Артерия және вена құрылысы
Жүрек қабырғасы үш қабаттан тұрады. Сыртқы қабат — эпикард жүрек бетін қаптайды, ортаңғы бұлшық ет қабаты — миокард еріксіз жиырылатын ерекше көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасынан түзілген. Ішкі қабат — эндокард жүректің ішкі қабатын және жүрек қақпақшаларын түзеді.
Жүрек қабырғасының негізгі бөлігін бұлшық ет қабаты құрайды. Жиырылу күші неғұрлым көп болса, жүрек бұлшық еті соғұрлым жақсы дамыған. Сол жақ қарынша қабырғасы едәуір қалын болады, себебі ол қанды тамырлардың бүкіл ұзындығы бойынша үлкен күшпен айдайды. Оң жақ қарынша қабырғасы — жұқалау, ал жүрекше қабырғасы одан да жұқа болады.
Артериялар — қан жүректен барлық мүшелер мен ұлпаларға ағатын тамырлар. Олардың ішіндегі ең ірісі — қолқа (аорта). Ол сол жақ қарыншадан басталып,артерияларға тармақталады. Артерия қабырғасы қалын, иілгіш және серпімді. Олардың құрамына арасынан созылғыш талшықтар өтетін бірыңғай салалы бұлшық еттер кіреді. Жүрек жиырылғанда қан үлкен қысыммен артерияға ағады. Артерияның берік және созылғыш қабырғасы бұл қысымға төзеді де, созылады. Артерия жүректен қашықтаған сайын тармақталып, капиллярларға айналатын, арнасынын диаметрі, шамамен, 100 мкм артериолаға айналады.
Капиллярлар — ең жіңішке қан тамырлары. Олар біздің денеміздің барлық мүшелеріне енетін тармақталған тор түзеді. Капилляр арнасы 4-20 мкм құрайды, ал қабырғасы жалпақ жасушалардың бір қабатынан тұрады. Мүндай жұқа қабаттан әр түрлі заттар қаннан ұлпаға, ұлпадан қанға енеді. Капиллярлардың едәуір қалын торы бұлшық етте болады.
Адамда қан тамырлардың екі тұйық жүйесі — қан-айналымның үлкен және кіші шеңберлері бойынша қозғалады.
Достарыңызбен бөлісу: |