Умкд по дисциплине растениеводство для специальности 050801 -агрономия



бет52/95
Дата18.01.2023
өлшемі11,35 Mb.
#165781
түріСабақ
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   95
Байланысты:
umkd os shar beiim tehn 2022 zh.

Өздігінен тексеру сұрақтары:

  1. Рапстың және малы зығырды өсірудің агротехникалық ерекшеліктері.

  2. Дақылдың қоршаған орта факторларына қоятын талаптары. Сорттары.



Ұсынылған әдебиет:

  1. Әрінов Қ.К., Можаев Н.И., Шестакова Н.А., Ысқақов М.А., Серекпаев Н.А.Өсімдік шаруашылығы практикумы. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, 2016ж. 324 б.

  2. Аринов К.К. Солтүстік Қазақстанда тұқымтанудың агрономиялық негіздері. Оқу құралы. АҚ «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» баспасы, 2013, 118с

  3. Практикум по растениеводству. Можаев Н.И., Аринов К.К., Шестакова Н.А., Искаков М.А., Серекпаев Н.А. Типография АО «КазАТУ им. С.Сейфуллина», 2014. 309с.

  4. Шестакова Н.А., Аринов К.К. Учебно-методический комплекс дисциплины «Управление продуктивностью посева и качеством растениеводческой продукции». Типография АО «КазАТУ им. С.Сейфуллина», 2015, 92 с.

  5. Методические указания к лабораторно-практическим, семинарским и самостоятельным занятиям по дисциплине «Растениеводство». Шестакова Н.А., Аринов К.К., Жирнова И.А. Типография АО «КазАТУ им. С.Сейфуллина», 2016, 78 с.



7 ДӘРІС. Картоп шаруашылығындағы аймаққа бейімдеп өсіру технологиялары


Дәрістің мақсаты: Картоптың морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерін оқып-үйрену, өнімді шектейтін факторларды ескере отырып картопты суармалы және суарылмайтын жағдайларда өсіру технологияларын жасау.
Дәрістің негізгі сұрақтары.
1.Сорттарды таңдау
2.Ауыспалы егістегі орны
3.Тыңайтқыш қолдану
4.Топырақ өңдеу
5.Тұқымдық материалды отырғызуға дайындау
6.Егістікті күтіп-баптау
4.Картоп түйнектерін жинау

Халық арасында «Нан-астық атасы, картоп-анасы», «Картоп-нанға қосымша» немесе «Картоп-нанға үнем». Шындығында, картоп – жан-жақты пайдаланылатын маңызды ауыл шаруашылығы дақылы. Картоптың түйнегі, ең алдымен, тағамға кеңінен және әртүрде қолданылады. Бір килограмм түйнек 840 калорияға дейін және адамның тәуліктік рационында айтарлықтай орын алады, сондықтан оны заңды түрде «екінші нан» деп атайды.


Картоп түйнегінде 25%-ға таяу құрғақ зат болады, оның ішінде 14-22% крахмал, 1,4-3% белок, 1%-ға таяу клетчатка, 0,2-0,3% май, 0,8-1% күл болады. Картоп белогі өзінің құндылығы жағынан дәнді дақылдар белогінен анағұрлым жоғары бағаланады, өйткені оның құрамында адам және жануарлар ағзасында (организмінде) синтезделмейтін амин қышқылдары – ванилин, лизин, триптофан, лейцин ж.б. бар,
Картоп түйнегі адам ағзасының қалыпты қызметіне өте қажетті көптеген бағалы дәрумендер – аскорбин қышқылы (С дәрумені), В, А, РР, К дәрумендер тобы мен минералды тұздардың (Менделеевтің периодтық жүйесінің 22 элементі – темір, кальций, магний, натрий, фосфор, йод ж.б.) маңызды көзі.
Егер тауық жұмыртқасының биологиялық құндылығын 100% деп есептесек, онда бидай белогінің құндылығы 63-65%, ал картопта – 84-85%. Біздің елімізде тағам, тігін, қағаз және басқа өнеркәсіп салаларына қажетті крахмал өндірісінің негізгі шикізаты болып табылады. Одан спирт, глюкоза, декстрин, көмір қышқылын ж.б. өндіреді. Құрамында 17% крахмалы бар бір тонна түйнектен орта есеппен 112 л спирт, 55 кг сұйық көмір-қышқылын, 39,0 кг сивуш майын немесе 170 кг крахмал мен 100,0 кг картоп ұнын немесе 80 кг глюкоза мен 65 кг гидрол өндіруге болады.
Картоптың агротехникалық және агро-экономикалық маңызы да зор. Отамалы дақыл ретінде ол көптеген ауыл шаруашылығы дақылдарына жақсы алғы дақыл, мелиорация мен тыңайтқышқа қайтарымы мол. Жоғары агротехника жағдайында бір орынға қайта отырғызуға, тіпті дара дақыл ретінде өсіруге болады.
Қазіргі кезеңде картоп барлық континенттерде өсіріледі, жалпы егіс аумағы шамамен 23,0 млн гектарға тең. ТМД елдеріндегі жалпы картоп түсімі бүкіл дүниежүзілік өндірістің үштен бірін қамтиды (негізгі өндірушілері Ресей Федерациясы, Украина, Беларусь, Балтық бойы елдері, Қазақстан ж.б.).
Солтүстік Қазақстанда картоп салыстырмалы түрде жаңа дақыл. Оның алғашқы алқаптары 19-ғасырдың орта шенінде орыс көшпенділерімен салынған және 20-ғасырдың 30-жылдарына дейін егістік аумағы шамалы болды және тауарлы сипатқа ие бола алмады. Картоп өндірісінің айтарлықтай өсуі бұл аймақта тың және тыңайған жерлерді игерумен байланысты болды. Бұл кезде ауыл және қала тұрғындарының көбеюі картоп шаруашылығының берік базасын жасауды талап етті. Бұл күндері Солтүстік Қазақстанның төрт облысы мен Орталық Қазақстанда (Қарағанды обл.) Республикамыздағы бүкіл картоп егістігінің 60 %.
Қазақстанда картоп өнімі 2004 жылы орта есеппен барлық шаруашылық нысандарында 134,0 ц/га болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет