Сырттай қарап-байқау. Мұнда науқастың сыртқы бет-пішініне, асимметрияға, бет терісіндегі өзгеріске, көзге көрінетін шырышты қабығына, регионарлы (жақсүйекасты, иек аймақтарының) лимфа бездерін сипап көруге назар аударады.
Бет-әлпетінің асимметриясы домбығудан, қабыну инфильтратынан, ісіктен, гематоманың және сынған жақ сүйегінің орнынан жылжуынан пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ бет мүшелерінің ақаулары мен деформацияларында да бет құрылысы өзгереді. Тері қабаты қабыну процестерінде қызарып, көкшіл тартып (қан тамырларынан пайда болған ісіктерде, жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысы бұзылғанда) шектен тыс немесе жеткіліксіз пигменттелуі мүмкін. Сонымен бірге тері қабатында пайда болған патологиялық өзгерістерге (жара, тыртық, жыланкөз, сырылған жара) назар аудару керек.Ерінді тексергенде – оның анатомиялық пішіні, симметриялығы, қимылы мен тығыз жабылуына, терісінің түр-түсіне көңіл бөлу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |