Умкд по дисциплине растениеводство для специальности 050801 -агрономия


Картоп түйнегін отырғызуға дайындау



бет56/95
Дата18.01.2023
өлшемі11,35 Mb.
#165781
түріСабақ
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   95
Байланысты:
umkd os shar beiim tehn 2022 zh.

Картоп түйнегін отырғызуға дайындау. Картоптан мол өнім алу оның тұқымдық түйнегінің сапасына көп байланысты. Шірік, құрт жеген, үсік шалған немесе тұншыққан түйнектерді мүлдем отырғызуға болмайды. Сол сияқты көктетілгенде өнбеген немесе өркені жіңішке түйнектер тұқымға жарамайды. Тұқым ішінде басқа сорт түйнегі кездессе оны бөліп алып тастайды. Отырғызу алдында 3-5 см-ден артық өскен өркендер шырпылады, себебі олар картоп отырғызатын аппарат дөңгелегіне шыланып, түйнектің жерге түсуіне кедергі жасайды.
Дәрілеуді отырғызардан 1—2 күн бұрын қырмандарда жалда, конттейнерлерде, немесе арнаулы картоп отыргызатын маши-наға асып қойылатын құралдармен жүргізіледі. Дәрілеуге колданылатын ерітіндінің кұрамы мынадай: 100 л суға 4 килограммнан суперфосфат, аммиак селитрасы, калий тұзы, 0,3—0,4 кг мыс купоросы және 3,0 кг ТМТД препараты ерітіледі. Түйнектерді мұндай ерітіндіде өңдеу дезинфекция қызметін гана атқарып қоймай, түйнектерде зат алмасуды тездетеді, өскіннің, ал соңынан бүкіл өсімдіктің дамуын тездетеді. Іт картопқа 60—70 л ерітінді жұмсалады. Кең көлемді әсер ететін фундозол (0,5— 1,0 кг/т), поликарбацин (2,5—2,7 кг/т) купрозон (0,3—0,5 кт/т) препараттары да пайдаланылады.
Аталған препараттардың дәрілеуге қажет мөлшері 1 т картопқа 50—70 л судағы ерітіндісі (суспензиясы).
Картопты суармалы жерлерде және ылғал мол түсетін аудандарда өсіргенде картопты алдын-ала тілінген кырқаларға отырғызудың тиімді екендігін еліміз бен респубикадағы алдыңғы қатарлы картоп шаруашылықтарының тәжірибесі дәлелдеп отыр. Алдын-ала тілінген қырқалар (жалдар) топырақтың қосымша үгілуіне, түйнек орналасатын алаңның температурасын 3—4° көтерілуіне, сөйтіп картоп көгінің 5—6 күн бұрын шығуына мүмкіндік жасайды. Қырқаларды тілуге жұмсалған шығын көктемнің өзінде-ақ картоп отырғызатын машиналардың өнімді әрі сапалы жұмысымен ақталады: отырғызу тереңдігі мен жиілігі мұқият сақталады, картоп отырғызатын машинаны сүйреген тракторға маркердің қажетсіздігі т.б.. Қырқалар дайындаудың үш түрі ажыратылады: күзде, көктемде және отырғызу кезінде картоп отырғызғыш құрылымының дискілерімен бірден тілу.
Күзгі қырқалар ең алдымен ерте картоп өсіруде қолданады. Оны әдетте тегіс бедерлі алқаптарда күздің соңында топырақ жана қата бастағанда дайындайды (топырақ отырып және тығыздалып қалмау үшін). Қырқаларды тілуден бір апта бұрын танап терең қопсытылады-25-27 см, бір мезгілде тырмаланады. Көктемгі қырқалар әдетте отырғызу алдында ылғалмен жақсы қамтамасыз етілген аудандарда қолданады. Оны көктемгі тырмалау, культивация, қайырмасыз соқамен жыртудан соң топырақ ұсақ кесекті жағдайға жеткізілгеннен кейін жасалады, әрі күзде жасалған күзде жасалған қырқаларға ұқсас және тереңдігі 16-17 см-ден асырылмайды. Қырқаларды (жалдарды) алты немесе сегіз қатарлы культиваторлармен тіледі: түптегіштер немесе екі немесе үшқабатты табандармен құрылымдалған КОН-2,8 ПМ, КРН-4,2, КРН-5,6 культиваторларының бірімен маркерсіз немесе маркердің көмегімен қатараралығы 70 см етіп жүргізеді. Алғашқы жылдар вешкалар (нысана қадалар) бойынша іске асырылады және олардың биіктігі 25 см кем болмағаны дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет