Учебно-методический комплекс Мамандық /Специальность 0105000 «Бастауыш білім беру»


Тақырып 7.3.Қан айналым жүйесі. Қан тамырлар түрлері. Қан кеткенде көрсетілетін жәрдем



бет53/91
Дата29.03.2022
өлшемі1,03 Mb.
#137091
түріУчебно-методический комплекс
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   91
Байланысты:
anatomiya platonus zhbb umk 3
ruhani adamgershilik bilim beru mazmun n n negizderi zhbb
Тақырып 7.3.Қан айналым жүйесі. Қан тамырлар түрлері. Қан кеткенде көрсетілетін жәрдем.

Адамда қан тамырлардың екі тұйық жүйесі — қан-айналымның үлкен және кіші шеңберлері бойынша қозғалады.


Қанайналымның үлкен шеңбері дененің барлық мүшелері мен ұлпаларына қоректік заттар мен оттекті жеткізеді. Ол сол жақ жүрекшеден артерия қаны түсетін жүректің сол жақ қарыншасынан басталады. Жүрек бұлшық еті жиырылған кезде артерия қаны сол жақ қарыншадан қолқаға түседі де, барлық мүшелер мен ұлпаларға, соның ішінде жүрекке де бағытталады. Қолқадан артериялар мүшелерде тармақталып, ұсақ артериялар мен капиллярлардың қалын торын түзеді. Капиллярлар қабырғасы арқылы дене ұлпалары мен қан арасында газ және зат алмасу жүреді. Капиллярларда ағатын артерия қаны коректік заттарды, оттекті беріп, алмасу өнімдері мен көмірқышқыл газын алады. Бұл кезде артерия қаны вена қанына айналады. Көмірқышқыл газына қаныққан вена қаны артерия қанына қарағанда қою болады. Капиллярлар арқылы бұл қан ұсақ венаға, содан кейін едәуір ірі венаға жиналады да, одан барлық қан екі үлкен қуыс венаға түседі. Қанды дененің жоғары жартысынан, бас, мойын, қол және кеуде қуысынан жүрекке жоғарғы қуыс вена, ал дененің қалған бөліктерінен төменгі қуыс вена алып келеді. Екі қуыс вена да жүректің он жақ жүрекшесіне түседі, осы жерде қанайналымның үлкен шеңбері аяқталады. Үлкен шеңбердің артериясында артерия қаны, ал венамен жүрекке вена қаны ағады.
Қанның сол жақ қарыншадан барлық мүшелер мен ұлпаларға, он жақ жүрекшеге қозғалуы қанайналымның үлкен шеңбері деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет