2. Қор үнемдегіш технологияға байланысты аймақ жағдайына бейімдеп ауыл шаруашылығы өндірісін арттырудың тиімді жолдары Қор-ылғал үнемдегіш технологияның негізгі бағыты – экономика, ол ең маңызды саланың бірі – бұл ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы, сонымен қатар өзіне тән ерекшеліктерге ие. Себебі бұл сала төмен табысты болып есептеледі. Ол табиғат климат факторларына тәуелді, ондағы өндіріс мерзімді циклдық жағдайда жүреді. Ауыл шаруашылығы өндіргіш күштерінің даму тұрғысынан алғанда да өнеркәсіпке қарағанда нашар. Сондықтан ауыл шаруашылығы кәсіпорындары өзгеріп отырған эканомикалық және технологиялық жағдайларға баяу бейімделеді және салынған капиталдың басқа салалармен салыстырғанда қайтарымы төмен. Ауыл шаруашылығы тиімділігін арттыру мақсатында тиімділік көрсеткіштерін дұрыс анықтаудың маңызы өте зор.
Ауыл шаруашылығындағы өндірістік тиімділік - күрделі экономикалық категория. Онда қоғамдық өндірістің маңызды бөлігі - нәтижелік көрінеді. Экономикалық тиімділіктің критерийі - 1 адам басына шаққандағы ЖҰӨ көлемі болып табылады.
Жалпы ұлттық табыс - өндірістің одан ары қарай ұлғаюының және жетілдірілуінің негізі болып табылады. Таза өнімге кеткен шығынның аз болуы ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігінің критерийі болып табылады. Бұған материалдық, еңбек және жер ресурстарының рационалды пайдалану арқылы қол жеткіземіз.
Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі экономикалық тиімділік түрлері:
1. салалық тиімділік
2. ауыл шаруашылығы өндірісіндегі кәсіпорынның тиімділігі
3. ішкі шаруашылық бөлімнің тиімділігі / бригада, ферма, бөлімдер, цехтар, т.б./
4. ауыл шаруашылығының жеке салаларының тиімділігі, өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы;
5. ауыл шаруашылығы өндірісінің түрлері мен дақылдар тиімділігі - картоп, бидай, қант, ет, сүт, т.б.
6. жеке шаруашылық іс шаралардың тиімділігі - агротехникалық, зоотехникалық, ветеринарлық, инженерлік.
Осы тиімділіктердің барлық түрлері бір-бірімен тығыз байланысты. Ауыл шаруашылығы нәтижелерінің тиімділігі - ресурстардың тиімді пайдаланылуы, өзіндік құнның төмендеуі, еңбек өнімділігінің өсуі болып табылады. Ауыл шаруашылығының тиімділігі - ауыл шаруашылығындағы субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі, жоғары көрсеткішті өнімділікке жетуге қамтамасыз ету қабілеттілігі, табыстылығы, өнім сапасы. Ауыл шаруашылығының тиімділігі көрсеткіштер жүйесінің көмегімен өлшенеді: еңбек өнімділігімен, қор қайтарымдылығымен, өзіндік құнмен, рентабельділік, ауыл шаруашылық өнімдерінің шығымдылығымен және т.б.
Өсімдік шаруашылығы саласының тиімділігін сипаттау үшін жалпы өнім және таза табыс, жер көлемі, еңбек шығындары, негізгі және айналым капиталы толығымен кіреді.
Кәсіпорындардың рационалды мамандануы жерді өндірістің, еңбектің және материалдық құралдардың басты құралы ретінде неғұрлым тиімді пайдалануға септігін тигізеді. Тиімділікті жалпы, тауарлы өнімнің көлемі, жалпы және таза табыстың келесілерге шаққандағы көлемі бойынша анықтауға болады:
•100 га ауыл шаруашылық жеріне және 100 га жыртындыға;
•1 жұмыскерге және 1 адам күнге (адам-сағатқа);
•100 тг негізгі өндірістік қорларға;
•100 тг барлық өндірістік шығындарға.
Бұл көрсеткіштердін әр қайсысы өндірістік ресурстарды пайдалану бойынша экономикалық ақпарат береді. Мысалы, жалпы және тауарлы өнімнің жер ауданының бір бірлігіне шаққандағы көлемі ауыл шаруашылық өндірістің басты құралы - жердін пайдалану деңгейін сипаттайды.