Өздігінен тексеру сұрақтары:
Еліміздің экономикасындағы дақылдардың маңызы.
Ауыспалы егістердің дақылдардың ораласуы.
Аймақ жағдайында бидай өсірудің ерекшеліктері.
Ұсынылған әдебиет:
Әрінов Қ.К., Можаев Н.И., Шестакова Н.А., Ысқақов М.А., Серекпаев Н.А.Өсімдік шаруашылығы практикумы. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, 2016ж. 324 б.
Аринов К.К. Солтүстік Қазақстанда тұқымтанудың агрономиялық негіздері. Оқу құралы. АҚ «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» баспасы, 2013, 118с
Практикум по растениеводству. Можаев Н.И., Аринов К.К., Шестакова Н.А., Искаков М.А., Серекпаев Н.А. Типография АО «КазАТУ им. С.Сейфуллина», 2014. 309с.
Шестакова Н.А., Аринов К.К. Учебно-методический комплекс дисциплины «Управление продуктивностью посева и качеством растениеводческой продукции». Типография АО «КазАТУ им. С.Сейфуллина», 2015, 92 с.
Методические указания к лабораторно-практическим, семинарским и самостоятельным занятиям по дисциплине «Растениеводство». Шестакова Н.А., Аринов К.К., Жирнова И.А. Типография АО «КазАТУ им. С.Сейфуллина», 2016, 78 с.
3-ДӘРІС. Өсіру технологиялардың негізгі элементтері
Дәрістің мақсаты: Өсіру технологиялардың негізгі элементтерін оқып үйрену.
Дәрістің негізгі сұрақтары:
1. Себу жұмыстары (себу мерзімі; себу тереңдігі; себу мөлшері; себу тәсілдері).
2. Күтіп баптау жұмыстары (арамшөптермен күрес; аурулармен және зиянкестермен күрес; өсу реттегіштерді қолдану; дисикация жұмыстары).
1. Себу жұмыстары (себу мерзімі; себу тереңдігі; себу мөлшері; себу тәсілдері).
Әртүрлі себу мөлшерінің тиімділігі үшін сорттың да айтарлықтай маңызы бар. Әртүрлі сұрыптардың себу мөлшерінің өзгеруіне ықыластылығы олардың биологиялық ерекшеліктеріне байланысты болады. Масақты дәнді дақылдар үшін түптенуге қабілеттілігі мен сорттардың жапырылуға төзімділігінің маңызы ерекше. Сорттардың жапырылуға төзімділігі де әр түрлі. Мысалы Безостая 1 сорты себу мөлшерінің жоғары болғанына және тыңайтқыштың жоғары мөлшеріне шыдамды келеді, басқа сорттар әдетте мұндайда жатып қалады. Бұл Безостая 1 сортының жоғары өнімділігінің салдары болып табылады.
Себу мерзімі. Мәдени дақылдардың себу мерзімі олардың биологиялық ерекшелігімен (жылусүйгіштігі) анықталады. Барынша қолайлы жағдайлар топырақтың 10 см қабатында температура мөлшері жоғарылағанда және бозқырау қаупі өткеннен кейін қалыптасады. Ерте себілгенде де (салқын топырақта тұқымның бір-бөлігі шіріп кетеді, сирек егін көгі шығады, соңынан егістік арамшөптермен қатты ластанады, әрі жаздың екінші жартысында болатын жауын-шашынды нашар пайдаланады), кеш себілгенде де (ерте күзгі бозқырауға ұрынады) өнімі төмендейді.
Мәдени дақылдардың себу мерзімінің критерийлері (талаптары):
топырақтың 10 см қабатында температураның жоғарлауы;
егін көгінің көктемгі бозқыраумен жарақаттануы;
күзгі бозқырауға ұрынуы;
тұқымның сіңірілу тереңдігіндегі топырақ ылғалдылығы;
себу алдында танаптарды арамшөптерден тазарту мүмкіндігі
Себу тереңдігі.
Тұқымының сіңірілу тереңдігі топырақтың беткі қабатының ылғалдылығына оның механикалық құрамы мен оның шаңдану дәрежесіне, сонымен бірге себу мерзіміне тәуелді.
Жаппай егін көгін алуда тұқымның сіңірілу тереңдігі үлкен рөл атқарады.
Себу тәсілі мен мөлшері.
Ғылыми мекемелер себу тәсілі бойынша әртүрлі кепілдемелер береді. Біреулері жаппай қатардағы себу тәсілін ұсынса, екіншілері кең қатарлы себу тәсілінің артықшылығын уәжге келтіреді.
Алайда өндірістік жағдайда басқаша болады.
Кең қатарлы тәсіл егістіктің арамшөптермен ластану қаупі бар танаптарға ұсынылады, өйткені қатараралықтарды өңдеу жолымен оларды құртуға болады. Жекелеген жылдары таспалы себу тәсілінің артықшылығы байқалады.
Себу мөлшері өсіру аймағы мен себу тәсіліне байланысты өзгереді. Бір ескеретін жайт, мәдени дақылдардың көпшілігі жарықсүйгіш және арамшөптерге өте сезімтал өсімдіктер.
Егістік тым жиі болмауға тиіс, өйткені ол әр өсімдіктің өнімділігін төмендетеді, бірақ сирек болмағаны да жөн – арамшөптердін дамуына жол берілмеу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |