Учебно методический


Тапсырма № 17. Ұрықтың дұрыс орналаспауы



бет108/199
Дата06.02.2022
өлшемі5,99 Mb.
#79374
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   199
Байланысты:
УМКД Акушерство каз. 4 курс ОМ

Тапсырма № 17. Ұрықтың дұрыс орналаспауы.

Қорытынды тест сұрақтары:


1 . Ұрықтың көлденең орналасуында кездесетін асқыну:


А) қағанақ суының мезгілінен ерте кетуі
Б) жүкті әйелдердің ісігі
В) құрсақ ішілік гипоксия
Г) антенаталды ұрықтың шетінеуі
Д) нәрестенің туа пайда болған ақаулары

2. Ұрықтың көлденең орналасуында босанудың бірінші кезеңіне тән:


А) қағанақ суының мезгілінен ерте кетуі, кіндік бауының түсіп қалуы
Б) аса күшті босану толғағы
В) кіндік бауының түсіп қалуы
Г) нәресте қолдарының қайырылып қалуы
Д) жатыр жыртылуы

3. Мезгілі жеткен жүктілікте қайта босанушы әйелді сыртқы акушерлік тексеру барысында: ІӨ- 105 см, ЖТБ – 36 см, пальпацияда сол жақтан ұрық басы, оң жақтан жамбас анықталады, кіші жамбасқа жатқан бөлігі анықталмайды. Диагнозыңыз:


А) Жүктілік 38-39 аптасы. Ұрықтың жамбаспен жатуы. Бірінші позиция.
Б) Жүктілік 38-39 аптасы. Ұрықтың көлденең жатуы. Бірінші позиция.
В) Жүктілік 38-39 аптасы. Ұрықтың жамбаспен жатуы. Екінші позиция.
Г) Жүктілік 38-39 аптасы. Ұрықтың көлденең жатуы. Екінші позиция.
Д) Жүктілік 38-39 аптасы. Ұрықтың қиғаш жатуы. Екінші позиция.

4. Мезгілі жеткен жүкті әйелде ұрықтың көлденең жатуы анықталды. Босандыру жоспарының тиімді әдісін табыңыз:


А) кесар тілігін жоспарлы түрде жасау
Б) кесар тілігін жедел түрде жасау
В) босану әрекетінің басталғанына дейін ұрық басымен келуі үшін сыртқы бұруды жасау
Г) босануды консервативті жүргізу, босану әрекетінің әлсіздігі қосылғанда кесар тілігін жасау
Д) босануды консервативті жүргізу, жатыр ернеуінің толық ашылуында ұрық басымен келуі үшін сыртқы – ішкі бұруды жасау.

5. Асқынған ұрықтың көлденең орналасуына тән:


А) қағанақ суының мезгілінен ерте кетуі (4 сағат бұрын), ұрықтың қимылсыз болуы, қолының түсуі
Б) қағанақ суының мезгілінен ерте кетуі (4 сағат бұрын), ұрықтың қимылсыз болуы, аяғының түсуі
В) қағанақ суының мезгілінен ерте кетуі (4 сағат бұрын), ұрықтың қимылсыз болуы, қолының қайырылып қалуы
Г) қағанақ суының мезгілінен ерте кетуі (4 сағат бұрын), ұрықтың қимылсыз болуы, қолының түсуі
Д) қағанақ суының мезгілінен ерте кетуі (4 сағат бұрын), ұрықтың қимылдай алуы, қолының түсуі

6. Мезгілі жеткен жүктілікте қайта босанушы әйелде көпсулық анықталды. Пальпацияда сол жақтан жатыр түбінде басы, ал оң жақта шат аймағында жамбасы анықталады. Диагнозыңыз:


А) Жүктілік 39-40 аптасы. Ұрықтың жамбаспен орналасуы. Бірінші позиция.
Б) Жүктілік 39-40 аптасы. Ұрықтың көлденең орналасуы. Бірінші позиция.
В) Жүктілік 39-40 аптасы. Ұрықтың қиғаш орналасуы. Бірінші позиция.
Г) Жүктілік 39-40 аптасы. Ұрықтың көлденең орналасуы. Екінші позиция.
Д) Жүктілік 39-40 аптасы. Ұрықтың қиғаш орналасуы. Екінші позиция.

7. 25 жастағы мезгілі жеткен жүктілікпен алғаш босанушы әйелде ұрықтың орналасуы қиғаш, толық емес бала жолдасының жатуы және болжама нәресте салмағы 3200,0г. екендігі анықталды. Босану жоспарын құрыңыз:


А) кесар тілігін жоспарлы түрде жасау
Б) босануды консервативті жүргізу, босану әрекетінің әлсіздігі қосылғанда кесар тілігін жасау
В) босануды консервативті жүргізу, жатыр ернеуінің толық ашылуында ұрықты жамбасынан экстракция жасау.
Г) босануды консервативті жүргізу, босанудың екінші кезеңінде Цовьянов әдісін қолдану Д босануды консервативті жүргізу, босанудың екінші кезеңінде қолмен жасалатын классикалық әдісті қолдану

8. Мезгілі жеткен жүктіліктегі және қалыпты жамбас өлшемдерімен қайта босанушы әйел босану әрекеті басталғаннан 3 сағаттан соң босану үйіне түсті. Қарап тексергенде ұрықтың көлденең орналасуы анықталды. Болжама нәресте салмағы 3200,0г. Босану жоспарын құрыңыз:


А) кесар тілігін жасау
Б) босануды консервативті жүргізу, босану әрекетінің әлсіздігі қосылғанда кесар тілігін жасау
В) босануды консервативті жүргізу, жатыр ернеуінің толық ашылуында ұрықтың аяқпен келуі үшін сыртқы-ішкі бұруды жасап, жамбасынан экстракция жасау.
Г) баспен келуі үшін профилактикалық бұруды жасау.
Д) босануды консервативті жүргізу, босанудың екінші кезеңінде қолмен жасалатын классикалық әдісті қолдану

9. Мезгілі жеткен жүктіліктегі және қалыпты жамбас өлшемдерімен алғаш босанушы әйел босану әрекеті басталғаннан 7 сағаттан және қағанақ суы кеткеніне 3 сағаттан соң босану үйіне түсті. Қарап тексергенде ұрықтың қиғаш орналасуы, ұрықтың жүрек қағысы анық, ырғақты екендігі анықталды. Болжама нәресте салмағы 3400,0г. Босану жоспарын құрыңыз:


А) кесар тілігін жасау
Б) босануды консервативті жүргізу, босану әрекетінің әлсіздігі қосылғанда кесар тілігін жасау
В) босануды консервативті жүргізу, жатыр ернеуінің толық ашылуында ұрықтың аяқпен келуі үшін сыртқы-ішкі бұруды жасап, жамбасынан экстракция жасау.
Г) баспен келуі үшін профилактикалық бұруды жасау.
Д) босануды консервативті жүргізу, босанудың екінші кезеңінде қолмен жасалатын классикалық әдісті қолдану

10. Мезгілі жеткен жүктіліктегі және қалыпты жамбас өлшемдерімен алғаш босанушы әйелде көпсулық, ұрықтың қиғаш орналасуы, ұрық басы оң жақ шат аймағында жатқандығы анықталды. Болжама нәресте салмағы 3400,0г. Босану жоспарын құрыңыз:


А) окситоцин ді көктамырға енгізу
Б) кесар тілігін жасау
В) амниотомия, қағанақ суын жаймен жіберу, ұрықтың ұзыннан орналасуы анықталғанда, босануды консервативті жүргізу
Г) қолмен жасалатын классикалық әдіс
Д) жамбасынан экстракция жасау.
5 БЛОК. Босану патологиясы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   199




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет