Умкд по дисциплине растениеводство для специальности 050801 -агрономия


Солтүстік Қазақстанның агрокешенін дамытудың негізгі бағыттары



бет7/95
Дата18.01.2023
өлшемі11,35 Mb.
#165781
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   95
Байланысты:
umkd os shar beiim tehn 2022 zh.

1. Солтүстік Қазақстанның агрокешенін дамытудың негізгі бағыттары. Қазақстан Республикасының жер аумағы 272 млн гектардан асады, ол батыстан шығысқа қарай – Еділ өзені мен Каспий теңізі жағалауларынан таулы Алтайға дейін 3,0 мың шақырымға таяу, ал солтүстіктен онтүстікке – Батыс Сібір орманды дала аймағы мен Оралдың сыртынан Орта Азиялық шөл далаға дейін 1,5 мың шақырымнан астам аумақты алып жатыр.
Еліміздің ауыл шаруашылығы өндірісі негізінен екі саланы -өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын біріктіреді.
Өсімдік шаруашылығының негізгі құралы – жасыл өсімдіктер, оның ішінде ауыл шаруашылығы дақылдары қоректік заттардың негізгі көзі болып табылады.
Өсімдік шаруашылығы саласы өнеркәсіп өндірісінен айтарлықтай айырмашылығы бар:

  • басты айырмашылығы-маусымдылық (қалыпты жағдайларда өсімдіктер аязсыз кезеңде ғана өнім беруге қабілетті);

  • өнім мөлшері мен сапасының топырақ-климат жағдайларына тәуелділігі;

  • өсімдік тіршілігіне қолайлы жағдайлар жасауда далалық жұмыстардың (топырақ өңдеу, тыңайтқыш жүйесін қолдану, себу (отырғызу), егістікті күтіп-баптау, егінді жинау т.б.) дер кезінде және сапалы іске асырылуы т.б.

  • Танаптық (екпе) дақылдардың дамуы мен өнімін басқару жөніндегі осы заманғы білім жүйесі көп жылдардағы нақты зерттеулермен белгіленген объективті заңдылықтарды біріктіреді. Ондай заңдылықтарға (заңдарға) мыналар жатады:

1. Өсімдіктің тіршілік факторларының тепе-теңдік және алмастыруға жатпайтындығы заңы. Оның мәні мынада: өсімдіктердің қалыпты тіршілік қызметіне әсер ететін факторлар тепе-тең дәрежеде болады, белгілі бір факторды (мәселен қоректік заттарды) екінші бір фактормен (ылғалмен) алмастыруға болмайды.
2. Минимум немесе шектеуші (тежеуші) фактор заңы. Бұл заңға сәйкес топырақтың тиімді құнарлығын сақтау үшін өнімді қалыптастыруға өсімдіктермен шығындалған заттарды (элементтерді) топыраққа енгізіп отыру қажет. К.Маркс қайтарым заңының ашылуын Ю. Либихтің бірден-бір өшпес еңбегіне жатқызды, ал К.А. Тимирязев пен Д.Н. Прянишников бұл заңды ғылымның ұлы жетістігі деп атады.
3. Факторлардың жиынтық (қосынды) әсер заңы. Бұл заңға сәйкес өсімдіктердің жоғары өнімділігін әртүрлі факторлардың оңтайлы ара қатынасы ғана қамтамасыз етеді, ал ол әр аймақта әртүрлі болуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет