Тақырыбы: «Жүктілік физиологиясы. Ұрықтану. Имплантация» Мақсаты: жүктілік кезінде әйел ағзасында болатын өзгерістер жөнінде ақпарат беру.
Дәрістің тезистері:Ұрықтану - пісіп жетілген еркек жыныс жасушалары (сперматозоид) мен әйел жыныс жасушаларының (жыныс жасушалары) қосылуы болып табылады, нәтижесінде зигота түзіледі де жаңа организм пайда болады. Имплантация – ұрық жұмыртқасының децидуалды қабықшаға енуі. Ұрық қабықшаларымен плацентаның дамуы.
Эмбрионалды кезең ұрықтану кезінен басталып, жүктіліктің екінші айының аяғында аяқталады. Осы кезеңде өмірге маңызды мүшелер мен жүйелердің түзіле бастайды. Феталды кезең – ол жүктіліктің екінші айының аяғынан бастап нәресте туылғанға дейінгі уақыт болып табылады. Осы кезеңде ұрықтың бойының тез өсуі, тіндердің дифференцировкасы, мүшелер мен жүйелердің дамуы байқалады. Дамудың критикалық кезеңдері жасушалы және тінді дифференцировканың белсенді үрдістерінің басым болуымен және алмасу үрдістерінің айқын жоғарылауымен сипатталады.
Жүктіліктің физиологиялық даму ағымында ұрық пен бала жолдасының дамуына байланысты әйел ағзасында өмірге маңызды мүшелер мен жүйелердің дамуы байқалады. Бұл өзгерістер ұрықтың дамуы мен өсуінің қолайлы жағдайын туғызуға, айқын адаптациялық-бейімделу сипатына ие. Эндокринді, жүрек қан -тамыр, тыныс алу, ас қорыту, несеп шығару, орталық жүйке және жыныс жүйелерінде физиологиялық өзгерістер туындайды.
Көрнекті материал: сызбалар мен суреттер қосылған мультимедиялық презентация
Әдебиеттер:
Орыс тілінде
негізгі:
Акушерство: учебник + СД /под ред. Г.М.Савельевой, В.Г.Бреусенко. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008., С. 98-114, С. 115-186.
Қосымша:
2. Акушерство: учебное пособие по клинической практике для студентов медицинских колледжей/ под.ред. К.А.Аяпова – Алматы, 2005., С.- 9-26.
Қазақ тілінде
негізгі:
Бейсембаева Р.С., Раисова Ә.Т., Нұрқасымова Р.Ғ. «Акушерия». Алматы, «Білім», 2004ж., 82-104 б.
Бақылау сұрақтары (кері байланыс):
Ұрықтану дегеніміз не?
Имплантацияға анықтама беріңіз?
Біріншілік қатерлі кезең дегеніміз не?
Екіншілік қатерлі кезең дегеніміз не?
Жүктілік кезіндегі нерв жүйесіндегі өзгерістер
Жүктілік кезіндегі эндокринді жүйедегі өзгерістер
Жүктілік кезіндегі жүрек-қан тамыр жүйесіндегі өзгерістер