Қанайналымның кіші шеңбері. Оң жақ жүрекшеден вена қаны оң жақ қарыншаға түседі де, одан қанайналымның кіші шеңбері басталады. Оң жақ қарынша жиырылғанда, қан оң жақ және сол жақ өкпеге қанды апаратын екі өкпе артериясына бөлінетін өкпе бағанына (ствол) шығарылады. Өкпеде өкпе артериялары диаметрі кішкентай тамырларға, содан кейін өкпе көпіршіктерінің қабырғасын қалың орап жататын капиллярларға тарайды. Өкпе капиллярларында қан көмірқышқыл газын беріп, оттекпен қанығады, вена қаны артерия қанына айналып, ашық қызыл түске айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |