды кестесіне көшіру.

Түйінді ұғымдары: түсінеді, конверттейді, жақтайды, айырып таниды, жуықтап бағалайды, түсіндіреді, кеңейтеді, жинақтап қорытады, мысал келтіреді, қорытынды шығарады, түсіндірмесін береді, парафразалайды3, болжайды, қайта қарайды, түйіндейді, аударады.

Қолданыс: Ұғымды жаңа жағдайда пайдалану, я болмаса абстракцияны4 еш жәрдемсіз қолдану. Сынып бөлмесінде (аудиторияда) үйренгенді

жұмыс орнында отырып бейтаныс жағдайға байланысты қолдану.

Мысалдары: Анықтамалықты пайдалана отырып, қызметкерлердің демалыс уақытын есептеп шығару. Жазбаша тестінің сенімділігін бағалауда статистика заңдарын қолдану.

Түйінді ұғымдары: қолданады, өзгертеді, есептеп шығарады, құрастырады, көрсетеді, сырын ашып

біледі, қолмен шебер жұмыс істейді (манипуляция жасайды), түрлендіреді, әрекет етеді, болжайды, әзірлейді, жасап шығарады, байланысын анықтайды, танытады, шешеді, пайдаланады.



6-кестенің жалғасы

1

2

Анализ: Заттық нәрсенің я идеяның құрылымы түсінікті болу үшін оларды бөлшектеп қарастыру. Фактілерді ой-тұжырымдардан айырып тану.

Мысалдары: Жабдықтың қайсыбір бөлшегіндегі ақауын дедукциялық әдістің көмегімен тауып, жөндеу. Дәлелдеме қисынынан қате ойды көру. Бөлімшеден (мекемеден) келіп түскен мәліметті жинақтап, оның ішінен орындалып бітуі үшін ізденуді қажет ететін тапсырмаларды іріктеу.

Түйінді ұғымдары: талдайды, бөлшектеп қарастырады, салыстырады, қарсы қойып салыстырады, сызбанұсқа

түрінде бейнеледі, бар құрылымды бөлшек-бөлшекке ажыратады (деконструкциялайды), саралайды, ерекшелейді, айырып таниды, ұқсатады, суреттейді, қорытынды шығарады, бейнелеп айтады, байланысын анықтайды, іріктейді, ұсақтап бөледі.

Синтез: Құрылымды я үлгіні алуан түрлі элементтерден жасау. Құрамдас бөлшектерді біріктіріп, жаңа мағынаны, я болмаса құрылымды шығаруға баса назар аудару.

Мысалдары: Компания операциялары немесе технологиялық процесі жайлы нұсқаулық жазу. Ерекше бір тапсырманы орындау мақсатында мәшине жобасын (механизмді) жасап шығару. Проблема шешу үшін бірнеше дереккөзден алынған оқу материалын кіріктіре пайдалану. Алынған нәтижені жақсарту үшін, оны өңдеп түзету.

Түйінді ұғымдары: категорияларға бөледі, қиыстырады, компиляциялайды5, тұтастырады, жасайды, ойлап табады, жобалайды, түсіндіреді, қозғау салады, түрлендіреді, ұйымдастырады, жоспарлайды, қайта топтастырады, қайта құрады, байланысын анықтайды, қайта ұйымдастырады, түзетеді, қайта қарайды, түйіндейді, сөйлеседі, жазады.

Баға: Идеялардың не заттық нәрселердің құндылығы жайлы пікір қалыптастыру.

Мысалдары: Ең тиімді деген шешімді таңдау. Ең білікті деген кандидатты жалдау. Жаңа бюджетті түсіндіріп негіздеу.

Түйінді ұғымдары: есептейді, салыстырады, шешім қабылдайды, қарсы қойып салыстырады,

сынайды, сыни талдау жасайды, жақтайды, сипаттайды, ерекшелейді, бағалайды, түсіндіреді, түсіндірмесін береді, негіздейді, байланысын анықтайды, түйіндейді, қолдайды.

6-кестеде көрсетілген танымдық үдеріс сатыларының түйінді етістіктерін пайдалана отырып, гуманитарлық және жаратылыстану циклі пәндерінің кешенді сұрақтары мен тапсырмаларын құрастыруға болады.




2-қосымша
Б. Блумның танымдық сала таксономиясы бойынша оқу мақсаттарын тұжырымдау мен оқу тапсырмаларын құрастыру картасын қолданудың практикалық мысалы6
Блумның танымдық сала таксономиясы бойынша оқу мақсаттарын тұжырымдау мен оқу тапсырмаларын құрастыру картасы «Біржан мен Сара» айтысы жайында» деп аталатын тақырып мысалында қарастырылған (Қазақ әдебиеті, 9-сынып).

Тақырыбы: «Біржан мен Сара» айтысы жайында».

Күтілетін нәтиже:


Білім

– «Біржан мен Сара» айтысының тақырыптық ерекшелігін таниды. Біржан мен Сараның бейнесін сипаттайды

Түсінік

– Біржан сал Қожағұлұлы мен Сара Тастанбекқызының өмірі және шығармашылығы жөнінде білімдерін кеңейтеді

Қолданыс

– «Біржан мен Сара» айтысының тақырыптық ерекшелігін, идеясын ашуда жыр жолдарын пайдаланады. Айтыстағы өлең жолдарын қара сөзге аудара отырып, оның көркемдігіне, мазмұнының тереңдегіне, ойдың ұшқырлығына көз жеткізуге мүмкіндік алады

Анализ

– «Біржан мен Сара» айтысының мазмұнын айтыс жанрына берілген жалпы сипаттамамен салыстырады, айтыс өнерінің үлгілі мысалы ретінде оның кейінгі айтысу дәстүріне, соның ішінде қыз бен жігіт айтысына ықпалы жөнінде ойланады

Синтез

– Айтыстағы ақындардың сөздерін олардың өмірімен байланыстырады, бұл ретте көпшілікке танытқан өнерінің жеке басының қадір-қасиетімен қаншалықты байланысқаны жөнінде ой түйеді

Баға

– «Біржан мен Сара» айтысының қазақ әдебиеті мен мәдениетінде алатын орнын анықтайды, байланысын түсіндіреді

Scaffolding7 педагогикалық тәсіліне сәйкес оқу материалын түсіну үшін алдын ала жағдай туғызу қажет. Мысалы, «Білім» сатысы (категориясы) бойынша оқу мақсаттарына қол жеткізуге алдын ала дайындалған слайдтар жәрдемдеседі [9].


Титулдық слайд.
2 слайд


Жоспар

1. Біржан мен Сара шығармашылығына шолу.

2. «Біржан мен Сара» айтысының сюжеттік желісі.

3. «Біржан мен Сара» айтысы – қазақ ауыз әдебиеті мен мәдениетінің інжу-маржаны.


3 слайд

1-тақырыпша.

Біржан мен Сара шығармашылығына шолу


4 слайд

Баласы Қожағұлдың Біржан салмын...

сурет

– Туған жері – Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы.

– Балалық шағы:

- орташа дәулетті шаруа отбасында өтті;

- ел арасында әншілігімен көзге түсті.


Біржан сал

Қожағұлұлы

(1834–1897)

– Жастық шағы:

- жасы 20-ға таяғанда өзі де ән шығарды;

- әнші ақындар қасында жүріп, той-думанның сәні болды, «сал» атауы өз атымен қосарлана айтылды.


5 слайд

Ұстаздары және «өнер мектебі»

– Біржан Шөже, Салғара, Толыбай, Орынбай, Сегізсері, Нүркен сияқты халық ақындарының өнерінен нәр алған.

– 1865 жылы Абаймен кездесуі Біржан салдың композиторлық, әншілік, ақындық өнерінің дами түсуіне үлкен әсер етті.

– Біржанның өзі де кейінгі ақындарға үлгі-өнеге бола білді, сондықтан соңына ерген жыр дүлдүлдері аз болған жоқ: Жаяу Мұса, Басықараның Қанапиясы, Балуан Шолақ, Ғазиз ақын, Естай ақын, Үкілі Ыбырай, Жарлығап Берді, т.б.


6 слайд

Біржан сал өлеңдерінің тақырыбы

– Біржан әндері нәзік сезімді, ол – сұлулықты, адамгершілік пен ізгілікті жырлаған сыршыл ақын.

– Адал достыққа, жалынды жастық пен мөлдір махаббатқа арналған өлеңдері:

- «Ғашығым», «Қаламқас», «Ләйлім шырақ», «Айтбай», т.с.с.

– Әлеуметтік мән-мазмұндағы өлеңдері:

- «Жанбота», «Адасқақ», «Көлбай», «Шідер», т.с.с.

– Қоғамдық әділетсіздік, өмірдің баянсыздығына, торығу мен қиянатшылдыққа наразылық тақырыбындағы әндер:

- «Теміртас», «Жамбас сипар», «Жонып алды», «Алтын балдақ», «Көкек», т.с.с.
7 слайд

Белгілі қанша жұртқа атым – Сара...

– Туған жері – Талдықорған облысы Ақсу ауданы.

– Балалық шағы:

- жетімдік зардабын шегіп, жоқ-жетік көріп, тұрмыс

тауқыметін тартып өскен;

- атақты Молықбай қобызшымен Түбек ақындар өңірдегі

әнші-ақындар ортасында өтеді;

– Жастық шағы:

- ән мен күй, асқақ жырға ынтық жас қолына домбыра алып, шаршы топқа түседі;

- өнерімен көпке танылып, талай ақындармен сөз жарысына түсіп, оза шауып бәйге алған жүйрік атанады.
8 слайд

«Біржан мен Сара» айтысының жинақталуы жайында

– Айтыс болған жер: 1871 жылы Алматы облысы, Қапал-Ақсу өңірі.

– Айтыстың баспа бетінде жиналуы:

- 1898 жылы Қазанда Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы «Қисса Біржан сал мен ақын Сара қыздың айтқаны» деген атпен жариялады;

- 2-нұсқасы Зайсаннан табылып, Қазанда «Біржан сал мен Сараның айтысқаны» деген атпен жеке кітап болып басылды;

- 1907 жылы Әріп Тәңірбергенұлының жинақтап бастырған нұсқасы жарық көрді.
9 слайд

2-тақырыпша.

«Біржан мен Сара» айтысының сюжеттік желісі
10 слайд

Біржан мен Сара айтысының өзекті тақырыбы

– Қазақ әйелдерінің бас бостандығының сол замандағы әлеуметтік мәселелермен байланысы.

– Көркем де айшықты сөз жарысымен кестеленген сөз өнерінің көрінісі.


11 слайд

Айтыстың идеясы

– Сара сияқты қазақ қыздарының басындағы әлеуметтік теңсіздікті әшкерелеу.

– Өнер саңлақтарының қоғамдық ортадағы әншілік, ақындық, адамгершілік қасиеттері мен өнерді дайындау.

12 слайд

Біржан мен Сара айтысының сюжеттік желісі



І. Айтыстың басталуы:

Сараның сөзі:

- Сара өзін ер Қаптағай ішінде ешкімді алдына салмаған, ешкімнен сүрінбеген, жеке-дара екенін айтады;

- бірден өзінің жеке басының билігі болмай «берекесіз арбашыға бере салған пұлындай» сезінеді;

- сөйтсе де, 18-ге шыққан жасына дейін 6 ауыл, 3 ағасының ортасында әкесі үшін ұлдай болып өскен, еркелігі мен еркіндігіне сенім білдіре сөйлейді;

- жан-жағын шаужайынан қаумаласа да Тұрысбектің ауылына келген Біржанның ыңғайынан шошымағанына сенімді;


13 слайд

...сюжеттік желісі (жалғасы)

Біржанның берген жауабы:

- Біржан сері өзін бірден орта жүздің бұлбұлы мен ақиық мұзбалағына, қыранына теңеп, Сараны ығыстыра сөйлейді;

- «Бұл үйде Сара бар ма, отыр не ғып?» деп оны қарсы алмағанын кінәлап, өзінің «әкеңдейлермен» де істес болғанын айтып, өктемдік танытады.
14 слайд

...сюжеттік желісі (жалғасы)



ІІ. Айтыстың бұдан арғы өрбуі:

– Сара Біржанның есен-амандығын сұрауға келе қоймадың деген кінәсіне «Хауаға бұрын барған Адам ата» деген ұтқыр жауап танытады;

– Біржан сал Сараның осал жан еместігін сезгендей «келімсек әкең неге құлға берді?» деп Сараның ықтиярсыз Жиенқұлға атастырылып қойғанын көлденең тартады;

– Біржан: «Көкшетау дуанына даңқым барған», – деп, қарсыласына тағы да өктемдік танытып, ықтыра сөйлейді;

– Сара оған «Өзіңді-өзің қанша мақтасаң да сендей қаңғырған қаршығаға іліне қоятын ештеңе жоқ» екенін, ал өзінің «қамысты терең көлдің сұқсұрымын» деп асқақтай жауап қатады;
15 слайд

Сюжет жалғасы – дәстүрлі айтыстармен сабақтастығы



ІІІ. Айтыс ақындарының өз мықтыларын мадақтауы:

– Бұдан соңғы айтыс шұмақтарында екі жақта өз руларының атақты адамдары мен батырларын дәріптеп*, бірінен-бірі асыра мақтайды. Әділетсіздік танытқан оқиғаларды мінеп, әшкерелейді;

_________

* Біржан мен Сараның тілге тиек еткен жерлестерінің

есімдері келесі слайдта берілген.

16 слайд



Біржан мен Сара мадақтап өткен танымал руластары


17 слайд

Сюжет оқиғасының шиеленісі



IV. «Айтыстың қызуы»:

– Екі ақынның ширыға сөз таластыруы барысында Сара өзін өзінің «бір басына тең келетін еркек» жоқтығымен, «бұлбұлша сайраған дауысына құс айналатындай» өзін ақ тұйғындай сезінетінін айтады;

– осыдан кейін Біржан сөздің жезін алтындай қылып сөйлеген Сараның жүйріктігіне тамсана отырып, әкесі Тұрысбектың «жанашырлығымен тоты құсты» сұрұқсыз Жиенқұлға атастырғанын мінеп, «жақсыны көрмек үшін» күйеуіңді «тез шақырт» деп өткір мысқыл, әжуа келемежге көшеді.
18 слайд

Сюжет оқиғасының шарықтау шегі

V. Айтыстағы Сараның «ширығуы»:

– Біржанның бұл сөздері Сараның арқасына соғылған қамшыдай батады, өзін «қор боп ұшқан қызыл гүлдей» сезініп, «есекке қосақталғандай» өткен күндеріне қатты налиды;

– Сара өзінің бас бостандығы жөніндегі «қайғы-мұңын» ел ішіндегі «жақсылар өздері білер деуші» деп үмітенгенінің бекер болғанын ендігі жерде «ұяттан кісі өлмейді», сондықтан «Құдай қосқан иесін» алғызуды бұйырады;

– Сөйтсе де Сараның бүкіл ел намысын қорғауы мен өр мінезі өз аузынан айтылған жыр жолдарынан ерекше айқындалады;

– Сара Жиенқұлға: «Біржан салға ақ құйрық, көңіл ашар, шай секілді келіп сәлем берсін»,– дейді;

– Жиенқұлды Біржан қанша кемітсе, Сара соншалықты «арғынның тайына да баламайтын арғымағындай», ал Біржанның тырнағына татымайтын Тарғындай батыр зор деп көрсетеді.


19 слайд

Сюжет оқиғасының шешімі



VI. Айтыс соңы:

– Әлеуметтік теңсіздіктің құрбаны болған Сара Біржан салдың алдында «жеңілгенін» еріксіз мойындайды;

– Біржанның Жиенқұлды қайта-қайта шақырып көргісі келгендігінен емес екенін түсінеді. Оның түйгені – «жиналған қаптағай жақсылары, неге менің көз жасымды көргілерің келмейді, басыма бостандық алып беріңдер» деп бар дауысымен айқайлай айтқысы келгендігі еді;

– айтыстың соңғы шумақтарына Біржан Сараның өнері мен өр мінезіне ерекше тәнті болады, «мұндай дана туған сенің обалың Есімбек пен Тұрысбекке» дейді;

– өнерің мен айбатың мен көрген нелер жүйріктің «тырнағынан садаға кетсін» дейді.
20 слайд

3-тақырыпша.

«Біржан мен Сара» айтысы – қазақ ауыз әдебиеті мен мәдениетінің інжу-маржаны
21 слайд

Ақындар айтысының эталоны

– Біржан мен Сараның айтысы – ХІХ ғасырдағы қазақ халқының болмыс-тіршілігін жан-жақты суреттейтін көркем туынды.

– Бұл айтыс атақты екі ақынның арасындағы сөз айтысы ғана болмай, айтыс өнеріндегі көркемдік куаты, тіл бейнелілігі жағынан ерекше эстетикалық талғам биігінен көрінген айтыстың үздік үлгісі ретінде қазақ ауыз әдебиетінің тарихынан ерекше орын алады.


22 слайд

Қазақ опера өнерінің классикасы

– Айтыс негізіндегі Қ. Жұмалиевтің либреттосы* бойынша 1946 жылы М. Төлебаев «Біржан–Сара» операсын жазды.

– Сол жылы Алматыдағы Қазақ опера және балет театрында премьерасы өтті.

– 1949 жылы операға КСРО мемлекеттік сыйлығы берілді.

________


* Либретто (итальянша libretto – кітапша) – музыкалық

шығарманың, көбінесе операның сөздері.


«Білім» және «Түсінік» сатылары бойынша тапсырмалар

  1. Біржан сал деген кім?

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________



  1. Бүгінде біз Сара Тастанбекқызын кім деп білеміз?

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________



  1. Біржан сал өз өлеңдерінде нені дәріптейді, нені айыптап, нені арман тұтады?

________________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

4. Оқулықтағы не хрестоматиядағы айтыстың өлең жолдарына қарап, Біржанның руы кім екенін тап.

____________________________________________________________________

5. Оқулықтағы не хрестоматиядағы айтыстың өлең жолдарына қарап, Сара қай рудан екенін тап.

____________________________________________________________________

6. Біржан мен Сараның жас шамасындағы айырмасы қандай?

__________________________________________________________________________

7. «Біржан мен Сара» айтысының қазақ әдебиеті төрінен орын алуының себебі неде?

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

8. Тұрысбек, Жиенқұл деген кімдер?

__________________________________________________________________________

9. Сараның неше ағасы бар?

__________________________________________________________________________
«Қолданыс» сатысы бойынша тапсырмалар

1. Сараның басындағы шарасыз жағдайдың бар екенін айтыскердің қайсысы бірінші болып жырлады? Бұл жөнінде айтылған жерді айтыстың ішінен тауып, алғашқы және соңғы өлең жолдарын жаз.

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

2. Біржан мен Сараның қоғамдағы әділетсіздік танытқан оқиғалардың мінеп, әшкерелейтін сөздерін айтыстан тауып, алғашқы және соңғы өлең жолдарын жаз.

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

«Анализ» сатысы бойынша тапсырмалар

М. Әуезовтің айтыс ақындарының тегінде қалай жеңілетіні туралы ойы «Біржан мен Сара» айтысында жүзеге асты деуге болады? Ойыңды түсіндір.

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________
«Синтез» категориясы бойынша тапсырмалар

Сынып келесі топтарға бөлініп, өздеріне берілген жағдайды қарастырып, өз ойларын айтыстан алынған үзінділермен қуаттайды:

1-топ – «Біржанның өзге ауылда жүре тұра, оның беткеұстар ақын-қызының әкесін, күйеуін кемсітуі мақсатты әрекет пе, әлде шалыс басу ма?»;

2-топ – «Сараның атам заманнан келе жатқан дәстүрдің бірі – атастыруға өз өнерімен қарсылық білдіруі әділсіздікке қарсы күрес пе, әлде бұзақылық па?»;

3-топ – «Айтысты тамашалаушы ауыл тұрғындарының айтыскерлердің оларға сілтеген айыптарына наразылық білдірмеуі момындық па, әлде өнер алдында бас июі ме?».
«Бағалау» категориясы бойынша тапсырмалар

Кестені толтыра отырып, сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.







Айтыскердің өнерге келудегі өмір жолы

Айтыскердің қазақ әдебиетіне қосқан үлесі

Айтыскер шығармашылығында

«Біржан мен Сара» айтысының орны



Біржан сал Қожағұлұлы










Сара Тастанбеқызы










Каталог: assets -> images -> Otdely -> Otdel%20doshkolnogo%20obr
images -> Бюллетень проект «Образовательные стратегии выпусников школ вко»
images -> О работе с сайтами суицидальной направленностью
images -> Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
images -> «Бекітемін» ШҚО білім басқармасының басшысы А. Садыкова
images -> Региональный центр «Шығыс» управления образования вко жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбы бойынша биология
images -> Құрметті жерлестер шығысқазақстандықтар!
Otdel%20doshkolnogo%20obr -> Методические рекомендации и инструкции по решению заданий международных исследований


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет