Учебно-методического комплекса для преподавателя


Өзін-өзі бақылау сұрақтары



бет16/52
Дата02.12.2023
өлшемі393,21 Kb.
#194544
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   52
Байланысты:
Методические основы разработки учебно-методического комплекса дÐ

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.Дін негізгі түсініктер
2.Білім -мәдениет құралы 3.Мәдениетке жалпы көзқарас
Әдебиеттер тізімі:
Дэвид Бринкерхоф,Роуз Уейтс,Сюзан Ортега «Әлеуметтану негізідері».Астана 2018.
Дэвид Г.Майерс «Әлеуметтік психология» Астана 2018
Джордж Ритцер,Джеффри Степницки «Әлеуметтану теориясы» Астана 2018
Энтони Кенни «Антика философиясы» Астана 2018
Эллиот Аронсон «Көпке ұмтылған жалғыз» Астана 2018


Дәріс 9. Этнос және ұлт әлеуметтану


Дәрістің мақсаты: Қоғамдағы этникалық топтар : әлеуметтанулық зерттеулер
Негізгі ұғымдар: Этнос , халық , ұлт
Дәрістің жоспары::
1.Нәсіл және этнос
2.Көпшілік және азшылық топтар
3.Нәсіл/ этнос/ ұлт
  1. Жаңа нәсілдік / этностық бөлініспе?


  2. Ассимилиация



  1. Нәсіл мен этнос - адамзаттың санаттарын анықтайтын аскриптивті ерекшеліктер. Бұлар әрдайым стратификацияның негізіне алынады. Қоғамның санасында басқа адамдарга қарағанда өзге санатқа жата- тын адамдардың шектеулі ресурстарға оңай қол жеткізуін «дұрыс» дейтін көзқарас қалыптасқан. .


Н ә с іл - сыртқы физикалық ерекшеліктеріне қарай жіктелген әлеу- меттік маңызы бар адамдар тобы (Winant, 2000). Афроамерикалықтар жататын нәсілді айтсақ, олардың кейбірінің түсі ақшыл, ал өзге- лерінің түсі қара болса да, олар маңызды биологиялық ерекшеліктер- мен біріктірілгені анық.


Э т н о с т ы қ то п - тіл мен дін сияқты оргақ мәдениеттің маңызды элементтері арқылы біріктірілген адамдар тобы (Марджер, 2003). Ла- тынамерикалықтарды этностық топ есебінде қарастырсақ, олардың бір-бірімен биологиялық түрғыдан бірегей еместігіне, араларында тығыз мәдени байланыс орнағанына көзіміз жетеді.
Нәсіл мен ұлт генетикалық ерекшеліктерге байлаыысты деген пікір айтылса да, нәсіліне және үлтына қарамастан, барлық адамдар- дың гендік қоры бірдей. Нәсіл мен этнос терінің түсі сияқты физика- лық сипаттарға ғана негізделмеген. Сол себепті әлеуметтанушылар н ә с іл м е н э тн о с ты ң ә л е у м е т т ік қ ұ р ы л ы м ы деген ұғымды енгізді. Бүл - мәдениет арқылы нәсілдік немесе этностық топ ұғымдарыныц мағынасын анықтау процесі. Бұл процесс биологиялық айғақтардан
гөрі қоғамның көзқарасына негізделген. Шынымен, биологтардың бәрі бірауыздан нәсіл идеясының биологиялық негізі жоқ деп есептейді. Нәсілге және этносқа тәндік әлеуметтік құрылым тұрғысында қалай қалыптасқан? 1930 жылдары пайда болған «нәсіл» анықта- масы ұшыраған өзгерістерге қарасақ, оған дейін қазіргі заманғы «ақ нәсіл» тұжырымдамасы әлі болмаған. Оның орнына ағылшын-сак- сондық нәсіл, Жерорта теңізі нәсілі (италиялықтар мен гректер),
еврейлер және славяндық нәсілдер (Джекобсон, 1998), сондай-ақ басқада нәсілдер бар деген пікірлер туған. Сол жылдары дәрігерлер, саясат- керлер, адвокаттар, иммигранттарға қарсы белсенді топтар, журна- листер және басқалар мұндай айырмашылықтарға мән беруден бас тартып, «денесі ақ түсті адамдарды теңдесі жоқ жалғыз нәсіл» деп сипаттай бастады. Әлеуметтанушылардың айтуынша, сол кездегі ма- мандар мен қоғам белсенділері осы мәселені түсінсе де, түсінбесе де ақ нәсілділерді «нәсілдік санат» ретінде анықтау арқылы әлеуметтік құрылымның негізін қалауға үлес қосты. Сонымен қатар АҚШ санақ бюросы америкалық мексикалықтарды «ақ нәсілді емес» деп жария- лады. Оған Мексика үкіметі наразылық білдіріп, қарсылық танытты.
Содан кейін бюро құрамы ауыстырылды. Қазіргі уақытта санақ бюро сы латынамерикалықтарды кез келген нәсілге жататын этностық топ ретінде белгілейді. Сол сияқты «қара тәнді» термині «афроамерика- лық» терминімен алмастырылуы осы топтың биологиялық шығу тегі жөнінде жаңа мәліметтер қосқан жоқ. Керісінше, нәсіл мен этносқа катысты қоғамдық көзқарастың өзгеруіне әкелді. Осы мысалдардың әрқайсысы нәсіл мен этностың қүрылымына ықпалын тигізген саяси және әлеуметтік процестерді сипаттайды.

  1. Ақ нәсілді адамдар мен афроамерикалықтар немесе еврейлер мен арабтар туралы тақырыптарды талқылаумен қатар, нәсіл мен этнос- ты зерттейтін әлеуметтанушылар көпшілік және азшылық топтар жөнінде кеңінен пікір алмасады. Көпшілік топ деп мәдени, эконо- микалық және саяси тұрғыдан үстем, адам саны көп топты атайды. Азшылық топ - мәдени, экономикалық, саяси тұрғыдан төмен дең- гейдегі, адам саны аз топ.


Азшылық топтардың саны көпшілік топтарынан кем болады


десек те, үнемі олай емес. Мысалы, XX ғасырдың соңында ақ нәсілді- лердің саны Оңтүстік Африка халқының 15 пайызын ғана қүраған.
Алайда ақ нәсілділер 1994 жылға дейін, яғни апартеид (заңды сег регация) жойылғанша, барлық негізгі саяси және әлеуметтік инсти- туттарды өз қолдарында ұстап басқарған. Әлеуметтану тұрғысынан апартеид кезеңіндегі көпшілік топты ақ нәсілділер қүрған. Сондай-ақ кейбір ғалымдар әйелдерді азшылық топ ретінде қарастырады. Өйт- кені жыныстық айырмашылықтар негізінде олар экономикалық, саяси және мәдени түрғыдан ерлерге бағынады.
3.2007 жылы Қүрама Штаттарда қоғамды ойран қылған оқиға - сатып алу құқығынан айыру орын алды, бүл афроамерикалықтар мен латынаме- рикалықтарға қатты соққы болып тиді. 1990 жылдың басында ипотека беруден бас тартатын банкирлер оларға үсті-үстіне көбейтіп, ипотека- лык; несие алуды оцайлатты. Бірақ мүндай несиелерге әдепкі ақ нәсіл-

ді арызданушыға берілгендей ұзақ мерзімді салымдар мен пайыздық мөлшерлемелер қосылды. Сонымен қоса банкирлер азаматтарға, әсіресе афроамерикалықтар мен латынамерикалықтарға ақ нәсілді амери- калықтармен бірдей ипотекалардың субстандартты мүмкіндіктерін берудің дұрыс екенін дәлелдеді. Банкирлер жобаланған үйдің иесі тұ- рақты түрде төлем жасауға мүмкіндігі болмай үйінен айырылып қа- луы ықтимал болғанда ғана несие субстандартты түрде берілуі керек деп есептеді (банкирлер мұндай үлкен көлемде қарыз беруге қуана ке- ліседі). Себебі пайданың басым бөлігін жоғары салымдар мен ипотека- лык; пакеттерді сатудан тауып жатты. Соңында азшылық топ өкілдері тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе басқа шоттарды төлеуге қар- жы қажетсінгенде қарыз берушілер оларға тек қана ерекше жоғары са лымдар мен пайыздық мөлшердегі «азулы несиелерді» ұсынды.


Сегрегация құбылысы осы факторлар әсерінен еселепмолайды. Ір- гелі мүлік агенттіктері мен банкирлер оқшауланған аудандарда тура- тын, жұмыссыз қалу мүмкіндігі көп афро-латынамерикалықтарға үйлер мен ипотекалық несие ұсынуды жалғастыра берді. Экономика дағдарысы тереңдеген сайын халықтың жағдайы ауырлай түсті: пай-
ыздық өсімі еселеп көбейген қарызды төлеу қиындап кетті. Сегрегацияға қоса енді жоғары субстандартты ипотекалар мен қанаушы несие-
лердің пайыздық мөлшерлемелері басқа жерлерден гөрі осы аудандарда түргынжай сатып алу қымбаттауына әкеп соқтырды. Бұл үй алушылар- ды күннен-күнге дағдарысқа тірей берді. Пайызды уақытында төлей ал- маған үй иелері үйді иемдену құқығынан айырылды, жергілікті бизнес тұтынушыларын жоғалтып тақырға отырды. Қалғандардың арасында жұмыстан айырылу бұрынғыдан да жиіледі.
4.Тиімді іс-шаралар бағдарламасы аясында афроамерикалықтармен ара- лас америкалық азиаттар, латынамерикалық және байырғы амери- калықтар «аралас нәсілді» деп аталды (Lee & Bean, 2007). Мүндай жіктеу АҚШ қоғамында бүрыннан қалыптасқан «ақ нәсілді / ақ нәсілді емес» деп бөлінуді күшейте түседі. Америка тарихында адамның арғы атасы- ның бірі африкалық екені белгілі болса, онда ол адам афроамерикалық деп саналған (мысалы, оларға ақ нәсілділермен неке құруға тыйым са- лынған). Сондай-ақ XX ғасырға дейін «ақ нәсілді емес» деп есептеген- діктен азиялықтардың, латындардың байырғы америкалықтардың азаматтық алу құқығы, басқа да құқықтары болмаған (Lee & Bean, 2007). Мұндай «ақ нәсілді / ақ нәсілді емес» деп бөліну азайып келе жа-
тыр. Кейбір деректерге сүйенсек, АҚШ үш топқа бөлінеді (ақ нәсіл- ді, афроамерикалық, латынамерикалық). Басқа деректерге қарасақ,
америкалықтар арасында афроамерикалықтар мен «қара нәсілді/қара нәсілді еместер» деп бөліну басталды. Еврейлер мен италиялық-
тар сияқты америкалық азиаттардың, байырғы америкалықтардың және латынамерикалықтардың терісінің түсі қоңырқай болуына байланысты, әсіресе орта тап өкілдері болса ақ нәсілдіге жатқызыл- ды .Афроамерикалықтармен салыстырғанда, азиялықтар, латынамерикалықтар және байырғы америкалықтар мен ақ нәсілділер арасында отбасын құру жиі кездеседі. Сонымен қатар ата-анасының бірі - ақ нә- сілді, екіншісі афроамерикалық болса, бала өзін афроамерикалық деп таниды. Өйткені оны айналасындағы адамдар солай қабылдайды. Ал жартылай азиялық немесе жартылай латынамерикалық болса оған аса мән берілмейді .
5.Асимиляция - азшылық топ мүшелері көп-
шіліктің мәдениетін, салт-дәстүрін меңгеру барысында өзінің мәде- ни, рухани ерекшеліктерін жоғалту процесі. Ассимиляция нәтиже- сінде азшылық топтар біржола жоғалуы мүмкін. Мысалы, көптеген
«ақ» америкалықтар өздерінің түп атасы бөтен ұлттың өкілі болғаны- на сенімді. Демек, олар ата-бабасының мәдениетінен бейхабар.
Тарихи тұрғыдан алғанда, АҚШ-қа қоныс аударғандардың көбі өздерінің ұлттық киімдерін киюден бас тартып, тез арада ағылшын тілін үйрене бастайды. Көшіп келген балалардың көпшілігі ана тілін- де сөйлемей, ағылшын тілінде сөйлескенді үнатады; сөйтіп, амери- калық әдет-ғұрыптар олардың санасына тез сіңеді. Сол сияқты қазір көптеген америкалық еврейлер Рождествоны тойлайды (кем дегенде, рождестволық шырша қойып, безендіреді). Көптеген америкалық ир- ландтар гұздалган ет пен қырыққабатты тек Әулие Патрик күні жейді.
АҚШ-қа жақында келген иммигранттар мен олардың балалары
да солай істейді. АҚШ-қа көшіп келушілердің (әсіресе Оңтүстік Азия- дан) біразының ғана кәсіби шеберлігі жоғары. Олардың өздері де, ба лалары да АҚШ-тағы орта және жоғары гаптарға тез сіңісіп кетеді.
Ал басқа иммигранттар (әсіресе латынамерикалық) кедейлер қата- рын толтырады. Бірақ орташа есеппен алғанда, олардың балалары ата-аналарындай емес, кейде америкалық азаматтардың балала-
рынан да жақсы жүмысқа орналасады . Бұл отбасылардың ассимиляциялану деңгейі жиырмасыншы ға-
сырдың басында көшіп келген халықтың деңгейіне сай. Кейбір латынамерикалық иммигранттардың балалары төмен-
деуші ассимиляция құбылысына тап болады . Төмендеуші ассимиляция иммигранттар ұрпақтарының аме-
рикалықтардың негізгі тобына емес, АҚШ-та туған азшылықтардың
«жасырын» әлеміне сіңу процесін білдіреді. Төмендеуші ассимиляция АҚШ азаматтығын алмаған, білімі төмен, кедей мигранттардың ба лалары арасында жиі кездеседі. Әсіресе балалар өмір сүретін ортада түрғылықты азаматтар тарапынан қолдау көрсетілмесе және қоныс аударғандардың бір-біріне көмектесуге жағдайы болмаса, бұл кеңінен орын алады .




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет