Учебно-методического комплекса для преподавателя


Өзін-өзі бағалау сұрақтары



бет14/52
Дата02.12.2023
өлшемі393,21 Kb.
#194544
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   52
Байланысты:
Методические основы разработки учебно-методического комплекса дÐ

Өзін-өзі бағалау сұрақтары:
1.Отбасы түрлері.
2.Неке түрлері.
3.Отбасы құндылықтары 4.Қазіргі заманғы отбасы
Әдебиеттер тізімі:
Дэвид Бринкерхоф,Роуз Уейтс,Сюзан Ортега «Әлеуметтану негізідері».Астана 2018.
Дэвид Г.Майерс «Әлеуметтік психология» Астана 2018
Джордж Ритцер,Джеффри Степницки «Әлеуметтану теориясы» Астана 2018
Энтони Кенни «Антика философиясы» Астана 2018
Эллиот Аронсон «Көпке ұмтылған жалғыз» Астана 2018


Дәріс 7. Девиация. Қылмыскерлік және әлеуметтік бақылау.

Дәрістің мақсаты: Девианттылық және қылмыскерліктің әлеуметтанулық құрылымдары.
Негізгі ұғымдар: Девиация,қоғам,қылмыскерлік.
Дәріс жоспары:
1.Девианттылықты анықтау
2.Қылмыс.
3.Қылмысқа анықтама.
4.Әлеуметтік және таптық айырмашылықтар
5.Қылмыстық сот төрелігі жүйесі
1.Адамдар мәдени қалыпты әртүрлі себептермен және әртүрлі жол- мен бұзуы мүмкін. Сіздің «шектен шығуыңызға» басқалардың қалай жауап беруі әдетте бұзылған ереженің салмағына байланысты. Егер сіз шіркеуге алжапқыш тағып, жаман киіммен барсаңыз я әрдайым құмыраға отырғызылған пальманы көтеріп жүрсеңіз, әдеттегі мі- нез-құлық ережелерін бүзасыз. Дегенмен бұған көп адам назар аудара қоймас, себебі сіз жеңіл-желпі ережелерге ғана қайшы келіп тұрсыз. Әлеуметтанушылар норманы өрескел бұзагын, қоғамның төзімінің шегінен асып кететін әрі белгілі бір формада жазалауға әкеп соқты- ратын әрекеттерді девианттылық деп атайды. Басқаша айтсақ, де- вианттылық- белгілі бір қоғамның наразылығын тудыратын не тіп- ті жазалауға әкеп соқтыратын, нормаға қайшы келетін іс-әрекет. Девианттылықты басқалардың реакциясына қарай анықтай отырып, әлеумегтанушылар табиғатынан толықтай девиантты әре- кеттің болмайтынын айтады. Бір әрекет біреулерге ереже бұзушылық болуы мүмкін, ал басқаларға мүлдем олай көрінбейді. Соғыс кезінде, полиция қызметінде немесе өзін-өзі қорғауда басқа адамды өмірінен айыру заң бұзушылық деп есептелмейді. Белгілі бір әрекет девиант- тылыққа жата ма, жоқ па - ол көбіне тарихи жағдайға, оқиға болған жерге, жеке адамға және айналадағыларға байланысты. Мысалы, он тоғызыншы ғасырда әйелдердің төсекте ләззат алуы девианттылық деп қарастырылған. Ал қазір олай емес. Екі әйел алу Америка Қүрама Штаттарында заң бүзушылық болып есептелсе, Сенегалда - әдеттегі жағдай. Америкада әйел адам юбка кисе - қалыпты жағдай, ал ер адам кисе - девианттылық. Қанша арақ ішкеніңді айгып ата-анаңа мақ- тансаң - девианттылық болуы ықтимал, ал мұны барда отырып айтсаң - қалыпты жағдай. Сол себепті әлеуметтанушылар девиантты- лықтың салыстырмалы нәрсе екенін айтады.
Девианттылықтың қылмыстық және қылмысқа жатпайтын екі түрі бар. Девиантты мінез-құлықтың көпшілігі бейресми әлеуметтік ба- қылаудың ғана аясына кіреді. Егер іс-әрекет заң тұрғысынан жазалауға жататындай қоғамға жат әрекет болса, онда оны қылмыс деп атаймыз. Бірақ девианттылықтың көп түрі заңға қайшы келмейді. Мы салы, бір ай бойы жуынудан бас Тарту немесе көпшіліктің алдында өзін атеистпін деп жариялау заңға қарсы емес. «Медиа мен мәдениет: денені ерекше түрлендіру» деген тарауда біз адамдардың неліктен қылмысқа жатпайтын девиантты әрекеттерге баратынының бір мы- салынкөреміз.
2.Қылмыс - қоғамға жат болғандықтан, заң арқылы тыйым салынған девиантты әрекет. Мүліктік қылмыстар және зорлық-зомбылық Федералдық үкімет ірі қылмыстар үшін полицияға белгілі қылмыс- тық оқиғалардың саныы жинақтайтын «Бірыңғай қылмыстық есепті» (БҚЕ) жыл сайын жариялайды (2010 жыл, Федералдық бюро). 6.1-сыз- бада 1980 жылдан бергі мүліктік қылмыстар (тонау сияқты) саны- ның динамикасы көрсетілген. 1980 жылдан бері жылжымайтын мүлік қылмыстарының саны біршама азайған, АҚШ-тағы кедейлік- тің артуына қарамастан, қылмыстың азаюы әлі де жалғасып келеді (АҚШ Әділет министрлігі, 2010 ж.). Мұның себептері туралы пікірлер алуан түрлі. Сарапшылардың көпшілігі қылмысты, көбінесе жастар жасайтынын, ал жастардың саны жылдан-жылға азайып бара жатқа- нын айтады. Қылмыстың азаюының бір себебі - осы.
Қазіргі кездегі экономикалық құлдырауға қарамастан, зорлық-зомбылық қылмыстары (мысалы кісі өлтіру және зорлау), әлдеқайда төмендеген және бұл әлі де жалғасып отыр..Алайда басқа бақуатты демократиялық елдерге қарағанда, АҚШ-та кісі өлтіру әлі де көп. Мысалы, АҚШ-та бүл көрсеткіш Ұлыбританиядан 5 есе, Германиядан 10 есе жоғары (Біріккен Ұлттар Ұйымының есірткі және қылмыс басқармасы, 2011). Бүл айырмашылықтың себептері әзірге түсініксіз, бірақ қару-жараққа қолжетімділік, тұрғындар ішіндегі жас жігіттердің саны және үкіметтік мекемелерге сенімсіздік бұл проблеманы шиеленістіре түсуі мүмкін (Roth 2009). Кісі өлтіру көрсеткіші АҚШ-қа қарағанда басқа көп елде әлдеқайда жоғары.
3.Конфликт теориясын қолдайтындар қолында заңды билігі бар топ- тардың саяси және экономикалық мәртебесін жоғарылату үшін пай- даланатын қаруы деп есептейді (Arrigo, 1998; Liska, Chamlin, Reed, 1985; Reiman, 2005). Осы позицияны қолдаушылар кейде қылмыстың анықтамасының өзі бай адамдардың мүддесіне қарай жасалған дейді. Мысалы, корпорациялар қауіпті машиналарды сатқанда немесе улы химиялық заттарды суға тастағанда мыңдаған адамды өлтіруі немесе оларға залал келтіруі мүмкін. Бірақ бұл әрекеттер соттарда сирек қа- растырылады.
Сонымен қатар конфликт теориясын қолдаушылар қылмыстық сот жүйесінің «қылмыстық» деп аталған іс-әрекетке жауабы билік- тегілердің мүдделерін қорғайды деп санайды (Reiman, 2005). Біздің жүйе ақша жымқырушылардан гөрі көше ұрыларын жауапқа тартуға, клиенттерінен гөрі жезөкшелердің өзін жауапқа тартуға көбірек шығынданады. Сол сияқты, анаша қолданудың қаупі қоғам үшін де, ана ша қолданатындар үшін де бірдей болғанмен (көбіне қара нәсілділер қолданатын), крэк-кокаинге қарсы заң (көбіне ақ нәсілділер қолдана- тын) «әдеттегі» кокаинге қарсы заңнан әлдеқайда қатал. Яғни басқа- лармен бірдей қылмыс жасаса да, кедейлер мен қара нәсілділер тұт- қындауға, қудалауға және соттауға жиірек үшырап отырады
4 .Төменгі тап өкілдерінің АҚШ ұлттық статис- тикасында аталатын қылмыс түрлерін жасау және тұтқындалу ықти- малдығы әлдеқайда жоғары. Шиеленіс теориясын қолдаушылар мен конфликт теориясын жақтаушылардың кейбірі «төменгі тап өкілдері- нің жетістікке жету мүмкіндігі болмағандықтан, жиі қылмыс жа- сайды» деп түжырымдайды. Жұмыссыздық деңгейі өскенде қылмыс- тың да артатынын осымен түсіндіруге болады. Ал тежеу теориясы мамандарының айтуынша, төменгі тап өкілдері мектеп не еңбек на рыты сияқты дәстүрлі институттардан жақсылық көрмегендіктен қылмысқа барады.
Екінші жағынан, ат қою және конфликт теорияларының өкілдері төменгі таптың көбірек қылмыс жасайтын болып көрінуіне заңда- гы және заңды орындаудағы біржақтылық себепкер дейді. Байқаға- нымыздай, ақша жымқыру, баға демпингі және қүнды қағаздарда- ғы алаяқтық статистикаға енгізілетін болса, қылмыстың әлеуметтік таптар арасында таралу картинасы мүлде өзгеше болар еді.
5.Қылмыспен күресу жауапкершілігі қылмыстық сот төрелігі жүйесіне жүктеледі. Бұл тарауда осы жүйенің негізгі элементтерін талқылай- мыз. Бірақ, алдымен, ең басты сұраққа жауап беруіміз керек: «Қылмыс жасағандарды неліктен жазалаймыз?» Неге жазалаймыз?
Қылмыскерлерді жазалаудың төрт негізгі себебі бар:
- Кек алу. Қылмыскерді жәбірленушінің және жалпы қоғамның ке- гін алу үшін жазалайды.
- А л ды н алу. Қылмыскерлерді соттау, түрмеге қамау және басқа жолдармен бақылауға алу арқылы олардың қылмысты қайта жа- сауына тосқауыл қойылады.
- Тежеу. Жазалау шарасы қылмыс жасағандарды және жасағысы ке- летіндерді бұл жолға түсуден сақтандырады.
- Тузету. Жазалау шарасы ойдағыдай орындалған жағдайда қыл- мыскердің мінез-құлқын түзетеді және оны жақсы институтқа бейімдейді, сол жерде қоғамның заңға мойынсұнған бір азаматы ретінде жұмыс істейтіндей білім-білік алады.
АҚШ-тың қазіргі қоғамдық бақылау органдары осы тәжірибе- лер мен философияларды аралас пайдаланады. Дегенмен АҚШ-тың қылмыстық сот жүйесі түзетуден гөрі жазалау, алдын алу және тежеу әдістеріне көбірек бейімделген. АҚШ-тың қамау орындары мен түрмелерінде қылмыскердің білім алуына, оған кеңес беру- ге, оны ішімдік пен нашақорлықтан емдеуге, оның мінез-құлқын түзетуге қажет басқа да шаралар өте сирек қолданылады. Ол - ол ма, АҚШ штаттары 1970 жылдардан бастап кей жағдайларда өте үзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға (кейде өмір бойына түр- меге жабуға) рұқсат беретін заңдар қабылдады. Мәселен, «үшке дейін» тәртібі бойынша, үш реттен артық ауыр қылмыс жасаған адам (мейлі, ол кісі өлтіру болсын, дүкенде ұрлық жасау болсын), шартты жаза алу мүмкіндігі берілместен, 25 жылға дейін бас бос- тандығынан айырылады. Мұндай заңдар «бұл адамдарды түзету мүмкін емес, оны қоғамнан аластау керек» дегенді білдіреді. Ал зерттеулерге қарасақ, қылмысты азайтудың ең тиімді жолы - жаза- ның қатаңдығы не түрме мерзімінің ұзақтығы емес, міндетті түрде жазалануы (McCarthy, 2002).
Келесі тарауларда қылмыс жасағандарға, күдікке іліккендерге қарсы әрекет етудегі полицияның, соттың, түрменің және түрмеге ба- лама мекемелердің рөлін талқылаймыз.
Полиция
Қылмыстық сот жүйесінде полицейлер ерекше әрі шешуші орын ала ды. Олар ешкім арыз жазбаса да, әрекеттерін ешкім бақылап тұрмаса да, кез келген адамды тұтқындай алады. Заңның толық әрі біркелкі орындалуы тиіс болғанымен, олардың мұны жүзеге асыруы мүмкін емес. 2010 жылғы мәлімет бойынша, АҚШ-та әр мың адамға 3,5 по лиция қызметкерінен келеді (Federal Bureau of Investigation, 2010). Яғни полиция ірі қылмыстарға көбірек көңіл бөлуі тиіс. Ал ұсақ құқықбұзушылыңтар көбіне назардан тыс қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет