2 бөлім. Тірек-қимыл аппараты
2.1 тақырып Тірек- қимыл аппаратының маңызы мен қызметі
Тірек-қимыл жүйесінің маңызы. Егер адамның тірегі -қаңқасын алып тастаса қалай болар еді?
Кеңістікте қозғала алу қабілеті - тірі организмнің маңызды қасиеті. Бұл қызметті адамда екі: енжар (қаңқа) және белсенді (бұлшық еттер) бөліктен тұратын тірек-қимыл жүйесі атқарады.
Қаңқа сүйектерден және олардың байланысынан тұрады. Ол біздің денемізге тірек болып, пішінін сақтайды, қорғаныштық және қан түзілу қызметін атқарады, зат алмасуға қатысады. Дене және аяқ-қол сүйектері иінтірек болып табылады. Ол арқылы дененің кеңістіктегі қимыл-қозғалысы жүзеге асырылады.
Бас сүйек, кеуде қуысы, жамбас астауы маңызды мүшелерді: ми, жүрек, өкпе, асқазан, жыныс және т.б. мүшелерді қорғайды.
Түтікті сүйектің басы сүйектің қызыл кемігін, ал қуысы сүйектің сары кемігін қорғайды.
Адам қаңқасы 200-ден астам сүйектен тұрады. Әрбір сүйектің белгілі бір пішіні, мөлшері және қаңқадағы белгілі бір орны болады.
Достарыңызбен бөлісу: |