Учебно-методический комплекс Мамандық /Специальность 0105000 «Бастауыш білім беру»


Тамақ өнімдері мен қоректік заттар



бет60/91
Дата29.03.2022
өлшемі1,03 Mb.
#137091
түріУчебно-методический комплекс
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   91
Байланысты:
anatomiya platonus zhbb umk 3

Тамақ өнімдері мен қоректік заттар. Тамақ — адам рационының (белгілі бір мерзімдік, тәуліктік азық) құрамына кіретін өсімдіктекті және жануартекті өнім. Өсімдіктекті өнімдер көмірсулар есебінен, ең алдымен, энергия көзі болып табылады. Оларға нан және нан-тоқаш өнімдері, жармалар, сондай-ақ көкөністер, жемістер, жидектер жатады. Бұлар витаминдер, ферменттер, микроэлементтер және басқа заттарға өте бай келеді. Өсімдіктекті тамақ құрамында нәруыздар, көмірсулар, майлар, органикалық қышқылдар болады. Олар ішек жұмысына жағымды әсер етеді, онын микрофлорасын қалпына келтіреді.
Ас қорыту жүйесі ас қорыту жолы мен ас қорыту бездерінен тұрады. Адамда ас қорыту жолының ұзындығы, шамамен, 8—10 м. Ол ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, аш ішек және тоқ ішек, тік ішек болып бөлінеді. Ас қорыту жолы ұзына бойы кеңейіп қуыстар түзеді және тарылады. Ас қорыту жолының қабырғасы ішкі ортаңғы және сыртқы үш қабаттан тұрады. Ішкі қабаты эпителий ұлпасынан тұратын сілемейлі қабық болып табылады. Сілемейлі қабық жасушалары ішек арнасына сілекей бөледі, ал төмен орналасқан ұсақ бездер ас қорыту сөлін өндіреді.Ішкі қабатта қан тамырлары мен лимфа тамырлары көп. Ортаңғы қабат тамақтың ас қорыту жолымен қозғалысын қамтамасыз ететін бірыңғай салалыбұлшық еттен тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет