Білімінді төмендегілер бойынша қалыптастыру қажет:
ҚР акушерия және гинекологиялық қызметін ұйымдастыру және жүктілер мен гинекологиялық науқастарға акушерия және гинекологиялық көмек көрсетудің аймақтандыру принциптері;
әр түрлі жас кезеңіндегі әйел организміндегі клинико-физиологиялық ерекшеліктер;
жүкті, босанушы, босанған әйелдерді және гинекологиялық науқастарды зерттеудің жалпы, арнайы және қосымша заманауи әдістері;
жүктілер мен гинекологиялық науқастарды зерттеу ерекшеліктері;
физиологиялық жүктіліктің, босанудың және босанудан кейінгі кезеңнің ағымы мен жүргізу принциптері;
негізгі акушерия және гинекологиялық патологиялар кезінде клиникалық көріністері, диагностикалау принциптері және шұғыл көмек көрсетуі және олардың алдын-алу;
емшекпен емізу принциптері;
жанұяны жоспарлау және әйелдердің репродуктивті денсаулығын қорғау принциптері.