Управление образования города алматы городской научно-методический центр новых технологий в образовании



бет167/384
Дата05.12.2023
өлшемі2,35 Mb.
#195116
түріСборник
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   384
Байланысты:
Факултатив

АДАМ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ЭКОЛОГИЯСЫ
8 сыныпқа арналған
аптасына 2 сағат, барлығы – 68 сағат


Алимбеков Ж.Б.
«І.Жансүгіров атындағы №130 гимназия» КММ
биология және экология пәндерінің мұғалімі

Пікір жазған: Алматы Технологиялық университеті «Химия, химиялық технология және экология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, биология ғылымдарының кандидаты А.Ж.Божбанов




1. Түсініктеме хат
«Адам және жануарлар экологиясы» элективті курс бағдарламасы 8-сынып оқушыларына қосымша тереңдетілген түрде білім беруге арналған. Экология – адамның, жануарлардың тіршілік ортасы, яғни табиғат пен қоғам арасындағы ғылым. Ал адамдар, өсімдіктер, жануарлар, құстар, жәндіктер дүниесі табиғаттың бір бөлшегі, сол себептіде адам табиғатпен тығыз байланыста болу керектігі туралы оқушыларға мәлімет беріп өту қажет деп ойлаймын, себебі оқушылар өзін қоршаған орта табиғатын және ондағы тіршілік иелері жан-жануарлардың ғажайып сырларын оқып білуге, табиғатты қорғауға, экология және табиғат арасындағы байланысты ажырата білуге, қастерлеп, сақтауға міндетті.
Бағдарламаның мақсаты: 1.Оқушылардың экологиялық білімдерін тереңдете отырып, адам және жануарлардың табиғатпен тығыз байланыста екенін сезіндіру. 2.Оқушыларды адам тіршілік иелері жануарлар, құстар, жәндіктер туралы қызықты деректермен бөлісіп, сыр шерту арқылы тылсым дүниелермен таныстыру. 3.Өмірге, қоршаған ортаға, жануарларға деген қызығушылықтарын ояту.
Бағдарламаның міндеті: 1.Оқушыларға экологиялық тәрбие мен білім беруді жергілікті жердің табиғатын қорғаумен ұштастыру, қоршаған ортаға деген жауапкершіліктерін арттыру 2.Табиғаттың –бізді қоршаған ең күрделі құбылыс екендігін айта келе, табиғатқа қамқорлықпен қарауға дағдыландыру. 3. Оқушылардың рухани-адамгершілік қасиетін қалыптастыра отырып, патриоттық сезімдерін ояту.
Бағдарлама оқушылардың адам, қоғам мен табиғат және жан-жануарлар арасындағы күрделі қарым-қатынастарды түсіне білуін қамтамасыз етеді. Табиғаттың – бізді қоршаған ең күрделі құбылыс екендігін нақтылай түсіндіру үшін спиральдік қағида логикасымен 8-сынып оқушыларына «Адам және жануарлар экологиясы» бағдарламасын жеңілден ауырға өту арқылы ұсынып отырмын. Айналамызды қоршаған табиғаттың тылсым тіршілігін, ондағы болып жатқан табиғаттың құпиясы мен ғажайыптарын тереңірек оқытып, үйретеді. Күтілетін нәтиже Адам және жануарлар экологиясы курсы оқушылардың ой-өрістерін дамытады, білімдерін тереңдетеді, өмірге деген қызығушылықтарын арттырады, өз бетінше жұмыс істеуге, қамқорлыққа, жанашырлыққа, қорғануға, табиғатты аялауға, табиғаттың ғажайып сырларын танып білуге талпындыру болып табылады. Оқушылардың туған өлке табиғатының жануарлары мен өсімдіктерінің құпияларынан сыр шерте отырып, қоршаған ортаға деген сана сезімдері мен сүйіспеншіліктері, білім-білік дағдылары қалыптастырады. Бізді қоршаған орта ол – табиғат. Бұл бағдарлама адамзаттың қазіргі заманғы экологиялық проблемаларын шешу жолдарын қарастыру негізінде ерекшеленеді. Бағдарламаның жаратылыстану, биология, география, жануартану ғылымдарымен тығыз байланысты екенін ескеріп, экология ғылымын зерттеу нысаны ретінде қарастыру.Оқытудан күтілетін нәтиже сынып бойынша әр бөлімде практикалық, тәжірибелік жұмыстарды теориялық біліммен ұштастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   384




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет