Дәріс №5
Тақырыбы: «Тар жамбас»
Мақсаты: тар жамбас кезіндегі босанудың себепттері, классификациясы,диагностикасы және жүргізілуі туралы сипаттама беру.
Дәрістің тезистері.
Барлық немесе бір ғана мөлшері қалыптымен салыстырғанда 1,5-2см және одан да көп қысқарған жамбас – анатомиялық тар жамбас деп аталады. Клиникалық тар жамбас деп – босану кезіндегі ұрықтың жылжуына кедергі келтіретін жамбас. Тар жамбастың бірыңғай классификациясы жоқ болғандықтан антомиялық тар тар жамбастың кездесу жиілігі 2,4-20% аралығында ауытқиды. Клиникалық тар жамбас босанушылардың 1,3-1,7% кездеседі. Кіші жамбастың қалыптасу себебі: гормональды бұзылу,рахит, сүйек буынындағы туберкулез, жамбастың жарақаттануы балалық шақ пен жасөспірімдік кезңдегі дене шынығуының дұрыс тамақтанбауы.
Кіші жамбастың қысылуына байланысты классификациясы (көп кездесетін және сирек кездесетін форма).
Кіші жамбастың диагнозы қарап тексерумен,жалпы тексергенде, жамбас өлшемі, қынапты тексеру.Кей кездері рентген немесе УЗИ арқылы тексеру жүргізіледі. Жамбас арасындағы баланың пайда болуының себептері: жамбастың едәуір қысылуы, ұрықтың үлкен болуы, дұрыс қойылмауы.Функциялық бағасын босану кезінде анықтайды.
Тар жамбастың диагностикалық белгілері.Тпр жамбас кезінде босану аса мұқияттылықты қажет етеді. Жамбастың қысылу дәрежесіне, ұрықтың мөлшеріне,акушерлік асқынулардың, аурулардың болу-болмауына байланысты босануды қалай жүргізілгенін анықтайды.
Иллюстративті материал: схемалармен, суреттермен жабдықталған мультимедиялық презентазиялар.
Әдебиеттер:
Орыс тілінде
Негізгі:
1.Акушерство: кітап+СД/под ред. Г.М.Савельевой, В.Г.Бреусенко. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008. С.-491-526.
Қосымша:
1.Айламазян Э.Г. Акушерство: студенттерге арналған кітап мед.ВУЗов. С. – Петербург. – 2005. – С. -282-291.
Қазақ тілінде
Негізгі:
1.Раисова А.Т. Акушерия және гинекология. – Алматы, 2006
Бақылау сұрақтары (кері байланыс):
Қандай жамбас анатомиясы бойынша тар деп аталынады?
Қандай жамбас клиникасы бойынша тар деп аталынады?
Тар жамбастың тарылу формасы бойынша классификациясы
Тар жамбастың тарылу дәрежесі бойынша классификациясы
Тар жамбас кезінде босануды жүргізу
Достарыңызбен бөлісу: |