Умкд биохимия лаб


– жұмыс Ақуызды диализ арқылы тазарту



бет5/14
Дата24.02.2022
өлшемі210,5 Kb.
#133160
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
УМКД биохимия лаб
№10 дәріс сауат ашу, 1615451232, Мат кн 1
2– жұмыс
Ақуызды диализ арқылы тазарту
Жұмыстың мақсаты.
Студенттерді ақуыздардың физика-химиялық қасиеттерімен және диализ әдісімен таныстыру.
Әдістің принципі.
Диализ әдісі жартылай өткізетін қабықшаның молекулалық массасы аз қосылыстарды кішкентай көзшелерден өткізіп, ал молекулалық массасы үлкен қосылыстарды өткізбеуіне байланысты. Диализ әдісі арқылы ақуыздардың ерітіндісін оларға араласқан тұздардан, көмірсулардан және тағы басқа молекулалық массасы төмен қосылыстардан тазартады.
Реактивтер мен құралдар
NaCl қосылған ақуыз ерітіндісі.
0,5 % - ті AgNO3 ерітіндісі.
10 % - ті HNO3 ерітіндісі.
1 % - ті CuSO4 ерітіндісі.
10 % - ті NaOH ерітіндісі
Целлофан қағаздары.
Стакан.
Шыны таяқша.
Пробирка
Жұмысты орындау тәртібі.
NaCl араласқан 5 мл ақуыз ерітіндісін целлофан қалтаға құйып, дистилденген су құйылған стаканға батырады. Диализді бөлме температурасында 20-30 минут жүргізеді. Диализ барысында дистилденген сумен Cl- ионына және ақуызға сапалық реакция жасау қажет. Диализ біткеннен кейін осы сапалық реакцияларды целлофандағы ақуызбен және стакандағы сумен жасайды.
а) Cl- ионына сапалық реакция. Екі пробирка алып, біріншісіне 1-2 мл ақуыз ертіндісін целлофон қалтадан, екінші пробиркаға 1-2 мл стакандағы судан құяды. Екеуіне де 2-3 тамшы AgNO3 ертіндісін қосады. Не пайда болады? Неге олай?
б) Биурет реакциясы арқылы ақуызды анықтау. Бірінші пробиркаға 1-2 мл целлофан қалтадағы ақуыз ертіндісін, екінші пробиркаға диализ жүрген стакандағы судан 1-2 мл құяды. Екі пробиркаға да 1-2 мл NaOH ертіндісін және 3-5 тамшы CuSO4 ертіндісін қосады. Не байқалады? Неліктен?
Қосымша нұсқау
Целлофан қалтаға ақуыз ертіндісін құйған кезде, осы қалтаның сыртына ақуыз құйылып кетпегенін байқау керек.
Өз бетімен дайындалуға арналған тапсырма
Оқулық пен лекция конспектісін пайдалана отырып «Ақуыз» тақырыбына әзірлену керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет