Унифицирленген дәріс



бет6/11
Дата26.12.2021
өлшемі187,46 Kb.
#105604
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
add2a74d-60e0-4fd8-ac18-db5f7ac1b9cb-Тіс-пен-ауыз-куысы-ауруларын-алдын-алу-және-емдеу-Стом-301-218863

Пальпацияқолмен сипап тексеру әдісі, альвеолды өсіндінің, өтпелі қатпардың және де басқа ауыз қуысының кілегей қабатын оң қолдың сұқ саусағымен сипап тексеру, ол ауызда пайда болған өзгерістің (инфильтрат, ісік немесе ақау) ауырсынуын, жұмсақ-қаттылығын, шекарасын анықтау мақсатында жүргізіледі. Ауырған тістің түбір ұшының тұсындағы кілегей қабатын басу арқылы ауырсыну сезімін (периоститке тән), сүйектің ақауын немесе жұқаруын (киста, созылмалы периодонтиттің гранулденген және гранулематозды түрлеріне тән), инфильтратты, абсцестің пісіп-жетілгенін, тыртықты пальпация арқылы анықтауға болады.

Пальпацияны бимануальды түрде жүргізеді, яғни бір уақытта ауырған және сау жақты салыстыра отырып тексереді.

Тістерді сипап не шұқып тексеру бұрыштық зондтың көмегімен жүргізіледі, сондықтан зондтау деп аталады. Зондтау арқылы тісте қарапайым көзбен қарағанда көрінетін және көрінбейтін ақауларды анықтайды. Бұрыштық зондтың көмегімен пломбаның тіс қуысына нығыздалып орналасқанын, тісжегі қуысының тереңдігін, дентин мен эмальдың (кіреуке) жұмсару деңгейін, тісжегі қуысының түбіндегі ауыратын нүктені, қызыл иек қалтасының тереңдігін т.б. анықтауға болады.

Тістердің қозғалғыштығын пинцетпен анықтайды, ол үшін тістің сауытын пинцеттің ұрттарымен қысып ұстап, ары-бері қозғап көреді. Тіс қозғалғыштығының 4 дәрежесі бар:



  1. I-дәреже – тіс вестибуло-оральды бағытта қозғалады;

  2. II-дәреже – тіс I-дәрежеге қосымша медио-дистальды бағытта қозғалады;

  3. III-дәреже – тістің II-дәрежеге қосымша ротациялық қозғалғыштығы бар;

  4. IV-дәреже – тіс бос, тек түбір ұшындағы қан тамыр-нерв шоғырының талшығымен ұстасып тұрады.

Тексеру кезінде анықталған мәліметтерді стоматологиялық науқастың амбулаторлық картасына (№043/у формасы) толық жазады. Ол үшін тістің формуласында оң және сол жақты анықтай отырып, жоғарғы және төменгі тістердің реттік нөмірінің тұсына анықталған ақауларды шартты белгілермен белгілейді. Мысалы, тұрақты тістердің клиникалық формуласы мынадай:
Жоғарғы жақ

Х Рl


оң жағы 8 7 6 5 4 3 2 1 / 1 2 3 4 5 6 7 8 сол жағы

ОС П


Төменгі жақ
яғни, оң жақтағы жоғарғы 3- азу тістің түбірін жұлу керек, сол жақтағы 1- молярда «пульпит», оң жақтағы төменгі 3-азу тіс жоқ, сол жақта төменгі екінші премолярда тісжегі қуысы, сол жақта төменгі 3-азу тісте пломба.
Ақаулардың шартты түрде белгіленуі:


Аурудың түрі

Шартты белгісі

Аурудың түрі

Шартты белгісі

Тісжегі

С

пломбыланған тіс

П

пульпит

Р

жоқ тіс

О

Периодонтит

Pt

жарып шықпаған тіс

НП

тіс түбірінің жұлынатын қалдығы

X

пародонтоз

А (дәрежесін көрсету керек)

жасанды тіс сауыты

К

гипоплазия

Г

жарақат алған тіс сауыты

T

флюороз

Ф

ҚОСЫМША ӘДІСТЕР шешуші диагноз қою және аурудың жайылу аумағын анықтау мақсатында жүргізіледі. Оларға – физикалық, рентгендік, лабораторлық әдістер жатады.

Физикалық әдістерге термодиагностика мен электроодонтодиагностика жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет