Умкд по дисциплине растениеводство для специальности 050801 -агрономия



бет57/95
Дата18.01.2023
өлшемі11,35 Mb.
#165781
түріСабақ
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   95
Байланысты:
umkd os shar beiim tehn 2022 zh.

Картопты отырғызу. Картоп отырғызуды мүмкіндігінше ерте 10—12 см топырақ тереңдігінде жылу 6-70 жеткенде бастаған дұрыс. Мұндай мүмкіндіктер Солтүстік Қазақстан жағдайында сәуірдің соңғы онкүндігі – мамырдың бас кезінде болады.
Картоп отырғызудың негізгі әдісі-қатараралығы 70 см кең қатарлы әдіс. Шамалы қоректену алаңы ерте пісетін сорттар және ұсақ түйнектері, ал кең қоректену алаңы орташа мерзімде және ортадан кеш пісетін сорттарда және орташа іріліктегі және ірі түйнектерді пайдаланғанда байқалады. Суармалы жерлерде картоп жиі отырғызылады — гектарына 50-57 мың өсімдік (70х25, 70х28 см), ал суарылмайтын жағдайда — 35-40 мың (70х35, 70х40 см). Тілінген қырқаларға отырғызғанда саздақ топырақта сіңіру тереңдігі 6—8 см, ал кұмдақ топырақта 8-10 см. Суармайтын жағдайда өсірілетін картопты тегіс, немесе жартылай қырқаларға 12—14 см тереңдікке отырғызады.
Егістікті күтіп-баптау. Ерте кезде жүргізілетін ең қарапайым және тиімді күтім әдісі картоп көгі шыққанға дейін және ол шыққаннан кейін алқапты тырмалау болып табылады. Тырмалауға картоп отырғызғаннан кейін 5-6 күннен соң кіріскен дұрыс және 6-7 күннен кейін қайталау керек, ал үшіншісін картоп көгі шыққаннан кейін жүргізу қажет. Тегіс алқаптарға отырғызылған картопты отырғызу бағытына көлденең немесе айқыш-ұйқыш бағытта тырмалайды. Қырқаларға отырғызылған картопты қырқалар бойымен тырмалайды және осы мақсат үшін сеткалы немесе ротациясы мала қолданылады, кейде қырқалар бағытына қарай тістері майыстырылған тырмаларды да пайдалануға болады.
Қатараралықтарды өңдеуге қырқаларға отырғызылған картоп көгі шыққанша, ал тегіс жерге отырғызылғанда картоп көгінің қатарлары анық байқалғанда кірісуге болады. Арамшөптермен ластануына, ылғалдануына және топырақ тығыздығына қарай өсіп-өну кезеңінде бірнеше қатараралық өңдеу жүргізіледі. Егер алғашқы культивация 10—14 см тереңдікке қатардағы корғаныс алаңын ең аз мөлшерде калдырып жүргізілсе, кейінгілері 3—4 см таяз КОН-2,8П және КРН-4,2 ж.б. культиваторларымен жүргізіледі. Бұлардың жұмыс органдары топырақтың тығыздығы, ылғалдылығы мен арамшөптермен ластануына қарай таңдап алынады. Суармалы жерлерде және суарылмайтын, бірақ топырақ ылғалдылығы мол жағдайында әрі өсімдік биіктігі 15—17 см жеткенде картопты түптеуге кіріседі. Түптегішпен қатараралықтағы топырақты қопсытып және оны сабаққа қарай үйеді. Мезгілінде және сапалы түптелгенде жаңа тамырлар мен столондар пайда болады, ал олар қосымша өнім қалыптастыруға мүмкіндік жасайды. Қажет болса екінші рет түптеуге болады. Онда картоп гүлінің жаппай қауыздануына дейін үлгеру керек. Түптеу жүмысын кешіктіруге болмайды, әсіресе ол гүлденудің бас кезінде жүргізілсе тамырлар мен столондар айтарлықтай зақымданады, өйткені бұл уақытта олар топырақ бетіне таяу орналасады. Суарылмайтын алқаптарда және кұрғақ әрі ыстық ауа райы жағдайында түптеу жүргізілмейді, өйткені ол топырақты тез кептіріп жібереді де күткен нәтижені бере алмайды.
Қартоп плантациясында арамшөппен күресу үшін агротехникалық шаралар мен гербицид пайдалануды қабаттастырып жүргізу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет