Учебно-методический комплекс Мамандық /Специальность 0105000 «Бастауыш білім беру»


Ұлпалар. эпителий және дәнекер ұлпаларының құрылысы мен қызметтері



бет7/91
Дата29.03.2022
өлшемі1,03 Mb.
#137091
түріУчебно-методический комплекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   91
Байланысты:
anatomiya platonus zhbb umk 3

Ұлпалар. эпителий және дәнекер ұлпаларының құрылысы мен қызметтері
. Ұлпадегеніміз - құрылысы, түзілуі және атқаратын қызметтері бойынша ұқсас жасушалар мен жасушааралық заттардың жиынтығы. Адам организмінде ұлпалардың эпителий, дәнекер, бұлшық ет және жүйкелік дейтін төрт типін ажыратады.
Эпителий ұлпалары терінің беткі қабатын, ішкі мүшелердің (ас қорыту жолы, тыныс және несеп жолдары) сілемейлі қабығын және көптеген бездерді түзеді.
Терінің, көздің қасаң қабығының (роговица) эпителийі оларды қолайсыз сыртқы әсерлерден қорғайды, ал асқазан, ішек эпителийі олардың қабырғаларын ас қорыту сөлінің қорыту әсерінен сақтайды. Ішек эпителийі арқылы коректік заттар қанға сіңіріледі, ал өкпеде эпителий жасушалары арқылы газ алмасу іске асырылады.
Безді эпителий жасушалары зат (секрет) бөледі. Безді эпителий бездер түзеді. Сыртқы және ішкі секреция бездерін ажыратады. Сыртқы секреция бездерінде түзінділер (секреты) арнайы өзек арқылы дененің бетіне немесе дене қуысына (тер, сілекей, сүт) бөлінеді. Ішкі секреция бездерінің өзегі болмайды, олардың гормондары тікелей қанға түседі.
Дәнекер ұлпалары. Адам организмінде дәнекер ұлпаларының бірнеше түрі бар: шеміршекті, сүйек, май, қан ұлпалары болады. Олардың құрылысы мен қызметі
әр түрлі, бірақ жалпы пайда болуымен (түзілуімен) және жақсы дамыған жасушааралық заттарының болуымен біріктірілген. Жасушааралық заттар қызметіне байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, қанда ол сұйык, сүйекте - қатты, шеміршекте серпімді, созылмалы болады
Дәнекер ұлпалары әр түрлі қызмет атқарады. Борпылдақ талшықты дәнекер ұлпасы мүшелер арасындағы аралықты толтырады; қан тамырларын, жүйкелерді, бұлшық ет шоғырын қоршайды. Тері астындағы май клетчаткасы қабаты осы ұлпадан тұрады. Сүйек және шеміршек ұлпалары тіректік әрі механикалық қызмет атқарады. Қан мен лимфа қоректік, тасымалдау және қорғаныш қызметтерін жүзеге асырады.
Жүйке ұлпасы барлық жүйке жүйесін түзеді. Ол негізгі жүйке жасушаларынан —нейрондардан және қосалқы жасушалардан — нейроглиялардан тұрады. Нейроглиялар нейрондарға беріктік қасиет беріп, қорғаныш рөлін атқарады, жүйке жасушаларының қоректенуіне және жүйке талшықтары мен жүйкелердің регенерациясына қатысады. Нейрондар тітіркенуді қабылдап, қозуға байланысты жүйке импульстерін тудырады және таратады. Нейрондар жадыдан (ес) ақпараттарды өңдеуге, сақтауға және естен шығаруға қатысады. Әрбір нейронның денесі, жүйке ұштары бар ұзын және қысқа өсінділері болады. Өсінділер құрылысы, пішіні және қызметі бойынша ерекшеленеді. Қысқа, жиі тармақталған өсіндісі нейрон денесіне жақын орналасқан, бұлар дендриттер деп аталады. Ал ұзын өсіндінің тек ұшы тармақталған және жіңішке болады, оларды аксондар (1,5 м-ге дейін) деп атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет