Умкд по дисциплине растениеводство для специальности 050801 -агрономия



бет24/95
Дата18.01.2023
өлшемі11,35 Mb.
#165781
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   95
Байланысты:
umkd os shar beiim tehn 2022 zh.

Егінді жинау. Арпаның пісу ерекшеліктеріне төменгілерді жатқызуға болады: арпаның дәнінде құрғақ заттардың жинақталуы балауызданып пісудің соңында аяқталады, бидайға қарағанда, арпа сабаны әлсіздеу, тамырында тұрып қалған масақтар төмен иілгіш және омырылғыш келеді. Осылар егін жинауды күрделендіреді. Арпаны тікелей орып бастыруға да, бөлектеп жинауға да болады. Егінді жинау тәсілі сабақ бітіктігі күйіне (жиілігі, биіктігі), арамшөптермен ластану деңгейіне, өнім мөлшеріне ж.б. себептерге байланысты өзгереді.
Әдетте арпа біркелкі піскенде (кем дегенде 90% толық піскенде) арамшөптерден таза болғанда тікелей орып бастырылады. Арпа әркелкі піскенде (сабан өркен аралас болса) және арамшөптермен ластанғанда, әрі өсімдіктердің биіктігі 60-80 см-ден төмен болмағанда егістік бөлектеп жиналады. Бұл жағдайда негізгі дақыл астығының ылғалдылығы 25-30%-дан аспауға тиіс немесе толық піскен дәндер 75%-дан кем емес. Бөлектеп жинаудың нәтижесінде астық таза, сапалы, әрі 5-7 тәулік ерте жиналады. Дестеге ЖВН-6 А, ЖНС-6-12А, ЖВР-10-03, ЖСР-4,9А аспалы жаткаларының бірімен шабады. Себу бағытына көлденең шапқан дұрыс, өйткені дестелер аңыз паясына жақсы ұсталады да біркелкі дегдиді.
Дестелерді жинау мен бастыру СК-5А, НИВА, Джон-Дир ж.б. астықжинағыш комбайндарымен іске асырылады және А-54-102-1А немесе ППТ-3 подборщиктері пайдаланылады.
Сыра қайнатуда пайдаланылатын арпаның өсіру технологиясындағы ерекшеліктер. Сыра қайнатуға барынша оңтайлысы қосқатарлы арпалар, өйткені олар біркелкі, ірі дәндер қалыптастырады және біркелкі өнеді. Мұндай мақсатқа қабықты (қауызды)арпалар жарамды деп есептеледі, себебі арпа қабығы сүзгенде ашық түсті сыра алуға мүмкіндік жасайды. Сыралық арпа астығы ірі дәнді, әрі жұқа қабықты ашық сары сабан түстес, жоғары крахмалды және өну энергиясы да жоғары болған дұрыс.
Жер шарында өсірілетін бүкіл арпа астығының 8-10% ғана сыра қайнату өнеркәсібіне жұмсалады, қалған бөлігі мал азықтық мақсатқа пайдаланылады.
Қазақстанда сыра өнеркәсібі күрделі жағдайда қалып отыр, оның басты себебі - сыра қайнататын шикізаттың жетіспеуі.
Сыра өндірісіне жарамды географиялық аймақтар орташа жылылық және жеткілікті ылғалданумен сипатталады. Дәстүрлі елдері- Австрия, Англия, Германия, Польша, Чехия, Словакия және басқа Европа елдері.
5060-86 Мемлекеттік стандартына (МСТ) сәйкес Қазақстан аумағында сыралық арпа өндіруге топырақ-климат жағдайлары қолайлы екі облыс - Алматы және Жамбыл - айқындалған, бұларда басқа облыстарға қарағанда айтарлықтай қолайлы жағдайлар қалыптасқан, бірақ бұл өңірдеде жылға жыл сәйкес келе бермейді.
Аталған мәселе түйінін оңтайлы шешуге жаңа аудандарды қарастыруға тура келеді. Шетелдерден (Чехия, Германия т.б.) тасымалданатын арпа шикізаты өте қымбатқа түседі.
Негізінен сыра қайнатуға құрамында жеткілікті мөлшерде көмірсулары (углеводтары), оның ішінше крахмал мен қанты бар дақылдары (астығында, түйнектерінде, сабақтарында, тамырында) пайдалануға болады. Алайда бұл бағытта арпа астығына басымдық беріледі: арпа сырасына өзіне тән ерекшелігімен қатар (дәмі, түсі, хош иістілігі ) басқа шикізаттарға қарағанда арпа астығының салыстырмалы арзандығы маңызды рөл атқарады.
Жақсы сыра дайындау үшін арнайы биохимиялық құрамы бар астық қажет, ал ол сыра қайнатуға арналған ерекше сорттардан алынады. Өте сапалы шикізат өндіруге екі фактор- сыралық сорт пен тиісті топырақ-климат және агротехникалық жағдайларда өсіру – мүмкіндік береді береді.
Қазақстанда алғашқы сыра зауыттары XIX-ғасырдың екінші жартысында пайда болды. Қазіргі уақытта елімізде ірілі-ұсақты 80-нен аса сыра зауыттары, оның ішінде Алматыда, Астанада, Оралда, Павлодарда, Қарағандыда ж.б. қалаларда бар және олар негізінен импорттық шикізатпен жұмыс жасайды.
Солтүстік Қазақстанның далалы аймағында сыралық бағытта Арна және Омский-90 сорттарын өсіру ұсынылады.
Арна сорты В.Р. Вильямс атындағы Қазақ егіншілік ғылыми зерттеу институтында шығарылған. Нутанс түршесіне жатады, өсіп-жетілу кезеңінің ұзақтығы 66-75 тәулік, ерте пісетін сорт. Жапырылуға және шашылуға төзімді, құрғақшылыққа орташа төзімді, дәндері ірі - 1000 санының массасы - 36-51 г, әмбебап сорт, сыралық бағыты бар, ақуыз мөлшері 12%-ға дейін. Технологиялық сапасы жақсы, қара күйе ауруымен орташа деңгейде залалданады, ал тот ауруымен заладануға бейім.
Омский-90 сорты РФ-ның Сібір АШҒЗИ-да шығарылған, түршесі медикум, 1000 дәнінің массасы 50,0-61,5 г, орташа мерзімде (65-75 тәулік) піседі. Сорт табиғи жағдайларға бейімділігімен ерекшеленеді. Сыралық сорт, ақуыз мөлшері - 9,0-11,5%.
Сыра қайнату бағытында өсіргенде арпа ерте мерзімде сепкенде жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Көкшетау ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының деректерінде орта есеппен 3 жылда (2002-2004 жылдары, М.А. Аужанова) себу мерзіміне қарай Арна сорты 8-мамырда - 24,0; 15 мамырда - 21,0; 24 мамырда - 21,2; 31 мамырда -23,6 және 7 маусымда - 22,0 ц/га астық өнімін берген, ал Омский-90 сортынан аталған себу мерзімдерінде тиісінше - 24,9; 21,3; 20,6; 22,6 және 22,3 ц/га астық жиналған. Барынша оңтайлы себу мөлшері - 4-5 млн/га өнгіш тұқым.
Сыралық арпаның сапасы көп жағдайда егінді жинау тәсілі мен мерзіміне байланысты өзгереді. Барынша тиімдісі екі кезеңде жинау: дәннің балауызданып пісу кезеңінде дестеге шауып, қысқа мерзімде астығын бастырған дұрыс. Тамырында тұрып қалғанда тыныс алудың күшеюінен дәндегі крахмал мөлшері азаяды да арпаның сыралық сапасы төмендейді.
Сұлы. Сұлы – біржылдық азық-түліктік және малазықтық өсімдік, оның дәнінде 12-13 % ақсыл (белок) 40-45% крахмал, 4-6 % май болады. Оның ақсылының құрамында адамға және жануарларға қажетті айырбасқа жатпайтын барлық амин қышқылдары бар; құрамындағы май жоғары сіңімділігімен ерекшеленеді. В1 (тиамин) дәрумені сұлыда бидай мен арпаға қарағанда анағұрлым жоғары. Сондықтан сұлы және оның өңдеу өнімдері диэтикалық, балалардың қоректенуінде қолданылады. Сұлы астығынан әртүрлі жармалар (үлпектер, геркулес, кисель ұны) дайындалады, печенье мен галеттер пісіріледі, ұнын қара бидай және бидай ұндарына араластырып нан өндірісінде қолдануға болады.
Сұлының химиялық құрамында әртүрлі қоректік заттардың мол болуына байланысты оны көптеген жануарларға мал азығы ретінде өсіреді
Астыққа өсіру технологиясы. Ауыспалы егістегі орны (алғы дақылдар). Тамыр жүйесінің дамуы және қоректік заттарды жақсы сіңіруіне байланысты сұлы бидай мен арпаға қарағанда топырақ құнарлылығына аздау талап қоятын дақыл деп есептеледі. Алайда сұлының астық өнімі жақсы алғы дақылдардан кейін күрт артады, сондықтан оны отамалы және дәнді бұршақ дақылдарынан кейін орналастырған дұрыс. Ол көп мөлшерде азотты (N) қажетсінеді, осыған байланысты оған дәнді бұршақ дақылдары, әсіресе асбұршақ жақсы алғы дақыл болып табылады. Фитосанитарлық жағдайға байланысты сұлыны өзінен және арпадан кейін орналастырмаған жөн.
Топыраққа аз талғамы, алғашқы кезеңдегі шапшаң өсуі және жоғары жапырақтылығы ауыспалы егісте сұлыны соңғы дақыл ретінде орналастыруға мүмкіндік береді. Ауыспалы егісте оны соңғы дақыл етіп орналастырғанда басқа дақылдармен салыстырғанда астық өнімін шамалы ғана төмендетеді. Сонымен қатар жақсартылған агротехника шараларына оның қайтарымы мол.
Сұлыға цикадкамен жұқтырылатын вирустық ауру шашақтың шыратылу (закукливание) – қауіпті болып табылады. Бұл ауруға, ол көктеу және түптену кезеңдерінде барынша бейім және сұлыға көп зиян шектіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет