Умкд биохимия лаб


– жұмыс Ақуыздарға тән сапалық реакциялар



бет4/14
Дата24.02.2022
өлшемі210,5 Kb.
#133160
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
УМКД биохимия лаб
№10 дәріс сауат ашу, 1615451232, Мат кн 1
1– жұмыс


Ақуыздарға тән сапалық реакциялар

  1. Сабақтың мақсаты:

Студенттерді ақуыздардың қасиеттерімен таныстыру.
Тұнбаға түсу реакциясы.
Тұнба түзілу реакциясы қайтымды және қайтымсыз болып бөлінеді. Қайтымды реакциялар кезінде тұнбаға түскен ақуыздың молекуласы аса үлкен өзгеріске ұшырамайды, сондықтан пайда болған ақуыз тұнбасын бастапқы еріткішке қайта ерітуге болады.
Қайтымсыз реакция кезінде түсірілген ақуыздың конформациясы өзгеріп, ерімейтін күйге көшеді. Бұл процесс денатурация деп аталады.
Реактивтер мен құралдар.

  1. Ақуыз ерітіндісі.

  2. Қаныққан (NH4)2SO4 тұзының ерітіндісі.

  3. Концентрлі НNО3.

  4. 20 % NаОН ерітіндісі.

  5. 1 % - күкірт қышқылының мыс тұзы.

1. Қайтымды реакциялар.
Пробиркадағы 1 мл ақуыз ерітіндісіне сондай көлемде күкірт қышқыл аммоний тұзын (NH4)2SO4 қосып, шайқайды. Ақуыз ұйып, тұнбаға түседі. Пайда болған тұнбаға сондай мөлшерлі дистилденген су қосып араластырса тұнба қайтадан ериді.

  1. Қайтымсыз реакциялар.

Концентрлі минералды қышқылдар /фосфор қышқылынан басқасы/ ақуызбен әрекеттескенде қайтымсыз тұнба пайда болады. Пробирканы сәл еңкейтіп ондағы 1 мл ақуыз ерітіндісіне 1 мл концентрлі азот қышқылын қосады. Азот қышқылын ақуызбен араласпайтындай етіп құю қажет. Екі ерітіндінің шекарасында жіңішке сақина секілді ақ түсті тұнба пайда болады.
ІІ. Ақуыздарға тән түсті реакциялар
Ақуыздардың структуралық элементтерін /пептид байланысын, ақуыздың құрамындағы әртүрлі амин қышқылдарын/ анықтауда бірқатар түсті реакциялар қолданылады.
1. Биурет реакциясы. Бұл реакция пептид байланысы бар заттарға тән. 1 мл ақуыз ерітіндісіне сондай мөлшерлі 20 % - ті NаОН ерітіндісін және 3-4 тамшы 1 % - ті күкірт қышқыл мыс тұзын қосып араластырады. Пептид байланыстарының санына сәйкес қанықтығы әртүрлі көгілдір түс пайда болады. Бұл рекция барлық ақуыздарға тән.
2. Ксантопротеин реакциясы. Бұл реакция арқылы ақуыздың құрамындағы ароматты амин қышқылдары – тирозин, триптофан және фенилаланиннің барын анықтайды. 1 мл ақуыз ерітіндісіне 0,5 мл концентрленген азот қышқылын қосып 1-2 минуттай жылытып, қайнатуға дейін жеткізеді. Пайда болған ақуыз тұнбасы сары түске боялады (бұл реакция кезінде ақуыз құрамындағы ароматты амин қышқылдарының құрамындағы бензол сақинасын нитрлеу реакциясы жүреді).
Қосымша нұсқау
Жіңішке сақина секілді ақуыз тұнбасы түзілу үшін азот қышқылына ақуыз ерітіндісін абайлап қосу қажет.
Өз бетімен дайындалуға арналған тапсырма
Ақуыздардың жалпы қасиеттерімен танысу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет