Учебно-методический комплекс Мамандық /Специальность 0105000 «Бастауыш білім беру»



бет56/91
Дата29.03.2022
өлшемі1,03 Mb.
#137091
түріУчебно-методический комплекс
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   91
Байланысты:
anatomiya platonus zhbb umk 3
ruhani adamgershilik bilim beru mazmun n n negizderi zhbb
Қанның тамырлармен козғалуы. Қан жүректің ырғақты жұмысына байланысты қозғалады. Қанның әр түрлі тамырлармен қозғалу жылдамдығы әр түрлі. Қан едәуір, шамамен, 5 м/с жылдамдықпен қолқада ағады. Әрі қарай қозғалу жылдамдығы төмендейді де, артерияда 0,25 м/с, капиллярда 0,5 мм/с құрайды. Қанның қолқа мен капиллярда ағу жылдамдығының үлкен айырмашылығы - бұл тамырлардың әр түрлі бөлігінде жалпы қимасының кендігінің бірдей еместігіне байланысты. Қан ағатын ең тар бөлік — қолқа, ал ен кеңі — капиллярлардың жиынтық арнасы. Біздің денеміздегі барлық капиллярлардың жиынтық арнасы қолқа арнасынан 800—900 есе асып кетеді. Капиллярда аз жылдамдықпен ағуға байланысты қан ұлпаларға оттек пен қоректік заттарды беріп, олардың тіршілік әрекеттерінің өнімдерін алып үлгереді. Капиллярда қан ағысының баяулауы олардың адам денесіндегі көп мөлшерімен түсіндіріледі (2 млрд капилляр құрайды).
Адам денесіндегі венаның жалпы мөлшері артерияға қарағанда көп, ал вена арнасының жалпы кеңдігі артерия арнасынан едөуір асып кетеді. Жүрекке жақындаған сайын қанның венада ағу жылдамдығы артериядағыға қарағанда төмен. Вена қабырғасы артерия қабырғасына қарағанда жұқа және серпімділігі аз. Кейбір веналардың қабырғасында бұлшық ет қабаты жоқ. Бұл кезде қанды тек жүрекке қарай өткізетін, оның кері қайтуына кедергі келтіретін аяқ және қол веналарының қабырғаларының қақпақшалары зор рөл атқарады.
Қанның венамен қозғалуына қаңқа бұлшық еттерінің жиырылуы да, ішкі мүшелер қысымы да әсер етеді. Бұлшық еттер жиырылғанда венаны қысып, ондағы қанды тамырлармен жүрекке қарай айдайды.
Қанның тамырлармен қозғалуы нейрогуморальдыфакторлар арқылы реттеледі. Артерия қабырғасынын бірыңғай салалы бұлшық етіне тамырды қозғалтатын жүйкенің тамырды кеңейтетін және тамырды тарылтатын екі түрі келеді. Олар тамыр арналарын тарылтуы немесе кеңейтуі мүмкін. Осы жүйке талшықтары бойынша жүретін импульстер сопақша мидың тамырды қозғалтатын орталығында пайда болады.
Тамыр қабырғаларындағы жүйке ұштары қанның химиялық құрамы мен қысымының өзгеруіне әсер етіп, оларда қозу тудырады. Бұлшық еттің тамырды тарылтатын жүйкелері бойынша өтетін жүйке импульстерінің Әсерінен тамыр қабырғасы жиырылады да, артерия арнасы тарылады. Қанның мүшелерге ағуы азаяды. Керісінше, жүйке импульстері тамырды кеңейтетін жүйкелер бойынша түскенде, артерия арнасы ұлғаяды да, мүшелердің қанмен қамтамасыз етілуі артады.
Тамырлар арнасының реттелуі тамақпен немесе әр түрлі мүшелерден секрет түрінде түсетін қандағы химиялық заттардың әсеріне де байланысты. Мысалы, бүйрек үсті безінің адреналин гормоны тамырларды тарылтады, ал барлық мүшелерде түзілетін гистамин капиллярларды кенейтеді.
Әр түрлі мүшелердегі тамырлардың кеңеюі мен тарылуы организмде қанның қайта бөлінуіне себепші болады. Тамырлары кеңейген сәтте жұмыс істеп тұрған мүшеге қан көп бағытталады, жасушаларына оттек пен қоректік заттар көп түседі. Ал жұмыс істемейтін мүшеге аз түседі. Мысалы, спортшылардың жаттығуы кезінде өкпелері мен жүрек бұлшық еттерінің қанмен қамтамасыз етілуі артады, ал басқа мүшелерінде азаяды.
Организмнің қалыпты күйінде барлық қан айналымға түспейді, белгілі бір бөлігі қан қорында болады. Қанды қорға жинақтайтын мүшелерге көкбауыр, бауыр, тері астындағы май клетчаткасы жатады. Қансыраған кезде қан бұл мүшелерден жалпы қан ағысына түседі де, қан қысымын сақтауға мүмкіндік береді.
Қан кету қантармырларымызды жарақаттау себебінен туындайды. Жарақат алып, қансыраған адамға тиісінше алғашқы көмек көрсетіп, міндетті түрде бірден оны таңып тастауы қажет. Жеңіл жарақаттан бастап, күре тамырдан кететін қанды тоқтатудың түрлі жолы бар. Өткен жазбамызда жарақат жеңіл болған жағдайда қалай алғашқы көмек көрсету керектігін айтқан едік. Ал бүгін: • Ауыр сыртқы жарақат кезінде: 1. Жарақат алушының басын сәл шалқайтып жатқызыңыз, бұл шошынуды азайтады, жүрек соғысын тыңдап, дема алуын қадағалаңыз. 2. Жарақат алған жерін жүректің деңгейімен сәл биіктетіп қойыңыз, егер, «сынды-ау» деген ойыңыз болса, тиіспеңіз. 3. Қан тоқтаған соң, жарақат бетіндегі лас жерлерді мұқият, ауыртпай алыңыз. Егер лас заттар үлкендеу болса (әйнек, ағаш, т.б.), алмаңыз. Бірақ жарақаттың айналасын дәкемен таңып тастаңыз. 4. Дәкемен немесе таңғыш, матамен таңған соң, қанды тоқтату үшін қолыңыздың көмегімен жарақат алған жерді қысыңыз. 5. Қан тоқтамай жатса, жаңағы қысымды үдетіп, баумен байлаңыз. Шап немесе тағы да байлауға ыңғайсыз дене мүшелерін қолыңызбен не қалың таңғыштармен қысыңыз. 6. Қанды тоқтатын күретамырларды қысу нүктелері: Егер жарақат қолда болса, шынтақтан жоғары, қолтықтан сәл төмен жерді, ал аяқта болса, тізе мен шаптың ортасын басыңыз. Осы аталған тұстағы сүйектерге қарама-қарсы күре тамырдан қысыңыз. Саусақтарыңызды тік ұстап, екінші қолыңызбен барынша салмақ түсіріп, қаттырақ қысыңыз. • Егер іштен қан кетсе 1. Іштен қан кеткенде, үй жағдайында қан тоқтату мүмкін емес, міндетті түрде жедел жәрдем шақыртыңыз. 2. Жарақат алушыны ыңғайлылырақ жатқызып, сабырға шықырыңыз. 3. Қан қысымын өлшеп, тыныс алуын қадағалаңыз, сырттан қан кеткен жағдайда, тоқтатуға тырысыңыз.

  1. Дене температурасын қадағалаңыз, дене не суып, не қызулап кетпесін. Жедел жәрдем келгенше, температураны бір қалыпты сақтаңыз.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет