Тыңайтқыш қолдану жүйесі. Картоп өніміне керекті қоректік заттарға азот, фосфор, калий, кальций, магний, темір, күкірт, бор, марганец және т.б. заттар жатады.
Картоп дақылын тыңайту. Қазақстанда картоп дақылы негізінен суармалы, ал ылғалмен жақсы қамтамасыз етілген аймақтар мен шаруашыцлықтарда тәлімі жерлерде өсіріледі. Картоп қоректік элементтердің ішінен калийді көп пайдаланады, екінші орында азот, одан соң фосфор. Әрбір коректік заттың өнім түзуде өзіндік ерекшеліктері бар.
Картоп топырақта қоректік заттардың мол болуын калайды. Республиканың барлық топырақ аймақтарында тыңайтқыш қолдану картоп өнімінің артуына ойдағыдай әсерін тигізеді. Оңтүстік боз топырақты аймақта минералды тыңайтқыштарды жекелеп енгізгенде азот орта есеппен гектарынан 46 ц, фосфор-60 ц, калий-14 ц, ал минералдық тыңайтқыштардың толық құрамы, есептелген мөлшерде (NPK) енгізілгенде 133 ц қосымша өнім берген (Р.Е.Елешев). Қара топырақты егістікте тиісінше – 40, 30, 20 және 62 ц косымша өнім алынған.
Мұнан Қазақстан жағдайында азот пен фосфор қолдану картоп өнімділігіне күшті әсер ететінін көреміз.
Картоп өнімін молайтуда органикалық, тыңайтқыш қолданудың да маңызы үлкен. Көңді 20-30 т мөлшерінде күзде берген дұрыс. Әсіресе, көңді картоп-көкөніс ауыспалы егісінде минералдық тыңайткыштармен ұштастырып пайдалану жақсы нәтиже береді.
Картоп дақылына қолданылатын тыңайтқыш мөлшері алғы дакылға байланысты. Отамалы жөне көкөніс дақылдарынан соң картоп отырғызылатын топыраққа азот тыңайтқышын көбірек, ал фосфор мен калийдің жылдық мөлшерін 20-30 процентке азайтқан дұрыс. Егер картоп бақша дакылдарынан немесе сүрлемдік жүгеріден кейін отырғызылатын болса, қолданылатын минералдық тыңайтқыш мөлшерін 15-20% арттыру керек. Картоп дақылына бор, мырыш, марганец микроэлсменттерін қолдану өнім сапасының жақсаруына әсерін тигізеді.
Гектарынан 150-200 ц өнім жинау үшін қара топырақты аймақтағы тәлімі жерде таза сүрі жерге отырғызылатын картопқа азоттың ең тиімді мөлшері N40 болып саналады. Егер топырақтағы жылжымалы фосфор мен алмаспалы калий мөлшері төмен болса Р60-70, К45-55, жоғары болса P25-30, К15-25 қолданған жөн.
Күңгірт қара-қоңыр топырақ жағдайында азот тыңайтқышының мөлшерін 70-90 килограмға дейін, ашық қара-қоңыр топырақта 90-100 килограмға дейін жеткізу керек. Қара-қоңыр топыраққа берілетін фосфор және калий тыңайткыштарының мөлшері оның құрамындағы жылжымалы фосфор мен алмаспалы калий элементтермен камтамасыз етілу деңгейі орташа болғанда Р70-80, К60-70 берген дұрыс. Қоректік заттардың мөлшері жоғары болса фосфор, калий тыңайтқыштарының мөлшерін 30% азайтады, керісінше, қамтамасыз етілу деңгейі төмен болса тыңайтқыш мөлшерін 30% арттырады.
Суармалы жерлерден гектарынан 200-300 центнер өнім жинау үшін қара топыраққа 90-100 кг, қара-қоңыр топыраққа 120-150 кг, боз топыраққа 150-180 кг азот беріледі. Фосфор мен калий мөлшері топырақтағы осы элементтердің мөлшеріне байланысты 40-140 кг болуы керек.
Қазақтың ғылыми-зерттеу картоп және көкөніс шаруашылығы институты ашық қара-қоңыр топырақка Р120 енгізгенде гектарынан 38,2 ц, N80Р120 бергенде 54,5 ц, ал тыңайтқыштарды N80P120K60 мөлшерінде қолданғанда 83,6 ц қосымша өнім жинағаны туралы деректер бар.
Картопқа органикалық тыңайтқыштар жақсы әсер етеді, аталған институттың деректері бойынша қара қоңыр топырақтың гектарына 25 тонна жартылай шіріген көң пайдаланғанда картоп өнімі 45 центнерге артқан.
Картопқа тыңайтқыштарды қолданудың тиімді тәсілі-көң, фосфор, калийдің барлық мөлшерін, азоттың жылдық мөлшерінің 50-70%-ын күзде, ал азоттың калғанын дақылдың шанақтану кезеңінде үстеп қоректендіру болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |