Учебно-методический комплекс Мамандық /Специальность 0105000 «Бастауыш білім беру»



бет61/91
Дата29.03.2022
өлшемі1,03 Mb.
#137091
түріУчебно-методический комплекс
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   91
Байланысты:
anatomiya platonus zhbb umk 3

Ауыз қуысының қүрылысы: алдыңғы жағында ерін мен ұрт, жоғары жағы - қатты және жұмсақ таңдай, төменгі жағы - тіл мен ауыз түбінен, артқы жағыжұтқыншаққа өтеді. Жұмсақ таңдайдың артқы бөлігі кішкене тіл түрінде болады.
Тіл сілемейлі қабықпен жабылған көлденең салалы бұлшық ет ұлпасынан тұрады. Ол мынадай аймакқа: түбірдене және ұшы болып бөлінеді. Оның бетінде дәм сезу рецеп-торлары болатын пішіні әр түрлі бүртіктер орналасқан. Тіл түбірі - ащы, тіл ұшы - тәтті, ал бүйір жағындағы рецепторлар қышқыл және тұзды дәмге сезімтал. Тіл ерінмен және жақпен бірге ауызекі сөйлеу функциясын атқарады. Ауыз қуысының бүйір және артқы жағында жұмсақ таңдай қатпарлар түзеді, олардың арасында таңдай бадамшасы орналасады. Бадамша тіл түбірі мен аңқада да бар. Бадамшада тамақпен және ауамен енетін микробтарды фагоцитоздайтын лейқоциттер болады. Ауыз қуысының артқы жағы ауызды өңешпен жалғастыратын шұңғыма тәрізді жұтқыншаққа өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет